- •2.Қазақстан тас ғасыры
- •4. Сақтар тайпалық қоғамы. Саяси тарихы. Қоғамдық құрылысы.
- •5. Үйсін және қаңлы мемлекетері
- •6. Ғұндар құрылуы. Қазақ халқының этногенездегі ролі.
- •8. Түрік қағанатының құрылуы Түрік этнонимі. Батыс түрік қағанаты
- •9.Түргеш қағанаты(704-756)
- •10. Қарлұқ мемлекеті(756-940)
- •14. Қыпшақ хандығы. Қыпшақ халқының қалыптасуы.
- •11.Оғыз конфедеренциясының құрылуы
- •13. Қарахан мемлекеті - Орта Азиядағы ең бірінші мұсылмандық түрік мемлекеті.
- •16. Монғол империясының құрылуы. Монғолдардың астындағы Қазақстан
- •17. Алтын Орданың құрылуы. Мемлекеттік-әкімшілік құрылымы.
- •18. Ақ Орданың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
- •19. Ноғай Ордасы: саяси және әлеуметтік құрылысы.
- •20. Моғолстан мемлекетінің құрылысы мен құлауы.
- •21.Әілқайыр хандығының құрылуы және әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- •22 Қазақ ұлтының құрылуы. Қалыптасуының негізгі этаптары.
- •23. Қазақ жүздері. Этникалық аумағы.
- •24. Қазақ хандығының құрылуы. Жәнібек пен Керей - Қазақ хандығының бірінші хандары.
- •25. XIII - XV ғғ. Қазақстан мәдениеті (материалдық мәдениет, ауызша және жазбаша шығармашылық, діни көрсету)
- •26.Қасым хан. Қазақ хандығының көтерілуі. Аумағының үлкендеуі
- •27. Хакназар Хан. XVI ғ. Екінші жартыжылдығында Қазақ хандығының бекінісі.
- •28.Тауекел хан. Ресеймен жақындау жолын іздеуде.
- •29 Есім хан. XVII ғ. Басында Қазақстанның саяси орны
- •30. Жәнгір хан. XVII ғ. 1630-1650 жж. Қазақ хандығы
- •32. Қазақ билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. XVII - XVIII ғ. Қазақтардың әлеуметтік өміріндегі билердің рөлдері.
- •33.XVII - XVIII ғғ. Қазақ-жоңғар қатынасы
- •34. Қазақстанның Ресейге қосылуы.
- •35.Аблай ханның басқаруы (1771-1781). Аблай ханның ішкі және сыртқы саясаты
- •37. 1822, 1824Ж. Жарғылар. Орта және Кіші жүзден хандық биліктің жойылуы
- •38. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық күресі (1783-1797)
- •39. XviiIғ. - XIX ғасырдың ортасы Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.
- •40 Бөкей хандығының құрылуы. И. Тайманұлы және м. Өтемісұлы бастаған көтеріліс (1836-1838).
- •41. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847)
- •42.Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс (XIX ғ.)
- •43. Оңтүстік Қазақстанға орыс әскерінің кіруі және Ұлы жүз қосылуының тоқтатылуы.
- •44. 1860-1890 Жж. Әкімшілік, соттық және аграрлық реформалар.
- •45. Орал, Торғай (1868-1869) және Манғыстаудағы (1870) қазақтардың көтерілісі.
- •46 .Қазақстан мәдениеті (XIX ғ.)
- •47.XIX ғ. Екінші жартыжылдығында Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірістің туылуы.
- •48.Қазақстанға капиталистік қатынастың енуі (XIX ғ. Екінші жартыжылдық - XX ғ. Басы)
- •49. Патшалықтың көшіп қону саясаты. (XIX ғ. Екінші жартыжылдық - XX ғ. Басы)
- •50. Қазақстан тұрғындарының Ресейлік төңкеріліске қатысуы және оның Қазақстанға деген әсері.
- •51. XX ғ. Басындағы қазақ зиялыларының саяси қызметі.
- •52. 1916 Ж. Қазақстандағы ұлт-азаматтық көтеріліс.
- •53.1917 Ж. Ақпан көтерілісіндегі Қазақстан.
- •54. XX ғ. Басында Қазақстандағы саяси партиялар және қозғалыстар.
- •55. Қазан көтерілісі және Қазақстандағы Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •56.Азамат соғыс жылдарындағы Қазақстан. "Әскери коммунизм" политикасы.
- •57.XX ғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •58. ҚазАсср құрылуы.
- •59. Нэп (жэс) жылдарындағы Қазақстан.
- •60.1925-1940Жж. Қазақстанның индустриялдық дамуы.
- •61.Қазақстандағы "Кіші Қазан" политикасы.
- •62.Ауыл шаруашылығының ұжымдастыруы және оның нәтижесі.
- •63. Политикалық жаппай жазалау шаралары.
- •64.Соғыс алды жылдарында Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір.
- •65.1920-1940 Жж. Қазақстан мәдениетінің дамуы.
- •67.Қазақстан аумағындағы әскери бөлімінің қалыптасуы. Ұлы Отан соғыс майданындағы қазақстандықтар.
- •68. Бейбіт құрылысқа ауысу (1946-1953)
- •70.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (1946-1964).
70.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (1946-1964).
Кеңес елінде 20 жж. ортасында әбден күшіне мінген қатты әміршіл-әкімшілік жүйе 30-40 және 50 жж. бас кезінде өзінің шарықтау шыңына жетті. Адамның бас бостандығын тұншықтыру, оның құқын есепке алмау, адамдарды өндіріс құралдарынан алыстату, мемлекетті басқару билігіне ықпал жасау саясатын қалптастыру сияқты теріс құбылыстар оған толқ дәрежеде тән еді. Елде И.В.Сталиннің жеке басына табыну бел алды. Қандай да болсын табыстың бәрі оның басшлық жасай білуіне, ал ірі кемшіліктер мен олқылықтар “халық жауларына” таңылды немесе үнсіз қалдырылды. Мұның бәрі республиканың қоғамдық-саяси дамуына теріс әсер етіп, ауыр зардаптарға ұшыратты. Даңғаза саяси айдар таңуды пайдаланған әртүрлі ұрандардың көлеңкесінде заңдылық бұзылып, өкімет билігі теріс қолданылып жатты. Сөйтіп, саяси жүйе өзінің іштей дамуға қабілетсіз екенін көрсетті. Қалыптасқан дәстүр бойынша, партия органдарының басшылық ролі олардың қоғам өмірінің барлық жақтарына тікелей, таза әміршіл-әкімшілік араласуы деп түсінілді. Мемлекеттік органдардың құзырына жататын мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылықтық және әлеуметтік-мәдени міндеттерді орындауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды барынша тартқанмен, осы арқылы оларды дербестігінен айырды. Жас, талант тарихшы Ермұхан Бекмаханов “Қазақ КСР- тарихын” даярлау үстінде жұмыс істеп жатқан ғалымдардың интернационалдық ұжымының мүшесі еді, бұған А.П. Кучкин, А.М.Панкратова, Б.Д.Греков, Н.М.Дружинин және басқа көрнекті Кеңес тарихшылар кірген-ді. 1943 жылы маусымда кітап жарыққа шықты. Сарапшылардың біреулері оны Қазақстанның жинақталған тарихын жасаудағы алғашқы әрі сәтті қадам деп санады, басқа біреулері “Россияға қарсы ұлттық көтерілістерді дәріптейтін орыстарға қарсы кітап”деп сынады. “Тарихтағы” отарлауға қарсы көтерілістерге берілген баға ғылымикескілескен айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың “XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан” (1947 ж.) деген монографиясындаайтылған оның көзқарастары буржуазияшыл ұлтшылдардың концепцияларының дамытылған түрі-саяси зияынды деп жарияланды. 1950 ж. “Правда” газеті Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін” деген мақаласында Е.Бекмахановтың кітабын айыптады.
“Правданың мақаласы Бекмахановқа саяси айып тағып, құртуды тікелей бастап берді. 1951ж. 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақала туралы қаулы қабылдап, онда мақаланы дұрыс деп тапты және “Бекмахановтың буржуазияшыл-ұлтшылдық көзқарасын айыптады”. 1951ж. маусымда Қазақстан Компартиясының орталық Комитеті “Правда” газетіндегі мақалаға қайта оралып, 1951 ж. 10 сәуірдегі қаулыны жүзеге асыру жөнінде бірсыпыра қосымша шаралар белгіледі.
