- •Альбуминдер, глобулиндер, қасиеттері, ұқсастығы, айырмашылығы. Жануарлар организміндегі маңызы.
- •Белоктардың функциясы, белок молекуласының формасы. Функциясы мен қасиетін анықтау кезінде белок құрылыстарының рөлі.
- •Белоктардың жалпы қасиеттері, жіктелуі, жануар организміндегі маңызы.
- •Гемоглобиннің физиологиялық туындылары, олардың түзілуі, сіңіру спектрлері.
- •Гемоглобин, миоглобин, құрылысы, организмдегі маңызы, қасиеттері, хим-қ табиғаты, простет-қ тобы.
- •1 Топ: эстеразалар осы топқа жататын ферменттер липидтегі күрделі эфирлі байланысқа әсер етеді. Гидролиздеу әсеріне қарай ң топшаға бөлінеді
- •Гликозамингликандар, өкілдері, хим-қ табиғаты, организмдегі маңызы.
- •Глюконеогенез,түзілуге қатысатын заттар , реакцияларының жүру бағыты.Кори циклы жане глюкозо-аланин циклы:физиологиялық маңызы.
- •Жекеленген макро және микроэлементтердің алмасуы,қандағы мөлшері,жиналуы.
- •Заттар алмасуындағы цтк, бт, тф ролі.
- •Коллагендер.Эластиндер.Кератиндер.Аминқышқылдар-ң құрамының ерешелігі, қасиеттері, табиғатта таралуы. Жануарлар организміндегі маңызы.
- •Күрделі белоктар: липопротеидтер құрылысы туралы түсінік. Негізгі өкілдері. Қанның липопротеидтері, түрдері, биол-қ маңызы.
- •.Күрделі белоктар:хромопротеидтер, құрылысы, қасиеттері, организмде маңызы.
- •Күрделі белоктар:гликопротеидтер құрылысы негізгі өкілдері, қасиеттері, табиғаттат таралуы. Нағыз гликопротеидтер жане протеогликандар.
- •Қан плазмасының химиялық құрамы.Олардың қалыпты мөлшері.
- •Қандағы глюкозаның денгейін реттейтін гормондар
- •Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасы мен май тканінің ролі
- •Липогенез,липолиз,липонеогензге сипаттама беріңіз жане осы прцесстердің ролі.
- •Организмдегі аммиакты усыздандыру жолдары,мочевинаның түзілуі туралы теория және орны.
- •Оксиредуктазалар
- •Организмдегі су алмасуы және судың биологиялық ролі,су алмасуының регуляциясы.
- •Организмдегі бейорганикалық заттардың маңызы.Минералды алмасудың сатылары.
- •Протамин. Гистондар қасиеттері. АЙырмашылығы, ұқсастығы, жануар организмінде маңызы.Табиғатта таралуы.
- •Пептидогидролазалар тобы:
- •Тағам липидтері,биологиялық маңызы,ас-қорыту жолдарындағы олардың қорытылуы мен сіңірілуі.Мицелланың құрамы мен ролі.
- •Тканьдердегі гликолиз нәтижесінде түзілетін пжқ тағдыры.Пирожүзім қышқылының айналуына қатысушы ферменттер.
- •Трансферазалар.
- •Ферменттер жалпы қасиеттері, әсер ету механизмдері.
- •Ферменттер активтігіне әсер етуші факторлар.
- •Ферменттер жіктелуі. Негізгі топтвары және топшалары
- •Холестерин биосинтезі,мевалон қышқылы түзілуіне дейінгі реакцияларды көрсетіңіз ,осы этап жайлы туралы түсінік.Холестериннің алмасуында липопро теидтердің ролі.
- •106.Шөрнек механизмдері,цитоплазмалық надн2 тртығуындағы олардың ролі. Энергиялық байланысы.
Қандағы глюкозаның денгейін реттейтін гормондар
Ж: Ұйқы безінің екі гормоны бар: инсулин мен глюкагон. Бұл құбылыстардың барлығында ерекше қызмет атқарады. Инсулин қпнт деңгейін төмендетеді, ал глюкагон оған қарама-қарсы әсер етіп қант деңгейін көтереді. Ағзада инсулин жоқ болса және жетіспесе, қан құрамындағы глюкоза мөлшері көбейеді (гипергликемия) және көп мөлшерде зәрмен бірге бөлініп шығады (глюкозурия). Глюкозамен бірге ағзадан су көп бөлінеді және сырқат адам сусамырлыққа , ашқарақтыққа ұшырайды. Глюкозаны жоғалту салдарынан қордағы зат гликоген көп шығын болады. Майлар мен белоктар ыдырап бөлінеді. Бұл дертті қант диабеті деп атайды. Глюкозаны ағзаның жасушалары пайдалану нәтижесінде оның қандағы деңгейлі мөдшері қалыптан төмендесе, бауырдағы гликоген глюкозаға айналып қанға түседі, ұлпалардың тұрақты қоректенуі қамтамасыз етіледі. Қан құрамындағы глюкоза мөлшері 3,3ммоль\л. Диабет дерті кезінде зәр құрамында азот мөлшері көбейеді, май қышқылдары аяғына дейін тотықпайды, зат алмасудың кетондық денелер көбейеді, ол жағдай ацидозға соқтырады.
