Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский учебник.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
754 Кб
Скачать
☆

Иығы босады – уһ деп дем алды, жеңілдеп қалды.

Иығы бүтіндеді – 1) киімі түзелді, тәуір киінді; 2) тұрмысы түзелді, оңалды.

Иығы жауыр болды – әбден азапталды, қажыды.

Иығына мініп алды – 1) басқа шықты, басынды; 2) біреудің арқасында күн көрді.

Иықты – 1) қапсағай денелі, жауырынды; 2) күшті, мықты.

Тігісі сөгілді – ыдырады, быт-шыт болды.

Тігісін жатқызды – болған жағдайды білдірмеді, жуып-шайды.

Еңсесі көтеріңкі – көңілі шат, жадыраңқы.

Еңсесі түсіңкі – көңілсіз, жабырқау.

1. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз

А) Маған олар я жетер, я жетпес еді

Б) Құмды жазық даланың шетіне ілінген жолушылар ұзақ тұрып қалды

С) Ауа райы бұлыңғыр болғандықтан, бөлме іші қараңғы тартып тұрды

Д) Ауа райы түзелді, орақ басталды

Е) Оны бірде мұз айдынында көрсек, бірде би залында көрдік

2. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығын көрсетіңіз

А) Әйтпесе, не

Б) Сол себепті

С) Сонша, соншама

Д) Кейде, бірде

Е) Дегенмен

3. Кезектес салалас құрамалас сөйлемді табыңыз

А) Сізден сұрайтынымыз – бізге қамқоршы болыңыз

В) Кеше күні бойы бірде жаңбыр жауды, бірде қар жауды

С) Қоңырау соғылды да, сабақ басталды

Д) Ізденіс түбі – жеңіс

Е) Жаңбыр жауып, күн суық болды

4. Кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді табыңыздар

А) Кешке ол кітап оқиды, кейде теледидар көреді

В) Көше бойына шағын дүкендер көптеп орналасыпты

С) Кәсіпкерлікті таңдаған жастар заводқа көптеп келіп жатыр

Д) Қоңырау соғылды да, сабақ басталды

Е) Жаз айларында бұл жерде күн өте ыстық болады, сондықтан мұнда ел болмайды

5. Қай сөйлемде көп нүктенің орнына кезектес мәнді жалғаулықты қоюға болады?

А) Демалыста біз театрға барамыз, ... сізге бара алмаймыз

В) Демалыс күні біз театрға бардық, ... қойылым ұнамады

С) Демалыс күндері біз театрға барамыз, ... мұражайларды аралаймыз

Д) Демалыста біз театрға бардық ..., жақсы демалып қайттық

Е) Оның театрға барғысы келгені ..., тіпті билетті өзі сатып алып қойыпты

СОӨЖ: Сән ательесі

Қазіргі таңда сән ательелері өте көп. Мысалы: «Сымбат», «Мақпал», «Сан-бель», «Азия-дизайн» т.б. Сән ательесіндегі ерлердің, әйелдердің, балалардың мерзімдік сырт киімдерін, көйлек, шалбар, белдемше, күнделікті киім, салтанатты киімдер, ұзатылған қыз-қалыңдықтың киімін әркімнің жеке өлшеміне орай сәнді етіп тігіп береді.

Сізге костюмдік, көйлектік, белдемшеге, шалбарлық маталардың (жаздық, қыстық) түрлерін (мақта, мата, зығыр, табиғи және жасанды жібек, шыт, сәтен т.б.) ұсынып, қайсысы жарасатынына кеңес беріп, өз талғамыңызша, дене бітіміңізге сай тігіп береді.

1947 жылы тігін лабораториясынан бастап, Қазақстанның сәні туылды, бүгінгі күні ол «Сымбат» академиясына өсіп отыр. 1947 жылынан бастап prêt-â-porter өніміне еліміздің әр екінші тұрғыны ие болды. Жылына екі рет сән театры жаңа үлкен орасан зор Haute Couture и prêt-â-porter халықаралық Сән апталығында топтамаларын көрермендерге ұсынды. 60 жыл ішінде 150000 эксклюзивті модельдері подиумдарда көрсетіліп өтті.

Қазақстанның тарихында «Сымбат» бірінші болып Қазақстан сәнін 1972 жылы шет елдерде, содан 2003 жылы кәсіби fashion – Мәскеудегі Сән апталығында (Moscow fashion week) көрсетті. Ресейден басқа да жиі Дубайдағы (DIFW) Сән апталығында, 2007 жылы алғаш рет Вашингтондағы (DC Fashion week) Сән апталығын және Сібір Сән апталығына (SFW) қатысты. Жыл сайын Қазақстанда 20 жеке көрініс және шамамен шетелде 10 көрініс көрсетіліп тұрады. 1972 жылдан бастап 40-тан аса халықаралық көрсетілім, фестивальдарға және 30-дан аса сән байқауларына қатысты.

«Сымбат» ұлттық киімдерді өңдеп, ҚР алғашқы Президенті Н.А.Назарбаевтың штандартын шығарды. «Сымбат» Қазақстанның және КСРО-ның үкімет мүшелері үшін ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Ресей, АҚШ, Корей мемлекеттерінің басшылары үшін де сыйлықтық бұйымдарды дайындады. 2006 жылы әйгілі голливудтық актер және продюсер Стивен Сигал «Сымбат» салонына кіріп, 2007 жылғы көктем-жаз топтамасынан өзінің өмірлік серігі үшін бұйымдар алды.

«Сымбат» Сән академиясы 1997 жылдан бастап Германиядан, Франциядан, Испаниядан, Ресейден және Қазақстаннан технологиясы, сапа және шығармашылық жетістігі үшін 10-нан аса халықаралық сыйлықтар алды.