Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ORPPROPLOP - аәб.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129 Кб
Скачать
☆

Қан плазмасының химиялық құрамы.Олардың қалыпты мөлшері.

Қан плазмасының химиялық заттарын мынадай топтарға бөлуге болады:

-қан плазмасының минералды заттары

-қан плазмасының органикалық заттары

Қан қою,жабысқақ,мөлдір емес,қызыл түсті,сұйық зат.Қанның 55%плазмадан 45%қан түйіршіктерінен тұрады.Организмде қанның мөлшері ер адамдарда 5200мл,ал әйел адамдарда 3900мл.Қанның осмостық қысымы7,6атмосфер.Қан 44-48%түйіршіктен,52-56%плазмадан тұрады.Ал плазма 90-91%судан,9-10%құрғақ заттардан тұрады.Құрғақ заттардың 8-9%органикалық,1%бейорганикалық қосылыстардан тұрады.Қан ұйыған кезде 2-ге бөлінеді:төменгі қабаты тұнбаға түскен қан түйіршіктері оның үстінде мөлдір сарғыш түсті сұйықтық пайда болады.

Қалыпты асқазан сөлінің химиялық құрамы,қасиеттері,асқазанда ас қорытылудағы тұз қышқылының маңызы.Асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері,қышқылдықтың түрлері.Асқазан сөлін зерттеу.Тұз қышқылының дебит-сағатын анықтау.Асқазанда тағам химиялықөңдеуден өтеді. Ол үшін асқазан құрамы күрделі сөл шығарады. Бұны секрециялыққызметі деп атайды. Қарын сөлі құрамында тұз қышқылы, протеолиздік ферменттер, ішкі антианемиялық (Касл) факторы, су, фосфаттар, сүлфаттар, хлоридтер, калий, натрий, кальций және шырыш бар.Асқазан сөлі үш түрлі бездік жасушалармен (гландулоциттермен) өндіріледі:1. негізгі гландулоциттер пепсиноген мен химозин;2. мукоциттер-шырыш;3. париеталдық (іргелік) гландулоциттер — тұз қышқылын, ішкі антианемиялық факторды өндіреді.Асқазан сөлінің шығуы нервтік рецепторлардыңқозуымен және ас қорыту жолдарының гормондарымен реттелуі бойынша үш сатыда өтеді:1. нейрогендік (кезбе нерв арқылы),2. қарындық (гастриндік) және 3. ішектік сатылар.Қалыпты жағдайда қарын тәулігіне 2 литр шамасында сөл шығарады.Асқазанның көп сөл бөлуін гиперсекреция, аз сол бөлуін гипосекреция деп атайды. Сөл бөлуініңөзгерістері оныңқышқылдығы мен ферменттік белсенділігініңөзгерістерімен қабаттасады. Асқазан сөлініңқышқылдығы жоғарылауьш гиперацидтік жағдай немесе гиперхлоргидрия дейді. Бұл кезде асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 100 титрлік өлшемнен артық болады. Қышқылдықтың азайуын гипоацидтік жағдай немесе гипохлоргидрия, бос тұз қышқылының толық болмауын анацидтік жағдай немесе ахлоргидрия деп атайды.

Асқазан сөлініңқышқылдығы тым көп болса, сөлдің ферменттік қасиеті қатты көтеріліп кетеді. Бұл кезде ұлтабарға асқазаннан түскен тамаққойыртпасы тым қышқыл болғандықтан онда оны бейтараптауға ұзақ уақыт қажет болады. Сондықтан қарынның пилорустыққысқышы ұзақ мерзім жабық тұрады. Осыдан асқазанда тамақ тұрып қалады да, оның ашуы ұлғайады. Асқазанныңқышқыл өнімдері өңешке өтіп, төс астында қыжыл сезіміне, кейде құсуға әкеледі.

Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы - Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығының құрамында еркін және біріккенхлорид қышқылы, сүт қышқылы және сірке қышқылдары болады. Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы асқазан сөліндегі ферменттерді күшейтіп, асқазандағы тағамды зиянсыздандыруға қатысады.

