Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский учебник.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
754 Кб
Скачать
☆

Алматы мақта-мата комбинаты

Құрылғанынан бері 40 жылдан астам уақыт бойы Алматы мақта-мата комбинаты өнім сапасын арттыру үшін, жұмысты ұйымдастырудың жан-жақты әдістемесін қолдануда. Алматы мақта-мата комбинатының өнімдері Балтық жағалауы мен Еуропа елдеріне де танымал. Жақында Мәскеуде өткен халықаралық федералды жәрмеңкеден табысты оралды. Көрмеде алматылықтар өндірген төсек-орын жаймалары, қол орамал мен майлықтардың әр алуан түрлері және жаңа туған нәрестеге арналған жөргек-жайлықтар үлгісі өзге кәсіпорындардың өнімдерінен сапалылығымен ерекшеленеді. Бүгінде аталмыш кәсіпорын Еуропа мен ТМД елдері аумағындағы арнаулы көрмелердің тұрақты қатысушысына айналған. Комбинаттың серіктестері мен алыс және жақын шетел мамандарын, тұтынушыларды өнімдердің 100 пайыз табиғи талшықтан, яғни мақтадан тоқылатындығы қызықтырады.

Бүгінгі таңда жіп иіру цехынан бастап дайын өнімдер тігу цехына дейінгі аралықта ырғақты жұмыс жасалып жатыр. Инновациялық-индустриялық бағдарламаны жүзеге асыру бағытында жаңа технологияны енгізу мен техникалық қондырғыларды жетілдіру қолға алынып отыр. Алматы мақта-мата комбинатының қайта жаңғыру сәті 2003 жылдан басталды. Жергілікті «Resmi Group» инвестициялық компаниясы 12 миллион доллар қаржы салып, аяғынан тұрғызған кәсіпорынның өндірістік қуаты күш алып келеді. Бүгінде техникалық жарақтандырудың бірінші кезеңі аяқталып, озық тоқыма-текстиль өндірісіне лайықталған «Trutschler» құрылғысы іске қосылды. Соның нәтижесінде өндіріс көлемі 2 есеге артып, комбинат қала бюджетіне бірнеше миллион теңге құйды. Жарақтандырудың екінші кезеңінде мата бояйтын жаңа «Ciariant» технологиясын орнатылмақ. Комбинатты өркендетудің 3 жылға арналған орташа шұғыл бағдарламасының нәтижесінде өнім өндірісін халықаралық сапа стандартына жеткізу көзделуде.

Елімізде мата тоқитын бірегей комбинаттағы айтулы жаңалық – мұнда микробқа қарсы, өте жұқа шілтер сіңдірілген матаның жаңа түрін тоқуға лайықталған озық қондырғылар бар. Комбинат шығарған матаны тұтынуға өз елімізден басқа ТМД және Балтық жағалауы мен Еуропа елдерінде, Чехия, Германия, Испания, АҚШ пен Канадада да ықыласты көрінеді. Комбинат матаны өз еліміздің аумағында өсетін мақтадан тоқиды. Ал, «төртінші тип» деп аталатын, Оңтүстік Қазақстанда өспейтін мақтаның ерекше түрі Өзбекстан мен Түрікменстаннан жеткізіледі.

  • Алматы мақта-мата комбинатының құрылғанына қанша жыл болды?

  • Комбинат қандай бұйымдарды өндіреді?

  • Олардың сапасы туралы не айтасыз?

  • Кәсіпорын өнімдерінің сапасын арттыру үшін, қандай жұмыс жасауда?

  • Комбинат мата жасау үшін шикізатты қайдан алады?

  • Бүгінгі таңда Алматы мақта-мата комбинатының жағдайы қандай?

  • Комбинат қандай мемлекеттермен іскери қарым-қатынас орнатуда?

  • Сіз Алматы мақта-мата комбинатының өнімдерін қолданасыз ба?

4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз (мәтін бойынша).

1) Алматы мақта-мата комбинаты ... ... арттыру үшін түрлі әдістемелерді қолдануда. 2) Кәсіпорын жаңа технологияны ... мен техникалық қондырғыларды ... қолға алып отыр. 3) Бүгінгі таңда техникалық ... бірінші кезеңі аяқталды. 4) Соның нәтижесінде ... ... екі есеге артты. 5) Тұтынушыларды өнімдердің жүз пайыз ... ... талшықтан, яғни мақтадан тоқылатындығы қызықтырады. 6) Бүгінде кәсіпорын ... мен ... елдеріндегі арнаулы көрмелердің тұрақты қатысушысына айналған. 7) Комбинат матаны өз еліміздің аумағында ... ... тоқиды. 8) Болашақта өнім өндірісін халықаралық ... ... жеткізу көзделуде.

5-тапсырма. Берілген сөздермен қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер құраңыз.

Құрылған, арттыру, қолданады, танымал, ерекшеленеді, қызықтырады, өндіреді, орнатылды.

6-тапсырма. Сұқбатты толықтырып, үлгі бойынша диалог құраңыз.

– Құрметті ... , бүгінгі бағдарламамызға қош келдіңіз!

– ... ... .

– ... ...?

– Бүгінде біздің кәсіпорын Еуропа мен ТМД елдері аумағындағы арнаулы көрмелердің тұрақты қатысушысына айналған.

