Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский учебник.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
754 Кб
Скачать
☆

Киім жіктемесі

Киім түрлері (ассортимент) дегеніміз – жеке топтарға өзіндік белгілері арқылы топтастырылған, тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру үшін өнеркәсіп шығаратын, түрі мен мақсаты алуан түрлі бұйымдар жиынтығы

Бірыңғай материалдан тігілген киімді ең алдымен талшық түріне қарай табиғи талшықтан (өсімдік, жануар және органикалық) және химия тектес талшықтан (жасанды, синтетикалық) тігілген киімдерге бөледі. Аралас материалдар әр түрлі талшықтарды біріктіре тоқудан құралады.

Жалпы белгілер бойынша киімнің мынадай үлкен топтамалары бар:

  • жас мөлшерлік – жас шамасына қарай үлкендер мен балаларға арналған;

  • тұрмыстық – әр түрлі тұрмыстық, қоғамдық жағдайларда киіп жүруге арналған киімдер;

  • өндірістік – өндірісте, кәсіпорындарда, фабрикаларда, шахталарда, түрлі жұмыс орындау кезінде техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, зиянды жерлерден қорғау үшін киілетін киімдер;

  • формалық – оқушыларға, әскери қызметкерлерге және т.б. әлеуметтік топ мүшелеріне арналған киімдер;

  • маусымдық – әр жыл мезгіліне байланысты киілетін киім түрлері;

  • ұлттық – әр ұлттың ұлттық киімдері.

Киім дайындайтын өндіріс орындары киім дайындауда осы топтамаларға қарай әр түрлі бағытта жұмыс жасайды. Аталған киім топтамаларының қай түріне болсын қазіргі таңда сұраныс өте жоғары. Кеңес Одағы құлаған соң, тәуелсіздік алған елдерде өз мәдениетін қайта жаңғыртып дамыту мақсатында тек ұлттық киімдер тігу жақсы жолға қойылды. Соңғы кездері отандық киім өндірісі ұлттық нақышта классикалық, сәнді, тұрмыстық үлгіде киімдер тігуді қолға алып, көптеген жетістіктерге жетуде.

Киімнің осы топтамалардан шығатын негізгі мынадай бес түрі бар:

1) сырт киім – іш киімнің немесе көйлектің, костюмнің сыртынан киілетін киім түрі (пальто, плащ, пиджак, кеудеше, шалбар, белдемше, көйлек, т.б.);

2) іш киімдер – адамның жалаңаш етіне киілетін киім түрлері;

3) корсеттік бұйымдар – адам денесіндегі бір мүшенің формасын ұстап тұруға не дене пішімін сақтауға арналған киім;

4) жағажай киімдері – шомылуға және күн астында қыздырынуға арналған киім үлгілері;

5) бас киімдер – адамның басына киюге арналған киім.

(Козлова Т.В., Рытвинская Л.Б., Тимашева З.Н. «Основы моделирования и художественного оформления одежды)

  • Киім түрлері дегеніміз не?

  • Жалпы белгілер бойынша киімнің қандай топтары болады?

  • Өндірістік киімнің қызметі мен маңызы жайлы не білдіңіз?

  • Маусымдық деп қандай киім түрін атайды?

  • Жағажай киімдерін таңдағанда қандай талаптарды ескеру керек?

  • Корсеттік бұйымдар тарихын білесіз бе?

3-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын негізге алып, киім дүкенінің сатушысы мен тұтынушы болып өзара сұқбат құрыңыздар.

4-тапсырма. Құрастырған сұқбатыңыздағы төл сөздерді төлеу сөзге айналдырыңыз.

5-тапсырма. Төмендегі сөздердің қарсы мағынасын табыңыз.

Жас, үлкен, балалар, табиғи, бөледі, зиян, дамыту, жоғары, құлау, тәуелсіздік, мәдениетті, көптеген, сақтау, кию, ұстау.

6-тапсырма. Жасанды талшықтан тігілген киімдердің пайдасы мен зияны туралы не ойлайтыныңызды жазып беріңіз.

1. Тура толықтауышты белгілеңіз.

А) Мен әдемі көйлек сатып алдым.

Ә) Кейін түрлі киімдер пайда болды.

Б) Біздің дүкенімізге келіңіздер.

В) Мата қиындысынан тігілген..

Г) Алдында жырығы бар.

2. Анықтауыштың сұрағын белгілеңіз?

А) қашан?

Ә) кімнің?

Б) қалай?

В) қайда?

Г) не істеді?

3. Пысықтауыштың түрін анықтаңыз: «Ұялғаннан үндемей қалды».

А) мезгіл;

Ә) мекен;

Б) сын-қимыл;

В) мақсат;

Г) себеп.

