- •А.С.Сағымова, м.Н.Жакипова, ә.Ж.Баялиева, г.Ә.Имаханова, б.С.Бөпішева
- •«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы», «Тоқыма бұйымдарын жобалау технологиясы», «Дизайн» мамандықтарына арналған оқу құралы Алматы
- •Басуға ұсынған
- •Жеңіл өнеркәсіп.
- •Мал терісінен халқымыз қандай бұйымдар жасаған?
- •Саба ненің белгісі болған?
- •Тұрлаулы мүшелер
- •Бастауыштың жасалу жолдары
- •Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
- •Киім туралы түсінік
- •Толықтауыш
- •Анықтауыш
- •Пысықтауыш
- •Киім жіктемесі
- •Төл сөздің жасалу жолдары мен орын тәртібі
- •Қазақтың ұлттық киімдері
- •Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы
- •Дизайнер мамандығы
- •Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологы және құрастырушысы мамандығы
- •Тігін өнеркәсібі саласының мәселелері
- •Мәтін бойынша орындалатын тасырмалар:
- •Өлшем нышандарын түсіру және олардың реті
- •Иығы босады – уһ деп дем алды, жеңілдеп қалды.
- •Мәтін бойынша орындалатын тасырмалар:
- •Біздің университетімізде студенттер ательесі бар ма?
- •Жастардың қазіргі киіп жүрген сән киімі жөнінде пікіріңіз қандай?
- •Трикотаж
- •Трикотаж өрімдері
- •Тоқыма кәсіпорындарының бояу-өңдеу цехтары
- •Өнім сапасын стандарттау және бақылау
- •Жүн және одан жасалатын бұйымдар
- •Мақсат бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары
- •Тоқыма өнеркәсібінің даму тарихы
- •Алматы мақта-мата комбинаты
- •Жеңіл өнеркәсіп саласына арналған қазақша-орысша сөздік:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
Трикотаж өрімдері
Трикотаж өрімдері деп трикотаждағы ілмектердің қосылуы мен белгілі орналасу тәртібін атайды. Қайталанған трикотажды өрімнің бөлігін раппорт деп атайды. Трикотажды өрімнің түрі әсіресе сыртқы сипатына, оның қалыңдығына, салмағына, созымдылығына және тағы да басқа қасиеттеріне әсер етеді.
Бүкіл трикотажды өрімдердің түрлерін іліп тоқу тәсілдері бойынша екі класқа бөледі: иілдіру (көлденең тоқылған) және желіжіптік (бойлай тоқылған). Өрімдер жалаң және қосарлы, құрылымы бойынша тегіс және суретті болуы мүмкін. Өрімдері бойынша трикотаж жаймалары әр түрлі болады: басты, туынды, суретті.
Басты топқа ілмектердің мөлшері мен формасы бірдей өрімдер жатады. Оның түрлері: иірмелі біртегіс, тізбекше, трико, атлас.
Басты иілдіру өрімдеріне біртегіс, ластик, екі терістемелі өрімдер жатады.
Біртегіс – біржақты иілмелі өрім, оң және теріс жағы өзгеше болады. Оң жағында тек ілмек таяқшалары көрініп, тегіс жылтыр болады. Терістемеде тек ілмек доғалары көрінеді, сондықтан өрімнің бұл жағы күңгірттеу, бұлыңғыр болады.
Ластик – оң және теріс жағы бірдей қосарлы өрім. Ластикті өрімдерді сырт және іш киім трикотаж бұйымдарына арналған жаймалар мен бөлшектерді алу үшін пайдаланады. Осы өрімнен ұйықтардың, балалар және спорттық шұлықтардың, бөкебайдың өңірін тоқиды.
Трико – жалаң өрім, оның ілмектері қатарлас екі ілмек бағана кезегімен ирек орналасады.
Атлас – жалаң, ілмектері қатарлас, бірнеше бағанада кезегімен ирек орналасатын өрім.