Қан плазмасының органикалық құрам бөліктері,өкілдері,қалыпты мөлшері.Қан плазмасының органикалық заттары құрамында азот бар заттар және азотсыз органикалық қосылыстар түрінде болады.Құрамында азоты бар органикалық заттар белоктар мен азоттық алмасудың метаболиттері түрінде болады.Қанның азотсыз органикалық заттары – бұл көмірсулы және липидті алмасудың метаболиттері.Гормондар мен олардың метаболиттері сау адамның қан плазмасындағы олардың мөлшері:

17-оксикортикостероид-140-550ммоль\л

11-оксикортикостероид-140-230ммоль\л

Адреналин-0,35-0,4мкг\л

Тироксин-29-64мкг\л

Азотты алмасу көрсеткіштері:

Мочевина-3,3-6,6ммоль\л

Зәр қышқ.әйел-0,16-0,40

Еркек-0,24-0,57

Креатин әйел-27-71мкмоль\л

Еркек-88-177мкмоль\л

Қан плазмасының белоктары,өкілдері, қасиеттері, қандағы қалыпты мөлшері. Маңызы. Элетрофорез әдісін пайдалана отырып, қан плазмасының белоктарын 3 топқа бөлуге болады: альбуминдер,глобулиндер, фибриноген.Қазіргі кезде клиникалық зертханаларда қағазға қан сары суы белоктарын электрофорездік бөлу әдісі кеңінен пайдаланылуда.Бұл жағдайда қан сары суының белоктары альбуминдерге және глобулиндердің 4 фракциясына (альфа1, альфа2, бета, гамма) бөлінеді.Альбуминдер – қанның ең жеңіл белоктары, салыстырмалы молекулярлы салмағы-70000. Альбуминдер гормондарды, холестеринді,өт пигменттерін, бос май қышқылдарын, кальцийді,емді заттарды, бояуларды тасымалдайды. Альфа1-глобулинді фракцияда альфа-липопротеидтер(ТЖЛП), трипсинді ингибиторлайтын белоктар, металл иондарымен байланысқан белоктар бар. Альфа2-глобулинді фракцияда альфа-липопротеидтер, гликопротеидтер,гаптоглобин, С-реактивті белок, металдарионын тасымалдайтын белоктар, трипсин ингибиторы бар. Сау адамның қан сары суында С-реактивті белок болмайды, бірақ қабыну және тканьдер некрозымен сипатталатын патологиялық жғдайлар кезінде анықталады.Бұл белок аурудың өткір кезеңінде пайда болады сондықтан оны «өткір кезең» белогы деп атайды. Ауру созылмалы түрге өткен кезде қанда С-реактивті белок жоғалады да,процесс асқынған кезде қайтадан пайда болады. Сау адамның плазмасының ферменттері шартты түрде үш топқа бөлінеді:1.Плазмоөзгешелік ферменттер. 2.Клеткалық ферменттер. 3.Экскреторлы ферменттер. Плазмоөзгешелік ферментер бауырда синтезделеді және өзінің каталитикалық әсерін қан плазмасында көрсетеді. Плазмоөзгешелік ферменттерге: бауырдың липопротеидлипазасы, холинэстераза, лизоцим, қан ұюдың ферменттері, фибринолиз және кининогенез ферменттері,ренин жатады. Клеткалық ферменттер клеткада синтезделеді және өз қызметтерін атқарады. Сау адамның плазмасында олардың концентрациясы төмен және клеткалардың қартаюы мен ыдырауының физиологиялық процестерімен байланысты.Эксекреторлыферменттер негізінен бауырда синтезделеді. Оларға лейцинаминопептидаза, қышқылдық фосфатаза жатады.Олар ағзадан өттің құрамында шығарылады. Патология кезінде қан сары суында, плазмада ферменттердің сандық мөлшері мен белсенділігі артып (гиперферментемия) немесе төмендеп (гипоферментемия) отыруы мүмкін. Изоферменттер дегеніміз-бірдей реакцияларды катализдейтін, бірақ бір-бірінен бірқатар физико-химиялық қасиеттері бойынша ерекшелінетін ферменттер тобы. Әсіресе лактатдегидрогеназа изоферменттері жақсы зерттелген.Оларға ЛДГ1, ЛДГ2, ЛДГ3, ЛДГ4, ЛДГ5 жатады. Жүректе ЛДГ1 мен ЛДГ2 изоферменттерінің белсенділігі жоғары. Бауыырда, қаңқа бұлшықеттерде ЛДГ5 және ЛДГ4 басым болады.