71.Қазақстандағы шаруашылық реформалар (1965-1970): халық шарушылығын басқарудың өзгерістері. Жалпы КСРО-да халық шаруашылығын бiртұтас кешенге айналдыру бағдарламасы жасалып, одақтас республикалардың экономикасын жалпы одақтық көлемде орталықтандырылған басқарумен ұштастыру, республикалар арасындағы еңбек бөлiнiсiн тереңдету көзделдi. Осыған орай республикада өнеркәсiптiк өндiрiстi аумақтық жағынан ұйымдастырып, аймақтардағы өндiргiш күштердi кешендi түрде дамытуға ден қойылды. Сан алуан табиғи байлықтарды қарқынды түрде халық шаруашылығы айналымына қосу, өндiрiс құрал-жабдықтары өндiрiсiн басымырақ дамыту, республиканың жергiлiктi жағдайлары мен ерекшелiктерiн ескере отырып жалпы одақтық және аймақтық мүдделерге сай келетiн өнiмдер өндiруге мамандандыру мiндетi алға қойылды. 1985 жылы республиканың қоғамдық, жалпы өнiмi 1960 жылмен салыстырғанда 3,9 есе артты. Материалдық өндiрiстiң басқа салаларының да даму деңгейi жоғары болды. Өнiм өндiрудiң жалпы көлемi өнеркәсiпте 5 есе, ауыл шаруашылығында 1,7 есе, материалдық-техникалық жабдықтауда — 2,9, құрылыста — 3,4, көлiк пен байланыста — 4,6, сауда мен қоғамдық тамақтандыруда — 4,5, өнiм дайындауда — 2,4 есе өстi. Аса бай табиғат қорлары негiзiнде өнеркәсiп халық шаруашылығы кешенiнде жетекшi орынға ие болды. Iрi кәсiпорындар, жаңа шахталар пайда болды. Мұнай,болат, минералды тыңайтқыштар, көмiр, т.б. табиғат қорларын ашудың көлемi көбейдi. Халық шаруашылығының мамандандырылған салалары (түстi және қара металлургия, отын-энергетикалық кешенi, т.б.) басымырақ дамыды. Павлодар, Екiбастұз, Қаратау, Жамбыл, Маңғышлақ аумақтық-өндiрiстiк кешендерi (АӨК) қалыптасты,Қарағанды — Темiртау, Шығыс Қазақстан, Торғай және Шымкент — Кентау аумақтық өндiрiстiк кешен дамытылды. 70-жылдардан бастап өндiрiс жоспарлы түрде шоғырландырылып, негiзгi өнiм түрлерiн неғұрлым iрi кәсiпорындар мен өндiрiстiк бiрлестiктер өндiрдi. 1986 жылдың басына қарай республикада 610 кәсiпорынды бiрiктiрген, бүкiл өнеркәсiп өнiмiнiң жартысынан астамын шығаратын 162 бiрлестiк болды. 1984 жылдың аяғында республикада 2139 кеңшар, 412 ұжымшар, 203 шаруашылықаралық кәсiпорындар мен ұйымдар, 40 өндiрiстiк ауыл шаруашылығы бiрлестiгi жұмыс iстедi. Тамақ өнеркәсiбi 30 сала мен өндiрiстi қамтыды. Халықтың жан басына шаққанда ұлттық табыс 1960 жылмен салыстырғанда 1985 жылы 2 есе, нақты табыс 2,2 есе, төлемдер мен жеңiлдiктер 3,9 есе өстi. Бейөндiрiстiк аяның барлық салаларының негiзгi қорлары 1975 жылмен салыстырғанда 1985 жылы 3,1 есе өстi, оның iшiнде денсаулық сақтау, дене шынықтыру, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының қорлары 5,7 есе, ағарту iсiнде 5,8, мәдениет пен өнерде 4,8 есе өстi. Республика қара және түстi металлургия, химия өнеркәсiбiнiң iрi орталығына айналды. Одақтағы мысалы қорғасын, қалайы секiлдi металдарды өндiрудiң 30%-дан 70%-ға дейiнгiсi Қазақстан үлесiне тидi. Қазақстан бiрден-бiр ауыл шаруашылығы аймағына айналды. Мемлекет қорына Қазақстаннан жүннiң әрбiр төртiншi тоннасы, еттiң әрбiр он екiншi тоннасы, астықтың әрбiр бесiншi тоннасы түсiп отырды. Өкiнiшке қарай осындай аса зор халық шаруашылығы әлуетi, басқару жүйесiнiң қолайсыздығынан, Қазақстан халқының жағдайын түпкiлiктi жақсарта алмады. 20 ғасырдың 70-жылдары және 80-жылдарының бiрiншi жартысында Қазақстан экономикасы экстенсивтi негiзде, экономикалық ынталандыруға мән берiлмей, жаңа технологиялық үрдiстердi елеместен, бұрынғы сарынмен дами бердi. Бұл кезең елде тоқырау жылдары деп есептелгенiмен, жалпы Қазақстанда экономикалық қуат бiршама өстi. Бұл жылдары қара металлургияның одан әрi дамуымен бiрге Соколов-Сарыбай және Лисаков кен байыту комбинатытары iске қосылды. Одақтағы ақ қаңылтыр шығаратын ең күштi цехы бар Қарағанды металлургия комбинатының құрылысы аяқталды. Ермак (қазiргiАқсу) және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары жұмыс iстей бастады. Ақтөбеде хром кенiн шығару арта түстi. Целиноградтың (Астананың) ауыл шаруашылығы машина-құрылыс зауыты, т.