4. Толықтауыш деген не

А) Грамматикалық формасы мен байланысы жағынан ыңғайлас келген мүшелер

Ә) Сөйлемде зат есім, есімдік немесе затесім орнына жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сынын, сапасын білдіретін сөйлем мүшесі

Б) Предикативті әс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі

В) Етістіктен, есім болған мүшемен байланысып, істің сапаның, заттың объектісін білдіретін сөйлем мүшесі

Г) Етістіктен болған сөйлем мүшесіне қатысып, іс-қимылдың түрлі сапасын, мезгілін, мекенін білдіретін сөйлем мүшесі

5. Толықтауыш қандай сұрақтарға жауап береді

А) Кім? Не?

Ә) Қашан?

Б) Не істеді?

В) Кімді?

Г) Кім? Не?

СОӨЖ: Зергерлік бұйымдар

Зергерлік бұйымдар – асыл металдарды әшекейлеп өңдеудің, түсті металдарды қорытып, олардың бетіне алтын, күміс жалатудың, көп жағдайда қымбат тастармен безендірудің нәтижесінде алынатын бұйымдар.

Зергерлік бұйымдар әдетте таза, асыл металдан жасалмайды. Оларға қажетті механикалық қасиеттер дарытып, тиісті түс алу үшін түсті металдар қосады. Мәселен, алтынның күміс және мыспен, кейде палладиймен, кадмиймен, никельмен, мырышпен қорытпасын, күміс пен платинаның мыспен қорытпасын, палладийдің күміспен және никельмен қорытпасын үстемелейді. Қорытпадағы асыл металдың құрамы оның сынамасын анықтайды. Көптеген елдерде сынаманы белгілеудің метрлік жүйесі қабылданған, ол бойынша сынама қорытпаның мың салмақтың бірлігіндегі асыл металдың бөлшек санымен белгіленеді .

АҚШ, Ұлыбритания, Швецарияда караттық жүйе қабылданған. Бұл бойынша асыл тастың 1000-сынамасы 24-шартты бірлікке сәйкес келеді.

Зергерлік және басқа бұйымдар дайындауға рұқсат етілетін асыл металдар қорытпасының сынамасы заңды түрде белгіленіп, мемлекет кепілдігінде болады. Бұл үшін бұйымдар сынамалық бақылаудан өтіп, оларға сынама таңбасы қойылады. Бұйымдарға таңба салу үшін түрлі елдерде суреті мен пішіні әр түрлі бақылау белгілері қолданылады. Алтынның 583-ші сынамалы қорытпасы неғұрлым кең тараған. Бұл сынаманың қорытпасының түсі металдардың сандық қарым-қатынасына қарай әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, егер 583-сынаманың қорытпасында алтын 58,3%, күміс шамамен 36%, ал мыс 23,4% болса, қорытпаның түсі жасыл реңк алады; күміс 18,3%, мыс 23,4% болса, қызғылт; күміс 8,3%, мыс 33,4% болса, қызылдау болады. Гауhар тасты әсемдік бұйымдарды дайындау үшін ақ алтын деп аталатын қорытпа кеңінен пайдаланылады, оның құрамы мынандай: 583-сынымалы алтын қорытпасында күміс 23,7-28,7%, палладий 13,0-18,0%, немесе никель 17,0%, мырыш 8,7% 16,0%, ал 750-ші сынамалы алтын қорытпасында күміс 7-15%, паладий 14%-ке дейін, никель 4%, мырыш 2,4% немесе никель 7,5-16,5%, мырыш 2-5%, мыс 15%-ке дейін болады.

Әсем нақышталып жасалған зергерлік бұйымдарға қондырылған бағалы, табиғи жарқырауық тастар әдемі өң беріп, бағасын арттырады. Бұл тастар шартты түрде бағалы, жартылай бағалы және әшекейлік деп бөлінеді. Бағалы тастарға алмас, лағыл, изумруд, жақұт, табиғи інжу, александрит; жартылай бағалыларға ай тасы, аквамарин, аметис, берилл, гранат, көгілдір ақық, гиоцинт, тау хрусталі, жадеит, морион, опал, топаз, турмалин, хризоберилл, хризолит, хризопраз, шпинель, циркон, цитрин, хромдиопсид, қолдан өсірілген інжу; әшекейлік тастарға авантюрин, агат, малахит, кәріптас, маржан, лазурит, нефрит, родонит, ақық, яшма және жарқырауық тастар жатады.

Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:

  • Зергерлік бұйымдар деген не?

  • Зергерлік бұйымдар неден жасалады?

  • Зергерлік бұйымдардың адам өміріндегі маңызы не?

  • Зергер деген кім?

  • Зергер болу үшін адамда қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыз?

  • Зергерлік бұйымдар сататын дүкеннің сатушысы мен тұтынушы арасында сұқбат құрастырыңыз.

СӨЖ: Қазақстандық атақты зергерлер туралы ақпарат жинап, реферат жазыңыз.

4-тақырып

Грамматика: Төл сөз бен төлеу сөз.

Лексика: Қазақтың ұлттық киімдері.

Төл сөз – жазушының я сөйлеушінің өз сөзінің ішінде біреудің сөзін ешқандай өзгеріссіз сол айтылған күйінде беруі. Төлеу сөз – біреудің сөзін жазушы не сөйлеуші өз сөзінде өзгертіп беруі. Төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейміз.