- •А.С.Сағымова, м.Н.Жакипова, ә.Ж.Баялиева, г.Ә.Имаханова, б.С.Бөпішева
- •«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы», «Тоқыма бұйымдарын жобалау технологиясы», «Дизайн» мамандықтарына арналған оқу құралы Алматы
- •Басуға ұсынған
- •Жеңіл өнеркәсіп.
- •Мал терісінен халқымыз қандай бұйымдар жасаған?
- •Саба ненің белгісі болған?
- •Тұрлаулы мүшелер
- •Бастауыштың жасалу жолдары
- •Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
- •Киім туралы түсінік
- •Толықтауыш
- •Анықтауыш
- •Пысықтауыш
- •Киім жіктемесі
- •Төл сөздің жасалу жолдары мен орын тәртібі
- •Қазақтың ұлттық киімдері
- •Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы
- •Дизайнер мамандығы
- •Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологы және құрастырушысы мамандығы
- •Тігін өнеркәсібі саласының мәселелері
- •Мәтін бойынша орындалатын тасырмалар:
- •Өлшем нышандарын түсіру және олардың реті
- •Иығы босады – уһ деп дем алды, жеңілдеп қалды.
- •Мәтін бойынша орындалатын тасырмалар:
- •Біздің университетімізде студенттер ательесі бар ма?
- •Жастардың қазіргі киіп жүрген сән киімі жөнінде пікіріңіз қандай?
- •Трикотаж
- •Трикотаж өрімдері
- •Тоқыма кәсіпорындарының бояу-өңдеу цехтары
- •Өнім сапасын стандарттау және бақылау
- •Жүн және одан жасалатын бұйымдар
- •Мақсат бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары
- •Тоқыма өнеркәсібінің даму тарихы
- •Алматы мақта-мата комбинаты
- •Жеңіл өнеркәсіп саласына арналған қазақша-орысша сөздік:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы
Ыңғайлас салалас (соединительные) құрмалас сөйлем |
Мысалдары
|
|
Шылаусыз |
[...], [...]. |
Күз өтті, қыс келді.
|
Шылау арқылы |
және, да, де, та, те, әрі
|
Күз өтті де, қыс келді. |
1-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, салалас құрмаластың жасалу жолын түсіндіріңіз.
1. Мата дүкеніне келдім де, ... . 2. Сен киім үлгісін жасадың да, ... . 3. Әжем ою-өрнек үлгілерін жасады және ... . 4. Алматы технологиялық университетінде дизайнер мамандарын дайындайды әрі, ... . 5. Гүлнәр ине, жіп, қайшы, таспаны жинап алды да, ... . 6. Кітапханадан киім жіктемесі жөнінде ақпараттар жинадым әрі, ... . 7. Табиғи матадан тігілген киім денеге ыңғайлы және ... . 8. Өмірде мамандықтың түрі көп және
Антропометрия – адамның дене мүшелерінің өлшемі.
Бионика – инженерлік бағытта шешетін биология мен техника бірлігіндегі ғылым.
Көрме – қоғамның не жеке адамның материалдық, я рухани жетістіктерін көрсететін орын.
Макет – бір нәрсенің кішірейтіліп көрсетілген үлгі жобасы.
Эргономика – (грекше: ergon – жұмыс және nomos – заң) – еңбек ету қабілетін дамыту мақсатында жұмыс істейтін адамды өндіріспен байланыста зерттейтін антропологиямен, экономикамен байланысты ғылым саласы.
2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, сөздікті пайдаланып жаңа сөздермен танысыныз.
Дизайнер мамандығы
Дизайн сөзі жоба, сурет, нобай деген ұғымды білдіргенімен, оның сан қыры бар екенін біле бермейміз. Біздің ойымызша дизайн – әсемдік заңына, эргономика және бионика заңдарына негізделіп, формаларды адамның антропометриясына арнап қалыптастыру философиясы.
Дизайнның тарихы XІX ғасырдың ортасынан бастау алады Лондонда Д.Пэкстон арнайы шыны ғимарат салғызады. Осы шыны ғимаратта І халықаралық өнеркәсіп заттарының формаларын сұрыптауға арналған дизайнерлер көрмесі өтті.