Туынды өрімдер түрлері бірдей екі не одан да артық басты өрімдердің үйлесуінен құрылады. Туындыға мыналар жатады: біртегіс туындысы, трико туындысы, атлас туындысы.
Суретті өрімдерді басты және туынды өрімдердің құрылымын өзгерту және сырттай әсер алу үшін қосымша жіптерді қолдану арқылы алады. Осы өрімдер жаймалардың түріне әсемдік береді, сөгілуі мен созылуын төмендетеді және үлдір, түрлі-түсті, бедерлі өрнектерді құрайды.
Трикотаж өрімдері дегеніміз не?
Өрімнің қандай түрін раппорт деп атайды?
Трикотажды өрімдердің түрлерін іліп тоқу тәсілдері неше топқа бөлінеді?
Өрімдердің қандай түрі бар?
Ластик дегеніміз не?
Суретті өрімдер қалай жасалады?
Мәтін бойынша сұқбат құрастырыңыз.
4-тапсырма. Сөздерді орын тәртібіне қарай қойып, сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
1) тоқыма, тәртібін, белгілі, деп, кезіндегі, атайды, ілмектердің, орналасу, өрімдері, тоқу. 2) деп, суретті, екіге, бойынша, және, өрімдердің, бөледі, құрылымы, тегіс, оларды. 3) әсер, сипатына, басқа, сыртқы, да, тоқыманың, тағы, өрімнің, және, етеді, қалыңдығына, түрі, қасиеттеріне, оның. 4) мен, бірдей, басты, жатады, мөлшері, топқа, формасы, ілмектердің, өрімдер. 5) тоқыма, сырт, бөлшектерді, қолданады, оны, іш, мен, және, үшін, бұйымдарына, алу, киім, арналған, жаймалар. 6) өрімдер, құрылады, не, үйлесуінен, да, түрлері, екі, басты, одан, бірдей, артық, өрімдердің, туынды. 7) жаймалардың, әсемдік, осы, түріне, береді, өрімдер.
5-тапсырма. Берілген екі жай сөйлемнен әр түрлі шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем құраңыз.
1) Оң жағында тек ілмек таяқшалары көрініп тұр. Тегіс жылтыр болып шығады. 2) Терістемеде тек ілмек доғалары көрінбейді. Өрімнің бұл жағы күңгірттеу, бұлыңғыр болады. 3) Бірдей екі не одан да артық басты өрімдер үйлескен. Туынды өрімдер түрлері құрылады. 4) Трикотаж ілмектері қосылып, белгілі тәртіппен орналасты. Оны трикотаж өрімдері деп атайды. 5) Бояушылық өнері кең өріс алмады. Бүгінгі таңдағы сияқты алуан түсті сырмақтар болмады. 6) Берет, галстук, жиекті орамалды тоқитын болды. Арнайы трикотаж машиналарын қолдануыңыз қажет. 7) Олжас трикотаж машиналардың конструктивті ерекшеліктерін жақсы біледі. Біз оны тоқыма фабрикасына жұмысқа шақырамыз.
6-тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз (мәтін бойынша).
1) Қайталанған трикотажды өрімнің бөлігін ... деп атайды. 2) Трикотажды өрімнің түрі оның сыртқы сипатына, қалыңдығына, созымдылығына және тағы да басқа ... әсер етеді. 3) Трикотаж өрімдердің түрлерін ... тәсілдері бойынша екі класқа бөледі. 4) Басты топқа ... мөлшері мен формасы бірдей ... жатады. 5) Терістемеде тек ілмек ... көрінеді, сондықтан өрімнің бұл жағы ..., бұлыңғыр болады. 6) ... өрімдер бірдей екі не одан да артық басты өрімдердің ... құрылады. 7) Суретті өрімдер ... түріне әсемдік береді. 8) Осы өрімдер үлдір, түрлі-түсті, бедерлі ... құрайды.
