- •Альбуминдер, глобулиндер, қасиеттері, ұқсастығы, айырмашылығы. Жануарлар организміндегі маңызы.
- •Белоктардың функциясы, белок молекуласының формасы. Функциясы мен қасиетін анықтау кезінде белок құрылыстарының рөлі.
- •Белоктардың жалпы қасиеттері, жіктелуі, жануар организміндегі маңызы.
- •Гемоглобиннің физиологиялық туындылары, олардың түзілуі, сіңіру спектрлері.
- •Гемоглобин, миоглобин, құрылысы, организмдегі маңызы, қасиеттері, хим-қ табиғаты, простет-қ тобы.
- •1 Топ: эстеразалар осы топқа жататын ферменттер липидтегі күрделі эфирлі байланысқа әсер етеді. Гидролиздеу әсеріне қарай ң топшаға бөлінеді
- •Гликозамингликандар, өкілдері, хим-қ табиғаты, организмдегі маңызы.
- •Глюконеогенез,түзілуге қатысатын заттар , реакцияларының жүру бағыты.Кори циклы жане глюкозо-аланин циклы:физиологиялық маңызы.
- •Жекеленген макро және микроэлементтердің алмасуы,қандағы мөлшері,жиналуы.
- •Заттар алмасуындағы цтк, бт, тф ролі.
- •Коллагендер.Эластиндер.Кератиндер.Аминқышқылдар-ң құрамының ерешелігі, қасиеттері, табиғатта таралуы. Жануарлар организміндегі маңызы.
- •Күрделі белоктар: липопротеидтер құрылысы туралы түсінік. Негізгі өкілдері. Қанның липопротеидтері, түрдері, биол-қ маңызы.
- •.Күрделі белоктар:хромопротеидтер, құрылысы, қасиеттері, организмде маңызы.
- •Күрделі белоктар:гликопротеидтер құрылысы негізгі өкілдері, қасиеттері, табиғаттат таралуы. Нағыз гликопротеидтер жане протеогликандар.
- •Қан плазмасының химиялық құрамы.Олардың қалыпты мөлшері.
- •Қандағы глюкозаның денгейін реттейтін гормондар
- •Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасы мен май тканінің ролі
- •Липогенез,липолиз,липонеогензге сипаттама беріңіз жане осы прцесстердің ролі.
- •Организмдегі аммиакты усыздандыру жолдары,мочевинаның түзілуі туралы теория және орны.
- •Оксиредуктазалар
- •Организмдегі су алмасуы және судың биологиялық ролі,су алмасуының регуляциясы.
- •Организмдегі бейорганикалық заттардың маңызы.Минералды алмасудың сатылары.
- •Протамин. Гистондар қасиеттері. АЙырмашылығы, ұқсастығы, жануар организмінде маңызы.Табиғатта таралуы.
- •Пептидогидролазалар тобы:
- •Тағам липидтері,биологиялық маңызы,ас-қорыту жолдарындағы олардың қорытылуы мен сіңірілуі.Мицелланың құрамы мен ролі.
- •Тканьдердегі гликолиз нәтижесінде түзілетін пжқ тағдыры.Пирожүзім қышқылының айналуына қатысушы ферменттер.
- •Трансферазалар.
- •Ферменттер жалпы қасиеттері, әсер ету механизмдері.
- •Ферменттер активтігіне әсер етуші факторлар.
- •Ферменттер жіктелуі. Негізгі топтвары және топшалары
- •Холестерин биосинтезі,мевалон қышқылы түзілуіне дейінгі реакцияларды көрсетіңіз ,осы этап жайлы туралы түсінік.Холестериннің алмасуында липопро теидтердің ролі.
- •106.Шөрнек механизмдері,цитоплазмалық надн2 тртығуындағы олардың ролі. Энергиялық байланысы.
Гликозамингликандар, өкілдері, хим-қ табиғаты, организмдегі маңызы.
Гликозамингликандар протеогликандар-ң құрамына кіріп қана қоймай, сонымен қатар жеке, бос күйінде де кездеседі, сөйтіп жануарлар организмнде маңызды биол-қ қызмет атқарады. Олар клеткадан тыс судың 70-80 байланысады. Үлкен теріс зарядты поианион болғандықтанткатиондармен байланысып, олардың диффузиясын қамтамасыз етеді. ГАГ-р клетканың өсуін, жане жіктелуін реттеуге жане фибриллогенез процесіне қатысады. Гиалурон қышқылы клетканың өсуін тездетсе, ал хондроитинсульфаттар жане гепарин оны тежейді. Олар белок-ң құрамындағы серин аминқышқ-ң гидроксил тобына қосылып, протеогликанның молекуласын түзеді. Осындай комплекстер ерекше байланыстырушы белок көмегімен ковалентті емес байланыстар арқылы көптеген дисахаридтерден тұратын гиалурон қышқылымен қосылады.
