Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
845 Кб
Скачать
☆

68. Бейбіт құрылысқа ауысу (1946-1953)

Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді. 1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді. Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды. Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды. Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті. Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б. 1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді. Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды. Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті. Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары:  1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді.  2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды.  3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді.  4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді.  5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді.  6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды

69. Тың және тыңайған жерді иегеру және оның нәтижесі.

Тың жерлерді жаппай игеру бағыты КОКП Оратлық Комитетінің 1954 жылғы қантар-наурыз пленумыңда анықталды. Пленум қабылдаған “Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру туралы, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы” қаулы бойынша ҚР-да, Сібірде, Уралда, және Солтүстік Кавказда астықтық дақылдардың егіс көлемі күрт өсуге тиісті болды. Жаңа жерлерді игеру есебінен 1954-1955 жылы одан 1100-1200 млн. пұт астық алу белгіленді. 1954 жылдың тамызының басына қарай КСРО-да тыңды игеру жөнінде белгіленген тапсырма орындалды: 13,4 млн. га жаңа жерлер, оның ішінде ҚР-да 6,5 млн. га жер жыртылды. 1954 жылғы тамыздың 13-інде КОКП Оратлық Комитеті мен КСРО Министірлер Кеңесі “Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы” жаңа қаулы қабылдады. Онда 1956 жылы тың жерлердегі егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу міндеті қойылды. Ғалымдардың тың жерлерді осыншама кең көлемде игеру өзін-өзі ақтамауы және табиғатқа үлкен зиян келтіріуі мүмкін деген ескертулерін ешкім есепке алмады. 1955 жылы жоспардағы 7,5 млн. гектардың орнына тағы 9,4 млн. га жер жыртылды. Тың жерлердін басым көпшілігі негізінен ҚР-дың солтүстігіндегі 6 облыста-Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшктау, Торғай және Павлодар облыстарында жүзеге асырылды.1954 жылы МТС-тер мен бұрынғы қосымша колхоздардын күшімен 4,847 мың гектар, ал совхоздардың күшімен3684 мың га жаңа жерлер жыртылды. Сонымен екі жылға арналған мемлекеттік жоспар не бары бір жылда артығымен орындалды. Нәтижелері: Қазақстан жеріне бүкіл одақтан мамандардын келуі, жаңа жолдар салынып жаңа елді мекендер құрыла басталды. Бұнымен қоса оның жағымсыз жақтары да болды. Мамандармен қоса ҚР-ға көптеген қылмыскерлер мен оңай пайда табуды көздеген арамтамақтар да келген. 50-60 жылдардың басында әлі де экономикасы нығая қоймаған колхоздарға ауыр да әділетсіз шарттармен таратылған МТС-тердін техникасын сату ауыл шаруашылығы өнімдерінің күрт төмендеуіне әкеп соқты. Жетіжылдыққа (1959-1965 жылдар) белгіленген жалпы өнімді 70%өсірудің орнына 15 процент-ақ өнім алынды. Экологиялық тепе-тендікті бұзу өте ауыр жағдайға душар етті. Топырақ эрозиясы күшейді, жердің құнарлы қабаты (гумус) желге ұшты.Жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын жерлер қысқару нәтижесінен мал шаруашылығы шығынға ұшырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]