б. кәсiпорындар өздерiнiң өнiмдерiн шығара бастады. Қарағанды және Екiбастұз көмiр алаптарында көмiр шығару үлкен қарқынмен жүрдi. Ауыл шаруашылығы 1979 жылы жоғары көрсеткiшке жеттi. Тың жерлердi игерген 25 жыл iшiндегi ең мол астық өнiмi алынды. Республика мемлекетке 1 млрд. 262 млн. пұт, яки 20 млн. т астық бердi. Өнеркәсiптiң шикiзатқа бағдарланған бiр жақты құрылымы, 20 ғасырдың 60 — 70-жылдары орталық министрліктер мен мекемелердiң өктемдiгiмен орнықты. Қазақстандағы кен қазу салаларының өнiмi 80-жылдардың басында Одақтағы орташа деңгейден 1,7 есе артық болды. Республиканың экономикалық қуатының жартысынан көбi одақ министрліктерiнiң бақылауында едi. Республиканың шикiзат қорларын сорудан қыруар кiрiс тапқанымен одақтық мекемелер республика бюджетiне ешқандай қаражаттүсiрмедi. Табиғи ортаны қорғау мен адам денсаулығы және әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуы жөнiнде де ешқандай қамқорлық көрсетiлмедi. Көп жылдар бойы шикiзат салаларының үлкен кәсiпорындар түрiнде дамуы өнеркәсiптiң ғылыми жолмен дамымауына, өндiрушi және қайта өңдеу өнеркәсiбi деңгейiнiң төмен болуына, халық тұтынатын тауарлардың өте баяу шығарылуына әкелiп соқтырды. Азық-түлiктен өзге тұтынылатын тауарлардың 60%-ына жуығы сырттан әкелiндi. Бүкiл халық шаруашылығына тән тежелудiң бәрi де республика экономикасында көрiнiс тапты. Сөйтiп, өнеркәсiп өнiмдерi өсуiнiң орташа шапшаңдығы 9-бесжылдықтағы 8,4%-дан 11-бесжылдықта 3,8%-ға дейiн қысқарды, ұлттық табыс 4,4%-дан 1,4%-ға төмендедi. 9-бесжылдық жоспары 12,6%, 10-бесжылдық 2,5%, 11-бесжылдықтiкi 3,6% кем орындалды.
72.Қазақстан мәдениеті (1950-1980 жж.) 1970 жылдары экономикалык ири агро-кешендер куру кезенинде болашагы жок ауылдар жойылып шагын комплектили мектептер жабылды. 1970 ж-ры жалпыга бирдей орта билим беруге кошу науканы орис алды. 1972 ж республикада жалпыга бирдей орта билим беруге кошудин сонгы кезени басталды.1986 ж-гы 10 карашада жалпы билим беретин орта мектеп жумысын одан ари жаксарту шаралары туралы. Мектептерде енбекке баулуга конил болинди. Орта мектептердин барлыгы сегиз жылдык мектептердин жартысы окытудын кабинеттик жуйесине кошти. 1960-1980 жылдар аралыгында 27 жогары жане 100-ден астам орта арнаулы оку орындары ашылды. Гылыми жетистиктер: 60-ж-ры сонында каз ксро-нын ири гылыми ортал-н бирине айналды. 70-80 ж-ры коптеген гылыми енбектер жарыкка шыкты: 5 томдык казак кср тарихы ал-фараби ш уалиханов мураларын зерттеген басылымдар.
73. 1970-1980 жж. Қазақстандағы әлеуметтік экономикалық даму. КСРО-дағы саяси ахуалдың өзгеруі экономикалық реформалар мүмкіндігін айтарлықтай тарылтты, ал кейіннен олардың мүлдем тежелуіне әкеп тіреді.Экономиканы бір орталықтан басқару әдісі жаңалық ойлап табу мен жүзеге асыру арасындағы жолды шамадан тыс ұзартып жіберді. Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды. Қазақстан Компартиясы 9-12 съездерінің шешімдері бұрынғы құрылым мен ғылыми-техникалық саясаттың сақталғандығын көрсетті. Пайдалы қазбалар мен қуат көздерін өндірудегішикізат пен қуатты пайдалану тиімділігі төмен болды. 70-80 жылдарда ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданды. Ал оның нәтижесі: ауылшаруашылық өнімдерді өндіру ұдайы төмендеді: ол 9 5-жылдықта 13%, 11 5жылдықта 0,4% дейін құлады. Ауыл шаруашылығы тиімділігі төмендігінің басты себебі шаруалардың өз еңбегінің жемісін өздері көре алмайтындығынан еді. XX ғасырдың 70—80-жылдарындағы социалистік экономиканың дамуы. 1970—1980 жылдарда өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында өсу қарқынының баяулауы байқалды. Ал сырт көзге осіресе 70-жылдары өнеркәсіптің дамуы өте қарқынды болып көрінді. Қазақстан түсті металлургияның негізгі базасы болып есептелді, кеңбайтақ елде жылу-энергетикалық кешен қалыптасты, химия саласы ұлғайды, қара металлургия өсе түсті. Кен байыту секторы айтарлықтай ілгеріледі, жоғары технологиялық өнім өндіру, керісінше, жоққа тән еді. Мұндай жағдайда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін азайту жалғыз жол болып табылады. Ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін басшылық көптеген реформалар жүргізді. 70-жылдардағы Коммунистік партия пленумдарының басым көпшілігі ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін қарауға арналды. Партия жыл сайын капитал салу көлемін ұлғайтты, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу деңгейін қайта қарастырды, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды кеңінен қолдануды ұсынды, суландыру бағдарламасын іске қосты, т.б. Алайда аталған шаралар ауыл шаруашылығы салаларын дамытудағы жағымсыз көріністі жоя алмады. Өйткені елдегі ұжымдық (шындығында, мемлекеттік) шаруашылық өндірістің дамуын қамтамасыз етуге емес, дайын өнімді иеленуге бағытталғанды.
