Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ORPPROPLOP - аәб.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129 Кб
Скачать
☆

Тағам липидтері,биологиялық маңызы,ас-қорыту жолдарындағы олардың қорытылуы мен сіңірілуі.Мицелланың құрамы мен ролі.

Липидтер( майлар)-тағамның негізгі компонеттерінің бірі болып табылады.Тәліктік қажеттілігі 50-100г. Дұрыс рационалды тамақтану кезінде майлар белоктармен жане көмірсулармен белгілі бір қатынаста түсуі қажет(1:1:4).Тағамда липидтердің болуы мен әртүрлілігі пайдаланылатын тағам түріне байланысты болады.Адамдар көбінесе тағамға өсімдік және жануар тектес үшацилглицериндерді пайдаланады,олар бір-бірінен май қышқылдарының құрамымен ерекшеленеді.Тағамдық жағынан сұйық майлардың ерекше маңызы бар,олардың молекуласында қанықпаған май қышқылдары болады.Адам ағзасына жануар тектес тағамдармен (ет,сүт,май) тек үшацилглицериндер ғана емес,сонымен қатар липоидтар жане стеридтерде түседі.Мысалы,жұмыртқаның сары уызында лецитинмен қатар фосфолипидтер де көп мөлшерде кездеседі.Тағамның барлық липидтері адам ағзасына жақсы қорытылады жане сіңірледі.Әсіресе сұйық,жеңіл балқитын майлар жане фосфолипидтерге бай липидтер оңай түрде қорытылады.Майлардың қорытылуы үшін міндетті шарт-олардың эмульгирленуі.Липидтер қорытылуы үшін липидтерді гидролиздейтін липолитикалық ферменттердің болуы жане олардың каталитикалық әсеріне ортаның оптимальды рН болуы қажет.Ересек адамда майдың қорытылуы 12елі ішекте басталады,ол жерге өт ,ұйқы безінің сөлі және ішектің сөлі бөлінеді.

Липидтердің қорытылу өнімдерінің сіңірілуі энергияға тәуелді белсенді процесс,бірақ сонымен қатар оның өзіндік ерекшеліктері бар.Мысалы,көміртегілік атомының саны10-12дейін болатын май қышқылдарының сіңірілуі жай диффузия жолымен іске асады.Көміртегілік атом саны 14 жане одан да көп болатын ұзынтізбекті май қышқылдары,сонымен қатар холестерин холиенді комплекс түзе отырып,өт қышқылдарының көмегімен сіңіріледі.Ішек қабырғасының ішінде холеинді комплекс ыдырайды,ал өт қышқылдары қан ағынымен ішектен бауырға жеткізіледі де,қайтадан өттің өттің құрамына бөлінеді.Суда жақсы еритін қосылыстар ретінде глицерин,фосфор қышқылы ,липидтердің азоты компоненттері ішек қабырғасына жеңіл сіңіріледі.Липидтер қорытылуының бұзылыстары панкреатикалық сөлде липолитикалық ферменттердің жетіспеушілігінен немесе ішекке ұйқы безі сөлінің бөлінуі бұзылу салдарынан болады.

Тағамдағы көмірсулар және олардың маңызы. Көмірсулардың асқорыту жолдарндағы қорытушы мен сіңіруші. Көмірсу алмасуындағы бауырдың рөлі.Адам организмині түскен тағамдар беретін энергиялық 50% көмірсулар береді. Б:Л:К 1:1:4. Организмге таулігіне 400-500гр көмірсу түседі. Оның 80% крахмалдың, жануартектес тағамдарда гликоген болады. Өсімдіктектес тағамдардың көп бөлігін сахароза құрайды. Қорытылуы Көмірсулар ауыз қуысында сілекей сөліндегі альфа амилаза ферментінің әсерінен декстриндерге дейін ыдырайды.Бірақ бұл процесс жүрмейді себебі ас ауыз қуысында ұзақ сақталмайды. Тек механикалық өңдеу яғни шайнау процессі жүреді.Тамақтың тұйірі-асқазанға – сілекейге шиланған асөазан сөлінен, тағам құрамындағы альфа амилаза көмірсуды қорытады. Сіңірілуі- моносахаридтер ащы ішектің майда түтіктерімен әр түрлі жылдамдықта, галактоза, фруктоза, глюкоза, пентоза сіңіріледі. Активті және пасствті болып сіңіріледі. Пассивті – энергия қорын жұмсамай концентрациясы көп жерден аз жерге тасымалдану – диффузия ол мембрананың 2 жағында заттардың концентрациясы теңескенге дейін жүреді. Активті – энергия жұмсау арқылы жүреді. Оның 2 түрі бар I реттік, II реттік. І реттік активті заттарды тасымалдау тікелей АТФ энергиясы жұмсалады. Мысалы: иондардың тасымалдануы. ІІ реттік кейбір иондардың электрохимиялық градиенті болады, бұр градиенті иондарда мембранадан АТФ энергиясы тасымалданған кезде пайда болады. Мысалы: мембранада К+ N+ АТФ аза ферменті АТФ энергиясын пайдаланып клеткадан шығад, Na~ эл. Химиялық градиентін түзеді Қақпа венасында сіңірілген моносахаридтар әр түрлі мөлшерде болады, ал көмірсулар ас қорыту кезінде көбейіп, аш кезінде азаяды. Моносахаридтер бауыр паренхимасында клеткамен тез жұтылады. Глюкозадан басқалары сәйкес ферменттер әсерінен глюкозаға айналады. Одан әрі бауыр кенасына барады. Бауырға баратын қанда әр түрлі моносахаридтер болады. Бауырдан шығатын қанда глюкоза ғана болады.3,4-5,6 ммоль/л аралығында. Глюкозаның 5%і гликогенге айналады, бауырда ол қор ретінде сақталады.