7-тапсырма. Берілген сөйлемдерді қолданып, өзара сұхбат құрастырыңыз.
Мен трикотаж өрімдері туралы білсем деп едім. Сізден жұмысыңызға байланысты сұқбат алсақ деп едік. Тоқыма фабрикасын аралап шығуға бола ма? Өндірістік тәжірибені сіздерде өтсем деп едім. Сіздердің жұмыстарыңызбен таныссақ деп едік. Трикотаж өрімдерінің әр түрлі болуы сондай маңызды ма? Ол не үшін керек? Трикотажды өрімдерін қалай жасайтынын көрсетіңізші. Оларды жасау үшін қандай материалдар қолданасыздар? Оларды қайдан сатып аласыздар? Трикотаж өрімдерінің қандай түрлері болады? Оларға қандай түрлері жатады? Сіздің жұмысыңыз қызықты ма? Қандай кемшіліктері мен артықшылықтары бар? Осында жұмыс істейтініңізге өкінбейсіз бе?
8-тапсырма. Тұрақты тіркестерді есте сақтаңыз, олармен шартты бағыныңқы сөйлем құрастырыңыз.
Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарды - бірікті, ұйымдасты, ауызбіршілігі мол
Етек-жеңін жиды - есін жиды
Ине жіптен жаңа өткен - су жаңа, иыққа әлі ілінбеген
Көк етікті - басқалардан ерекше, тәуір
Көрпеңе қарай көсіл - әліңе қара
Тонын айналдырып киді - арам, ниеті бұзық адам
1. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз
А) Қыс түсті де, қар жауды
В) Қыс түссе, қар жауады
С) Қыс түсті, бірақ қар жаумады
Д) Қыс түсіп, қар жауды
Е) Қыс түскенмен, қар жаумады
2. Шартты бағыныңқылы сабақтастың сұрағын табыңыз
А) Қашан
В) Қайтсе
С) Қайткенмен
Д) Неліктен
Е) Не үшін
3. Шартты бағыныңқылы сабақтастың аудармасын табыңыз: «Ертең күн ашық болса, олар балық аулауға барады»
А) Если солнце рано взойдёт, будет большой улов рыбы
В) Если завтра будет ясный день, они поедут на рыбалку
С) Если завтра будет день открытых дверей они придут к вам
Д) Если завтра будет жарко, они приготовят рыбу
Е) Завтра будет ясная погода, но мы не сможем пойти на рыбалку
4. Шартты бағыныңқының баяндауышы қандай қосымшалар арқылы жасалады
А) -қалы,-келі
В) -са,-се
С) -қанмен,-кенмен
Д) -ып,-іп
Е) -қандықтан,-кендіктен
5. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз
А) Ол кеткелі, біз оны көрмедік
В) Сен көмектессең, біз жұмысты тез бітіреміз
С) Ел сүйсінетіндей етіп, ол керемет ән салды
Д) Уақытым болмағандықтан, қонаққа бармадым
Е) Дала салқын болғанмен, үй іші жылы
СОӨЖ: Трикотаж машиналарының түрлері мен класы
Трикотаж өндірісінде қолданатын трикотажды-іліптоқу машиналар паркі өте кең. Бұл өндіретін бұйымдар мен жаймалардың әр түрлі түржиыны болуына және олардың әрдайым жаңартылу, сапасын ұлғайту және де сырт пішінін жақсарту тенденциясына байланысты.
Бүкіл трикотаж машиналарды конструктивті ерекшеліктері, іліптоқу инелердің түрі, машинада инелердің орнатылуы, инешектің (цилиндрдің) саны, қолдану, ілмек құрау принципі, класы, алған өрімнің құрылымы, инешектің ені, өндірген трикотаж жайма мен бұйымдар түрі және басқа белгілері бойынша топтастырады.
Конструкциясы бойынша немесе инешектегі (цилиндрдегі) инелердің орналасуына қарасты трикотажды-іліптоқу машиналары келесі түрлерге бөлінеді:
1) шеңберлі – инелер инешектің шеңбері бойынша бекітіледі (шеңберлі шұлық, фангілі, айналмалы, ластикті, интерлок, көп құлыпты, мальезді, МТ, КТ);
2) жазық – инелер жазық инешекте орнатылған (котонды, зырылдауық, рашель-зырылдауық, рашель-машинасы, фангілі, айналмалы).
Инешектердің саны бойынша трикотаж машиналары бірфонтуралы және екіфонтуралы болып бөлінеді. Фонтура – бұл іліптоқитын инелер бекітілген қосфонтуралы, яғни екі инешекте қосарлы трикотажды өндіреді. Бірфонтуралы машина жіңішке және жеңіл (жалаң) трикотажды өндіруге арналған. Екіфонтуралы машина неғұрлым қалың және ауыр трикотажды өндіруге арналған.
Қолдануы бойынша трикотаж машиналары шартты түрде келесі түрде топтастырылады:
- шұлық-ұйық бұйымдарын өндіруге арналған;
- сырт киімдік трикотаж өндіруге арналған;
- биялай мен қолғаптарды өндіруге арналған;
- арнаулы қолданатын - беретті, галстукті, жиекті, жазықайналмалы орамалды тоқитын.
Трикотажды машиналарының техникалық сипаттамасында машина класының маңызы өте зор, себебі көрсеткіштері трикотаж түржиыны және негізгі соған байланысты. Машина класы инешектің белгілі ұзындығына сай келетін инелердің санымен анықталады.
Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:
Трикотаж өндірісінде қандай машиналар қолданады?
Трикотаж машиналарының түрлері сан алуан болуы неге байланысты?
Трикотаж машиналарын қандай белгілері бойынша топтастырады?
Конструкциясы бойынша трикотаж машиналар қандай түрлерге бөлінеді?
Қандай белгілірі бойынша машиналар бірфонтуралы не екіфонтуралы болады?.
Қолдануы бойынша трикотаж машиналары қандай түрге топтастырылады?
Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.
СӨЖ: Тақырып бойынша ақпарат жинап баяндама жасаңыз.
11- тақырып
Грамматика: Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.
Лексика: Тоқыма кәсіпорындарының бояу-өңдеу цехтары.
Бағыныңқысы басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрін қимыл-сын (амал) бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными образа действия) құрмалас сөйлем дейміз.
Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары
Бағыныңқы баяндауышы |
Тұлғалық белгісі |
Сұрағы |
Мысалы |
Көсемше |
-ып, -іп, -п; |
қалай? қайтіп? |
Талап күшейіп, жұмысшылар екі ауысыммен жұмыс істейді. |
-а, -е, -й; |
қалай? қайтіп? |
Ежелгі салт-дәстүрлерді негізге ала отыра, киім жобасын жасауға кірісті. |
|
Есімше |
-атын+дай -етін+дей -йтын+дай -йтін+дей |
қалай?
|
Бәрі еститіндей, қатты сөйледі. Есетті енді еш уақытта көрмейтіндей, Асан онымен қайта-қайта қоштасты. |
-қан+дай -кен+дей -ған+дай -ген+дей |
қалай?