74. СССР мен Қазақстанда қайта құруға бағыт (1985 ж. СОКП ОК сәуір Пленумы). (1985 ж. СОКП ОК сәуір айындағы Пленумы)1985 жылы КОКП ОК сәуір айындағы пленумында М. С. Горбачев әлеуметтік-экономикалық өмірдің мәселелеріне жаңаша қарауға әрекет жасалынды. Пленумда әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету бағыты жарияланды. Бұл серпілісті саяси басшылық дамудың экономикалық қарқынының бәсендеуіне жол бермеу және негізгі күштерді осы бағытқа жұмылдыру арқылы жүзеге асыруға тырысты. Ғылыми-техникалық прогресс негізінде экономиканың құрылымдық қайта құру проблемаларын КОКП ОК-нің ірі мәжілісінде талқылау жаңа басшылықтың алғашқы қадамы болды. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП-ның 17-съезіндебұл бағыт қолдау тауып, дамытылды. Жаңа басшылық әлеуметтік және экономикалық дағдарысты бүкіл мемлекеттік жүйені қайта құру арқылы емес, жекелеген шаралардың көмегімен, идеялық саяси тәрбиені күшейту арқылы болдырмауға болады деп есептеді. Алғашқыда жарияланған мақсаттар мен нақты өмірдің арасындағы күрделі қайшылықтардың нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына жеткізді.
75.XX ғ. 80-ші жылдарда қоғамдық-саяси өміріндегі үйлесімсіздіктің күшеюі. 1986 ж. Желтоқсандық оқиға. 1986 жылғы желтоқсанның 16-сы күні таңертенгілікте ҚКОК-нің 5-пленумы болды. Пленумды КОКП ОК-нің хатшысы Г. П. Разумовский жүргізді. Күн тәртібінде бір ғана – ұйымдастыру мәселесі тұрды. Пленум бар болғаны 18 минутқа созылды. Республиканы ширек ғасырға жуық басқарған саяси қайраткерді ауыстыру сияқты аса маңызды мәселелердің бірі осыншалықты қысқа мерзімде шешілді. Д. А. Қонаевтің орнына Г. П. Разумовскийдің ұсынысы бойынша бұған дейін КОКП-ның Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген, республикаға мүлдем бейтаныс адам Г. В. Колбин тағайындалды. Орталықтың мұндай волюнтаризмімен Қазақстан бірінші рет кездесіп отырған жоқ еді. Желтоқсанның 17-сі күні таңертен Алматыда жаппай толқу басталып, кейінрек ол республиканың басқа да қалаларына тарады. Г. В. Колбин республиканың жоғары басшылығына тағайындалуы толқу үшін сылтау ғана еді. Наразылыққа жылдар бойы қорланған себептер түрткі болды. Халықты ашындырған Орталықтың дәстүрлі өктемдік әрекеттері мен қайта құру жариялаған демократиялық принциптер арасындағы қарама-қайшылықтар еді. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды, онда басқа халықтарға қарсы атой салушылық, мемлекеттік құрылысты жоюға деген үндеулер болған жоқ. Әміршілдікке дағдыланған республика басшылары әу баста-ақ жастармен тең құқылы келісімге бармады және олардың пікірін тыңдағысы келмеді. Саяси наразылықты өкімет билігіне төнген қатер деп бағалап, олар бұған Алматы гарнизонын жаунгерлік дайындыққа келтіріп, сан жағынан демонстраннтардан әлдеқайта көп күштемен орталық аланды қоршап алумен жауап берді. Демонстрацияны тарату кезіңде сойылдар, кіші саперлік күректер, үйретілген иттер, су шашатың машиналар пайдаланылды. Уақытша ұстау бөлмелері мен арнайы бөлімдерге, тергеу бөлімдеріне жеткізіліп, қаланың сыртына әкетілген адамдардың саны 8,5 мыңнан асты. 1987 жылғы шілдеде КОКП ОК “Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары жайлы” қаулы қабылдай отырып, 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларын “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деп бағалады.