Олардың бірнеше өкілдері бар, бірақ гликозамингликанның түріне қарай: шеміршекте кездесетін протеогликандардың молекуласы 5-10 белоктан жане хондроитинсульфаттан тұрады. Буын аралық сұйықтықта кездесетін протеогликанның гиалуропротеинннің құрамына белок 2,0-2,5 жане гиалурон қышқылы кіреді.
Глюконеогенез,түзілуге қатысатын заттар , реакцияларының жүру бағыты.Кори циклы жане глюкозо-аланин циклы:физиологиялық маңызы.
Қандағы глюкозаның мөлшері табиғаты көмірсу емес аралық заттардан (ПЖҚ лактат )глюкозаны синтездеп алу процесі глюконеогенез деп аталады.Бауыр глюкозаның қандағы мөлшерін тұрақты болуын реттеп отырады,яғни глюкостатикалық функция атқарады.Осы функцияны глюконеогенез ,гликогеногенез,гликогенолиз қамтамасыз етеді.Қандағы глюкозаны әр түрлі органдар тканьдер өзіне керек мөлшерде алып қалады да сол жерде глюкоза әрі қарай өзгеріске ұшырайды.Глюкозаны көп қолданатын ми ткані.
Клеткаларда,әсіресе қарқынды жұмыс істеп жатқан қаңқа бұлшық еттерінде жинақталатын сүт қышқылы адам ағзасынан шығарылуы керек.Глюкозаның анаэробты дихотомиялық жолмен(анаэробты жолмен) ыдырауы жүріп жатқан клеткалардан лактат қанға түседі.Ары қарай қанның ағынымен лактат бауырға жеткізіледі,бұл жерде ол глюкозаның жаңа түзілуі-глкогеногенез үшін субстрат ретінде пайдаланылады.Бауырда лактатдегдрогназаның ЛДГ 1,2 әсерінен сүт қышқылы алғашында пируватқа дейін тотығады.
Бауырда пируват катаболизімнің ортақ жолдарында жартылай тотығады да,жартылай глюкозаның синтезі үшін пайдаланылады.Глюконеогенез процесінде бауырда синтезделген глюкоза гликоген түрінде жинақталады немесе қайтадан қанға,ары қарай тканьдерге түседі де,метоболитикалық айналымның келесі кезеңдерге қосылады.Осы айналымдардың барлығы Кори циклы(глюкоза-лактатты циклы)депаталады.Кори циклы гипоксия әсерінен болған зақымдалуы бар гомесостазды қалпына келтіру үшінерекше маңызды болып табылады.
Бұлшық ет |
Қан |
Бауыр |
Глюкоза
|
Глюкоза |
Глюкоза
|
Пируват
|
|
Пируват
|
Лактат
|
Лактат |
Лактат |
Кори циклы
Пируваттан глюконеогенездің жүруі анаэробты гликолиз жолдары сиқты,бірақ кері бағытта өтеді.
ГликогеногенезГлюкозадан гликогеннің түзілуін-гликогеногенез д.а . организмде глткогеннің 2/5немесе 150г бауыр паренхимсында қор ретінде жиналады. Гликогеннің тағы да 2/5 немесе 150г бұлшық етте қорын түзеді, ұалған 1/5 басқа органдарға жиналады. Көмісулардың қор ретінде сақталуын маңызы бар, себебі оның молекулас үлкен клетканың осмосын өзгертпейді. Қандағы глюкозаның мөлшері азайса , гликоген қоры ыдырап қандағы мөлшерін нормаға айналдырады. Бұл процесс-гликогенолиз д.а43 гликогеннің биосинтезіБұл көп этапты процесс гликогенсинтетазаның әсерімен өтеді УТФ-Е сы жұмсалады. Гликоген синтезі глюкозаның УДФ- глюкоза түрінде тасымалдануынан басталады. Глюкоза гликогенсинтетаза арқылы гликогеннің қадығының соңғы глюкоза молекуласына жалғасып,полисахарид тізбегін өсіреді. Аминотрансгликозидаза полисахарид тізбегін тармақтайды ,ол полисахарид тізбегінің қысқа фрагмнтін гликогеннің 1 жерден 2ші жерге тасымалдау арқылы іске асырады.
