Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский учебник.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
754 Кб
Скачать
☆

Тоқыма кәсіпорындарының бояу-өңдеу цехтары

Іш киімдік тоқыма шығаратын фабриканың бояу және өңдеу өндірісінің құрамына мына негізгі бөлімдер кіреді: бояу, сурет басып шығару, кептіру, шаю, түктеу, өңдеу, дайын бұйымдарды шығару. Сонымен қатар, көмекші бөлімдер бар: өндірістік партия жасау, химиялық станция, химиялық зертхана, никельденген патрондарға сурет бейнесін жасау.

Сыртқы тоқыма бұйымдарын шығаратын фабриканың бояу және өңдеу өндірісінің құрамына келесі бөлімдер кіреді: бояу, кептіру, түктеу, суретті аударып басып шығару, бұйымдарды шаю және өңдеу, дайын бұйымдарды шығару. Көмекші бөлімдер қатарына өндірістік партиялар дайындау, кездемелерді жинақтау, химиялық станция, химиялық лаборатория кіреді.

Шұлық шығаратын фабриканың бояу және өңдеу өндірісінің құрамына кіретін негізгі бөлімдер: бояу, бояу және қалыптастыру, дайын бұйымдарды шығару. Көмекші бөлімдер қатарына өңделген бұйымдар қоймасы, судан сығылған бұйымдарды талдау, бұйымдарды сұрыптау, химиялық станция, химиялық зертхана кіреді.

Өндірістік технологиялық тізбегі төмендегідей:

- Тоқыма кездемені бояу мен өңдеудің технологиялық тізбегін белгілі бір кездемелердің түржиынтығына жасалған ғылыми-зерттеу институттарының ұсынысына сәйкес қабылдау керек.

- Шеңбері тоқу машинасында тоқылған тоқыма кездемелерді және кесінді тоқымаларды өндірудің типтік технологиялық процесінің операциялары:

- кездемелерді каландрлеу,

- кездемелерді және тоқымаларды өңдеу

- кесінді тоқымаларды релаксациялау, стабилизациялау

- кесінді тоқымаларды ылғал-жылумен өңдеу

- кездемелерді декатирлеу, кесу, престеу, кептіру, каландрлеу

- кездемені жазып түзету, кептіру, керу, стабилизациялау

-дайын кездемелерді, кесінді тоқымалардықалпына келтіруге жатқызу, талдап сұрыптау.

Тоқыма кәсіпорындарының бояу-өңдеу цехтарындағы жұмысшылардың мамандық атауы: бояушы (красильщик), сығушы (отжимщик), жуушы (промывщик), кептіруші (сушильщик), булаушы (запарщик), түктеуші (восовальщик), сурет басушы (набойщик), кездемені түзетуші (расправщик полотна), кездемені салушы (раскладчик полотна), тегістеуші-үтіктеуші (гладильщик), кездемені ораушы (накатчик), кездемені жазып тарқатушы (расправщик-раскладчик полотна), сапа тексеруші (контролер качества), сұрыпташы (сортировщик), оператор, бояу қайнатушы (красковар).

(А.Ж.Құтжанова, Л.Н.Худова. Тоқыма кәсіпорындарының бояу-өңдеу цехтарын және бөлімдерін есептеудің әдістемелік нұсқауы)

  • Іш киімдік тоқыма шығаратын фабрика өндірісінің құрамына қандай бөлімдер кіреді?

  • Сыртқы тоқыма бұйымдарын шығаратын фабрика өндірісінің құрамында қандай бөлімдер бар?

  • Шұлық шығаратын фабриканың негізгі бөлімдері қандай?

  • Тоқыма кездемені бояу мен өңдеудің технологиялық тізбегі қандай ережеге сәйкес қабылдану керек?

  • Тоқыма кездемелерді және кесінді тоқымаларды өндірудің типтік технологиялық процесінің қандай операциялары бар?

  • Бояу-өңдеу цехтарындағы жұмысшылардың мамандық атауын атаңыз.

  • Мәтін бойынша сұқбат құрастырыңыз.

4-тапсырма. Берілген сөздермен қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер құраңыз.