76.Қазақстан аумағындағы ядролық полигон. Арал трагедиясы. Семей,Қарағанды,Павлодар обл-ң түйіскен тұсында орналасқан Семей ядролық полигоны Қ жерін молынан қамтыды.Ядролық жарылыс алғ рет 1949ж 29 тамызда болды.Әр экспериенттік қондырғымен, оны жер астында сынақтан өткізу құны орта есеппен 30 млн тең.Полигон айналадағы табиғатқа,адамдардың денсаулығына аса қатерлі еді.Дәрігерлерге рактан,лейкоздан ж/е иондаушы реакцияға байл туындаған басқа да аурулардан қайтыс болғандарға дәл диогноз қоюға, медициналық зертеулер жүргізуге тиым салынды. Полигон әрекеті салдарынан келген зардап көлемі туралы мәліметтер жасырын ұстанды.Полигон маңайында тұратын халықтың әр түрлі ауруларға шалдығуы жиеледі.1969-1970ж Маңғыстау обл-ң аумағында да халықтан жасырын түрде Кен жыныстары 3 жерасты ядролық сынақ өткізілді. Арал теңізі атырабында өндіргіш күштерді орналастыруда жіерілген стратегиялық қателіктер,жер ж/е су қорын есепсіз пайдалану т.б салдарынан теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға дейінгі аумақта құрғап,жалаңаш қалды.Теңіз суының тұздылығы 3 есе өсті.Балық өнеркәсібі құрыды.Құрғап қалған теңіз түбінен тұз Бен шаңның көтерілуі күшейе түсіп,Арал аймағының климаты күрт нашарлады.Бұл халықтың тұрмыс жағдайы мен денсаулығына қатер төндірді.Адам өлімі көбейді.Аймақ тұрғындарының 80% әр түрлі сырқатқа шалдықты.Бұл экологиялық апатіс жүзінде ұлттық генетикалық өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу туралы мәселе көтеруге мәжбүр етті,өйткені Арал аймағы негізінен республикалық байырғы халқы-қазақтар мекендеген аудан
77. XX ғ. 90-шы жылдар Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі. Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті. Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті. Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%). XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған. Қала халқының көбеюі жолдары: 1.Қоныстанушылардың көптеп келуі. 2.Жатақтар санының артуы. 3.Ішкі демографиялық өсім. 4.Сауда қатынасының дамуы. Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді. Қоныс аудару. Столыпиннің аграрлық реформасы. 1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды. 1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді. Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды. Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді. XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы). Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды. Темір жол. 1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді. 1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді. 1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды. Өндіріс орындары және жұмысшылар. 1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті. XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті. Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды. Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді. XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды. Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.
78.СССР бұзылуы, тәуелсіз және егеменді Қазақстанның құрылуы.
80ж аяғында Кеңес мемл ыдырай бастады.Респ. парламентінің қазақ тіліне мемл тіл дәрежесін берген «Қазақ КСР-ң тіл туралы» заңы 1989ж 22 қыркүекте қабылдады..1990ж 24 сәуірде респ Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-ң Президенті лауазымын белгіледі,парламент сессиясында жасырын дауыс беру нәтижесінде оған Н.Ә.Назарбаев сайланды.Президенттің Семей полигонында ядролық сынаққа тиым салу ,Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету шаралары туралы жарлықтары Қ-да демократиялық қайта құрылыстар жүргізудің өзіндік бір белесі болды.1990ж 25 қазанда респ Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-ң мемл егемендігі туралы Деклорация қабылдады.1990ж желтоқсанда 4 респ-Ресей,Украина,Белоруссия ж/е Қ-н егеменді мемл-р одағын құру туралы инициатва жасады,Новогарев келісімін талдап жасау жөнінде бірлескен жұмыс басталды.1991ж тамыздағы оқиға бұл жұмысты үзіп жіберді,КСРО-ң күйреуін ж/е бұрынғы одақтас респ-дың оның ішінде Қ-ң егемендік алуын шапшаңдатты.КОКП,оның бір бөлігі Қ-н компартиясы тарихы аренадан шықты.1991ж 1 желтоқсанда Қ-н тарихында тұңғыш рет респ Президентін жалпы халықтың сайлау өтті.Н.Ә.Назарбаев Президент болды.1991ж 2 қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш рет одан ғарышқа 1-ші ғарышкер Т.О.Әубәкіров ұшты.1991ж 10желтоқсанда тұңғыш бүкіл халық сайлаған Президент қызметіне кірісті,ал 1991ж 16 желтоқсанда қазақтың Кеңестік социалистік респ-сы Қ-н респ болып аталды.Орта Азия мен Қ-н респ басшылары Ашхабадта кездесіп,Беловеж келісіміне,оның құқықтық жақтарына талдау жасады,жаңа достастықты қалыптастыруға толық құқықтық негізде қатысуға әзірліктерін білдірді.1991ж 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы Кеңес одғының құрамына кірген тәуелсіз мемл басшыларының кеңесінде ТМД-ны құру туралы келісімінің хаттамасына қол қойылды.Қ-н тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемл ретінде халықаралық аренаға шықты.1992ж 3 наурызда Қ-н Б.Ұ.Ұ-на кірді. Біздің мемл жүзден аса ел таныды,олардың көмегіме елшілік ж/е өкілеттік дәрежесінде дипломатиялық қатынас орнатылды.Респ ядролық қарусыз мемл дәрежесін алды.1992ж күзде Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өткізіліп,оған 10млн қазақ халқының өкілдері жиналды.1992ж мемл рәміздер қабылданды.1993ж 28 қаңтарда Жоғары Кеңес Қ-н Конституциясын қабылдады.1995ж 30 тамызда бүкілхалықтың референдуінде Қ-н респ-ң жаңа Конституциясы қабылданды.