– ... ... ?

– Жақында Мәскеуде өткен халықаралық федералды жәрмеңкеден табысты оралды.

– Кәсіпорынның өнімдері несімен ерекшеленіп, көзге түсті?

– ... ... .

– Өнімдеріңіздің сапасын арттыру үшін, қандай жұмыс жасалуда?

– ... ... .

– Инновациялық-индустриялық бағдарламаны жүзеге асыру бағытында комбинатта не істелініп жатыр?

– ... ... .

– Болашақта қандай жоспарларыңыз бар?

– ... ... .

7-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.

Киімге байланысты ырымдар оқып, есте сақтаңыз.

Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды.

Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Соғыс кезінде ғана солай жасауға болады.

Бас киімді кез келген жерге тастамайды, аяққа баспайды, астыға басып отырмайды, аяққа кимейді. Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады.

Бас киімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді.

Бас киімін сатуға да болмайды. Бөтен адамға бас киімін бермейді. Олай жасаса, адам басы кемиді. Баскиімін сыйлауға да болмайды.

1. Қарсылықты бағыныңқы баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз

А) -ғанда,-генде

В) са да,-се де

С) -у үшін

Д) -ып,-іп

Е) -ған соң,-ген соң

2. Қарсылықты бағыныңқы сөйлемді табыңыз

А) Су ішіп, шөлімді қандырдым

В) Күн суытты да, қар жауды

С) Жаз шықса да, күн әлі салқын

Д) Дүкенге барсаң, нан ала сал.

Е) Жақсы маман болу үшін, көп оқу керек

3. Қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің сұрағын белгілеңіз

А) қайткенмен

В) қашан

С) не үшін

Д) неліктен

Е) қайтіп

4. Қарсылықты бағыныңқы сөйлемді дұрыс аяқтаңыз: «Қымбат болса да, ...» ”

А) мына көйлекті алма

В) үйге қайттым

С) маған қара

Д) оны кездестірдім

Е) мына көйлекті ал

5. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың тиісті қосымшасын белгілеңіз: «Қымбат бол..., мына көйлек әдемірек»

А) -ғандай

В) -кенде

С) -май

Д) -ғанмен

Е) -местен

СОӨЖ: Жеңіл өнеркәсіп саласындағы отандық өндіріс орындары

«Қарғалы» АҚ – Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласындағы ең алғашқы өндіріс орындарының бірі. Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында 1910 жылы Қарғалы шұға комбинаты ретінде салынып, іске қосылған. Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери шинель матасымен жабдықтап тұрды. Жүн жуудан бастап дайын мата өнімдерін шығаруға дейінгі толық өндірістік циклде жұмыс істеді. Мата, одеяло, шинель матасы, қой және түйе жүнінен өнімдер шығарды.

Қазіргі өндірістік қуаты жылына: екі мың отыз тонна жіп, екі мың сегіз жүз қырық тонна жартылай мата шығарып, екі мың тонна жүн жуылады. Жіп иіру, өңдеу жұмыстарын атқарады. Көмекші өндірістік-механикалық цех, электр цехы, су қоймасы және тазарту ғимараты бар. Соңғы жылдары кәсіпорын әріптестік қарым-қатынас аясын кеңейтіп, өнімдерін шет елге экспортқа шығару мүмкіндігін іздестіруде. Кәсіпорын өнім өндіруге қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

«Ақжар» кәсіпорны – әр түрлі тігін бұйымдарын (костюмдер, көйлек, шалбарлар, жұмыс киімдерін) шығаратын кәсіпорын. 1933 жылы Талдықорған қаласында күнделікті тұтыным тауарлары мен үй шаруашылығына қажетті бұйымдар өндіретін «Красный Октябрь» өнеркәсіптік артелі ретінде құрылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында өндіріс көлемі ұлғайтылып, майдандағы әскерлерге киім тікті. Соғыстан кейін мұнда тері-былғары бұйымдарын, химиялық өнімдер шығаратын, сондай-ақ май-ұн өндіретін цехтар, шаштараз, суретке түсіру бөлімдері ашылды. Артельдің аты бірнеше рет өзгерді: 1961 жылы «Қазақстанға – 40 жыл», кейін «СОКП 25 съезі атындағы тігін фабрикасы» аталып, ірілендірілді. Кәсіпорын 1972 жылы бес қабатты жаңа ғимаратқа орналасты. 1970-80 жылдары ол Қазақстандағы мектеп оқушыларына арналған костюм тігетін бірден-бір жеңіл өнеркәсіп орнына айналды. 1992 жылы фабрика жекешелендіріліп, «Ақжар» ұжымдық кәсіпорны болды. Осы кезеңде кәсіпорынның Алматы, Сарқант, Жаркент қалаларында, Қоғалы, Қарабұлақ, т.б. кенттерде филиалдары ашылды.

Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:

  • Еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласындағы тағы қандай орындарын білесіңдер?

  • Олар қандай өнім шығарады?

  • Мәтін бойынша 10 сұрақ құрастырыңыз.

  • Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.

  • Мәтіндегі сөйлемдерді пайдалана отырып, 8 қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

  • Екеуара сұқбат құрастырыңыз.

СӨЖ: Тақырыпқа байланысты ақпарат жинап, реферат жазыңыз.