Бояу, кептіру, түктеу, суретті аударып басып шығару, бұйымдарды шаю және өңдеу, дайын бұйымдарды шығару.

5-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз

1. Іш киімдік тоқыма шығаратын фабрика қысқартылып, ... . 2. Көмекші бөлімдерде өзі болғандай, ... . 3. Тоқыма фабрикасына бара тұра, ... . 4. Кәсіпорын тарихымен тез танысатындай, ... . 5. Жаңа басшы өңделген бұйымдар қоймасын тексеріп, ... .6. Өңдеу дегеннің не екенін түсінбейтіндей, ... 7. Өндірудің технологиялық тізбегін біле тұра, ... 8. Тоқыма кәсіпорындарының бояу-өңдеу цехтарын аралап жүріп, ... .

6-тапсырма. ҚР тоқыма кәсіпорындары туралы білетін ақпаратыңызбен бөлісіп, бояу-өңдеу цех жұмысшыларының қандай міндет атқаратынын жазыңыз.

7-тапсырма. Мәтіннен термин сөздерді теріп жазып, олардың мағынасын сөздіктен табыңыз.

8-тапсырма. Тұрақты тіркестерді есте сақтаңыз, олармен қимыл-сын бағыныңқы сөйлем құрастырыңыз.

Бір сабақ жіп алмады - еш нәрсеге тиіспеді, алмады

Жағасы жайлау, төбесі қыстау - уайым, қайғысыз өмір сүру

Көйлегіне сыймады - мақтанды, бөсті

Тақияға тар келу - бір нәрсені азырқап, қомсыну.

Тонның ішкі бауындай - Өте жақын, өз адамындай

Тоны келте - кедей, кемтар

1. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз

А) Дәрісхананың есігі ашылып, студенттер үзіліске шықты

В) Қолыма біресе қайшы, біресе қарындаш аламын

С) Саған ашып айтарым сол – мен осында қаламын.

Д) Не үшін былай істедің

Е) Ауа райы жақсы болса, серуенге барамыз

2. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың сұрағын табыңыз

А) не мақсатпен

В) қайтсе де

С) қай кезде

Д) не себепті

Е) қайтіп

3. Қимыл-сын бағыныңқы баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз

А) ғанмен, генмен

В) -са,-се

С) а,-е,-й

Д) -ғанда,-генде

Е) -у үшін

4. Қимыл-сын бағыныңқының аудармасын табыңыз: «Олар су іш..., шөлін қандырды»

А) Они искупавшись в речке, почувствовали себя бодро

В) Выпив воды, они утолили жажду

С) Промокнув под дождем, они решили пойти домой

Д) Пока не выпью воды, не смогу утолить жажду

Е) Вода была холодной, поэтому мы не стали купаться

5. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың аудармасын табыңыз: «Далада қатты аяз тұрғандай, ол қалың киініп алыпты».

А) На улице был сильный мороз, поэтому он оделся тепло

В) На улице был сильный мороз, поэтому он остался дома

С) Мы оделись тепло, так как на улице был сильный мороз

Д) Он оделся так тепло, словно на улице был сильный мороз

Е) На улице было тепло, поэтому он оделся легко

СОӨЖ: Киім түржиыны (ассортименті) және оны құрастыру.

Киім – адам денесін толығымен немесе жартылай бүркеп тұратын жабындылар жиынтығы. Киім адам ағзасының дұрыс жұмысістеуіне және психологиялық процестердің өтуіне ыңғайлы жағдай жасайды. Киім көйлек, пальто, пиджак, жейде сияқты көптеген жеке бұйымдардан тұрады. Әрбір бұйым – бөліктерден (бөлшектерден) құрылатын жүйелі объект. Бұйым бөліктері бір-бірімен белгілі байланыста болып, тұтас құрылымды – конструкцияны құрайды.

Бөлшек – біріктіру операцияларын қолданбай, біртекті материалдан дайындалған бұйым бөлігі.

Бұйым конструкциясы – бұл бұйымның құрылысы (тігістер мен бөлшектер саны, орны, сипаты).

