Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский учебник.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
754 Кб
Скачать
☆

Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологы және құрастырушысы мамандығы

Дүниежүзіне мақтанышпен көрсете алатын, еліміздің атын шығарып, шетелдерде өтетін көрмелерде, байқауларда жүлделі орын алып жатқан сән үйлері мен тігін комбинаттарымыз бар. Бірақ бұл бұйымдармен елімізді толық қамтамасыз ете алмай отырмыз. Сән үйлері тек сән үрдісіне жауап береді. Көп киілмейтін, бір-екі ғана түрден тұратын өте таңсық үлгідегі киімдер тігумен шектеліп отыр. Елімізде халықтың барлық әлеуметтік топтарына арналған киімдер тігілмейді. Сондықтан сырттан әкелінген киімдерді киюге мәжбүр болып отыр.

Бұл – қазіргі кезеңде күн тәртібінен түспей отырған ең өзекті мәселенің бірі. Осы мәселенің бір ұшы дизайнердің ой-қиялынан туатын киімнің түрлі кескіндемелерін іске асырып, дүниеге әкеліп жататын мықты тігін бұйымдарының құрастырушысы және технологы мамандарына да байланысты.

Бәсекеге қабілетті тауарға қойылатын басты шарттар: сапасы, қажеттілігі, пайдалылығы, эстетикалық тұрғыдан көркем болуы және т.б. Киім бұйымдарының осы талаптарға жауап беруіне технолог-құрастырушылардың қосар үлесі зор. Өйткені, дизайнер кескіндемесінен кейін адамның киюіне дейінгі барлық істі осы мамандық иелері атқарады. Яғни, киім үлгісін жасау, пішу, тігу жұмыстары. Бұл мамандықтың басы киім үлгісін жасаудан басталады.

Киім үлгісі – көркем ойлау мен қиялдың жемісі. Киім үлгісінің жаңалығы киімнің материалынан, пішу мен әсемдеу технологиясынан көрінеді. Киім үлгісін жасау дегеніміз – дайын материалдан әр түрлі өлшемдерге арнап сызба жасау арқылы киім пішу. Осыдан кейін дайын лекалдарымен бірге пішілген бұйымдар тігін цехына түседі. Киімнің дайындалу процесін, яғни, өлшемдерінің дұрыс тігілуін қадағалап, бақылап, нұсқау беріп отыратын технологтар барлық цехтарда болуы керек. Бұйымның жоғары сапада дайындалуында технологтардың атқарар қызметі зор.

Дайын материалдан киім дайындап шығару мынадай кезеңдерден тұрады:

  • шығармашылық жұмыс: материал жинау, сән әлеміне шолу жасау; дайындалуға тиісті жаңа бұйымның негізгі ерекшеліктері мен бұйымға қойылатын талаптар қарастырылып, киімнің қандай материалдан тігілетіні де анықталады;

  • жаңа ойдың тууы мен оның графикалық кескіндемесінің жасалуы және оның қатты қағазға түсіріліп кесілуі, яғни, үлкен өлшемде көрініс табуы;

  • жасалған кескіндеменің қайта түзетілуі;

  • шыққан кескіндемеден белгілі бір бұйымдарды жасаудағы дайын үлгінің (лекало) сызбасы жасалады;

  • белгілі бір материал дайындалған үлгімен пішіледі;

  • кескіндеменің, үлгілеудің, пішудің жетістіктері мен кемшіліктерін түзетіп,дайын болған үлгі жасалады;

  • барлық жағынан дайын киім үлгісі тігуге жіберіледі.

  • киімді өңдеп, әсемдеу, яғни, киімге қосымша сән беретін элементтері қосылуы үшін өңдеу мамандарына ұсынылады.

Өңделген материалдан дайын бұйым жасап шығару үшін жеңіл өнеркәсіпке қойылатын талаптар өте көп. Олар атап айтсақ, экономикалық, әлеуметтік, техникалық, экологиялық және т.б. Бірақ біздің саламыз аталған мәселелерді қарастырмайды. Біздің дайындайтын өніміміз адам өмірінің бір бөлшегі болғандықтан, сапалы өнім шығару үшін әлеуметтік сала мамандарымен кеңесіп отыру керек.

Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технолог-құрастырушысы мамандарының тағы бір қыры – мата таңдау, оның қасиеттерін анықтау, дайындалатын бұйымның ерекшелігіне қарай қай мата сәйкес келеді деген мәселелерде де дизайнерлерге кеңес беру

Мартынова А.И., Андреева Е.Г.

Конструктивное моделирование одежды.

  • Атақты дизайнерлердің киім үлгілері неге жоғары бағаланады?

  • Сән үйлеріне барып көрдіңіз бе?

  • Сән үйлерінің дүкеннен айырмашылығы неде?