79.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктiбiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай,қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк,ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әні: Шәмші Қалдаяқов
80.Тәуелсіздік кезендегі Қазақстанның экономикалық дамуы. азақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да қүжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары қүрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақүрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кэсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика қүруда біршама жүмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, эдіс-тэсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тэн, оның үлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сэйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тэжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай эр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсыпғап “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі жэне өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кэсіпорындардың үлесі өсіп, бэсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. ¥лттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі жэне сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жүмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бүзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бүлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жүмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді. Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы — бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мүнайдың, мүнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген үранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, эр кәсіпорын ең жоғары таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен томен түсіп кетті. Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс — жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бүл қадам нарық субъектілерін құру түрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысыпап да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады. 81.Қазақстан халқының ассамблеясы - Конституциялық - Кеңес органы. Планетада этностық қақтығыстардың себептері сан алуан.Алайда біз ел хал\ң Барлық этностық топтар\ң арас. өзара қатынас\р\ң оңтайлы моделін жасай білдік.Қазақстанда қоғам\ң барл.саласында ел азамат\р\ң этностық тең құқы\ Лығы заңдамада бекітілген,практикада іске асыр.Ең бастысы,бізде этносара\қ ықпалдстық\ң басты тетігі-Қазақстан хал\р\ң Ассамблеясы құр.Қазір Қазақстанда 350-ден астам ұлтаралық мәдени ошақтар бар.Олар өз этносы тілінің,мәдениеті мен дәстүр\рі\ң сақталуы мен дамытылуына мүдделі жүз мыңда ған ад\рды біріктіреді.Осы заманғы дүниеде өмір сүру дег.-ашық болу ж\е т.б. хал\рға,мәден\р мен діндерге төзімді болу.Қазақстанда хал\ң көпшілігін мұсылман\р құр.Алайда бізде православия\қ христ\р мен католик\р,протес\ тант\р,иудей\р,буддис\р,т.б.бар. Ұлтарлық қатынас\р саласында туындайтын проблема\рды шешу.Бүгінде елі\ мізде қазақ,орыс,ұйғыр,неміс,корейс,өзбек театры мен шығармашылық ұжым\ ры жұм.іст.Эфирде этностық топтар\ң 11тілінде ж\е радиохабар\р шығады.Біз де 170-тен астам жексенбілік мектеп\р жұм.іст.жүр.Онда бала\р мен жасөспірім\р 23 ұлт\қ тілді үйренуде. 2004ж.жұмыстың 5 бағыты белгіленді: 1.Этносаралық шиеленіс\р\ң алдын алу. 2.Ассамблея\ң “Мәдени мұра”мемл\к бағдарламасында ролін анықтау.Мәден\ті түлету-біз\ң ортақ ісіміз. 3.Келесі жыл- б9л Ресейдің Қазақстандағы жылы. 4.Тың игерудің 50 жылдығын атап өту,ауыл шаруашылығын дамытуды көпте\ ген хал. өкіл\рі зор үлес қосады. 5.Астана Ұлттар Сарайын ж\е мәден\р мен дін\р сарайын салу.Бұл хал\р\ң өзара ықпалдасуы\ң бір орталығына айналуы керек. “Бейбітшілікті қаласаң-әділдікті сақта”-деген Гаагадағы Бейбітшілік сарайында ойып жазылған тұжырым бізге өте жақын. 82. Қазақстан Республикасында көппартиялылық жүйесінің пайда болуы. Казакстандагы орын алган кайта куру, жанару жэне демократияландыру процестерi республиканын саяси эмiрiне елеулi эсерiн тигiзген кэппартиялыктын калыптасуымен сабактас журiп отырды. Кэппартиялыктын тууын, калыптасуымен сабактас журiп отырды. Кэппартиялыктын тууын, калыптасуын, дамуын мезгiл жагынан бiрнеше шартты кезенге бэлуге болады. Осы кезендердi талдауга этудiн алдында аса манызды бiр мэселенiн басын ашыпалган жэн. Ал 20-30ж.