Қан плазмасының кининдік системасы,белоктар «жедел кезеңі» және компонентерінің байланысуы, белок-ферменттер, түсініктеме маңызы. Кининдерді кейде жергілікті гормондар деп те атайды.Олар ішкі секрецияның өзгешелік бездерінде түзілмейді,керісінше бірқатар тканьдардың сұйықтықтарында ж\е қан плазмасында тұрақты кездесетін белсенді емес бастаңғылардан бөлінеді.Қанның маңызды кининдері-брадикиндер,каллидин ж\е метионил-лизил-брадикинин болып табылады.Химиялық табиғаты бойынша кининдер-полипептидтерге жатады,қан плазмасында кининдер денгейі өте төмен ж\е олар кемінде 3 типтікининогендер түрінде кездеседі. Кининогендер бауырда синтезделеді.Қан плазмасында олар белоктардың альфа-2 глобулинды фракциясымен байланысады.Кининогендерден кининдердің түзілуі өзгешелік ферменттер- калликреин деп аталатын кининогеназалар әсерінен жүреді. Калликреиндер трипсин типті протеиназалар болып табылады. Тканьдер калликреиндерінің (ұйқы безінің, бүйректің,ішек қабатының,зәрдің) плазма калликреиндеріне қарағанда субстраттық өзгешелігі төмен болады. Қан плазмасында калликеиндер өзінің бастапқы түрі – калликреиногендер түрінде кездеседі.Хагеман факторы сонымен қатар плазмин, трипсин, адреналин, урокиназа және рН-тың қышқылдық жаққа ауысуы қан плазмасында калликреиногеннің тура активаторы болып табылады. Кининді жүйенің физиологиялық қызметі негізінен гемодинамиканың реттелуі.Брадикинин қан тамырларын кеңейтуші күшті зат болып табылады. Олар тамырдың тегіс мускулатурасына тура әсер етіп, оның босаңсуын тудырады. Кининдердің физиологиялық мәні: -жергілікті қан айналымын реттейді. –қан қысымын реттейді. –тканьдер гиперемиясын тудырады. –жүрек-қан тамырлар қызметін ынталандырады. –ішектің моторикасын реттейді. –ренотропты әсер көрсетеді. –жылу алмасуды реттейді. Патологиялық процестердің қалыптасуына кининдердің қатысуы: -қабынуды күшейтеді(панкреатиттер,артриттер,аллергиялар,инфекциялар сәулелену) -шоктың дамуына септігін тигізеді (эндотоксинді,геморрагиялық, хирургиялық) -ангионневротикалық Квинке ісінуін, карциноидты синдром, демпинг синдром, катарак...

Қанның азотты қалдығы.Осы топқа кіретін заттардың химиялық табиғаты. Қанның қалдық азоты—бұл плазманың белокты емес заттарының азоты,ол қан сары суы белоктарын үш хлор сірке қышқылымен тұнбаға түсірегнде бөлінеді. Қанның қалдың азоты белокты емес табиғаты бар төмен молекулалы қосылыстар түрінде болады,мочевина азоты,аммиактың,индиканның,нуклеотидтердің,нуклеозидтердің,билирубинның,холинның ж\е т.б.азоты.Қалдық азоттың құрастырушы компоненттері белокты алмасудың соңғы өнімдері болып табылады,сондықтан ағзадан шығарылуы к\к.Бұйректің экскреторлы қызметтерінің бұзылуын анықтау мақсатында ж\е бүйректің жетіспеушілік дәрежесін бағалау үшін немесе буындардың мочевина түзуші қызметін бағалау үшін қанның қалдық азотын ж\е оның жекеленген компоненттерін анықтайды.

