- •2.Қазақстан тас ғасыры
- •4. Сақтар тайпалық қоғамы. Саяси тарихы. Қоғамдық құрылысы.
- •5. Үйсін және қаңлы мемлекетері
- •6. Ғұндар құрылуы. Қазақ халқының этногенездегі ролі.
- •8. Түрік қағанатының құрылуы Түрік этнонимі. Батыс түрік қағанаты
- •9.Түргеш қағанаты(704-756)
- •10. Қарлұқ мемлекеті(756-940)
- •14. Қыпшақ хандығы. Қыпшақ халқының қалыптасуы.
- •11.Оғыз конфедеренциясының құрылуы
- •13. Қарахан мемлекеті - Орта Азиядағы ең бірінші мұсылмандық түрік мемлекеті.
- •16. Монғол империясының құрылуы. Монғолдардың астындағы Қазақстан
- •17. Алтын Орданың құрылуы. Мемлекеттік-әкімшілік құрылымы.
- •18. Ақ Орданың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
- •19. Ноғай Ордасы: саяси және әлеуметтік құрылысы.
- •20. Моғолстан мемлекетінің құрылысы мен құлауы.
- •21.Әілқайыр хандығының құрылуы және әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- •22 Қазақ ұлтының құрылуы. Қалыптасуының негізгі этаптары.
- •23. Қазақ жүздері. Этникалық аумағы.
- •24. Қазақ хандығының құрылуы. Жәнібек пен Керей - Қазақ хандығының бірінші хандары.
- •25. XIII - XV ғғ. Қазақстан мәдениеті (материалдық мәдениет, ауызша және жазбаша шығармашылық, діни көрсету)
- •26.Қасым хан. Қазақ хандығының көтерілуі. Аумағының үлкендеуі
- •27. Хакназар Хан. XVI ғ. Екінші жартыжылдығында Қазақ хандығының бекінісі.
- •28.Тауекел хан. Ресеймен жақындау жолын іздеуде.
- •29 Есім хан. XVII ғ. Басында Қазақстанның саяси орны
- •30. Жәнгір хан. XVII ғ. 1630-1650 жж. Қазақ хандығы
- •32. Қазақ билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. XVII - XVIII ғ. Қазақтардың әлеуметтік өміріндегі билердің рөлдері.
- •33.XVII - XVIII ғғ. Қазақ-жоңғар қатынасы
- •34. Қазақстанның Ресейге қосылуы.
- •35.Аблай ханның басқаруы (1771-1781). Аблай ханның ішкі және сыртқы саясаты
- •37. 1822, 1824Ж. Жарғылар. Орта және Кіші жүзден хандық биліктің жойылуы
- •38. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық күресі (1783-1797)
- •39. XviiIғ. - XIX ғасырдың ортасы Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.
- •40 Бөкей хандығының құрылуы. И. Тайманұлы және м. Өтемісұлы бастаған көтеріліс (1836-1838).
- •41. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847)
- •42.Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс (XIX ғ.)
- •43. Оңтүстік Қазақстанға орыс әскерінің кіруі және Ұлы жүз қосылуының тоқтатылуы.
- •44. 1860-1890 Жж. Әкімшілік, соттық және аграрлық реформалар.
- •45. Орал, Торғай (1868-1869) және Манғыстаудағы (1870) қазақтардың көтерілісі.
- •46 .Қазақстан мәдениеті (XIX ғ.)
- •47.XIX ғ. Екінші жартыжылдығында Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірістің туылуы.
- •48.Қазақстанға капиталистік қатынастың енуі (XIX ғ. Екінші жартыжылдық - XX ғ. Басы)
- •49. Патшалықтың көшіп қону саясаты. (XIX ғ. Екінші жартыжылдық - XX ғ. Басы)
- •50. Қазақстан тұрғындарының Ресейлік төңкеріліске қатысуы және оның Қазақстанға деген әсері.
- •51. XX ғ. Басындағы қазақ зиялыларының саяси қызметі.
- •52. 1916 Ж. Қазақстандағы ұлт-азаматтық көтеріліс.
- •53.1917 Ж. Ақпан көтерілісіндегі Қазақстан.
- •54. XX ғ. Басында Қазақстандағы саяси партиялар және қозғалыстар.
- •55. Қазан көтерілісі және Қазақстандағы Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •56.Азамат соғыс жылдарындағы Қазақстан. "Әскери коммунизм" политикасы.
- •57.XX ғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •58. ҚазАсср құрылуы.
- •59. Нэп (жэс) жылдарындағы Қазақстан.
- •60.1925-1940Жж. Қазақстанның индустриялдық дамуы.
- •61.Қазақстандағы "Кіші Қазан" политикасы.
- •62.Ауыл шаруашылығының ұжымдастыруы және оның нәтижесі.
- •63. Политикалық жаппай жазалау шаралары.
- •64.Соғыс алды жылдарында Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір.
- •65.1920-1940 Жж. Қазақстан мәдениетінің дамуы.
