Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭСиПС-шпор (Восстановлен) (Восстановлен).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

3.3 Щеткасыз қоздыру жүйесі

  Принципті  жүйесі  3.5 суретте  көрсетілген қоздырудың  мұндай жүйесінің  ерекшелігі, түйіспелі  сақинасының  жоқтығы  болып  табылады. Көмекші СГ GE  қайтымды машина  типі  бойынша  орындалған. Айнымалы  тоқ  орамы – айналу  бөлігінде  орналасқан, ал  қоздыру  орамы  қозғалмайды.

 

 

 

 

 

3.5 Сурет – Щеткасыз  қоздыру жүйесі

 

 

Айнымалы тоқтың  айналма орам  тоғы GE білікке  бекітілген өткізгіштер  арқылы айналма  түзеткіштерге  беріледі  және  ары  қарай  негізгі  генератордың қоздыру  айналма орамына  беріледі.

21. Аккумуляторлық батареяларды таңдау. Тұрақты  асқын  зарядталу тәртібінде шинаға  қосылатын  элементтер  саны

         мұнда n0 — батареядағы  негізгі  элементтер  саны;

   UШ— шинадағы кернеу;

                   UПЗ – асқын зарядталу тәртібіндегі элементтегі кернеу (2,15 В).

Егерде  UШ = 230 В, деп  қабылдасақ  онда

 

.

 Заряд  тәртібінде  элементтегі  кернеу  2,7 В  болса шинаға   қосылатын

 элементттер

  .

         Апатты  разряд  режімінде  элементтегі    кернеу 1,75 В  болып ал шиналарда  номиналдыдан (220 В)  төмен  болмаса элементтер  болады

 

мұнда n —батареялар  элементтерінің   жалпы  саны.

Элементті коммутаторға   n = nmin = 125 - 85 = 40 элементтер   қосылады.

N батареясының  типтік   номері келесі  формула  арқылы  таңдалады

 

мұнда Iав—қалыптасқан жарты сағаттық  апатты разрядтың, жүктемесіА;

1,05 — қор коэффициенті ;

 j – электролит температурасына тәуелді бірінші аккумулятор нөмеріне келтірілген A/N, апатты разрядтың рұқсатты жүктемесі.

Алынған нөмер жақын үлкен  типтік  нөмерге  дейін  жинақталынады.

Таңдалған аккумуляторды  неғұрлым үлкен серіппелі  тоққа  тексеру  керек

46N ≥ Iт,max,

мұнда 46 – рұқсатты  асқын  жүктелуді  ескеретін коэффициент;

 

Iт,max = Iав+Iпр ;

Iпр— апатты тәртіптің соңында қосылатын, электромагнитті ажыратқыштар жетегі тұтынатын тоқ.

Асқын  зарядты  құрылғы қалыпты  тәртіпте тұрақты  қосылған  жүктемені  қоректендіреді және батареяны  зарядтайды. Аскын зарядтау  тоғы  0,037N, А болуы керек, бірақ мүмкін  болатын ұзақ мерзімге разрядталуды  ескеріп, бұл  тоқты  0,15N, тең  деп  алады 

Iпз = 0,15N+Iп

         мұнда Iп — тұрақты  қосылған  жүктеме  тоғы. 

Асқын  зарядты  құрылғының  кернеуі 2,2n0, онда  оның  қуаты келесідей  болады

                                             Рпз = (0,15N+Iп)2,2 n0.

 

Асқын  зарядты  құрылғылар  ретінде ВАЗП-380/260-40/80 типті,  кернеуі 380-260 В  және  тоғы 40-80 А  түзету   құрылғысы  қолданылады.

Қосымша элементтер  асқын  заряды, ол  сұлбада  қарастырылса, келесідей  тоқпен  жүзеге  асырылады

Iпз,доб=0,05N

        

кернеуі 2,2nдоб, мұнда  nдоб = n - 108.

22. Тарату құрылғының сақиналық сұлбасы. Сақиналы  сұлбаларда (көпбұрышты  сұлбаларда) ажыратқыштар  өзара, сақиналы  болып  қосылады. Әрбір  элемент – желі, трансфор­матор – екі  көршілес  ажыратқыштың  арасында 10.1. суретте  көрсетілгендей  жалғанады.

Сақиналы  сұлбаларда ажыратқыштар  жұмысы  сенімділігі  басқаларымен  салыстырғанда  жоғары  болады, өйткені  кез-келген ажыратқышты  қалыпты  жұмыс  сұлбасында  байқау мүмкіндігі  бар. Ажыратқышты  оны  сөндіру  арқылы тексеру, қосылған  элементтер  жұмысын  бұзбайды  және  сұлбада  ешқандай  қайта  қосуды   талап  етпейді.

Сақиналы  сұлбалардың  қарапайымдылығы  үшбұрышты  сұлбасы болып  табылады.

Төртбұрыш  сұлбасы (квадрат) үнемді (төрт  қосылысқа  төрт  ажыратқыш), кез-келген  ажыратқыштың тексеру  және  тазалауды оның  элементтерінің  бұзылуынсыз  іске  асыра  алады.

Барлық  сақиналы  сұлбалар  құндылығы   айырғыштарды тек  қана жөндеу  жұмыстарына  ғана  қолдануы  болып табылады. Мұндай  сұлбаларда  айырғыштар  арқылы  істелінетін  операциялар  саны көп  емес.

Жоғарыда  талданған  сұлбалардың  барлығының  ерекшеліктеріне  ие, алтыбұрыш  сұлбасы  кеңінен  қолданыс  тапты.

 

   а) үшбұрыш; б) төртбұрыш; в) алтыбұрыш