1.Қалдық азот 14-25 ммоль\л

2.Мочевина 2,5-8,3ммоль\л

3.Зәр қышқылы 0,16-0,57 ммоль\л

ерлерде 0,24-0,57 ммоль\л

әйелдерде 0,16-0,40 ммоль\л

4.креатинин

ерлерде 44-100 мкмоль\л

әйелдерде 44-88 мкмоль\л

5.Креатин

Ерлерде 15-45 мкмоль\л

Әйелдерде 45-76 мкмоль\л

6.Жалпы билирубин 8,5-20,5 мкмоль\л

тура 25%дейін

емес тура 75-100%

Қан плазмасының азотсыз құрамы,өкілдері,химиялық табиғаты,олардың қалыпты мөлшері.Қанның азотсыз органикалық компоненттер тобына көмірсулар ж\е липидтер алмасуларының метаболиттері жатады.Адам тканінің негізгі көмірсулері-гомополисохарид гликоген,гетерополисахаридтер-гиалурон қышқылы,креатинсульфаттар,хондроитинсульфаттар,гепарин ж\е моносахаридтер-глюкоза,фруктоза рибоза дезоксрибоза болып табылады.адамның қанында ж\е тканьдерде дисахарид сахароза болмайды.Дисахарид лактоза тек сүтте кездеседі.Адамның қан плазмасында тек моносахарид глюкоза мен көмірсулар алмасуының метоболиттері болады.Сондықтан қанның қантты деген термин мүлде сәйкес емес. Глюкоза-адам мен жануарлар ағзасының барлық клеткаларының негізгі энергетикалық материалы болып табылады.Глюкозаның қайнар көзі мен пайдалану жолдарының схемасында адам ағзасындағы глюкоза катаболизмы кезіндегі айналу жолдары мен энергетикалық шығымы көрсетілген.Қан сары суында көмірсулар алмасуының мынадай метаболиттері бар:

1.Глюкоза 3,3-5,7 ммоль\л

2.Сүт қышқылы 1 ммоль\л-ге дейін

3. Белоктармен байланысқан гексозалар 5,8-6,6 ммоль\л

4.Серомукоидпен байланысқан гексозалар 1,2-1,6 ммоль\л

5.Сиал қышқылдары 2,0-2,33 ммоль\л

Глюкоза-қанның маңызды компоненттері болып табылады.Қанда глюкозаның мөлшері қан ағымынаиглюкозаның келіп түсуін ж\е тканьдердің глюкозаны пайдалану жылдамдығын қамтамасыз ететін механизімдердің өткізгіштігіне байланысты болады. Клеткалардың плазматикалық мембранасы тек бос глюкозаны өткізеді,ал фосфорлы эфирлерін өткізбейді.

Қан плазмасының бейорганикалық құрамы, маңызы, қалыпты мөлшері. Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан клеткаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды. Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады. Плазманың белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, ά,β,γ-глобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0,2-0,3 % жатады. Бейорганикалық тұздар құрамында оң электр заряды бар Na,Ca,Mg,Fe иондары я болмаса катиондар және теріс зарядты аниондар- хлордың, иодтың, күкірттің, фосфордың т.б. иондары болады. Қан плазмасындағы бейорганикалық заттардың қызметі: 1. Олар плазманың осмостық қысымын құрап, оны тұрақты шамада ұстап тұрады.2. суда ерімейтін белоктарды (глобулиндерді) еритін түріне айналдырады. 3. Клеткаларды бейорганикалық заттарды плазмамен бірге жуа отырып, олар клетканың қалыпты өмір сүруіне жағдай тудырады. (Мысалы: нерв жүйесінің, қан айналу системасының, талшық ет жұмыстары иондардың ара қатынасына тікелей байланысты).