Тіпті көпшілік аурулардың шығарған демінде ацетонның иісі сезіледі. Қан айналысының бұзылуына байланысты мұндай ауруларда тері аурулары, қызыл иек аурулары, гангренаоңай дамиды. Глюкагон бауырда фосфорилаза жұмысын активтендіреді., ал фосфорилаза глюкогенді глюкозаға ыдыратады. Сөйтіп, қан құрамында глюкозаның концентрациясы артады.126. Кальций мен фосфор алмасуының реттелуіндегі гормондар мен витаминдердің рөліЖ: Д дәрумені (антимешелдік) – мешелдің немесе ағылшын ауруының алдын алатын фактор. Бұл қаңқаның ерекше зақымдануы орын алатын балалардың ауруы, оны алғаш рет Англияда 1650жылы Ф.Глиссон сипаттады.
Д дәрумені кальцитриол гормонын түзеді, кальций мен фосфордың ішекте сіңірілуін, сүйектен мобилизациясын, бүйректереабсорбциясын реттей отырып, олардың ағзада алмасуына әсер етеді. Әсер ету механизмі Д 1,25-дигидроксивитамині арнайы ақуыздың синтезін белсендіру болып табылады, ол ішекте кальцийдің, фосфордың және цитраттың сіңірілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ фосфор-кальций алмасуын реттеуге қатысады.
Мешел кезінде ішекте кальций, фосфор, цитраттың сіңірілуі бұзылады. Бұл олардың қандағы мөлшерінің төмендеуіне алып келеді. Оның нәтижесінде сүйектен кальций фосфор жуылады, сүйек сынғыш, майысқақ болады.
Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасы мен май тканінің ролі
Ішектің шырышты қабатының клеткаларында липидтер қорытылуының сіңірілген өнімдерінен сәйкес липидтер синтезделеді.Бұл процес-ішек қабырғасында липидтердің ресинтезі деп аталады.Бұл процестің биологиялық мәні мынада:Ішек қабырғасында өзінің физико-химиялық қасиеттері жане құрамы бойынша тағам липидтеріне емес,адам ағзасына сәйкес келетін липидтердің түзілуі.Үшацилглицериндеодің ресинтезінің қайнар көздері-глицирин,моноацилглицирин жане май қышқылдары болып табылады.Сонымен қатар үшацилглиццериндеодің ресинтезі үшін ішектің эпителий клеткаларында синтезделетін май қышқылдары да пайдаланылады.Ресинтез глицерофосфаттың түзілуі жане май қышқылдарының белсенді түрі-ацилКоА-ның синтезінен басталады.Ары қарай ацилтрансферазаның қатысуымен глицерофосфат жане май қышқылдарының белсенді түрлерінен фосфатидті қышқыл синтезделеді ,ол үшацилглицериннің синтезі үшін немесе фосфолипидтедің синтезі үшін пайдаланылады.Сонымен қатар ішектің қабырғасында холестерин эфирлерде синтезделеді. Май тканьі- Адам мен жануарлар ағзасының басты қор липидтері-үшацилглтцеридтер болып табылады ,олар май тканінің липоциттердің клеткаларында жинақталады.
Май ткандерінің ролі:Осы жерде липидтер қор ретінде жиналады.Мынандай реакциялар өтеді 1.липогенез 2.липонеогенез 3.липолиз.Соңғы прцесс кезінде БМҚ мен глицерин әрі қарай өзгерістерге ұшырамай қанға түседі.БМҚ улы зат,сондықтан да қанда альбуминге адсорбцияланып,осы күйінде қанда жүреді,клетка мен тканьдер қажет кезінде БМҚ-ын алып қалады.Энергия пайдалану төмендесе жане тағаммен бірге көп мөлшерде көмірсулар мен липидтер организмге түссе май тканьдерінде ТАГ-ның мөлшері көбейеді,себебі липогенездің жылдамдығы жоғарылайды,ал липолиз тежеледі.
Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі.Ішек қабырғасында үшацилглицеридтердің қорытылу өнімдері 70-90% бейтарап майларға дейін ресинтезделеді ,олар бауырды айналып өтіп,лимфатикалық жүйе бойымен тасмалданады.Қысқа көмірсутекті тізбегі бар май қышқылдарының бір бөлігі ішек қабырғасынан қанға түседі де,бауырға жеткізіледі.Сонымен қатар ішектен бауырға қан ағынымен липоидтар қорытылуының өнімдері,сол сияқты ішек қабырғасында ресинтезделген фосфолипидтер,гликолипидтер,холестеридтержеткізіледі. Адамның бауырында шамамен 2,9%фосфолипидтер бар.Холиннің бетайнның жане метиониннің қатысуымен олардың синтезі төмендейд,бұл бауырда бейтарап майлар синтезінің күшеюіне жане осы мүшенің майлы инфильтрациясына әкеледі. Бауырда фосфолипидтер синтезінің жылдамдығы қанда холестерин денгейі артқан кезде баяулайды,ал кальций иондары фосфолипидтердің синтезін күшейтеді.Бауыр-холестерин синтезі қарқынды жүретін негізгі мүше 80% Бір тәлік ішінде бауырда 1,5-4,0г холестерин түседі.Бауырда холестерин шамамен 0,3%оның ішінде бос холестериннің үлесі 80%этерифлецирленген холестеринің үлесі20%.Бауырда холестерин синтезінің жеделдеуіне тағаммен түсетін экзогенді холестерин деңгейі төмендеген кезде бауырда холестерин синтезі артады.