  • Киім дайындап шығару үрдісін баяндап беріңіз?

  • «Киім – адам өмірінің бір бөлшегі» дегенді өз сөзіңізбен түсіндіріп беріңіз.

  • Киім өндірісінің әлеуметтік саламен байланысы неде?

  • Мәтінге жоспар құрыңыз.

3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырып, қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз.

1) Дүниежүзіне мақтанып көрсете алады, ... . 2) Еліміздің атын шығарады, шетелдерде өтіп жататын көрмелерде, сайыстарда орын алып жатады, ... . 3) Сән үйлері ... , ... . 4) Біздің елімізде халықтың барлық әлеуметтік топтарына ... , ... . 5) Біздің еліміз сырттан әкелінген киімдерді ... , ... . 6 ) Бұл қазіргі кезеңде күн тәртібінен түспей отырған ең өзекті мәселенің бірі, ... . 7) Осы мәселенің бір ұшы дизайнердің ой-қиялынан туатын киімнің түрлі кескіндемелерін іске асырады, ... . 8) Дүниеге әкеліп жататын мықты тігін бұйымдарының құрастырушысы және технологы мамандарының білім сапасына да байланысты, ... . 9) Киім бұйымдарының осы талаптарға жауап беруіне технолог-құрастырушылардың қосар үлесі зор, ... .

4-тапсырма. Жолдасыңыздың сөзін тыңдап, келісіңіз немесе келіспеңіз.

Қазіргі кезде елімізде тігін өндірісі жоқ. Біздің дүниежүзіне мақтанып көрсете алатын, еліміздің атын шығарып, шетелдерде өтіп жататын көрмелерде, сайыстарда орын алып жатқан сән үйлері мен тігін комбинаттарымыз бұрын болған, қазір жоқ. Бірақ біз бұл бұйым түрімен елімізді толық қамтамасыз ете алмай отырмыз деп айта алмаймыз. Біздің еліміз сырттан әкелінген киімдерді киюге мәжбүр емес. Бұл қазіргі кезеңде шешімін тапқан мәселенің бірі. Дизайнердің ой-қиялынан туатын киімнің түрлі кескіндемелерін іске асырып, дүниеге әкеліп жататын мықты тігін бұйымдарының құрастырушысы және технологы мамандарының білім сапасына емес, санына байланысты. Тауарға қойылатын басты шарттар ретінде сапасы, қажеттілігі, пайдалылығы, эстетикалық тұрғыдан көркем болуы жатпайды. Киім үлгісі тек еңбектің жемісі болып табылады.

5-тапсырма. Асты сызылған сөздер мен сөз тіркестеріне сұрақ қойыңыз.

Шығармашылық жұмыс үшін материал жинап, сән әлеміне шолу жасау керек. Мұнда дайындалуға тиісті жаңа бұйымның негізгі ерекшеліктері, бұйымға қойылатын талаптар қарастырылады және осы кезеңде киімнің қандай материалдан тігілетіні де анықталады. Дайын болған үлгі кескіндеменің, үлгілеудің, пішудің жетістіктері мен кемшіліктерін дұрыс бағалауға жағдай жасайды. Дайын киім үлгісі тігуге жіберіледі. Киімді өңдеп, әсемдеу, яғни, киімге қосымша сән беретін элементтерді қосуы үшін өңдеу мамандарына ұсынылады.

1. Қарсылықты салалас құрмаласты табыңыз

А) Уақыты болмай, ол бүгін киім үлгісін дайындаған жоқ

Ә) Киімді өңдеп, әсемдеуге барып, жапсырмаларын ұмытып кетіпті

Б) Бұдан әрі екеуі де үндескен де жоқ

В) Өңдеу маманы келмейінше ешнәрсе айта алмаймын

Г) Фирма басшылары жиналды, бірақ шетелдіктер әлі келген жоқ

2: Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз

А) Жүрегім тебіреніп, толқып кетті

Ә) Айтарым сол: жоба жақсы

Б) Шығармашылық шабыт қажет

В) Сәнгерлердің бәрі дайын

Г) Бұйым түрімен қамтамасыз етілді, әлі де біраз жетпейтін сияқты

3. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмаласты табыңыз

А) Көрсетілім де өтті, концерт те аяқталды

Ә) Дайын бұйымдарды орналастырып болса да,олар асықпады

Б) Жарқырай шағылысқан сәулесі жоқ, шымылдық артындағы қоңырқай жарықта төңіректің бәрі ап-айқын

В) Жүлде сенікі, қуаныш біздікі

Г) Қазылар алқасы жылы шырай көрсеткенімен, баға төмен болды

4. Қарсылықты салалас жасауға болатын қатарды көрсетіңіз

А) Дизайнерлер келді. Мәжіліс залында ешкім жоқ.