Қан плазмасының макроэлементтері олардың концентрациясы. Иондар концентрациясының өзгерісінің минерал алмасуын реттейтін гормондардың синтезне әсері. Бикарбонатты буфер системасы негізгі барлық буферлі сиымдылықтың 10-% ін құрайды. Қалыпты жағдайда-плазмадағы биокарбонаттың концентрациясы 〖СО〗_2 нің концентрациясынан 20 есе артық болады. Ал қанда қышқыл заттар көбейсе, олар бикарбонатпен реакцияға түсіп, көмірқышқылын түзеді, ол әрі қарай су мен көмір қышқыл газына бөлінеді. 〖СО〗_2-нің көбеюі дем алу орталықтарын қоздырады. Бұл жағдай тыныс алуды жылдамдатады. Ол арқылы 〖СО〗_2 өкпеден бөлініп, сыртқа шығарылып тасталады. Сөйтіп тепе-теңдік сақталып қалады. Ал негізгі иондар көбейсе, олар көмір қышқылымен әрекеттесіп бикарбонаттарға айналады да зәр арқылы шығарылады. Гормондар мен органикалық заттар метаболиттері ерекше орында тұр, сау адамның қан плазмасындағы олардың мөлшері мынадай: 17- оксикортикостериоидтар-140-550 ммоль/л. 11-оксикортикостериоидтар-140-230ммоль/л. Альдостерон -91-185нг/л. Адреналин-0,35-0,4мкг,л. Норадреналин -0,73-0,88 мкг/л. Тироксин-29-64 мкг/л.

Қанның қышқыл-сілтілі жағдайы. Қанның құрам бөліктерінің қан рН сақтауға қатысуы,сілтілік резерв.Қан плазмасының қышқылді-сілтілі балансы минералдық заттармен қамтамасыз етілуі,сау адамның ағзасындағы олардың мөлшері төмкендейді:

Калий -3,4-5,3 ммоль\л

Натрий-130-150 ммоль\л

Кальцый-2,3-2,75 ммоль\л

Темір-12-32 ммоль\л

Фосфор-1-2 мкмоль\л

Хлоридтер-97-108 ммоль\л

Магний- 0,7-1,2 ммоль\л

Бикарбанаттар-21-25 ммоль\л

Буферлі негіздері-40-60 ммоль\л

Қанның қышқылды-сілтілі жағдайының басты көрсеткіштері мыналар:

Қан рН 7,36-7,44

рО2 90-100см с.б

рСО2 36-44см с.б

Сүттектік көрсеткіш-қан рН-ы.Қалыпты жағдайда қан плазмасының рН-ы 7,35-7,44.рН жоғарылауы метоболитикалық немесе тыныс алу компенсацияланбаған ж\е субкомбинсацияланған алкалоз кезінде байқалады.рНтөмендеуі метаболитикалық немесе тыныс алу компенсацияланбаған ж\е субкомпенсацияланған ацидоз кезінде байқалады.Көмір қышқыл газының парциальды қысымы-рСО2-тыныс алу жүйесінің функциональды жағдайын көрсетеді,осы жуйенің потологиясы кезінде ж\е метоболитикалық ауытқу кезіндегі компенсаторлы реакциялар нәтижесінде өзгереді.Гиперкапния - рСО2 қалыпты жағдайдан жоғары компенсацияланбаған немесе суб компенсацияланбаған тыныс алу ацидозы кезінде байкалады. Гиперкапния - рСО2 қалыпты жағдайдан төмен-тыныс алу компенсацияланбаған немесе суб компенсацияланбаған алкалоз кезінде байқалады.40 мм сын бағ жоғары болуы тыныс алу ацидозын көрсетеді.