Тканьдердегі аминқышқылдардың тағдыры.Амин қышқылдарының негізгі бөлігі анаболизм реакциясына жұмсалады.1)Анаболизм-жай заттардан күрделі заттардың түзілу процессі.2)Белок биосинтезі . Амин қышқылы құрылыс материалы ретінде 80%-і белоктар,ферменттер,гормондар синтезіне жұмсалады.3)Белок емес биологиялық активті заттар синтезіне,мысалы:нейропептидтер,глутатион,адреналин,норадреналин. 4)Кейбір амин қышқылдарынан креатин түзіледі.Түзілген креатин бүлшықетке жеткізіліп энергия көзі ретінде пайдаланылады.

Тканда амин қышқылдарының азотты емес заттардың түзілуі.Аминқышқылдардың дезаминдеуі аминтоптың бөлінуі арқылы жүреді,мұнда аммиак және азотсыз қалдық түзіледі,ол азотсыз қалдық қышқылдар:гидроксиқышқылдар ,қанықпаған қышқылдар немесе кетоқышқылдар түрінде болады.Дезаминдену және трансаминдену реакцияларының нәтижесінде аминқышқылдардың азотты емес қалдықтары түзіледі,олар катаболитикалық және анаболитикалық айналу жолдарына түседі. Аминқышқылдардың азотсыз қалдықтарының катоболизмі метаболиттердің түзілуіне әкеледі,олар катоболизмнің жалпы жолдарына қатысып, суға дейін ыдырайды.Аминқышқылдардың азотсыз қалдықтарының катоболизмінің жалпы жолдарына қатысуы мынадай метаболиттердің түзілуі арқылы өтеді:

-пируват арқылы

-ацетоацетил

-сукцинил-КоА арқылы

-қымыздық сірке қышқылы арқылы

Тканда амин қышқылдарының азотты емес заттардың түзілуі.Дезаминдену және трансаминдену рекацияларының нәтижесинде аминқышқылдарының азотсыз қалдықтары түзіледі,олар катаболитикалық, анаболитикалық айналу жолдарына түседі. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының катаболизмі метаболиттердің түзілуіне акеледі,олар катаболизмнің жалпы жолдары қатысып көмірқышқыл газына жане суға дейін ыдырайды. Аминқ.-ң азотсыз қалдықтарының катаболизмінің жалпы жолдарына қатысуы мынадай метаболиттердің түзілуі арқылы өтеді:

-пируват арқыл( аланин, цистейн)

-ацетоацетил- КоА жане ацетил КоА арқылы(финилаланин, тирозин)

-альфа- кетоглутараттар арқылы (глутамат, аргинин)

-сукцинил-КоА арқылы(изолеицин, метионин)

-фумарат арқылы(тирозин, фенилаланин)

-қымыздық сірке қышқылы арқылы(аспартат)

Катаболизімнің жалпы жолдарына қатысатын кейбір аминқышқылдары үшін азотсыз қалдықтардың түзілуі бірден олардың дезаминденуі немесе трансаминденуінен кейін жүрсе, бірқатар аминқышқылдар үшін бұл процес катаболитикалық айналулар нәтижесинде болады.

Тканьдердегі глицериннің тағдыры.Глицерин әр түрлі липидтердің синтезіне және глюконеогенезге жұмсалады.Ал оның біршамасы тотығып энергия бөледі.Глицериннің тотығуы-энергия көзі ретінде цитоплазмада жұмсалады.Тотығу кезінде қор ретінде 20 немесе 22 АТФ түзіледі.Оның саны мынадан құрастырылады:глицериннің бір молекуласы 1,3-дифосфоглицератқа дейін тотығып екі цитозолды түзеді.АТФ екі молекуласы гликолиз кезіндегі субстранттан фосфорлану реакциясының нәтижесінде пайда болады.қор ретінде жиналады.ПЖҚ тотығудан декарбоксилденіп,НАД тотықсызданады.ПЖҚ айтып кеткен реакция нәтижесінде ацетил-КоА түзеді.Бұл қосылыс толық ЦТК мен БТ тізбегінде тотығып 12АТФ түзіледі.Осы АТФ-ң бәрін қосқанда 21АТФ шығады,биреуі глицеринді активтендіру үшін керек,қор ретінде 20АТФ қалады.Тотығу энергиясы липидтердің синтезіне жұмсалады.Мысалы,ТАГ,фосфолипидтер,сфинголипидтер.