Германия Электр ассоциациясы дүниежүзінің жартысынан көбін электр кұралдарымен қамтамасыз етеді. 1907 жылы әйгілі қолөнер шебері, сәулетші Питер Бернс Электр ассоциациясы шығаратын заттарды әрлеуге баскөз болу үшін директор болып тағайындалады да, осылайша бірінші дизайн маманы және мамандығы пайда болады
1918 жылы Германияның әсем өнер қаласы Веймарда атақты «Баухауз» атты дизайнерлер жоғары мектебі ашылып, дизайнерлік білім кең өріс алды.
Елімізде дизайн өнерінің дамуына себепші болған – Тимур Бимашұлы Сүлейменов есімді азамат. Ол алғашқы дизайн шеберханасын ашып, кейінірек, шеберханасын Қазақстан Суретшілер одағының жанынан ұйымдастырды. Еліміздің елеулі азаматы күні бүгінге дейін 400-ден астам дизайн майталмандары бар ұжымды басқарып келеді.
Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған соң елді ел ететін рәміздер мен белгілердің керек екендігі айдан анық болды. Арнаулы топ құрылып, дизайнерлер одағы бұл іске кірісіп те кетті. Егемен елдің алғашқы теңгесінің макеті өмірге келді. Бұл жерде теңге тек ақша ретінде ғана емес, Қазақстанның рухани және материалды байлығының келбеті екені ескеріле отырып жасалды. Алғашқы теңгенің дизайнын жасауда тарихи деректер, ұлттық нақыш және тарихи тұлғалардың бейнесі қолданылды.
Т.Сүлейменовтің жетекшілігімен Қазақстан Дизайнерлер одағының өкілдері Астана, Алматы, Талдықорған, Ақтау, Мәскеу және тағы басқа қалалардың сәулет дизайнының көркеюіне белсене қатысып, Қазақ елінің таңдаулы және маңызды тұлғаларының ескерткіштерінің сәулет дизайндарын жасады. Бүгінгі күні біздің мамандарымыз Алматы, Астана және басқа да еліміздің қалалары мен елді мекендерінде көркейту және әрлендіру істеріне күш салып, белсене қатысуда.
Қазақстанда дизайнерлерді дайындау жақсы жолға қойылған. Бұл саладағы сапалы, жоғары білімді мамандарды негізінен Алматы технологиялық университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Көкшетау университеті, «Сымбат» сән академиясы және Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті дайындайды.
Ермек Асылханов, Қазақстан Дизайнерлер одағының вице-президенті, педагогика ғылымдарының докторы.
Дизайн дегеніміз не?
Дизайнер мамандығы қандай салалармен байланысты?
Дизайнер мен тігіншінің айырмашылығы қандай?
Қазақстанда дизайнер мамандығы дамыған ба? Дәлелдеңіз.
Дизайнер мамандығы қазақ топырағында болған ба?
Дизайнерлер одағының Қазақстанда атқарған елеулі істері жайлы өз сөзіңізбен әңгімелеп беріңіз.
Қазақстандағы дизайнерлерді дайындау қандай деңгейде деп ойлайсыз?
Мәтіндегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік келбеті» сөйлемінің мағынасын түсіндіріңіз.
3-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.
1) Дизайнның біздің елімізге келіп, оның дамуына себепші болған .... есімді азамат. 2) Ол алғашқы ... ... , кейінірек, ... Қазақстан Суретшілер одағының жанынан ұйымдастырады...3) Еліміздің елеулі азаматы ... ... басқарып келеді. 4) Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған ... ... айдан анық болды. 5) Арнаулы топ құрылып, ... ... ... кірісіп те кетті. 6) Егемен елдің алғашқы ... өмірге әкелді. 7) Теңге тек ... ғана емес, Қазақстанның рухани және материалды байлығының келбеті ... ... жасалды. 8) Алғашқы теңгенің ... ... тарихи деректер, ұлттық нақышта ... және ... ... жөн деп табылды. 9) Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен Қазақстан Дизайнерлер одағының өкілдері ... ... ... тағы басқа қалалардың сәулет ... ... белсене қатысты. 10). ҚР қалаларының орталық алаңдарының сәулет ... ... Қазақстан Дизайнерлер одағы өкілдерінің еңбегі зор.
4-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқып мәліметтермен келісесіз бе, әлде келіспейсіз бе? Ойыңызды дәлелдеңіз.
