Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский учебник.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
754 Кб
Скачать
☆

Тігін өнеркәсібі саласының мәселелері

Тігін өнеркәсібі саласының өніміне деген сұраныс жыл сайын арта түсуде. Егер қажеттілік осы қарқынмен өсетін болса, 2010 жылға қарай бұл өнімді пайдалану жылына 62 млн. тоннаға дейін өседі. Жеңіл өнеркәсіп Ассоциациясы қазіргі таңда мақта-тоқыма өнімдерінің 90%-ы сырттан тасымалданатынын, ал импорттың жайы тіпті төмен екенін айтып отыр. Біз өзіміз сыртқа шығарған мақта-тоқыма өнеркәсібінің шикізатын сыртқа сатып, оның өнімін үш есе қымбатқа қайта сатып алады екенбіз. Қазақстанның ішкі нарығында шығатын дайын киімдер үлесі 8%-ын ғана құрайды. Мақтадан өндірілетін жіптің 90%-ы сыртқа экспортқа шығарылады. 2000-жылдардың басында отандық киім өнімдері 5%-ды ғана жапса, одан бері 3%-ын ғана құрап отыр. Қырғыз бен қытайдың қара базарынан әкелінген киімдердің бөгенайын (брендін) өзгертіп, француздық, түркиялық және т.б деп ауыстырып сату да орын алған.

Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп ұйымдары Ассоциациясының басшысы Любовь Худованың мәліметтеріне және газет-жорналдар дереккөздеріне сүйене отырып қазіргі жалпы тігін өнеркәсібінің дамуына кедергі келтіріп отырған мына жайттарды атауға болады:

  1. Өндірушілердің төлейтін салығы өте көп. Кеден салығы да жоғары. Қырғыз республикасында барлық кәсіпорын түрлері жеке кәсіпкерлік түрінде, олар қосымша құн салығын төлемейді және мүлік үшін салық жылына 5,5 мың сомды құрайды. Бұл біздің елдің 16, 5 мың теңгесіне сай келеді.

  2. Жеңіл өнеркәсіптің дамуы мен жай-күйін түгел қамтыған заң жоқ;

  3. Өндіріс орындары өте аз. Сондықтан біздің мамандарға жұмыс орындары табылмай отыр.

  4. Мақта-тоқыма кластері өз дегейінде дамымай отыр;

Халық жаппай тұтынатын киімдерді өте көп мөлшерде тігіп шығаратын, елімізді тек Қазақстандық киімдермен киіндіретін өнеркәсіп түрі дамымай келеді. Егер осы саланы дамытып, дайын тігілген киімдерді шығаратын болсақ, халқымызды өзіміздің киімдерімізбен киіндіріп және бұл ел экономикасының дамып, көтерілуіне де оң ықпалын тигізуші еді.

Худова Л.Н. Тяжелые проблемы легкой промышленности Казахстана. Билан Л. Жеңіл өнеркәсіпті тығырықтан шығаратын тиянақты

бағдарлама керек.

- Тігін өнеркәсібінің басты ерекшелігі не?

- Тігін өнеркәсібінің Қазақстандағы даму қарқыны қандай?

- Тігін өнеркәсібінің адам өміріндегі маңызы неде?

- Елімізде сатылып жатқан Қырғыздық, Қытайлық, Түркиялық -киімдердің сапасы жайлы не айтар едіңіз?

- «Халық жаппай тұтынатын киімдерді өте көп мөлшерде тігіп шығаратын, сөйтіп халықты тек Қазақстандық киімдермен киіндіретін өнеркәсіп түрі дамымай келеді» деген пікірмен келісесіз бе? Ойыңызды дәлелдеңіз.

- Мәтіннен тек статистикалық мәліметтерді теріп жазыңыз.

- Мәтінге жоспар құрыңыз.

3-тапсырма. Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрыңыз.

І. Экспорттаушы, сән, киімдер, таңсық, жаппай, қара , қосымша, экспортқа, тігін, экономикалық, ішкі.

ІІ. Даму, тігу, рынок, тұтыну, мемлекет, құн, салығы, базар, фабрикасы, үйі, шығару, үлгі;

4-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі сөздерді ретімен жазыңыз.

