- •Альбуминдер, глобулиндер, қасиеттері, ұқсастығы, айырмашылығы. Жануарлар организміндегі маңызы.
- •Белоктардың функциясы, белок молекуласының формасы. Функциясы мен қасиетін анықтау кезінде белок құрылыстарының рөлі.
- •Белоктардың жалпы қасиеттері, жіктелуі, жануар организміндегі маңызы.
- •Гемоглобиннің физиологиялық туындылары, олардың түзілуі, сіңіру спектрлері.
- •Гемоглобин, миоглобин, құрылысы, организмдегі маңызы, қасиеттері, хим-қ табиғаты, простет-қ тобы.
- •1 Топ: эстеразалар осы топқа жататын ферменттер липидтегі күрделі эфирлі байланысқа әсер етеді. Гидролиздеу әсеріне қарай ң топшаға бөлінеді
- •Гликозамингликандар, өкілдері, хим-қ табиғаты, организмдегі маңызы.
- •Глюконеогенез,түзілуге қатысатын заттар , реакцияларының жүру бағыты.Кори циклы жане глюкозо-аланин циклы:физиологиялық маңызы.
- •Жекеленген макро және микроэлементтердің алмасуы,қандағы мөлшері,жиналуы.
- •Заттар алмасуындағы цтк, бт, тф ролі.
- •Коллагендер.Эластиндер.Кератиндер.Аминқышқылдар-ң құрамының ерешелігі, қасиеттері, табиғатта таралуы. Жануарлар организміндегі маңызы.
- •Күрделі белоктар: липопротеидтер құрылысы туралы түсінік. Негізгі өкілдері. Қанның липопротеидтері, түрдері, биол-қ маңызы.
- •.Күрделі белоктар:хромопротеидтер, құрылысы, қасиеттері, организмде маңызы.
- •Күрделі белоктар:гликопротеидтер құрылысы негізгі өкілдері, қасиеттері, табиғаттат таралуы. Нағыз гликопротеидтер жане протеогликандар.
- •Қан плазмасының химиялық құрамы.Олардың қалыпты мөлшері.
- •Қандағы глюкозаның денгейін реттейтін гормондар
- •Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасы мен май тканінің ролі
- •Липогенез,липолиз,липонеогензге сипаттама беріңіз жане осы прцесстердің ролі.
- •Организмдегі аммиакты усыздандыру жолдары,мочевинаның түзілуі туралы теория және орны.
- •Оксиредуктазалар
- •Организмдегі су алмасуы және судың биологиялық ролі,су алмасуының регуляциясы.
- •Организмдегі бейорганикалық заттардың маңызы.Минералды алмасудың сатылары.
- •Протамин. Гистондар қасиеттері. АЙырмашылығы, ұқсастығы, жануар организмінде маңызы.Табиғатта таралуы.
- •Пептидогидролазалар тобы:
- •Тағам липидтері,биологиялық маңызы,ас-қорыту жолдарындағы олардың қорытылуы мен сіңірілуі.Мицелланың құрамы мен ролі.
- •Тканьдердегі гликолиз нәтижесінде түзілетін пжқ тағдыры.Пирожүзім қышқылының айналуына қатысушы ферменттер.
- •Трансферазалар.
- •Ферменттер жалпы қасиеттері, әсер ету механизмдері.
- •Ферменттер активтігіне әсер етуші факторлар.
- •Ферменттер жіктелуі. Негізгі топтвары және топшалары
- •Холестерин биосинтезі,мевалон қышқылы түзілуіне дейінгі реакцияларды көрсетіңіз ,осы этап жайлы туралы түсінік.Холестериннің алмасуында липопро теидтердің ролі.
- •106.Шөрнек механизмдері,цитоплазмалық надн2 тртығуындағы олардың ролі. Энергиялық байланысы.
Заттар алмасуындағы цтк, бт, тф ролі.
ЦТК-ның маңызы үлкен :
1.Метоболиттік қазан –адам денесінің ошағы деп атайды.
2.ЦТК-да аралық өнімдеп түзіледі.Бұл өнімдерден басқа керекті қосылыстар түзілуі мүмкін.Бұл ЦТК-ның пластикалық қызметі.
3.Барлық алмасу процестерінің орталығында болып,оларды бір-бірімен байланыстырады.
4.Сутегі атомымен жабдықтаушы көзі болып табылады.
ЦТК-ның мәні:сутегінің көзі болып табылады.
БТ-Биологиялық тотығу дегеніміз-көп сатылы тотығу-тотықсыздану реакцияларының жүйелі жолмен жүріп отыратын тізбегі.Органикалық заттардың биологиялық тотығуының нәтижесінде эндогенді су жане энергия түзіледі.Энергия АТФ үшін пайдаланылады жане жылу түрінде бөлінеді. БТ-ның маңызы:
1.Энергияның бөлінуі. 2.Эндогенді судың түзілуі.
ТФ-тотығудан фосфорлану.бұл биологиялық тотығуда бөлінген энергияны пайдаланып,фосфор қышқылын АДФ түзу процестері,бұл энергиялық алмасудың IV-ші сатысы.
Кетон денелерінің биосинтезі,өкілдерінің химиялық табиғаты,тағдыры,организмдегі маңызы.Кетон денелеріне жататындар ацетосірке қышқылы,В-гидрокси май қышқылы және ацетон.Негізінен бұлар май қышқылының немесе катогенді амин қышқылының толық тотықпаған аралық өнімдері болып табылады.Кето денесінің түзілуі тек бауыр клеткасының митохондриясында өтеді.Кетон денедері ацетил-КоА синтезделеді.Алдымен ацетил-КоА ацетилтрансфераза ферментінің әсерінен екі моолекула конденсацияланыпацетоацетил-КоА түзеді.Соңғысы гидроксииметил глутарил КоА синтетазаның қатысуымен тағы бір молекула конденсацияланып В-гидрокси-B-гидрокси-метил глутарил түзіледі.ГМГ-дан ацетил-КоА бөлініп шығып қайтадан бірінші сатысына жұмсалады,сонымен процесс циклға тұйықталады және бірінші кетондық дене болып саналатын ацетосірке қышқылы түзіледі.Қалған кетон денелер ацетосірке қышқылынан түзіледі.Бауырда түзілген кетон денелер одан әрі бауырда өзгеріске ұшырамай қанға өтеді.Қанмен бірге басқа органдардың тканьдерге түсіп одан энергетикалық материал ретінде пайдаланылады.Кетон денелері тотыққанда 24 немесе 27 молекулалық АТФ синтездеп алынады.В-гидроксимай қышқылы тотықса 27 АТФ түзіледі,түзілетін НАДН2 3 молекула АТФ береді.Егер кетон денелері энергия синтездеууге жұмсалмаса,клеткадағы гомеостазды сақтау үшін олардың синтезі баяулайды және ГМГ-КоА тотықсызданып мевалон қышқылы түзіледі.Соңғысы холестериннің синтезіне жұмсалады.
Коллагендер.Эластиндер.Кератиндер.Аминқышқылдар-ң құрамының ерешелігі, қасиеттері, табиғатта таралуы. Жануарлар организміндегі маңызы.
Протеиноидтар немесе склеропротеиндер-тірек тканьдердің суда ерімейтін белогы, олар асқазан-ішек жолдарында асқорыту энзимдерінің әсеріне ұшырамайды, сондықтан адамның асына пайдаланылмайды.Бұл топқа - дәнекер тканнің коллагені жане эластині, шаштың, тырнақтың кератині жатады. Коллагенді суда көп қайнатқанда коллагеннің қасиеті өзгереді, ол суда еріп, гель түзеді. Коллагеннің бұл өзгерген түріжелатин деп аталады.
Адам организмінде склеропротеиндердің 3түрі бар: Коллаген, эластин, кератирндер.
