Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский учебник.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
754 Кб
Скачать
☆

Қазақтың ұлттық киімдері

Еуразия даласын қоныс еткен қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгілері көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Қазақтың ұлттық киімінің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ұлттық киім – біздің ұлттық мәдениетіміз бір бөлшегі.

Қазақтар мал терісінен жасалған киімдерді көп киген. Олардың ішінде аң терісінен жасалған киімдер жоғары бағаланған. Бұл – көшпелі халқымыздың негізінен мал шаруашылығымен айналысқанының белгісі. Әр түрлі киімге арнайы қажетті аң терілерін таңдап, тігіп дайындау үлкен өнерді қажет еткен. Сол кезеңде халық арасында тігінші мамандығына икемі бар адамдардың беделі жоғары болған, ел оларды құрмет тұтқан. Қой терісінен жақсылап иленіп тігілген киімдердің жаңбырға, желге шыдамды болып, күнделікті тұрмыста сырт киім ретінде кигенге өте ыңғайлы болып келетінін тарихшы ғалымдар П.С. Паллас, И.П.Фальк. А.И.Левшиндер өз еңбектерінде жазып кеткен. Орталық және Солтүстік облыстардың шеберлерімен жібектен тігіліп дайындалған киімдер Санкт-Петербург ағартушылары конгресінің көрмесінде көрсетілген.

Сан ғасырлар бойында қазақтың ұлттық киімдері өзіне тән қарапайымдылығымен, әсем өрнектерімен қасиеттерін сақтап қалды. Бұл киімдерде халықтың түрлі әлеуметтік топтарына арналған киім түрлерінің барлығы қамтылған. Дайын көйлектерді сырттан келген жібек, парша, қыжым сияқты маталардан тіккен. Киімнің тігілген материалы оның иесінің тұрмыстық дәрежесін көрсеткен. Сырттан әкелінген тауарларды тек байлар ғана қолдана алған. Біраз уақытқа дейін қарапайым халық тек мал терісінен тігілген киімдермен шектеліп отырған.

Тек Х1Х ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақтар негізінен фабрикада өндірілген мақта-мата бұйымдарынан қажетті киімдерді тіге бастады. (Баспасөз материалдарынан)

  • Ұлттық киім дегеніміз не?

  • Көшпелілердің аң терісінен жасалған киімдерінің жоғары бағалануының себептерін атап беріңіз

  • «Ұлттық киім – ұлттық мәдениеттің бір бөлшегі» деген пікір дұрыс па? Ойыңызды дәлелдеңіз.

  • Мәтіндегі термин сөздерді теріп жазып, мағынасына талдау жасаңыз.

5-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз.

6-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерінен төл сөз және төлеу сөз құрастырыңыз.

Климат, әшекей, көшпелі, ою, өрнек, сымбат, жібек, парша, қыжым, көйлек, халқымыздың тарихы, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі, желге шыдамды.

7-тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз, тыныс белгісін қойыңыз.

Еуразия даласын қоныс еткен қазақтардың ұлттық киімдерінің өзіндік ерекшелігі бар деді .... Ұлттық киім деді ... біздің ұлттық мәдениетіміз бір бөлшегі. Қазақтар мал терісінен жасалған киімдерді көп кигенін... .Тауарлар неге сырттан әкелінуде деді ... .Отандық өндіріс орындары жөнінде айт ... ,... . Біз ұлттық киімдер көрмесіне ..., ... . Киімнің тігілген материалы оның иесінің тұрмыстық дәрежесін көрсеткен ... .

8-тапсырма. Төменде айтылғандармен келісесіз бе, келіспейсіз бе?

Сөйлемдер

келісемін

келіспеймін

Қазақтар мал терісінен жасалған киімдерді көп киген.

Қазақтар үшін аң терісінен жасалған киімдердің еш құны болмаған.

Киімге арнайы қажетті аң терілерін таңдап, тігуде асқан өнердің қажеті жоқ.

Қой терісінен тігілген киімдер жаңбырға, желге шыдамсыз болып, тез жыртылып қалатын болған.

Қазақтың ұлттық киімдері өзіне тән қасиеттерін сақтап қалған жоқ.

Дайын көйлектерді аң терісінен тігетін болған.

Тұрмыс пен адамның үстіндегі киімнің ешқандай байланысы жоқ.

1. Сөйлеушінің өз сөзінің ішінде біреудің сөзін ешбір өзгеріссіз, сол айтылған күйінде беруі қалай аталады?

А) алғы сөз

Ә) төл сөз

Б) автор сөзі

В) төлеу сөз

Г) айқындау сөз

2. Төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзі қалай аталады?

А) төл сөз

Ә) төлеу сөз

Б) автор сөзі

В) айқындау сөз

Г) алғы сөз

3. Біреудің сөзі автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуі қалай аталады?