Қалыпты зәрдің физико-химиялық қасиеттері,нормадан өзгеруі. Зәр шығару жүйесі, экскреторлық жүйе – адам мен жануарлар организмінің артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын органдары. Адамның Зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен, зәрді шығаратын бүйрек тостағаншалары мен бүйрек астауларынан, несеп (зәр) ағардан, қуықтан, несеп түтігінен тұрады. Бүйрек экскреторлық орган ретінде организмнен азоттық зат алмасу өнімдерін –мочевинаны, креатинді, мочевина қышқылын, артық тұздар мен суларды, т.б. бөтен заттарды шығарады. Зәр шығару жүйесіне кіретін бүйректе жаңадан қан түзетін гемопоэтин гормоны мен қан қысымын реттейтін ренин гормоны түзіледі. Егер зәр шығару жүйесінде ақау пайда болса, салдары ауыр болуы ғажап емес. Асқынған түрі кейде адам өліміне әкеп соғады.Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер мыналар: қос бүйрек пен қос несеп ағар , қуық, несеп жолы (несеп шығатын жол).Қан тамырлары арқылы тасымалданатын қалдық заттардан бүйректе үнемі зәр түзіледі. Ол зәр несеп ағар арқылы қуыққа жетіп отырады. Қуықта жиналып қалған зәр несеп жолы арқылы сыртқа шығарылады. Тірлік етушілердің зәр шығару түтікшесі (несеп жолы) жыныс мүшесінен бөлінетін заттарды да шығаратын болғандықтан ол мүшені несеп-жыныс түтігі деп те атайды. Ұрғашыларда несеп түтікшесі (несеп жолы) қынаптың аузында (алдыңғы бөлігі — уретра) ашылады.

Зәр — сабанның түсіндей ашық сары болып келетін мөлдір сұйықтық. Егер зәрдің түсі қою сары немесе қоңыр түсте болса, денсаулық тұрғысында қиындық туындағанын, яғни, ақау пайда болғандығын білдіреді. Қалыпты зәрдің физикалық және химиялық құрамына жүйке - көңілдің тырысуы, бұлшық еттеріне күштің түсуі, тамақтың дәмі және қабылдау тәртібі, ішкен судың мөлшері, қоршаған ортаның температурасы және басқа факторлар әсерін тигізеді. Аталған жағдайлардың әсерінен бөлінген зәрдің сапалық және сандыққасиеттері өзгеруі мүмкін .Диурездің сандық өзгерістеріПолиурия — тәулігіне бөлінетін несеп көлемінің көбеюі. Ол ағзаға сұйықты табиғи жолмен көп мөлшерде беру немесе изотониялық тұзды ерітінділер, глюкоза сияқты сұйықтарды денеге көп енгізгенде дамиды. Полиурия шақыратын өзгерістер инсулиннің, антидиуретикалық гормонның жетіспеушілігі. Олигоурия және анурия бүйректерге байланысты немесе байланыссыз болып келуі мүмкін. Несептің азаюы немесе мүлдем болмай қалуы несеп тасы ауруында кездеседі, ол тек бір жақ бүйректе болғанның өзінде ренореналдық ауырсыну рефлексі бүйректер қан айналысын нашарлатып, ондағы қысымды төмендетеді. Анурия кейбірде психогенді дамиды, мысалы, қатты қорқып-шошынғанда.Паллакурия — несепті жиі төгу бірақ ол полиурияға байланыссыз болуы мүмкін. Паллакиурия қуық қабынғанда оның бір белгісі болып байқалады. Кіші дәреттің жиі келуі несеп жолдарындағы рецепторлар тітіркенуінің шегінің төмендеуімен байланысты, рефлекс шапшаң жүреді.Никтурия — түнде бөлінетін несеп мөлшері күндізгіден көбірек болады. Қалыпты жағдайда күндіз түнге қарағанда несеп 2 есе көп бөлінеді.

