Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭСиПС-шпор (Восстановлен) (Восстановлен).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

33. Синхронды генераторлардың күштік реттеуішінің әсері.

Күшті әрекеттілікті  ҚАР құрылғысы реттеу параметрлерінің  өзгеру  жылдамдығына, және де  оның  үдеуіне әсер  етеді. Қоздыру кернеуінің

өзгеруінің жоғары  жылдамдылықтығы және қоздырғыштың төбелік  кернеуінің мәні генератордың  параллелді жұмысының  тұрақтылығын  едәуір  арттыруды  қамтамасыз  етеді .

4.5 суретінде  көрсетілгендей сұлбаның  өлшеуші жағына, кернеу  (БИН) және  жиілік (БИЧ) өлшеу  блогы кіреді. БИН блогы алдын ала қосылған  элементі  БКТ болады, онда өлшенетін  кернеудің  генератор тоғының реактивті  құраушыларына  тәуелді  автоматты түзетілуі  болады.  БКТ –дан кейін белгі өлшеуіш  элементтерге  келеді ∆U (кернеу  ауытқу) және U’ (кернеу  туындысы), шықпасы көрсетілген  шамаларға пропорционалды  болады. БИЧ блогы шықпалары ∆f және  f  пропорционалды өлшеуіш  элементтерден  тұрады.

 

 

 

 

 

4.5 Сурет– Күшті әрекетті ҚАР құрылымдық  сұлбасы

 

 Күшейткіш – қосқыш  екі  каскадты магнитті күшейткіштерден  тұрады. Олардың  шықпалық белгілері  жұмысшы және жеделдетілген  тиристорлар топтарына жылдам әрекетті қоздыру жүйесін (орындаушы  элемент)  басқаруға  бағытталады.

34. Үшфазалы қысқа тұйықталу тоғын есептеу тәртібі және оның атқаратын қызметі.

ҚТ  тоқтарының  есебін электрқондырғылардың параметрлерін, сонымен қатар релелік қорғаныс  және  автоматика тағайыншамасын (уставка)  таңдау  немесе  тексеру   үшін  жүргізеді  .

Есептеуде  келесі  ұйғарымдар  қабылданады: барлық  генераторлардың ЭҚК  фазалары ҚТ   процессі  уақытында өзгермейді;  магниттік  жүйелердің 

қанығуы  ескерілмейді; күштік трансформаторлардың магниттелу  тоқтарын 

есептемейді ; жерге қысқа тұйықталған  тізбек элементтерінің  сыйымдылық  өткізгіштерін  ескермейді. Үш фазалық  жүйе симметриялы  болып  есептеледі

және егер  x/r > 3 қатынасы орындалса активті  кедергіні  есептемейді.

Үш фазалы  ҚТ-да тоқтарды  есептеу  келесі  тәртіппен  орындалады:  есептік  сұлба   құрылады;  электрлік  алмасу  сұлбасы  құрылады;  алмасу  сұлбасын, әрбір  қоректендіру  көзі, ҚТ  нүктесімен нәтижелік  кедергісі з арқылы  қосуға болатынтай неғұрлым  қарапайым  түрге  келтіреді; нәтижелік

ЭҚК көзі және  нәтижелік  кедергі арқылы Ом заңы бойынша  Iп,0  тоғын  анықтайды, содан соққы  тоғын  және  қажет  болғанда берілген  уақыт моменті t  үшін, ҚТ периодикалық  және апериодикалық  құраушыларын  анықтайды.

Қалыпты жұмыс  тәртібінде және  ҚТ  кезінде қысқыштарда  6.1суретінде  көрсетілгендей  симметриялы және мәні  бойынша  өзгеріссіз  үш фазалық  кернеу  жүйесі  сақталады.

 

 

 6.1 Сурет – Кернеуі өзгеріссіз  шина  жүйесінен  (шектеусіз  қуат  көзі)       қоректенетін  үш фазалы симметриялы   тізбек

 Қысқа  тұйықталу  кезінде  тоқ  пен  кернеу  арасындағы  кернеу  өзгерді, ал  тоқтар  артады. Қысқа  тұйықталу  торапты  екі бөлікке  бөледі: оң жағы, r1 және  х1 = ωL1 кедергілермен, және сол жағы, қорек  көзі  және ҚТ тізбегінде   rк  және xк= ωLк кедергілері  бар.

Тізбектің оң  бөлігі  ҚТ шунтталады және тізбектегі  тоқ индуктивтілікте L1 жиналған магнитті  өріс  энергиясы, активті кедергіде r1 бөленітін жылуға  өткенше ұсталынып тұрады . Бұл тоқ мәні  қалыпты  режім  тоқ  мәнінен артпайды   және нөлге  дейін  ақырын  сөніп, қондырғыға   қауіп  тудырмайды.

Тізбектің  сол  жақ  бөлігінде тәртіптің өзгеруі, индуктивтілігі  Lк   бар  кезінде қорек  көзі  бар  және келесі өрнекпен  сәйкес өтпелі  процесте  болады.

мұнда u және i – тоқ  пен  кернеудің сәйкесті  лездік  мәні.

Өрнектің  шешімі  келесіні  береді;

 

мұнда Um –кернеу  көзінің  фазалық амплитудалық  мәні;

Zk – ҚТ тізбек бөлігіне қосылған кедергі;

         α-  t = 0 моментіндегі кернеу көзінің   фазалық  бұрышы;

 φк – сол  фазаның кернеу  көзіне  салыстырмалы ҚТ  тізбегіндегі тоқ  ығысу  бұрышы   ;

Та – ҚТ  тізбегіндегі келесі  өрнекке  тең  уақыт  тұрақтысы

 

.