Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭСиПС-шпор (Восстановлен) (Восстановлен).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

30. Қысқа тұйықталу тоғының электродинамикалық әсері. Аппараттардың төзімділігін бағалау өлшемі.

Электр соққысы деп тоқтың әсерінен дене еттерінің қозып, дірілдеп, еріксіз тартылуын айтады. Бұл жағдайда анық көрінетін жарақаттар болмайды, тек барлық организм біртұтас зақымданады, оның жұмыс істеу әрекеттері бұзылып, қан айналысу және дем алу процестері тоқтатылуы мүмкін.

Электр соққысының 4 дәрежесі болады:

1. Адам естен танбайды, бұлшық еттері еріксіз дірілдеп, құрысып тартылады;

2. Адам естен танады, бұлшық еттері дірілдеп тартылады, бірақ жүрек пен өкпе жұмыс істейді;

3. Адам есінен танып, жүрек пен өкпенің жұмыс істеу әрекеттері бұзылады;

4. Клиникалық өлім (4-8 мин), қан айналысы және дем алу процесі тоқталады.

Клиникалық өлім кезінде адамның дем алысы, жүрек соғуы, организмнің ешқандай реакциясы болмайды, бірақ организм әлі тірі болады. Осы кезде оған жедел медициналық көмек көрсетсе (жасанды тыныс алу, жүрек әрекетін қоздыру) оны тірілтуге болады. Ал егер бұл мерзімнен уақыт өтіп кетсе, клиникалық өлім биологиялық өлімге айналып, адамды тірілтуге болмайды.

ҚТ токтарына, олардың одан әрі қалыпты пайдалануына кедергі жасайтын электрлік, механикалық және деформациялық өзге де қирауға кез болмай, есептік жағдайларда осы токтарға шыдас беретін аппараттар мен өткізгіштер төзімді деп есептеледі. Кернеуі 1 кВ асатын ҚТ тәртібінде тексерілмейтіндер:       1) электр динамикалық төзімділігі бойынша 60 А дейінгі номиналды токтағы қыстырмасы бар балқымалы сақтандырғыштармен қорғайтын аппараттар мен өткізгіштер;       2) термиялық төзімділігі бойынша олардың номиналды токтағы мен түріне тәуелді емес балқымалы сақтандырғыштармен қорғалған аппараттар мен өткізгіштер.

31. Қысқа тұйықталу тоғының электродинамикалық әсері. Аппараттардың төзімділігін бағалау өлшемі.

30. сұрақта қарастырылған.

32. Жерлендіргіш құрылғыны орындау және оның атқаратын қызметі.

Бағытталуы  бойынша келесідей болып бөлінеді: найзағайдан  қорғайтын жерлендіргіш - ғимараттарды, электрқондырғыларды найзағайдың  тура  соққыснан (найзағай тартқыш) қорғайды және тіректерді, разрядниктерді және басқаларын  жерлендіру үшін қолданылады; жұмысшы  жерлендіру  - электрқондырғылардың  қалыпты  жұмысын қамтамассыз  ету  үшін (110 кВ және  одан  жоғары тораптарда күштік  трансформаторлардың  бейтараптамасын жерлендіру); қорғаушы жерлендіру -электрқондырғылардың  қызмет етуін қауіпсіздендіру  үшін   қолданылады.