Қалыпты зәрдің химиялық құрамы,олардың мөлшерінің өзгеру себептері.Ересек адамдарда нормада тәулігіне бөлінетін зәрдің мөлшері-1000-2000 мл және қабылдаған сұйықтықтың көлемінің 50-80% құрарйды.Ересек адамдарда тәуліктік зәрдің мөлшері 500мл-ден төмен және 2000мл-ден жоғары болса патология болып есептелінеді.Полиурия дегеніміз зәрдің көлемінің жоғарылауы.ол сұйықтықтардың көп мөлшерін қабылдау кезінде диурезді жоғарылататын қоректік заттарды қабылдау кезінде байқалады.Олигоурия –зәрдің тәуліктік мөлшерінің төмендеуі.Сұйықтықты аз қабылдаған кезде ,қызба күйінде құсу ,іш өту,улануда,өткір нефритте байқалады.Анурия-зәрдің бөлінбеуі.Ол бүйрек паренхимасының зақымдалуы кезінде, зәр-тас ауруларында ,сынаппен,мишьяк,қорғасынмен улануда байқалады.Тәуліктің зәрдің құрамында 60г құрғақ заттар-органикалық және бейорганикалық заттар болады.Зәрдің органикалық заттарының құрамында:мочевина,зәр қышқылы,креатинин, зәр қышқылы бар.Ал минералды заттарының құрамында:аммонийлітұздар,бикарбонаттар,фосфаттар,Na,K,Ca,Mg және бейорганикалық сульфаттары бар. Адам зәрінің шамамен 96%-ы су, 1,5%-ы бейағзалық заттар. Зәрде хлорлы натрий мөлшері көбірек, сульфаттар, фосфаттар,калий, кальций, магний карбонаттары аз мөлшерін құрайды. Зәрдің құрамында 2,5% ағзалық заттар болады. Әсіресе несепнәр(мочевина), зәр қышқылы көбірек кездеседі. Несепнәр бауырда аммиактан түзіледі. Ересек адам тәулігіне шамамен 1,2 -1,6 л зәрбөледі. Көптеген ауруларды анықтау үшін зәрді талдауға алып зерттейді. Зәрдің сарғыш түсті болуы оның құрамындағы урохромпигментіне байланысты. Урохром гемоглобиннің ыдырауынан, ішек пен бүйректе ет пигментінен түзіледі. Зәрдің құрамындағы азотты өнімдер несепнәрмен бірге шығарылады.

Қалқанша безі гормондары, құрылысы, түзілуі, әсер ету механизмдері, жануарлар организміне әсері. Қалқанша безінің атауы гректің «тиреос»-қалқан, «идос»-ұқсас деген сөзінен шыққан. Қалқанша без – ішкі секреция бездерінің ішіндегі негізгілері. Ағзада айналып отыратын барлық қан тәулік бойы бірнеше рет қалқанша безі арқылы өтеді де оның бөліп шығарған секретін барлық ұлпаларға және мүшелерге жеткізеді. Қалқанша без гормондары зат алмасуға қатысады. Сүтқоректі жануарлардың қалқанша безі мойынның ортасына таман, көмейдің астында орналасқан.Ол онша үлкен емес. Адамдікі-15-30гр шамасында. Бездің ішінде «коллоид» деп аталатын қоймалжың массасы болады. Коллоид құрамында белок йодқа бай тиреоглобулин бар. Қалқанша без ағзаға сумен және қоректік затпен бірге енетін йодидтерді өзіне шексіз сіңіреді. Қалқанша бездің негізі де активті гормоны тироксинмен трийодтиронин. Ол гормондар бірнеше рет айналып өзгеруі нәтижесінде тирозин амин қышқылынан түзіледі. Тиреоглобулин гидролизі кезінде тирозиннің йодтанған туындылары және басқа да амин қышқылдары босайды. Тироксин дийодтирозиннің екі молекуласына тотығып, конденсациялану жолымен түзіледі, бұл кезде аланин бөлініп шығады. Ал монойодтирозин мен дийодтирозиннен трийодтиронин түзіледі.Қалқанша без гормонының ең қасиетті бөлігі йод болады. Сондықтан ағзаға йод жеткіліксіз болса қалқанша бездің көлемі ұлғаяды да, без иек астында құстың жем сауына ұқсап шор болып тұрады. Қалқанша бездің үлкеюіне байланысты бұл кесапатты халық арасында жемсау (зоб) деп атап кеткен.1840жылы ғалым Базедов зерттеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]