Киімді құрастыру (конструкциялау) – бұйымның құрылысын дайындау, яғни бұл киім түріне және атқаратын қызметіне қарай бұйым бөлшектерінің өлшемін, конфигурациясын және санын анықтау процесі.

Киім түржиыны – бұл өндірісте тұтынушылар сұранысына сай дайындалатын, түрлері және қолдануы әр түрлі болып келетін бұйымдар жиынтығы. ТӨОҒЗИ жіктемесі (классификациясы) бойынша қазіргі заманғы киім мынадай екі топқа бөлінеді: тұрмыстық және өндірістік киім.

Тұрмыстық киім – әр түрлі тұрмыстық және қоғамдық жағдайда киілетін киім. Қолдану жағдайына қарай тұрмыстық киім былай жіктеледі: күнделікті, салтанатты, үй киімі, спорт киімі. Қолдану тәсіліне қарай тұрмыстық киім сырт киім, іш киім, корсеттік бұйымдар, жағажай киімі, бас киіміне бөлінеді.

Өндірістік киім – өндірістік жағдайларда киілетін киім. Өндірістік киім арнайы, форма, санитарлық киімі болып бөлінеді. Бұндай киімдер өндірістің барлық салаларында қолданылады. Өндірістік киім жұмыс істейтін адамның үстін кірлеуден, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан қорғайды.

Жыныс-жас белгісі бойынша киімдер ерлер, әйелдер, балалар киімі болып жіктеледі. Балалар киімінің мынандай түрлері болады: нәрестелер киімі (9 айға дейін), бөбектер киімі (9 айдан 3 жасқа дейін), мектепке дейінгі балалар киімі (3-7 жас), кіші мектеп тобы (ер балалар 7-12 жас, қыздар 7-11,5 жас), жоғарғы мектеп тобы (ер балалар 12,5-15,5 жас, қыздар 11,5-14,5 жас), жасөспірімдер тобы (ер балалар 15,5-18 жас, қыздар 14,5-18 жас). Жыл мерзіміне қарай киім көктемгі-күздік, жазғы және қысқы болып бөлінеді. Шикізат белгісі бойынша (материалдар түріне қарай) киім табиғи талшықтардан, аралас, химиялы (синтетика және жасанды) талшықтардан жасалатын киімге бөлінеді.

Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:

  • Киім ассортименті деп нені атаймыз?

  • Киімді құрастыру деген не?

  • Классификациясы бойынша қазіргі заманғы киімнің қандай түрлері болады?

  • Қандай киімді өндірістік киім деп атаймыз?

  • Қолдану тәсіліне қарай тұрмыстық киім қандай түрлерге бөлінеді?

  • Киімдер тағы қандай белгілірі бойынша жіктеледі?

  • Мәтіннің жоспарын құрып, мазмұнын айтып беріңіз.

СӨЖ: Тақырыпқа байланысты тұсаукесер ұйымдастырыңыз.

12- тақырып

Грамматика: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

Лексика: Өнім сапасын стандарттау және бақылау.

Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мезгілін білдіретін сабақтастың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными времени) құрмалас сөйлем дейміз.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары

Сұрағы

Жасалу жолы

Мысалы

қашан?

1. Жатыс септік тұлғасындағы

есімшеден: -қан+да, -кен+де, -ған+да, -ген+де

Ол келгенде, сен үйде болдың.

Мен барғанда, сен сабақта едің.

қашан?

қай кезде?

2. Есімше тұлғалы етістік (-қан/-кен -ған/-ген) + кезде, шақта, уақытта деген мезгіл мәнді сөздер

Біз келген кезде, олар жоқ еді.

Ұрыс қызған шақта, сен келдің.

қашан?

3. Есімше тұлғалы етістік -қан/-кен -ған/-ген + сайын шылауы

Емтихан жақындаған сайын, мен қобалжи түстім.

қашан?

қайткенше?

4. -ша, -ше тұлғалы есімшеден:

-қан+ша/-кен+ше, ған+ша/-ген+ше

Мен келгенше, студенттер мына

тапсырманы орындасын.

қашаннан бері?