Дизайн ұғымы жобалау, үйлестіру, жоспарлау дегенді білдіреді. Бір ғалымдар тігін, біреулері бейнелеу, тағы бірі машина жасау дейді. Біздің ойымызша ол – әсемдік заңына, экономика және бионика заңдарына негізделмеген және оның формаларды адамның антропометриясына арнап қалыптастыру философиясына қатысы жоқ. Дизайнның тарихы XXІ ғасырдың соңында бастау алған. Лондонда Д.Пэкстон арнайы шыны ғимарат салғызған. Осы ғимаратта І халықаралық өнеркәсіп заттарының формаларын сұрыптауға арналған конференция өтті. Джон Рескин мен Уильям Моррис дизайн өнеріне арналған ғылыми теориялық және практикалық еңбектерін жариялады. 1918 жылы Венгрияның әсем өнер қаласы Берлинде атақты «Баухауз» атты дизайнерлер университеті ашылды. Содан бері дизайнерлік білім кең өріс алуда.
5-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
I. 1) Дизайнерлер елбасы резиденциясын әрлеу жобасын жасады да, ... . 2) Бас қоймаға аң терісінен жасалған бұйымдарды әкелді және ... .3) Киім тігуші маман дайын материалдан әр түрлі өлшемдерге арнап сызба жасады да, ... .4) Өлшемдердің қысқаша жазылуын аяқтады,..... 5) Жәмила шеберханаға көйлек тіккізуге келді,.... .6) Анамыз бәрімізге табиғи матадан тігілген көйлек жіберіпті және ... . 7) Наурызда аулаға 12 қанатты киіз үй тігіледі және ... .
II. 1) іші ұлттық жиһаздармен безендіріледі. 2) оны бөлімшелерге бөле бастады. 3) қатты қағазға түсіріп лекала дайындады. 4) әрі өзі біраз сейілдейін деді 5) сызбаларды тұлға пішінінің жарты бөлігіне тұрғыза бастады. 6) өзі де көп ұзамай жолға шығады екен.7) әр топ өз тапсырмасын орындауға кірісіп те кетті
6-тапсырма. Сұқбатты оқып, әрі қарай толықтырыңыз:
- Сен дизайн мамандығын не үшін таңдадың?
- Дизайн сөзінің мағынасы – әсемдік, көркемдік дегенге келеді емес пе, мен сол әдемі, нәзіктік үшін таңдадым.
- Енді түсінікті болды. Себебі сен не нәрсе болса да әдемілікке балайсың ғой.
- Иә, мен бала кезімнен сондаймын. Өзің байқап қарашы, Қазақстанның қай жерін алсаң да өзіндік өрнегі бар.
- Дұрыс айтасың. Ата бабамыз қалдырған мәдени мұраның қайсысын алсаң да көзге түсетіні осы әсемдік.
- Біздің университетте дизайн мамандығының киім дизайны, жарнама дизайны, интерьер дизайны мамандарын дайындайды ғой. Сен қайсысын таңдаған болар едің?
- Маған бәрі де қызық сияқты. Киім дизайнын келтіру үлкен өнер. Ол көп ізденісті талап етеді. Мен ұлттық нақыштағы киімдерді ұнатып жүрмін.
-Ал ланшафт дизайны туралы не білесің ?
- ......................................................................... .
1. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз
А) Ұлттық киімдер көрмесі
Ә) Киім дизайнын жасау керек
Б) Айдар тез киініп шығып, далаға шықты
В) Матаның түсі өте әдемі екен
Г) Кеш батты да, шеберханада ешкім қалмады
2 Баяндауыштары тиянақты, өзара тең дәрежеде байланысатын құрмаластың түрін белгілеңіз
А) Аралас құрмалас сөйлем
Ә) Сабақтас құрмалас сөйлем
Б) Шартты бағыныңқы сабақтас
В) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас
Г) Салалас құрмалас сөйлем
3. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз
А) Жақсы мата бар, бірақ маған онша ұнамады
Ә) Біресе алға жылжиды, біресе тоқтап қалады
Б) Бүгін зертхана іші адамға толы
В) Жарнама дизайны орынды қолданды
Г) Аулада үлкен киіз үй орнатылды, жанына жиһаздарын үйіп қойды
4. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз
А) Ол өте талантты дизайнер
Ә) Мен не пальто аламын , не тон сатып аламын
Б) Сенбі күні бірде себілікке шығады, бірде мәжіліс болады
В) Қайта өңделді, бірақ ешкім тексере қоймады
Г) Сызба дайындалды, киім пішілді
5. Ыңғайлас салалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтарды көрсетіңіз
А) Себебі, сондықтан
Ә) Сонша, сондай
Б) Я, яки, не
В) Бірақ, дегенмен
Г) Да, де, әрі
СОӨЖ: Кристиан Диор және Джоржио Армани өмірі мен өнері жайлы.