Гормондар, химиялық табиғаты жалпы қасиеттері. Клетка мембранасы мен гормондар рецепторлары туралы түсінік. Гормондар – ішкі секреция бездерінде синтезделінетін биологиялық активті заттар болып табылады. Гормондар зат алмасу процестерін реттеуге қатысады. Гормондардың жіктелуі: 1.Пептид және белокты гормондар . 2. Аминқышқылдарының туындыларына жататын гормондар 3.Стероидты гормондар. Гормондардың қасиеттері : 1. Гормондардың қашықтан әсер етуі, яғни олар өзінің жасалған әсеріне қашық орналасқан ағзаларға әсер ете алады. Басқа биобелсенді заттар өзі жасалған жергілікті жерде ғана әсер етеді. 2. Гормондар организм қызметіне гуморалдық реттеуде аралық рөл атқарады. 3. Гормондардың арнайы әсері бар.Белгілі бір гормон жетіспеушілігін басқа гормандармен алмастыруға болады. 4.Биобелсенділігі жоғары болады. 5. Гормондар өте тез, бирақ қысқа әсер етеді. Өте тез әсер етуі оладың молекулалық салмағына байланысты. 6. Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың құрылысына да әсер етеді. Кейде ағзалар тінінң өсуін күшейтеді, кейде тежейді. 7.Гормондар фермент қатарына жатпайды. Әр түрлі фермент арқылы химиялық процестердің жылдамдығына әсер етеді.
Дәнекер тканьдегі зат алмасу ерекшеліктері. Дәнекер ұлпасы- (textus соп- nectivus; лат. textus — үлпа, connectivus — дәнекер) — адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады. Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасы жасушалары құрылысында полярлық айырмашылықтар (эндотелиоциттерден басқаларында) болмайды. Жасушааралық заттар ұлпа жасушаларының туынды өнімдері болғанымен, массасы мен мөлшері жағынан жасушаларға қарағанда әлдеқайда мол болады. Сондықтан, жасушааралық заттар дәнекер ұлпаларының маңызды, атап айтқанда, қоректендіру (трофикалық), қорғаныс, тіректік, механикалық т.б. қызметтерді атқаруға қатысады. Адам мен жануарлар организмдерінде құрамында дәнекер ұлпаларының элементтері кездеспейтін мүшелер болмайды. Дәнекер ұлпалары түтікше және қабатты мүшелердің қабықтары мен қабаттарын, қомақты мүшелердің паренхима бөліктерін дәнекерлеп, біріктіріп біртұтас етіп түратын олардың стромасын құрайды, әртүрлі мүшелердегі перделіктерді, қапшықтарды, дене шандырларын, қаңқа сүйектері байламдарын, бұлшық еттер сіңірлерін, қаңқаны, организмнің сұйық ішкі ортасын түзеді. Дәнекер ұлпаларының жарақаттанғаннан кейінгі тез қалпына келу және өзгерген ортаға бейімделу қабілеттері жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасына қан, лимфа, май ұлпасы, ретикулалы ұлпа, борпылдақ дәнекер ұлпасы, тығыз дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы, сүйек ұлпасы жатады
Дәнекер тканьдегі зат алмасу ерекшеліктері. Дәнекер ұлпасы- (textus соп- nectivus; лат. textus — үлпа, connectivus — дәнекер) — адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады. Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасы жасушалары құрылысында полярлық айырмашылықтар (эндотелиоциттерден басқаларында) болмайды. Жасушааралық заттар ұлпа жасушаларының туынды өнімдері болғанымен, массасы мен мөлшері жағынан жасушаларға қарағанда әлдеқайда мол болады. Сондықтан, жасушааралық заттар дәнекер ұлпаларының маңызды, атап айтқанда, қоректендіру (трофикалық), қорғаныс, тіректік, механикалық т.б. қызметтерді атқаруға қатысады. Адам мен жануарлар организмдерінде құрамында дәнекер ұлпаларының элементтері кездеспейтін мүшелер болмайды. Дәнекер ұлпалары түтікше және қабатты мүшелердің қабықтары мен қабаттарын, қомақты мүшелердің паренхима бөліктерін дәнекерлеп, біріктіріп біртұтас етіп түратын олардың стромасын құрайды, әртүрлі мүшелердегі перделіктерді, қапшықтарды, дене шандырларын, қаңқа сүйектері байламдарын, бұлшық еттер сіңірлерін, қаңқаны, организмнің сұйық ішкі ортасын түзеді. Дәнекер ұлпаларының жарақаттанғаннан кейінгі тез қалпына келу және өзгерген ортаға бейімделу қабілеттері жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасына қан, лимфа, май ұлпасы, ретикулалы ұлпа, борпылдақ дәнекер ұлпасы, тығыз дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы, сүйек ұлпасы жатады .
Дегидрогеназалар- тотығу реакцияларына дегидрлеу арқылы қатысады. Олар субстраттың тотығуымен сутегі атомын немесе электрондарын бөліп алу жолымен қамтамасыз етеді. Сутегін беріп отырған субстрат сутегінің доноры деп аталады. электронды қосып алған зат акцептор деп аталады. Сутегі бөлініп тотығады, ал қосылған зат тотықпайды.