А) төлеу сөз

Ә) автор сөзі

Б) айқындау сөз

В) төл сөз

Г) алғы сөз

4. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.

А) Жердің сәні – егін.

Ә) Атам маған жердің сәні егін екенін айтты.

Б) Атам менен жердің сәні не екенін сұрады.

В) Жердің сәні егін екенін атам айтқан.

Г) «Жердің сәні – егін», - деді атам.

5. Төлеу сөзді сөйлемді табыңыз.

А) Назым: «Бұл кітапты оқығанмын»,- деді.

Ә) Назым бұл кітапты оқығанын айтты.

Б) «Бұл кітапты оқығанмын»,- деді Назым.

В) Назым бұл кітапты оқып жүрген.

Г) Назым бұл кітапты оқыпты

СОӨЖ: Қазақтың кейбір ұлттық киімдері туралы

Оқалы немесе зерлі шапан – қымбат матадан жағасы мен өңіріне зер салынып, арқасы мен етек-жеңі жіппен өрнектеліп тігілетін сырт киім. Арқасына күн тәріздес дөңгелек өрнек, өн бойына өсімдік тектес оюлар салынады. Ертеректе мұндай шапандарды хан-сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған.

Жарғақ шалбар. Иленіп, әбден өңделген жұқа теріні қазақтар «жарғақ» дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды «жарғақ шалбар» деп атаған. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.

Бөрік. Ол төрт үшкілден төртқырлы күмбез іспетті етіп пішіліп, арасына жүн салып астарланып, барқытпен, шұғамен, күдерімен тысталады. Олар аң терілерінің атымен құндыз бөрік, сусар бөрік, пұшпақ бөрік деп аталған. Халық арасында елтірі бөрік, түлкі тымақ, малақай, европалық үлгідегі құлақшын да кеңінен тараған.

Қазақстанның оңтүстігінің, Сыр бойы мен Талас-Шу атырабының отырықшы немесе жартылай отырықшы қазағы жазда арнайы басылған жұқа ақ киізден үшкілдеп, сүйірленіп пішілетін, тігісі қиылысқан жерлері қара жолақпен жабылатын, қайырмасы қара барқытпен тысталатын қалпақ киген.

Айыр қалпақ – аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып, сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Сыртына өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленеді. Оны ертеде, негізінен, хан-сұлтандар салатантқа киетін болған.

Сәукеле – қалыңдықтың бас киімі. Үйлену салтанатына арнап қалындықты жасандырғанда, әдетте оның басына маңдайлық, желкелік жанамалар қыстырылатын қанқа ретінде, биіктігі – 20-30 сантиметрдей келетін, бағалы аң терісімен көмкерілген «сүйір бөрік» кигізетін де, үстіне сәукеленің өзін қондыратын болған.

Жәнібеков Ө. Қазақ киімі. Жазушы, 1996.

Мәтінге арналған тапсырмалар:

  • Қазақтың басқа да ұлттық киімдері туралы ақпарат жинаңыз.

  • Еліміздегі қазақтың ұлттық киімін тігетін өндіріс орындары жайлы не білесіз?

  • Қазақтың ұлттық киімдерін күнделікті киім үлгісі ретінде тұрмысымызға енгізу мәселесіне көзқарасыңыз қандай?

СӨЖ: «Қазақтың ұлттық киімінің кейбір түрлері» тақырыбына реферат жазыңыз.

5-тақырып

Грамматика: Салалас құрмалас сөйлем. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.

Лексика: Дизайнер мамандығы.

Салалас құрмалас сөйлем (ССП) деп, құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысатын сөйлемнің түрін айтамыз. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдері өзара екі жолмен байланысады:

1) Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы: Дизайн өнері өткен ғасырдың 60 –жылдарынан бастап қалыптасты және жүйелі түрде зерттеле бастады.

2) Жалғаулық шылаулар арқылы. Олар:

- ыңғайлас мәнді (да, де, және, та, те, әрі, мен);

- қарсылықты мәнді (сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал);

- себеп-салдар мәнді (себебі, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз);

- талғау мәнді (не, немесе, яки, не болмаса);

- кезектес мәнді (кейде, бірде, біресе).

Құрамына енген жай сөйлемдердің өзара бір-бірімен мағыналық қатынаста жұмсалуына қарай мынадай алты түрге бөлінеді: ыңғайлас салалас, қарсылықты салалас, себеп-салдар салалас, түсіндірмелі салалас, талғаулы салалас және кезектес салалас құрмалас сөйлемдер.

Құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой өзара мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде, қарым-қатынаста айтылған салаластың түрін ыңғайлас салалас құрмалас дейміз. Мысалы: Дүкенге бардым да, түрлі мата сатып алдым.