Кристиан Диор (1905-1957) – француз дизайнері, Christian Dior Perfume фирмасының негізін қалаушы.
Кристиан Диор 1905 жылдың 21 қаңтарында солтүстік-батыс Францияның Ла-Манш жағалауындағы Гранвиль шағын калашығында дүниеге келген. 1911 жылы Кристианның отбасы Парижге көшіп келеді. Ата-анасы бақуатты адамдар болған. Бес баланың ішіндегі екінші баласы Кристиан ештеңеден мұқтаждық көрмеді. Оның әкесі химиялық тыңайтқышты сатумен ақша тауып еңбектенді.
Бастауыш білімді үйде алды және ол ата-анасының айтуымен дипломатиялық қызметке дайындалды. Кристиан саяси ғалымдар мектебіне оқуға түсті, бірақ осымен оның саясат саласындағы қызметі аяқталды. 1928 жылы Кристиан өзінің досы Жан Бонжакпен «Дерена», «Матисса», «Пикассо» жұмыстарын көрсетіп арт-галереясын ашты. Le Figaro Illustre жорналында көйлек пен бас киімдердің суреттерін баспаға шығарды. Оның бас киім үлгілері жақсы сұранысқа ие болды. Осыдан кейін ол киім үлгісін жасайтын маман ретінде оқиды. 1938 жылы ол атақты Робер Пигенің көзіне түседі,бірақ соғыс басталып мансабының дамуына кедергі болды. Содан Диор әскерге кетіп қалады. Бірақ 1941 жылы ол Парижге қайта келеді де Lucien Lelong сән үйінде жұмыс істей бастайды. Соғыстан кейін 1946 жылы Marcel Boussagтың қаржылық қолдауымен ол жеке сән үйін ашады.
1947 жылы халық назарына Диор New Look деп аталатын ең бірінші сәнді киімдер жиынтығын ұсынды. Соғыстан шаршаған, формалық киімдерді ғана киіп жүрген әйелдер қауымы үшін бұл үлкен серпіліс және қайталанбас сән үлгісі болды. Ең алғашқы киім үлгілерін жасағанда-ақ Диор әйелдің әйелдік қасиеттерін басты назарда ұстап, сән әлемінде үлкен төңкеріс жасады. Бастапқыда жаңа дизайнерге барлығы күдікпен қарайды, бірақ жылдар өте бүкіл Еуропа мен Америка Диордың жаңа стилін қабылдады.
Париж соғыстан кейін сән әлеміне үлкен жаңалық пен серпіліс әкелген Диордың тынымсыз еңбегінің арқасында «Сән астанасы» деген атағына қайта иеленді.
Диор досы Жак Руэмен бірге модельдік бизнесте бірінші болып лицензия қолдана бастады. 1948 жылдан бастап ол Францияның басқа да аймақтарында өзінің сәнді киімдер өндірісін лицензиялауды ретке келтіреді. Осылайша Диор фирмалық таңбасы әлемге әйгілі болды.
Кристиан Диор әтір иістерін жақсы көрген. Ол 1942 жылы парфюмдік зертхана ашады, кейін ол дамып, дүниежүзіне атақты Christian Dior Perfume фирмасына айналды. Диордың «Әтір – бұл әйел адамның жеке қасиеттерін білдіретін, жеке тұлға ретіндегі көзқарасының таңбасы болып табылады» деген сөзі бар. Miss Dior, Diorama, Diorissimo әтірлері Диордың көзі тірісінде шығарылған. Кейіннен шыққан Dioresense, Diorella әтірлері де классикалық диорлық әтірлер қатарын құрайды.
Ұлы дазайнер 1957 жылдың қазан айының 24 жұлдызында 52 жасында жүрек ауруынан Монтекатини-Термеде (Италия) дүниеден өтті. Оның Гранвильдегі үйі қазір Диор мұражайы ретінде сақталған.
Дүниежүзіндегі сән әлемін жаулап алған Джоржио Армани Милан университетінің терапия мамандығына ата-анасының қалауымен түскен, оны оқи алмай үшінші жылы тастап кеткен. Жас итальяндық жігіт әскерде жүрген кезінде дизайнер болуды шешті. Әскерден келген соң, Джоржио Армани фотографтарға витриналарды көркемдеуге және үлкен итальяндық әмбебап дүкендерге жаңа заттарды сатып алу саудасына көмектесе жүріп, көптеген тәжірибе жинады. Арманидың осы тәжірибесі кейін өзі құрған үлкен корпорацияға құйылған миллиардтаған ақшаны орнымен, дұрыс игеруге тигізген пайдасы мол болды.