Дегидрогеназалар 150 түрі бар. Негізгілері: пиридин-ферменттер, флавинферменттер, убихинон.
Убихинон- кофермент KoQ құрамында апоферменті болмайды, сол себептен ферментке жатпайды. әсер етуі дегидрогеназалармен тығыз байланысты. KoQ майда жақсы ериді, изопрен қалдығынан тұратын алифатты бүйір тізбегі бар, қозғалғыш болып келеді. KoQ табиғаты жағынан бензохинон туындысы.
Убохинон тотығу тізбегінде ФПН2-ні тотықтырып өзі тотықсызданады. KoQН2 нің қайта тотығу жолы өзгеше. протон және электрон арасындағы байланыс әлсірейді. KoQН2 тотыққанда сутегі атомы протонға және электронға ыдырап кетеді. Протондар ерітіндіде қалып, электрондар цитохром жуйесіне беріледі.
Д витамині КальцеферолДвитамині-антирахиттік витаминдер. Химиялық табиғаты бойынша олар стериндер тобына жататын циклды қанықпаған 1 атомды екішілік спирттер болып табылады. Бұл заттар жіңішке ішекте өт қышқылдарының көмегімен сіңірлерді және хиломикрондардың құрамында лимфада,сонан соң қанға түсіп,бауырға жеткізіледі. Тәуліктік қажеттілігі балалар үшін 12-25мг ересектер үшін 10есе аз болады.Д витамині көбінесе еттік тағамдарда яғни жануар тектес тағамдарда:бауыр,сарымай,май сүт т.с.с.Балық бауырында өте көп кездеседі. Баларда бұл витамин жетіспегенде рахит ауруы болады. Бұл аурудың белгілері-сүйек тканінің кальцификациясы зақымдалуы.
Е-витаминіТокоферолдар-көбею витамині. олар токолдық бүйірлі изопреноидты тізбегі бар ароматтық спирттің метильденген туындыларынан құралған. Е витаминінің тәуліктік қажеттілігі 20-50мг. Токоферолдың қайнар көзі:өсімдік майлары-мақта,жүгері,күнбағыс т.б Өт қышқылы көмегімен сіңіріледі. Оның антиоксиданттық қасиеті бар және бос-радикалды реакциялар екпінін реттейді. Жетіспегенде,эритроциттер мембраналарының зақымдалуы салдарынан гемолиз болуы м.н және гемолитикалық анемия симптомдары байқалады .
Еркектің жыныс гармондары.Ерлердің жыныс безі-қос мүшесі.Олардың сырты тығыз дәнекер ұлпаларынан тұратын капсуламен қапталған,мұны белокты қабық депте атайды.Ұрық каналшаларының арасында нәзік дәнекер ұлпаларынан тұратын бөліктерінде Лейдингтің интерстициялық клеткаларының топтары болады.Осы интерстициялық клеткаларда аталық жыныс гармондары өнеді.Иірім шәуһет каналшалары кішкентай нәрестелерде ұрықтық күйінде қалыып 7-8 жаста ғана қалыптасады.Омыртқалылардың аталық жыныс безінде аталық гормондар тобына жататын тестостерон гормоны түзіледі.Тестостеронның алмасуы негізінде андростерон басқа жыныс гормондары болады.Олар ұрық безінің клеткаларында түзіліп шығады және шағын мөлшерде бүйрек безінің қабығында және аналық безінде түзіледі.Еркектердің жыныс гормоны андроген деп аталады.Ол гормонды қанда плазма гликопротейды тасымалдайды.Жыныс гормондары стеройдтық гормондар тобына жатады және холестеролдан түзіледі.Жалпы алғанда аталық гормондар андрогендер тобын құрайды.Олар өзінің физиологиялық міндетін атұарғаннан кейін біразы ыдырап,қалғаны бауырдың ішінде глюкурон және күкірт қышқылдарымен қосылып өт пен несеп құрамында ағзадан шығады.
Жануарлар организміндегі аминқышқылдардың дезаминденуі,түрлері,процестің маңызы.Аминқышқылдардың дезаминдеуі аминтоптың бөлінуі арқылы жүреді,мұнда аммиак және азотсыз қалдық түзіледі,ол азотсыз қалдық қышқылдар:гидроксиқышқылдар ,қанықпаған қышқылдар немесе кетоқышқылдар түрінде болады.Дезаминдеудің 4жолы бар:тотықсыздану,гидролитикалық,молекула ішілік,тотығу.Көптеген ағзалар үшін ,соның ішінде адам мен жануарлар ағзасы үшін аминқышқылдарының әсіресе тотығу дезаминдеуі неғұрлым белсенді болып табылады.Тотығу дезаминдену клеткалалардың пероксисомаларында орналасқан аминқышқылдар оксидазасымен катализденеді.