- •67.Қазақстан аумағындағы әскери бөлімінің қалыптасуы. Ұлы Отан соғыс майданындағы қазақстандықтар.
- •68. Бейбіт құрылысқа ауысу (1946-1953)
- •70.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (1946-1964).
39. XviiIғ. - XIX ғасырдың ортасы Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.
Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығы бытырап, әр жүзде жеке хандар сайланып, бұл хандар Абылай хан ұрпағы Уәли ханға бағынуға ниет білдірмеді. Әр жүздің өзіне тән тарихи-географиялық аймағы болды. ХІХ ғасырдың басында Кіші жүз Батыс Қазақстанның Сырдариядан батысқа Жайық пен Тобыл өзеніне дейінгі жерді алып жатты. Орта жүзге тән территория шығыста Қытай шекарасынан батыстағы Торғайға дейін, Ташкенттен оңтүстік Сібір жеріне дейін қамтыды. Ұлы жүз Жетісу, оңтүстік-шығыс және оңтүстік Қазақстан территориясын мекендеді. Табиғи - климаттық жағдай шаруашылық өмірдің барлық қырынан байқалды. Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша, “ертеден қазақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болған. Біз өмірімізді мал шаруашылығының ыңғайына қарай бейімдеп отырдық”. Көшпелі мал шаруашылығының негізгі өзіне тән айырмашылығы бір жерден екінші жерге көшіп-қонып отыруы болды (жайлау, күздеу, қыстау, көктеу). ХІХ ғасырдың басына қарай жеке рулар арасында жайлау мен қыстау жерлеріне бөлініс басталды.Қазақтардың көшпелі-жайылымдық шаруашылығының негізгі жүйесі экстенсивті сипатта болды. ХІХ ғасырдың басында қазақтардың шөп шабумен айналыса бастауы мал шаруашылығының тұрақтанып, оның табиғаттың қолайсыз жағдайына қарсыласуына мүмкіндік әперді. Қазақтардың шекара өңіріндегі орыс елімен сауда байланысының дамуында малдың жекеленген түрлері ерекше мәнге ие болды. Қой саудасы орыс және Орталық Азия көпестері тарапынан жоғары бағаланды. Ірі қара малдан ет, сүт, май өндіріп базарларға шығарып сата бастады. Түйенің көлік ретінде маңызы арта түсті. Бұхарадан Хиуаға бір жолғы жүк тасымалдау жағдайға қарай бір түйеге 35-50 сомнан 100 сомға дейін жетті. ХІХ ғасырда қазақтардың жер шаруашылығымен айналысуы да кең дами бастады. Ұлы жүз ежелден жер шаруашылығымен айналысатын. ХІХ ғасырдың 30-жылдарында жер шаруашылығымен кедейлерден басқа ауқатты қазақтардың да бір бөлігі айналыса бастады. Жетісуды, Балқаш көлінің және Ертіс өзендерінің жағасын мекендеген қазақтар – бидай, сұлы, арпа егіп, суармалы жүйе арқылы жақсы өнім алатын болған.ХІХ ғасырдың 40 жылдары шекара бойында тұратын Орта жүз қазақтарының бір бөлігі - жатақтар жер шаруашылығымен айналыса бастады. Әсіресе, олар Көкшетау, Ақмола, Баянауыл округі және Сырдария аудандарында байқалды.Жер өңдеу құрал-жабдықтары дөрекі темір кетпен, ағаш, жер тырма және сирек кездесетін темір соқалар болды.Сырдария, Торғай және Ырғыз өзендері жағалауында тұратын қазақтар бау-бақша егумен айналысты. Онда қарбыз, қауын, пияз, сәбіз, асқабақ, жүгері және т.б. көкөніс түрлерін екті. Қазақтар ертеден балық кәсіпшілігімен, сонымен қатар аң аулаумен де (қасқыр, түлкі, қарсақ т.б) айналысты. Аң терілерін өз қажеттеріне жұмсап және орыс саудагерлеріне сатып отырды. Қазақтардың негізінен кедей бөлігі – жатақтар мен егіншілер балық шаруашылығымен айналысатын, олар балықты ау немесе сүзгіш арқылы ұстады. Қазақтардың шаруашылығында түрлі қолөнер де ерекше орын алды. Тері өңдеу, оқ-дәрі жасау, ағаш немесе сүйектен, темірден түрлі заттар жасау дами түсті. Әсіресе, киіз үйдің кереге, уық, шаңырағын жасайтын шеберлер ерекше бағаланды. Қазақтар үй шаруашылығына керекті шалғы, соқа, орақ сияқты кейбір заттарды темірден жасаған. Зергерлер күмістен түрлі әшекей бұйымдар жасап отырған. Суық қарудың барлық түрлерін, мылтықты да жасай білген. Қазақ әйелдері текемет, киіз, сырмақ, тұмақтар, тондар, аяқ киім т.б. заттарды керемет жасаған.
