- •А.С.Сағымова, м.Н.Жакипова, ә.Ж.Баялиева, г.Ә.Имаханова, б.С.Бөпішева
- •«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы», «Тоқыма бұйымдарын жобалау технологиясы», «Дизайн» мамандықтарына арналған оқу құралы Алматы
- •Басуға ұсынған
- •Жеңіл өнеркәсіп.
- •Мал терісінен халқымыз қандай бұйымдар жасаған?
- •Саба ненің белгісі болған?
- •Тұрлаулы мүшелер
- •Бастауыштың жасалу жолдары
- •Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
- •Киім туралы түсінік
- •Толықтауыш
- •Анықтауыш
- •Пысықтауыш
- •Киім жіктемесі
- •Төл сөздің жасалу жолдары мен орын тәртібі
- •Қазақтың ұлттық киімдері
- •Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы
- •Дизайнер мамандығы
- •Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологы және құрастырушысы мамандығы
- •Тігін өнеркәсібі саласының мәселелері
- •Мәтін бойынша орындалатын тасырмалар:
- •Өлшем нышандарын түсіру және олардың реті
- •Иығы босады – уһ деп дем алды, жеңілдеп қалды.
- •Мәтін бойынша орындалатын тасырмалар:
- •Біздің университетімізде студенттер ательесі бар ма?
- •Жастардың қазіргі киіп жүрген сән киімі жөнінде пікіріңіз қандай?
- •Трикотаж
- •Трикотаж өрімдері
- •Тоқыма кәсіпорындарының бояу-өңдеу цехтары
- •Өнім сапасын стандарттау және бақылау
- •Жүн және одан жасалатын бұйымдар
- •Мақсат бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары
- •Тоқыма өнеркәсібінің даму тарихы
- •Алматы мақта-мата комбинаты
- •Жеңіл өнеркәсіп саласына арналған қазақша-орысша сөздік:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
Мәтін бойынша орындалатын тасырмалар:
Қазіргі таңдағы қандай танымал сән ательелерін білесіз?
Сіз дайын киім сатып аласыз ба, әлде киімдеріңізді тапсырыс бойынша тігесіз бе?
Біздің университетімізде студенттер ательесі бар ма?
Жастардың қазіргі киіп жүрген сән киімі жөнінде пікіріңіз қандай?
Мәтінді мазмұндап беріңіз.
Өзара сұхбат құрыңыздар.
Мәтіндегі сөйлемдерді пайдалана отырып, кезектес салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.
СӨЖ: Тақырып бойынша тұсаукесер жасаңыз.
9-тақырып
Грамматика: Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем.
Лексика: Трикотаж.
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашып тұратын салаластың түрін түсіндірмелі салалас (изъяснительные) құрмалас сөйлем дейміз. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдер көпшілігінде бірі-бірімен жалғаулықсыз байланысады. Сыңарларының арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Кабинетке екі адам кірді: бірі – тоқыма өнеркәсібінің басшысы, екіншісі – жарнама дизайнері. Кейде түсіндірілуші бөлік сонша, сондай, сол, соншалық, мынау, мынадай, осы деген сөздерге аяқталады. Олардан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Тоқыма өнеркәсібінің мені қызықтырғаны соншалы – осы сала бойынша ұйымдастырылған көрмеде күні бойы жүріппін.
1-тапсырма. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдерді тауып, арасына тиісті тыныс белгілерін қойыңыз.
1. Саған ашып айтарым сол мен ұлттық киімдер көрсетіліміне қатысамын. 2. Көрме адамдарға лық толған бүгінгі тұсаукесерге Қазақстанның танымал дизайнерлері, түрлі сән агентіктері жиналыпты. 3. Мұның мінезі осы тек эксклюзивті модельдерді ғана ұнатады. 4. Олардың Қазақстан сәніне қосқан үлесі соншама осы саладағы шығармашылық жетістігі үшін барлық сыйлықтарды жеңіп алды. 5. Соңғы екі апта бойы ателье үзіліссіз жұмыс істеуде мейрамға қарай тапсырыс көбейіп кетті. 6. Бізбен бәсекелесе алатын екі ғана кәсіпорын бар олар – «Алматы» тігін фабрикасы мен «Құндыз» комбинаты. 7. Бұның арты белгілі ол «Үздік тігінші» атағына ие болады.
