Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭСиПС-шпор (Восстановлен) (Восстановлен).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

55. Ток трансформаторлары. Атқаратын қызметі. Құралымы.

Жұмыс тізбегіндегі бірінші орамдағы тоқты 5A немесе 1A-ге дейін төмендететін электр өлшеуіштік аппараттарын тоқ трансформаторлары деп атайды. Сонымен қатар, тоқ трансформаторы өлшеуіш және сақтандыру құралдарын бірінші тізбектің жоғары кернеуінен бөледі. Қазіргі уақытта тоқ трансформаторларын өнеркәсіпте және шаруашылықта кең қолданады.

Тоқ трансформаторларының дәлдігінің 5 классы бар. Олар мыналар: 0,2; 0,5; 1; 3; 10; бұл дәлдіктер өлшеу процессінде тоқ мөлшерінің қателігін пайызбен көрсетеді (∆I%). Тоқ трансформаторларының шаруашылыққа көп қолданылатын түрлері мыналар: ТПОЛ, ТПЛ, ТЛМ, ТШЛ

Айта кететін маңызды мәселенің бірі – тоқ трансформаторларының екі өлшеу қателігі бар. Олар мыналар:

  1. Тоқ мөлшерінің қателігі

  2. Бұрыштық қателігі

  3. Екінші ораманың шығысы

Тоқ мөлшерінің қателігін мына формуламен табуға болады:

Тоқ трансформаторы тұйықталған электротехникалық темірден жасалған өзектен, бірінші орамадан және екінші орамадан тұрады. Бірінші жоғары кернеулі орамасы электр энергия көзіне тізбектеп қосылады, ал екінші орамаға өлшеуіш немесе сақтандырғыш құралдарын (амперметр, счетчик, реле) қосады.

56. Ток трансформаторлары. Тізбекке қосу сұлбалары.

Ток трансформаторы өлшеуіш аспаптары бақыланып тұрған тізбекте қауіпсіз қосуға келмеген жағдайда, жоғары көрсеткішті токтарды өлшеу үшін қолданылады. Ток трансформаторын қолдану арқылы өлшеуіш аспапты бақылаудағы тізбектен кез-келген ара қашықтықта орналастырып, қалқан немесе бақылау пультінің бір ғана жеріне шоғырландыруға болады.

Ток трансформаторларының құрылысы келесідей топқа бөлінеді: тіректі, өтпелі, қалқанды, орантылған, біріктіруші немесе ажыратушы және салбұрын (втулочные). Орам санына байланысты ток трансформаторының бірінші және екінші ораманың бір және көпорамды түрлері болады. 6...10 кВ кернеудегі Тарату құрылғысын (РУ) монтаждағанда фарфорлы және құйылған изоляциялы ток трансформаторларын қолданады, ал 1 кВ-қа дейінгі кернеуде – құйылған, мақталы-қағазды және фарфорлы түрлерін қолданады.

Ток трансформаторының бірінші ретті орамасы желіге тізбектей жалғанады (1-сурет), ал екінші ретті орамасы амперметрмен және бір-бірімен тізбектей жалғанған басқа да өлшеуіш аспаптардың ток шамасы бір болатын ток тізбегімен тұйықталады.

1-сурет. Ток трансформаторын қосу схемасы(а) және оның

шартты белгісі(б)

57. КЭС-тың өзіндік мұқтаждығын электрмен жабдықтау сұлбасы.

 

 

 

 

 

 

Сурет 12.2 - 6 кВ-тық КЭС ө.м.қоректендірудің   сұлба  нұсқалары

 

Блок типіндегі КЭС-ның ө.м. жұмысшы  және  резервті   трансформаторларын  қоректендіру   12.2.   суретке  сәйкес   екі  түрлі  әдіспен   іске  асырылуы  мүмкін. 

Ө.м. жұмысшы трансформаторларды   ауыстыру үшін бір  немесе  бірнеше торапқа  қосылмаған  ре­зервті трансформаторлар  қарастырылады.

Ө.м. жұмысшы блок трансформаторлардың    қуатын  таңдау ө.м. секциясындағы шынайы  жүктеме  есебіне  (ө.м. блогының  шиналарына  қосылған  жалпы станциялық) негізделеді.

Төменгі  кернеуі  6кв ө.м. жұмысшы трансформаторлардың     тұтынатын  қуаты  

мұнда  — 6кВ электрқозғалтқыштармен барлық  орнатылған  механизмдердің резервті  және  қалыпты  жұмыс  істейтіндерді  қосқандағы  есептік  қуаттар  қосындысы;

 — 6/0,4 кВ барлық  қосылған  трансформатор  қуатының, резервті  және  қалыпты  жұмыс  істейтіндерін  қосқандағы қосындысы  .