|
Хабарды естімегендей, аң-таң болды. Ойына әлдене түскендей, ол үйіне қайтадан оралды. |
1-тапсырма. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
1. Іш киімдік тоқыма шығаратын фабрика бөлімдерін бақылауға ала отырып, дайын бұйымдарды сапалы шығару жолдарын қарастыру керек. 2. Өндірістік киімдерге тапсырыс тез беріле салатындай, ол кеңседе жүріп алды. 3. Киімнің әр уақытта атқарған қызметі көп салалы болып, өндіріс жыл сайын кеңейіп өсе береді. 4. Ертедегі көшпелі қазақтардың ас сақтайтын ыдыстарының біразын мал терісінен жасағанын жаңа естігендей, көрермендер тұрған заттарды қайта-қайта тамашалаумен болды. 5. Отандық дизайнерлер жүлделі орындарға ие болғандай, көңілдері орындарына түсті. 6. Апталық ойларынан дәл шыққандай, ұйымдастырушылар балаша масайрады. 7. Аталған бағдарламаны жүзеге асырғандай, өңінде жылы шырайлылық білінеді. 8. Қазақтың ұлттық киімдері өңіне әр бергендей, олар жайнап шыға келді. 9. Біз бар шикізатты іске асырып, тоқыма өнеркәсібін дамытатын мамандар дайындауымыз қажет. 10. Баулар тоқылған, есілген түрлі-түсті жіптерден жасалып, киіз үйге сән беріп тұр.
2-тапсырма Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
1. Тігіншіні біреу асықтырғандай, ... . 2. Өнеркәсіп жетістіктерін мақтаныш еткендей, ... 3. Енді ғана көңілі толғандай, ... . 4. Тапсырыс түрін түсінбегендей, ... . 5. Мына мата жасанды талшықтан жасалғандай, ... . 6. Сызбаны дұрыс тұрғызып, ... . 7. «Мата және тоқыма бұйымдары технологиясы» мамандығын меңгеріп, ... . 8. Халық шеберлері киім тіккенде іс тапсырушының талғамын, жас ерекшелігін ескере, ... . 9. Салтанаттық киім мен күнделікті киім-кешектің пішімінде айырмашылықты ескере келе, ... . 10. Үйлену тойына арнайы тігілгендей, ...
3-тапсырма. Кестенің барлық түрі бойынша қимыл-сын бағыныңқы сөйлемдер құрастырыңыз.
Мысалы: Киімдер жобасы құрастырылып, шеберлер өз істеріне кірісіп кетті.
4-тапсырма.Сөйлемдерді оқыңыз. Асты сызылған сөздермен сөз тіркестерін дәптелеріңізге жазып, мағынасын түсіндіріңіз.
1. Есік жауынгерінің сырт киімі бешпент пен шалбардан тұрады. 2. Қызыл бояумен боялған қысқы былғары бешпенттің өн бойы алтыннан жасалған. 3. Оның жағасы, өңірі және етегі жолбарыстың тұмсығы салынған ірі-ірі төрт бұрышты әшекейлі алтын заттармен қапталған. 4. Бешпент үш мыңға жуық алтын заттармен безендірілген. 5. Шалбардың ішкі және сыртқы тігісі ұсақ, тік бұрышты шеттікпен көмкерілген. 6. Балақты былғары етіктің қонышы жіберілген. 7. Етіктің қонышы да бешпенттегідей үш бұрышты шағын алтын әшекейлермен безендірілген. 8. Ол былғары бешпенттің ішінен матадан тоқылған іш көйлек киген, оның жағасы мен жеңі неше түрлі алтын әшекейлермен өрнектелген. 9. Бешпенттің сыртынан қайыс белдік буынған. 10. Белдікке бұлан және оның бас бейнесі бедерлеп салынған.
Кездеме (отрезок) – 1) мата, материал, текстиль,
2) бір нәрсені тігу үшін кесілген мата кесіндісі,
3) заттың кесілген бөлігі,тілімі.
Өндіріс – тұтынуға қажетті материалдық игіліктерді, құнды заттарды жасап шығаратын өнеркәсіп саласы
Процесс – іс-әрекеттің даму барысы
Технология – материалды өңдеу мен дайындау тәсілінің жиынтық аты
Тоқыма (текстиль) – 1) бір нәрсемен шалып тоқыған, тор көз,
2) талшықтар мен жіптерден жасалған бұйым
Іш киім (белье) – сырт киімнің ішінен киетін киім.
Ішкөйлек (комбинация) – әйелдердің шілтері бар іш киімі.