Ә) Қасиетті мекен. Күн сәулесі

Б) Қайшы қолынан түсіп кетті. Оның есі шығып кетті

В) Жаңа киімдер топтамасы дайын. Көрсетілімнен бас тартты

Г) Түн. Ышқынған дауыл

5. «Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен?» сұраулықтарына жауап беретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін көрсетіңіз

А)Шартты бағыныңқы сабақтас

Ә) Мезгіл бағыныңқы сабақтас

Б) Себеп бағыныңқы сабақтас

В) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас

Г) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас

СОӨЖ: Технолог-құрастырушы мамандардың жиі қолданатын терминдері туралы түсіндірме сөздік

ЛЕКАЛА– даяр үлгі, картоннан немесе басқа материалдан қиылған бұйымдар бөліктері. Лекала эталон, көмекші, негізгі немесе жұмысшы лекала болып бөлінеді. Лекала эталон тек керекті басқа лекалаларды дайындау ретінде қажет және комплекті лекалаларды тексеру үшін қолданылады. Негізгі лекала бұйым бөліктерінің мөлшерін матаға сызу мен пішу бөліктерін дұрыс біріктіру және бақылау белгі қиықтарын белгілеу үшін қажет. Көмекші лекалаларды тігін цехында бүкпені, ілгектің, түйменің орнын және түймелік, жаға бұрышын белгілеу үшін қолданылады.

МАНЕКЕН – бұйымдарды өңдеу кезінде сондай-ақ бұйым біржолата дайын болғандығы дұрыстығын тексеру үшін манекен қолданылады.

ОЙМАҚ – инені пайдаланған уақытта саусақтың басына ине шаншылмас үшін оймақ киіледі. Оймақ оң қолдың ортаңғы саусағына дәл келу керек. Оймақтың түбі ашық немесе жабық болады. Түбі жабық оймақты көйлек, блузканы тіккенде, ал қалың матадан жакет, пальто бұйымдарын тіккенде түбі ашық оймақты қолданады.

ҚАЙШЫ – жаппай өндірісте, мата пішу процесі механикаланған болғандықтан, қайшы тек матаның бөліктерін тегістеп қию үшін және жіптің артығын кесу үшін қажет болады. Бұйымдарды жеке тапсырыс бойынша дайындаған кезде, қайшылар матаны пішуде, бұйымдарды, бөліктерді де қиып-кесу үшін қажет.Тігін өндірісінде қайшылардың 8 түрі пайдаланылады. Матаның өңдеу ерекшелігі және орындалатын жұмыс түріне сәйкес қайшы таңдалынады.

ӨЛШЕУІШ – бұл сантиметрге, милиметрге бөлінген, созылғыш және резеңкеленген матадан жасалған лента, ол адам тұлғасын өлшеу және бұйымдар бөліктерінің көлемін мөлшерлеп өлшеу үшін қолданылады. Жиі пайдаланған кезде өлшеуіш созылатын болғандықтан, әр уақытта ұзындығын тексеріп отыру керек, егер өлшеуіш ауысып кетсе, өлшем мөлшері қате болып шығады.

ЖІП КЕСЕТІН САҚИНА (пышағы бар сақина) – жіптің артығын қию үшін қолданады, оны сол қолдың екінші саусағына киеді, пышағы бар сақинаны қайшының орнына пайдаланған кезде еңбек өнімділігін арттыру және жұмыс уақытын үнемдеуге мүмкіндік туғызады.

БІЗ – жағаның, қақпақтың, түймеліктің бұрышын шығару, ілгекті, өрнекті тігісті түзету үшін және жіп қалдығын суырып тастауға арналған.

ІЗ САЛҒЫШ – із салғыш – доғал, тіссіз және тісті болып бөлінеді. Із салғыш, бөліктер мөлшерін қағаздан басқа қағаздан басқа қағазға немесе картонға көшіруден және қатпарлардан, бүкпе сызығын көшіру үшін қолданылады. Қолдану кезінде жүргізілген сызқтардың орнына қағаздың бетінде бөліктің мөлшеріне сәйкес нүкте түрінде белгі із қалады.

БОР – бұйымдарды пішкенде бөліктерінің конструкциялық сызықтарының орнын бормен сызады. Бор сызықтары жіңішке болуы керек, сызығының жалпақтығы 0,5 – 1 мм-ден аспау керек. Бөліктерді жүргізілген сызықтың ішкі жағынан қияды.

ТҮЙРЕУІШТЕР – сызықтарды бір бөліктен екінші бөлікке ауыстыру үшін, көйлек тобының бөліктерін құрастыру және кигізіп өлшеу кезінде конструкциялық сызықтарын тексеру үшін түйреуіштерді қолдануға болады. Түйреуіштің ұзындығы 3-4 см, ұшы өткір, жіңішке, қажалмаған жаңылған, ал екінші жағы қайырылған болуы керек.