Ғалымдардың айтуынша артып отыр тігін сұраныс..өнеркәсібі саласының өніміне деген Жеңіл қазіргі өнеркәсіп айтты. Ассоциациясы таңда мақта-тоқыма тасымалданатынын өнімдерінің Тігін бұйымдарына деген өнеркәсібінің жоғары сұраныс. Мақта-тоқыма сатылады өнеркәсібінің сыртқа шикізатын. Оның сатып өнімі қымбатқа үш есе алынады қайта. Қазақстанның төмен нарығында ішкі дайын шығатын үлесі киімдер. Мақтадан экспортқа жіптің шығарылады көбі өндірілетін. Қырғыз бен қытайдың базарынан қара бөгенайын(брендін) киімдердің әкелінген өзгертіп, француздық, түркиялық және т.б деп сату да ауыстырып орын алған. Елімізде тұтынуына арналған халықтың жаппай жоқ киімдер. Осыдан біздің әкелінген келіп сырттан киімдерді болып мәжбүр отыр киюге тұтынушыларымыз.

5-тапсырма Сөйлемдерді толықтырыңыз

Мысалы: Өндірушілердің төлейтін салығы өте көп, не болмаса кеден салығы көп.

1) Өндірушілердің төлейтін салығы өте көп ... .... . 2) Қырғыз Республикасында барлық кәсіпорын түрлері жеке кәсіпкерлік түрінде жұмыс істейді.... .... . 3) Жеңіл өнеркәсіптің дамуы мен жай-күйін түгел қамтыған заң жоқ, ... . 4) Өндіріс орындары өте аз, әрі әкелетін тауар да жоқ, ... . 5) Біздің мамандарға жұмыс орындары табылмай отыр, ... . 6) Мақта-тоқыма кластері өз дегейінде дамымай отыр; ... . 7) Халық жаппай тұтынатын киімдерді өте көп мөлшерде тігіп шығарады,... . 8) Қазақстандық киімдермен киіндіретін өнеркәсіп түрі дамымай келеді, ... . 9) Осы саланы дамытып, дайын тігілген киімдерді шығаратын болды, ... .

6-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, талғаулы салалас құрамалас сөйлем жасаңыз.

Дамыған елу ел, экспорт, мақта-тоқыма, қосымша құн салығы, кластер, грант, мақта-тоқыма өнімдері, ақшалы адам, отандық

7-тапсырма. Не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, не болмаса, я болмаса, әлде шылауларын пайдаланып, төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып талғаулы салалас құрамалас сөйлемдер жасаңыз.

Бұйым, ел, дүкен, сөре, түрік, қытай, қырғыз, тауар, сән үйлері, ақшалы адам, түр, киім, күн тәртібі, өзекті мәселе деген.

1. Талғаулы салаластың жалғаулық шылауларын табыңыз

А) Не, я, я болмаса

Ә) Кейде, бірде, біресе

Б) Бірақ, алайда, дегенмен

В) Сондықтан, сол себепті

Г) Әрі, және, да

2. Талғаулы салалас құрмаласты табыңыз

А) Фабрикаға ол да кірді, мен де кірдім

Ә) Жеңіл киініппін, бірақ тоңа қоймадым

Б) Қоңырау соғылды, жиналғандар мәжіліс залына кірді

В) Көйлек тіктім, оны үтіктедім

Г) Я тауарға барасың, я матаның түсін таңдайсың

3. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз

А) Қаланың ортасындағы сән салонына жету қиын болды

Ә) Топтаманы аяқтай алмай, біраз кідіріс болып қалды

Б) Оны бірде теледидарда көрсек, бірде сахнадан көрдік

В) Олар не осы көрсетілімге қатысады ,немесе күзгі маусымға қалады

Г) Үлгінің кем-кетігі түзелді, егенді тігуге болады

4. Талғаулы салалас құрмаласты табыңыз

А) Сән үйіне бәріміз келдік

Ә) Мына матаны я мен аламын, я сен белдемше тіккізесің

Б) Жүмыс аяқталды, қызметкерлер үйлеріне қайтты

В) Мен өлшемдерін жаздым, оны тексердім

Г) Қытай тауарлары келіпті, бірақ көре алмадым

5. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің ерекшелігі неде

А) «Әйтпесе» жалғаулығы арқылы байланысады

Ә) «Бірақ, дегенмен» жалғаулықтары арқылы байланысады

Б) Тек қана жалғаулықтар арқылы байланысады

В) Алғашқы сыңарында саралану мәні айқындалады

Г) Жай сөйлемдері жалғаулықсыз байланысады

СОӨЖ:Мақта-тоқыма кластері

Елімізде қазір мақта-тоқыма саласын дамытуға жаңа қадамдар жасалып жатыр. 2006 жылы 21 қыркүйекте елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Оңтүстік» арнайы еркін экономикалық аймағын құру туралы жарлығы шықты. Осының негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы мақта-тоқыма кластері құрылды. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Сайрам ауданынан 150 гк жер бөлінді. Онда 15 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.