Күндердің күні Армани жұмыс барысында сән әлемінде атағы шығып үлгерген Нино Черруттимен танысады. Черутти Арманидың талантын танып, оны Hitman маркасының жаңа модельдерін жасауға шақырады. Осыдан он шақты жыл өткен соң Армани ескі «фольксваген» автокөлігін сатып, жеке кәсіпкерлігін ашып, өз ісін бастайды.
Арманидің ең алғашқы және атағын әлемге танытқан әйелдерге арналған сәнді киімдер жиынтығы 1975 жылы “pret-a-porter” атауымен көрсетілді. Өте сәтті шыққан атылмыш көрсетілімнен соң Арманидың суреті Кристиан Диордан кейінгі екінші болып «Time» журналының мұқабасында жарияланды. Арманидың сән әлеміндегі атағы мен беделінің өте жоғары дәрежеге өсуі оның еңбекқорлығы мен іздемпаздығының нәтижесі. Қазіргі таңда әлемдегі атақты адамдардың көбісі тек Арманиден киінуді армандайды.
(Баспасөз материалдарынан(
Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:
Атақты екі дизайнердің өмір белестерінде қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?
Атақ, даңқ деген сөздерді қалай түсінесіз?
Дизайнер мамандығының ерекшелігі неде деп ойлайсыз?
СӨЖ: Мәтінге байланысты ақпарат жинап, тұсаукесер жасаңыз.
6-тақырып
Грамматика: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
Лексика: Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологы және құрастырушысы мамандығының қыры мен сыры.
Жай сөйлемдерінің мағыналары бір біріне қарама қарсы болып келетін салаластың түрі қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы: Дизайн сөзі жоба, сурет дегенді білдіретіні белгілі, бірақ та біз оның сан салалы қыры мен сырын білмейміз.
Қарсылықты салалас құрмалас (противительные) |
1. [...],[...]. 2. дегенмен, әйтсе де, сонда да, болмаса, өйтсе де, бірақ, әйткенде, алайда. |
Ағам келді, атам кетті. Мен ерте тұрдым, әйтсе де сабаққа кешіктім. |
1-тапсырма. Төменде берілген жалғаулықтармен қарсылықты салалас құрамалас сөйлемдер жасаңыз.
І) 1. Менің «Ерке-Нұр» фирмасына барғым келеді, бірақ ... . 2. Астана – ғажайып әдемі қала, алайда ... . 3. Біз ең алдымен орталық мұражайға бардық, бірақ ... . 4. Францияның астанасын «сән орталығы» деп атайды, алайда ... . 5. Мен киім дизайнері болғым келеді, әйтсе де ... . 6. Көкшетау маған өте ұнады, дегенмен ... .
ІІ) 1. ..., маған ұлттық мұражай көбірек ұнайды. 2. ..., Алматыға не жетсін. 3. ..., тігін өндірісі мәселелерінен босап шыға алмадым. 4. ..., мен өз ауылымды жақсы көремін. 5. ..., өз еліміздің де мамандары әлемді таң қалдырады. 6. ..., интерьер дизайнері көбірек қызықтырады.
Г рафика – 1) жазу таңбалары; 2) бірден қағазға түсіріліп көбейтілетін бейнелеу өнерінің бір түрі.
Комбинат – 1) түрлі өндіріс салаларын біріктіретін ірі өнеркәсіп бірлестігі;
2) түрлі дәрежелі оқу орындарының бірлестігі.
Кескіндеме – белгілі бір нәрсенің бет-әлпетін, кейпін бояумен түсіретін бейнелеу өнерінің бір түрі.
Лекал – даяр үлгі, картоннан немесе басқа материалдан қиылған бұйымдар бөліктері.
Технология – материалды өңдеу мен дайындау тәсілінің жиынтық аты.
Үлгі – 1) бір нәрсені тігу үшін арнайы жасалған форма, қалып.
Цех – өнеркәсіп орнының негізгі өндірістік бөлімшесі.
2- тапсырма. Мәтінді оқыңыз, сөздікті пайдаланып жаңа сөздермен танысыңыз.