Егер 110 кВ жағынан трансформатордың  өтпелі  оқшауламасы  бұзылған  жағдайда ( тиімді -жерлендірілген  бейтараптамалы  торап) жерге трансформатордың қаптамасы (кожухы) арқылы бір фазалы Қ.Т. болса, жерлендіргіш  өткізгіштік және  тік таяқшалы жерлендіргіш, 12.1,  суретінде  көрсетілгендей Қ.Т. тоғы  бұзылған  фазамен трансформатордың қаптамасына (кожухына) барып жерлендіргіш арқылы  жерге  өтеді. Жерлендіргіштен  алшақтауына қарай  жер  көлемі  ұлғаяды, ал  тоқ  сыйымдылығы  азаяды. Құбыр (труба)  жанында потенциал мәні  жоғары  болады және  өте  жылдам төмендейді, ал  ары  қарай  - кішірейеді  және біртіндеп  азаяды. 15-20 м   құбырдан (трубадан) арақашықтықта  барлық  жер  нүктелері  нөлге  тең  болады. Бұл нөлдік потенциялар нүктелері әдетте  оларды электротехникалық мағынасында «жер»  деп  атайды. Электрқондырғылардың  жерлендірілген  бөлігімен «жердің»  арасындағы потенциялдар  айырымын жерлендіргіш  арқылы  тоқ  өткенде  жерге  қатысты  кернеу  деп  атайды.

Шамаларды төмендету  үшін  және  жобалауда жерлендіргіш құрылғыларды орындағанда  ТҚ ауданында неғұрлым  бірқалыпты

потенциялдар  таратылуына тырысады. Бұл 12.2. суретінде  көрсетілгендей электрқондырғы  ауданына сәйкесті  электродтарды (құбырлар, бұрыштық темірлер, жолақтар) электрқондырғының  барлық  ауданын қамтитын  тұйық контур (сеткалар), түріндегі жерлендіргішті  орналастыру  арқылы  жүзеге  асырылады .

Жерлендіргіш құрылғыларды құрастырған  кезде бірінші  кезекте табиғи жерлендіргіштер  қолданылуы  керек. Табиғи  жерлендіргіштер  арқылы жеткілікті түрде жерлендіру кедергісі болмаған  жағдайда        жасанды  жерлендіргіштерді  салады, оларды қарапайым жерге тік  қағылған болат трубалардан  немесе   ұзындығы  2-3 м  бұрыштық  болаттан ара-қашықтығын  бір-бірінен  3-6 м алшақтатып  орындайды. Құбырларды сыртқы диаметрі  бойынша 48 немесе 60 мм, ал бұрыштық  болатты - өлшемдері  50x50 немесе 60х60 мм түрінде қолданады. Құбырлар мен  бұрыштық темірлердің   жоғарғы  ұшы жер  деңгейінен  шамамен  0,7 м  төмен  қылып  жерге  қағылады. Электр қондырғыларын құру ( Правила устройства Электроустановок) ережелері бойынша жерлендіргіш  құрылғылардың  келесі  кедергілер  мәндері  регламенттеледі: тиімді жерленген  бейтараптамалы  қондырғыларда , яғни  жерге  тұйықталу  тоғы 500 А-ден астам болса , Ом; кернеуі  1000В 

жоғары жерлендірілмеген бейтараптамалы  қондырғыларда , мұнда   - берілген  кернеудегі барлық  тораптың жерге  тұйықталғандағы  сыйымдылықты тоғы;  жерлендірілмеген бейтараптамалы аппаратсыз қондырғыларда, қарымталаушы  сыйымдылықты  тоқ, егер  жерлендіргіш  құрылғы   1000 В-қа  дейінгі  электрқондырғыларда  қолданылса,     тең  болады. 1000 В-қа  дейінгі  электрқондырғыларда  жерлендіргіш  құрылғылардың   кедергісі 4 Ом-нан аспауы  керек (генераторлармен  транс­форматорлардың  қосынды  қуатымен 100 кВА дан  аспаса   10 Ом рұқсат  етіледі). Әртүрлі  кернеудегі бірнеше ТҚ қондырғыларымен, мысалы, станцияда немесе қосалқы  станцияда, бір  жалпы  жерлендіргіш  құрылғы  жасалынады.

 

 

 

 

 12.2 Сурет– Қосалқы

Станцияда жерлендіргіш  құрылғының  жердің  беткі  қабаты  бойынша

потенциалының таралынуы

 

 

Жалпы  жерлендіргіш  құрылғының  кедергісі сол қондырғының  талаптарын  қанағаттандыруы  қажет (кедергісі төмен болуы мүмкін).