Мақта-тоқыма кластерінің негізгі мақсаты – ішкі нарықты қорғау, елімізді дайын бұйымдармен қамтамасыз ету, мақта өндірушілер мен оны өңдеушілердің құқығын қорғау, бәсекеге қабілетті тауарлар өндіру. Осы кластерді дамыту арқылы тігін саласының еліміздегі үлесін 30 пайызға жеткізу – басты мақсаттың бірі. Жоғарыда атап өткен жеңіл өнеркәсіптің мақта-тоқыма саласының адам өмірінде маңызы зор. Адамзат жаратылғалы киімнің қажеттілігі басты назарда болып келе жатыр. Қандай дағдарыс, кедергілер болғанымен де, адам киімнен ешқашан бас тарта алмайды және ол тамақ өнеркәсібімен қатар тұратын басты қажеттіліктердің бірі.

Осы кластерге Оңтүстік Қазақстан өңірінің таңдап алынуының басты себебі – Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда Оңтүстік Қазақстан облысының мақтаны өсіріп баптаудағы қолайлы табиғи климаттық жағдайынан туындайтын шикізаттың молдығы. Кластерді дамыту барысында мынандай жұмыстар жүргізіледі: жаңа кәсіпорындар құру және қолда бар кәсіпорындардың жұмысын қайта жаңғырту, өндіріс шығындарының төмендігін қарастыру, инфрақұрылымдарды дамыту.

«Оңтүстік» арнайы еркін экономикалық аймағын құрғанда күтілетін ең басты нәтиже – халқымызды отандық киім түрлерімен қамтамасыз ету, жұмыс орындарын көбейту. Бұл біздің экономикаға орасан зор пайда әкеледі. Өйткені қазіргі таңда экономистердің зерттеулері бойынша біз шикізатты арзан бағаға сыртқа шығарып, одан үш есе қымбат бағаға қайта сырттан сатып алады екенбіз. Сол себепті мақта-тоқыма кластерінің елімізді дайын бұйымды экспорттаушы дәрежесіне көтеру басты мақсаттың бірі болып отыр. Ең негізгісі бұл кластер оңтүстіктің ғана емес бүкіл қазақстанның дамуына өте жоғары дәрежеде оң ықпал ететін болады.

Үкіметте белгіленген бағдарлама бойынша «Оңтүстік» арнайы еркін экономикалық аймағының дамуы мынадай үш кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең (2007-2009 жылдар) – «Оңтүстік» арнайы еркін экономикалық аймағының құрылысын аяқтау.

Екінші кезең (2010-2012 жылдар) – «Оңтүстік» арнайы еркін экономикалық аймағында мақта-тоқыма өнімдерін өңдеу мен тігуге бағытталған өнеркәсіп орындарын салу.

Үшінші кезең (2013-2015 жылдар) - өндіріс орындарының көлемін ұлғайтып, әрі қарай дамыту арқылы мақта-тоқыма өнімдерін әлемдік саудаға шығару.

Қазіргі кезеңде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында мақта-тоқыма өнеркәсібінің кластерін құру және дамыту мәселесі елбасымыздың басты назарында. Бұл аймақтың жан-жақты дамуына, қазіргі заманға сай құрылғылармен жабдықталуына ел бюджетінен арнайы қаржы бөлінді.

Мақта-тоқыма өнімдерінің үлесі:

  • АҚШ-та, Италияда, Германияда – 8,12%;

  • Қытайда – 13%;

  • Түркияда, Португалияда – 20%.

Бұл мемлекет бюджетінің 20%-ын, ішкі сұраныстың 75-85%-ын құрайды.

Тігін саласы өнімдерін импортқа шығару көрсеткіші:

  • Қазақстанда -1,3%;

  • Ресейде - 20%;

  • Қытайда -25,1%;

  • Түркияда - 5,6%.

Дүйсенбай Ж. Кластер – тігін өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін жоғарылату жолында. ҚазЭУ хабаршысы. 2006 ж. А.Барлыбайұлы Оңтүстік Қазақстан: Мата-тоқыма кластерінің негізі қалануда // Дала мен қала. 2005 ж.