«тікелей және тікелей емес билирубиннің түзілуі»,химиялық табиғаты.Билирубин – суда нашар еритін және токсикалық қосылыс,сондықтан қанға түскенде , қанның плазмасының альбуминдерімен байланысып,осы түрде бауырға тасымалданады.Бұл билирубин белоктарды тұнбаға түсірген кезде ғана анықталады,сондықтан бос немесе «тура емес» билирубин деп аталады.Бауырда бос билирубин пропион қышқылының радикалдарының карбоксильді тобына қосылатын глюкурон қышқылымен коньюгация реакциясында залалсыздандырылады.Билирубиннің глюкуронидтары суда жақсы еритін және токсикалық емес қосылыстар ,олар Эрлих диазореактивымен «тура реакция» арқылы анықталады.Сондықтан «тура» немесе байланысқан билирубин деп аталады.Билирубиннің глюкуронидтары біраз мөлшерде гепатоциттерден қанға өтеді.Сондықтан сау адамның қанында коньюгацияланбаған(тура емес) және коньюгацияланған(тура) билирубин болады.Сау адамда тотура емес билирубин жалпы билирубиннің 75% құрайды,ал тура билирубин 25%құрайдыБайланыскан билирубиннің суда ерігіш өтпен бірге ішекке түседі. Байланыспаған билирубин суда ерімейді, сондыктан ол канда албунинмен комплекс түрінде тасымалданады. Билирубин-ң негізгі бөлігі көкбауырдың ретикулоэндотелиалдң жүйесінде және сүйек миында синтезделеді. Бұл органдардан албунин аркылы кан мен бауырға тасымалданады. Ал бауырда глюкурон кышкылымен косылып билирубиннің диглюкоуронидіне айналады. Билирубиннің глюкурониді улы емес бұл косакталған косылыс бауырдан ішекке түседі. Ішекте бактериялы ферменттер әсерімен глюкурон кышкылыны және билирубинге ыдырайды.  Билирубин алмасуын мына схема түрінде көр- сетуге болады.

1-ші кезең — ретикула-эндотелий жүйесінде билиру- биннің түзілуі;

2- қан плазмасынан билирубиннің гепатоциттерде үсталып калуы;

3- гепатоциттерде билирубиннің глюкурон қышқы- лымен қосақтасуы (коньюгация);

4- билирубиннің гепатоциттен өт капиллярларына шығарылуы.

5- билирубиннің бауыр бөлігінен өт жолдарына шағырлуы.

1—2—3 кезеңдегі билирубин жанама, ал 4—5 кезец- де — тура билирубин деп аталады. Организмде билирубин мөлшері көбейсе аурудың терісі,. көздің шырышты қабықтары сарғайып кетеді. Бүл өзгерістер билирубин алмасуыныц кез келген кезеңі бүзылғанда ұшырайтын патология. Бірінші кезеңге байланысты сарғаю эритро- циттер ыдырауы өте күшейіп кеткенде (жоғарыны қа- раңыз) шығады. Екінші кезеңдегі сарғаю организмде жанама билирубинніц плазмадан гепатоциттерге өтуін бақылаушы фактордың жоқтығымен түсіндіріледі.

Жекеленген макро және микроэлементтердің алмасуы,қандағы мөлшері,жиналуы.Алмасу процестеріне натрийдің калийдің калций магный темір мыстың цинкт кобалт фосфор хлордың күкірт йод фтордың қосылуы.К Na насосының жұмысы.

Элементтер тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш  топқа бөледі.

1. Макроэлементтердің (оттек, сутек, көміртек, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор) ағзадағы мөлшері  10 пайыздан жоғары болады.

2 Микроэлементердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері 10-15 пайыз.

3. Ультрамикроэлементтер сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15 пайыздан  төмен.

Адам ағзалары химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни, микро және макро элементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі   бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы: йод қалқанша безінде, фтор тіс кіреукесінде, Ағзада микроэлементтер байланысқан және бос ионды түрінде кездеседі. Кремний, алюминий, мыс және титан бас миы ұлпаларында нәруыздармен комплекс түрінде, ал марганец ион түрінде кездеседі. Фосфор тістің қатты ұлпаларында концентрленеді, ал табиғатта кальций, хлор, фтор элементтерімен қосылыстар түрінде, фторапиттер құрамында кездесетіндігі белгілі. Кальций де негізінен сүйек және тіс ұлпаларында концентрленеді. Натрий және хлор жасушааралық, ал калий және магний жасуша ішіндегі сұйықтықтарда кездеседі. Натрий және калий фторид түрінде сүйек және тіс ұлпаларында, магний фосфат түрінде тістің қатты ұлпаларында болады. Микроэлементтер қан жасалу, тотығу тотықсыздану, тамырлар мен ұлпалардың өткізгіштігіне белсенді әсер етушілер. Макро және микроэлементтер - кальций, фосфор, фтор, йод, алюминий және кремний, сүйек және тіс ұлпаларының түзілуін қамтамасыз етушілер. Әр түрлі микроэлементтердің жетіспеушілігіне немесе артуына байланысты көптеген  аурулар   туындайды.

Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]