2-тапсырма. Бірінші (І) бағандағы сөйлемдердің сыңарын келесі (ІІ) бағаннан тауып, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.
І. 1)Еліміздің сән әлемі жақсы біледі. 2)Қазақ елінде жеңіл өнеркәсіп ежелден дамыған. 3)Жеңіл өнеркәсіптің экономикамыздың дамуына қосқаны айтарлықтай. 4) Жаңа көктем-жаз топтамасы көрермендердің көңілінен шықты. 5) Киімге қойылатын талаптар мынандай. 6) Жеңіл өнеркәсіп халықты көпшілік қолданатын заттармен қамтамасыз етеді. 7) Мақта-тоқыма өнеркәсібін қарқынды дамыуна біздің елімізде барлық мүмкіншілік бар.
ІІ. 1) Бұны тіпті президенттің өзі атап өтті. 2) Оңтүстік аймақтарда мақта өте жақсы өседі. 3) Жан-жақтан түрлі ұсыныстар мен тапсырыстар түсіп жатыр. 4) Ол ең алдымен мата, іш және сырт киімдік трикотажды, шұлық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіреді. 5) Қазақстан сәнін алғаш рет шет елдерде алып шыққан – «Сымбат» академиясы. 6) Халқымыздың өмірінде күнделікті қолданылатын тұрмыстық заттардың, киімнің көп түрлерінің болуы – осының дәлелі. 7) Ол денені ауамен қамтамасыз ететін, төзімді, бояуы мен пішінін жақсы сақтайтын болуы тиіс.
3-тапсырма. Түсіндірмелі салалас сөйлемдерді толықтырыңыз.
І. 1) Тоқымашылық мені қызықтырғаны сондай – ... . 2) Киім үлгісін жасау кез келген адамның қолынан келмейді: ... . 3) Бәсекеге қабілетті тауарға қойылатын басты шарттар мынандай – ... . 4) Тігін өндірісінде қайшылардың сегіз түрін пайдаланады: ... . 5) Технологтар барлық цехтарда болуы керек: ... .
ІІ. 1) ...: өндірістік практика «Алматыкілем» комбинатында өтеді. 2) ... – біз тіпті сабақтың қалай аяқталғанын да білмей қалдық. 3) ...: еліміздің оңтүстігінде мақта-тоқыма кластерін құру қажет. 4) ...: тұтынушыларымыз сырттан әкелінген киімдерді киюге мәжбүр болып отыр. 5) ...: ол түбі ашық және жабық болып екіге бөлінеді.
Берілген сөздерді оқып, есте сақтаңыз.
Жайма (полотно), желіжіптік трикотаж (основовязальный трикотаж), иілмелі трикотаж (кулирный трикотаж), тоқыма бұйымдары (текстильные изделия), тоқыма өнеркәсібі (текстильная промышленность), тоқыма жібі (текстильная нить), тоқыма талшығы (текстильное волокно), тоқымасым (спица), тоқыма фабрикасы (текстильная фабрика), тоқымашылық (ткачество), тауарлық түр (товарный вид), үлбір – мех, ілмек (петля), ілмектеп тоқу (вязание), шілтер (кружево).
Жайма – тығыз тоқылған, қалыңдау мата, трикотаж.
Желіжіптік трикотаж – бір-біріне қатар орналасқан жіптерден құралған трикотаж.
Иілмелі трикотаж – бір немесе бірнеше бірге алынған жіптерден құралған трикотаж.
Трикотаж – 1) жіптің тұзақталып, өзара айқасуы арқылы тоқылған тоқыма мата;
2) иірімжіптен ілмектерін құру, олардың айқасуы арқылы алынған тоқыма бұйымы.
Шілтер – 1) түрлі жіптерден алынған тор өрнекті өрме;
2) мақта, жүн, жібек жіптерден селдір етіп тоқылған әшекейлі перде.
Ілмек – бір нәрсені іліп қоятын немесе іліп әкететін имек ілгіш.
Ілмектеп тоқу – қолмен немесе машинада тоқымасым не ілгекпен шалып тоқу.