АКСЕССУАР – басты бір нәрсенің қосымша бөліктері, соның бір саласы.

АНСАМБЛЬ – жарасымдылық, бұйымның барлық бөлімдерінің үйлесіп келуі. Француз тілінен аударғанда бүтін, түрлер жинағы немесе бірге, бір уақытта және костюм деген мағына береді.

АППЛИКАЦИЯ – бастырма (түрлі-түсті қағаз, мата қиықтарынан құрастырылып, жапсырылып салынған сурет).

БАРДОТКА – төстартқыш тәрізді тарлау келетін блузка. Түрлі матадан тіпті былғарыдан да тігілетін, кешкілік киімнің элементі.

БЕЙКА – киімді әсемдеу үшін негізгі және ашық түсті матадан алынатын түзу немесе қиғаштау кесінді бөлігі.

БУФАЛАР – көйлекке тігілген қатпарлар.

ШАБЛОН – үтіктегенде пайдаланатын даяр үлгі.

Бағжаева С.Қ.

Әйелдер мен балалар киімдерін сәндеу технологиясы.

СӨЖ: «Менің мамандығымның еліміздің дамуына тигізер пайдасы» тақырыбына реферат жазыңыз.

7-тақырып

Грамматика: Талғаулы салалас салалас құрмалас сөйлемдер.

Лексика: Тігін өндірісінің мәселелері.

Құрамындағы жай сөйлемдердің тек біреуіндегі ғана іс-оқиғаның орындалатынын (немесе орындалмайтынын) білдіретін салаластың түрін талғаулы салалас (ССП с выборочными отношениями) құрмалас сөйлем дейміз.

Талғаулы салалас құрмалас сөйлем не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, не болмаса, я болмаса, әлде деген шылаулары арқылы жасалады. Олар әр сыңарының құрамында қайталанып та, не қайталанбай, бір-ақ рет те келе береді. Сыңарларының арасына үтір қойылады. Мысалы: Ертең мен көйлек тігемін, немесе жаңа топтаманың жобасына кірісермін.

1-тапсырма.Сөйлемдерді көшіріп жазыңыз, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолын түсіндіріңіз.

1) Мен не дизайнерлермен кездесемін, не өндіріс орнына барамын. 2) Әйгерім жаздық аяқ киім сатып алады немесе күнделікті киетін көйлек сатып алады. 3) Кешке біз сән үлгісінің көрсетіліміне барамыз, не болмаса көрме орталығындағы ұлттық бұйымдар жәрмеңкесіне қатысамыз. 4) Мәди технологиялық университетке түспекші немесе сәулет құрылыс академиясына бармақшы. 5) Студенттер бүгін көркем сурет сабағына барады я болмаса инженерлік графикадан аралық бақылау тапсырады. 6). Қолыңызға таспа алыңыз я болмаса қайшы әкеліңіз. 7. Бүгін біз мына тапсырысты бітіруіміз керек, не болмамаса жаңа жоспарды талдауымыз қажет. 8) Дүрия отандық өндіріс тауарлары жөнінде ақпарат жинасын, әйтпесе сән әлеміне шолу жасасын. 9) Бүгін біз кәсіпкерлерді шақырамыз, не болмаса олар бізді тігін фабрикасына шақырады.

2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз:

I.1) Осы жолы дизайнерлер оқушылар сарайының ішкі келбетін сомдайды, … . 2) Жеңіл өнеркісіп бұйымдарын Қырғыз елінен әкеледі немесе, … . 3) Мұражай интерьерін сомдауда көне Отырар көрініс алады немесе, ... . 4) Базардағы сапасыз киімдер көңіліңді құлазытады, … . 5) Елімізде халықтың жаппай тұтынуына арналған киімдер жоқ, … .

II. 1) ..., не болмаса Ақ орданың интерьерінің әрлеу жобасын жасайды. 2) ..., Түркиядан алдыртады. 3) ..., мәдени-рухани байлығымызды әлемге танытқан «Керуен» картинасы орын алады. 4) ... я болмаса дүңгіршек толы бір-бірінен айнымайтын киімдер көңіл толмайды. 5) ... я онымен айналысатын кәсіпорын жоқ.

Кластер (ағылш.: cluster - жиналу, топырлау, топтану) – қызмет ету жүйесі бір, бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне тәуелді салалардың топтары.

Экспорт – Өнеркәсіп өнімдері мен басқа да тауарлардың, сондай-ақ капиталдың шетелдерге шығарылуы.

3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, сөздікті пайдаланып жаңа сөздермен танысыныз