5. -қалы/-келі, -ғалы/-гелі тұлғалы көсемшеден

Шынында да Барластар келгелі, Құнанбай бұл үйіне қонған емес.

қашан?

6. -ысымен/-ісімен

Оқытушы дәрісханаға кірісімен,

студенттер тыныштала қалды.

қашан?

7. Барыс септік пен шығыс септік тұлғасындағы есімше + шейін, соң, дейін, бері, бұрын шылаулары

Сабақ біткеннен соң, біз үйге кеттік. Ол келгенге дейін, мен тамақ пісіріп қойдым.

1-тапсырма. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

1. Сыртқы тоқыма бұйымдарын шығаратын фабрика шикізатты өңдеген кезде, өнім сапасына баса назар аударуы керек. 2. Инженер-технолог жұмысқа келісімен, іске кірісіп кетті. 3. Ұйықтардың, балалар және спорттық шұлықтардың өңірін тоқыған кезде, қосарлы өрімді пайдаланады. 4. Суретті өрімдердің құрылымын өзгерткен шақта, қосымша жіптерді қолданады. 5. Сырт киімдік трикотажды таңдап болған соң, киім үлгісінің өлшемдерін түсіру керек. 6. Стандарттау обьектілерін белгілегеннен соң, әр топ өз міндетіне кіріссін. 7. Бұйымдарды тіккен кезде, жалпы техникалық шарттарды басшылыққа алу керек. 8. Тапсырыс беруші матаны таңдап болғанға дейін, шебер қажетті әшекейлерді топтастырды.

2-тапсырма . Сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. Көрмені аралағанда, ... . 2. Біз өндіріс орнына барған кезде, ... . 3. Олар мата дүкенінен шыққаннан кейін, ... . 4. Инженер цехқа кірген шақта, ... . 5. Кәсіпорын Астанаға көшіп кеткелі, ... . 6. Техникалық шарттармен танысып болған соң, ... . 7. Анар іс-сапардан оралысымен, ... . 8. Олар жеке кәсіпорын болғалы, ... . 9. Тоқыма машинасы орнынан қозғалғанша, ... . 10. Тапсырыс мерзімі жақындаған сайын, ... . 11. Студенттер тәжірибеден өткеннен бері, ... . 12. Шетел делегациясы келгенге дейін, ... . 13. Бүгін үлкен партияны орындап бітірісімен, ... . 14. Өндіріске жаңа дизайнер келгелі, ... . 15. Ол мына бұйымдарды көрген сайын, ... .

3-тапсырма. Басыңқылардың бағыныңқыларын тауып жазып, ауызша аударыңыз.

Бағыныңқылар: Студенттер практикада болған шақта. Кәсіпорын сапалы өнімдер шығара бастағанда. Ол іс-сапарға кетер кезде. Мен тігін фабрикасына жұмысқа тұрғалы. Сән апталығы жақындаған сайын. Жиналыс аяталысымен. Киімнің негізгі пішу сызбасын жасаудан бұрын. Сіздер іліптоқу машиналардың ерекшелігтерін меңгермейінше.

Басыңқылар: Тігіншілер өз міндетіне кірісті. Жұмыс қыза түсті. Көптеген жаңа технологияларды игерді. Назым бірде-бір сөгіс алып көрген жоқ. Жұмысын цех басшысына тапсырып кетті. Тоқыма цехында жұмыс істей алмайсыздар. Оның өлшемдерін ал. Сұраныс та көбейді.

4-тапсырма. Кесте бойынша мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

Б ақылау – 1) зерттеушінің белгілі бір мақсатта жүргізетін ғылыми- зерттеу жұмысы; 2) анығына жету, тексеру.

Қадағалау – белгілі бір істі , нәрсені бақылау, тексеру.

Норма – қалыптасқан заңдылық, тәртіп, ереже.

Нормативті – нормаға түскен, жүйеленген.

Стандарт – бұйымның сапасы мен қасиеті жағынан танылған, қалыптасқан үлгі.

Стандарттау – бір үлгіге салу, стандартқа келтіру.

Сапа – заттың басқа бір заттан айырылатын ерекше қасиеті, белгісі.