Коллаген:285 000Д суда ерімейді,құнсыз белок. Құрамында глицин, 11-аланин, 21-пролин мен гидроксипролин бар. Молекуласындағы гидроксилизинге көмірсулар көбінесе глюкоза мен галактозадан түзілген дисахарид түрінде ковалентті жалғасады. Коллагендер полипептидтік тізбек-ң құрамында орналасқан жеріне, қызметіне байланысты 4 түрге бөлінеді.1ші түрі организмде көбірек кездеседі, 2полипептидті тізбек бірдей. Коллагеннің бұл түрі теріде, сүйектерде, көздің қасаң қабығында кездеседі.2ші түрі шеміршектерде, омыртқа аралық дскіде, шыны тәрізді денеде болады.3ші түрі жүрек-қан тамыр жүйесінде. 4ші түрі базальды мембранада кездеседі.
Эластин-байламдардың, сіңірлердің, ірі қан тамырлары қабырғаларының құрамында болатын құнсыз белок. Ол кез-келген бағытқа созылуға қабілетті, ал қайта жібергенде бастапқы пішіні мен қалпына келе алады. Тропоэластиннің полипептидтік тізбегінен түзілген спиральдың α-спиральдан да, коллаген спиралінен де өзгешелігі бар. Сонымен қатар эластиннің құрамында десмозин жане изодесмозин деп аталатын ерекше құрылымдар бар.Олар лизиннің 4 молекуласынан тұрады, осындай құрылым болғандықтан ғана эластин талшықтары барлық бағытта созылып, қайтадан қалпына келе алады.
Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері.Олар қандай реакциялар нәтижесінде түзілетінің жазыныз.Бөлінуі
Көмірсу алмасуының соңғы өнімі СО2 жане Н2О.Олардың қолдану жолдары.Керек мөлшерін мочевинаның ,көмір қышқылының синтезіне жане буферлі жүйелер түзуге қолданамыз.Ал,енді керек емес мөлшерін сыртқа шығарамыз немесе бөлінді су терлеу арқылы жане зәр арқылы,ал көмірқышқыл газы көбінесе өкпе арқылы сыртқа шығарылады.Көмірсу алмасуында бауырдың атқаратын қызметі.Бауыр глюконеогенез,гликогенолиз процестері жүреді.Бауыр осы процестерге байланысты қанның құрамындағы глюкозаның қалыпты мөлшерін тұрақты етіп ұстап тұрады.Қанның құрамында глюкозаның қалыпты мөлшері 3,4-5,6 ммоль/л.
Күрделі белоктар:фосфопротеидтер, металлопротеидтер. Құрылысы туралы түсінік, негізгі өкілдері, қасиеттері, жануарлар организмдегі маңызы.
Протеидтер белокты бөлімнен жане белок емес бөлімнен тұрады, оны простетикалық топ д.а. Ол белокты бөліммен бірге берік байланысқан. 1)Фосфопротеидтер құнды белоктар, молкула құрамына жай белок жане фосфор қышқылының қалдықтары кіреді. Фосфор қышқылы күрделі эфирлік байланыспен гидроксил тобы бар аминқышқылдарына жалғасады. Серин, треонин, тирозин, аминқышқыл-ң бір немесе бірнеше фосфор қышқ-ң қалдықтары қосылуы мүмкін. Фосфорлану жане фосфорсыздану белоктың активтілігін реттейтін ең универсальды фактор. Олар дамып келе жатқан ағза үшін энергиялық, пластикалық материалдың көзі. Ф-р ұйымайды, суда ерімейді, қышқылдық қасиет тән. Ф-ң өкілдері:сүттің казеиногені, жұмыртқа сары уызында кездесетін фосвитин, виттелин жане балық уылдырығында болатын ихтуллин жатады. 2) металлопротеидтер-күрделі белоктар, құрамына жай белок жане металл кіреді. металдар простетикалық топтың рөлін атқарады. Тыныс алу белоктары мен ферменттерін бұл топқа жатқызбайды.Металдың қатысуымен пайда болатын комплекстік байланыстың маңызы өте зор. Себебі, олар молекул-ң биол-қ қызметін атқаруына қажетті конформацияның түзілуін жане қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Металл-ң өкілдеріне ферритиндер жатады. Олардың молекулалық массасы-400 000 Д. Құрамындағы темірдің мөлшері 20-ке жетеді. Темір пептидтік топтағы азотпен мықты байланысқан. Организмде темірдің қорын түзеді, бауырда, көк бауырда жиналады.