ж. «Алаш»,»Уш жуз», «Ерiк», партиясынан кейiн Азаттык, Бостандык, Еркiндiк, Тэуелсiздiкке талпыну казак когамында токтап калды ма деген суракка жауап iздеу. Экiмшiлдiк-эмiршiлдiк жуйенiн коммунистiк идеологиядан ауыткудын эзiн соншалыкты аяусыз басып шаншып отыруына карамай казак зиялылары арасында кенестiк режимге наразылык турлi уйымдар, уйiрмелер, тiптi партия куруга талпыныс эр жылдарга кылан берiп отырды. Айталык, Улы Отан согысынын бастапкы жылдарында Караганды зиялылары арасында уйымдастырылган «Жас калам» эдебиетшiлер уйiрмесi тек тiл, эдебиет, мэдениет, энер проблемаларын гана емес, олардын кулдырауынын саяси себептерiне де кэнiл бэлген сиякты. «Елiн суйген ерлер» партиясынын жумысы 1951ж. жазда активтiк байлык ултшылдык мудделердi жузеге асыруга талпынганы «Есеп» партиясын курганы ушiн Казакстан бурж-к мемлекет кургысы келгенi ушiн Ыскаков, Нарешов, Калиев, Аманкулов усталып, кодекс баптарга сэйкес Ыскаков пен Нарешев 25 жылга калгандары 8-10 жылга сотталады. Мiне, сон-н да республикалардын егемендiгiн жактаган казак Рыскулов. Амал Икрамов сиякты кайраткерлер атылып кеттi. 20 ж-н бастап Казакстанда кэппартиялык калыптасты. 1-кезен 1990 ж-1991ж тамызына дейiн созылады. Демок-к алгалгашкы карлыгаштары «Казакстан социал-дем-к партиясы» мен «Азат» партиясы дуниеге келуi кезеннiн ерекшелiгi когамдык-саяси курылымдар коммунистiк партияга оппозиция ретiнде калыптасты. Компартиянын эзi тарапынан уйымдастырган жемiсi болды. 1989ж улттык демократиялык «Желтоксан» партиясы «Алаш» партиясы курылды. 1990ж улттык-ерк-ндшк партиясы «Алаш» партиясы курылды.2-кезен 1991ж тамыз-кыркуйек айымен тэуелсiз Казакстаннын бiрiншi ата-заны кабылданган. 1993ж кантар айы-н камтиды. Кезеннiн ерекшелiгi: тоталитаризмге катан да аяусыз курес, мем-тi когамды жалмап, куйреткен куш ретiнде Компартияга онын басшылык ролiне карсылык Компартия когамынын ыдырауы мен мемлекетiнiн элсiреуiнiн, тiптi Совет Одагынын куйреуiнiн негiзгi айыпкерi ретiнде кэрсетiлдi. 1991ж жазынан бастап республикада «Казак ССР-гi когамдык бiрлестiктер» туралы зандар кушiне ендi. Осыган байланысты алгашкы партиялар ресми тiркеуден эткен Казакстан Халык Конгресi жэне Казакстан соц-к партиялар едi. 1992ж орта шенiнде партия мен козгалыстардын iс-эрекеттерiнде кушке салу, кыр кэрсету сиякты эдiстер басым болып келедi. 1992ж екiншi жартысынан бастап партиялар iс-эрекеттерге стихиялык эдiспен уйымдаскан жоспарланган, устамды эдiстерге кэштi. Ендi республиканын тэуелсiздiгi жайлы Идеяга ешкiм де ашык турде карсылык бiлдiрмедi. Саяси талас-тартыс болашак конституция, мемлекттiк тiл, азаматттык мэселелер жайынжа эрбiдi. 3-кезен 1993ж кантары мен 1995ж тамызын камтыды. Тарихи тургыдан бул Казакстаннын бiрiншi ж/е Жана конституциясын кабылдау арасындагы мезгiл элшемi. Аталмыш кезен киыншылык пен Кайшылыкка толы болды. Казакстанда курылган партиялардын саны артумен катар кэптеген тарихи-агарту, улттык-мэдени, эйелдер, жастар, зейнеткерлер, ардагерлер кэзкарастарын бiлдiретiн кэптеген когамдык уйымдар курылды. Сонымен катар табигат коргау, бейбiтшiлiк согыска карсы т.б кэптеген мэселелердi кэрсетушi уйымдар деп келдi. 4-кезен 1995ж тамызынан Казакстан халкы референдум аркылы жана ата Занымен кабылданган уакыттан басталды. Жалпы кезен жайлы тужырым жасауга ерте. Ол болашак тарихшылар мен саяхатшылардын мiндетi. «Казакстан соц-к партиясы» (КСП) 7.09.1991ж пайда болды. КСП аткарушы органы болып-Политисполком (саяси аткару ком-I) аныкталган. Уйымдык жагынан партия территориялык, облыстык, аудандык, калалык аткару комитетi б-ша бастауыш уйым болып бэлiндi. Партия тэрагасы-Элiмжанов. «Казакстан халык конгресi» партиясы 5.101991жылы курылган. Бул партиянын курылтай съезiне президент сайланды. Партиянын тэрагасы болып «Невада-Семей» козгалысынын жетекшiсi белгiлi акын саясаткер Сулейменов пен «Аралды коргау» козгалысыннын жетекшiсi акын саясаткер Шаханов сайланды. Партия саяси, экономикалык, элеуметтiк эмiр салаларына байланысты белсендi араласып кэптеген жана пiкiрлер мен усыныстар енгiзiп отырды. «Казакстан халык бiрлiгi» (КХБП) партиясы 1995жылдан бастап аталмыш партияга айналды. «КХБП» лидерi Назарбаев сайланды. Одактын тэрагасы болып Абдрахманов болып сайланды. Орыс ж/е казак тiлдерiнде «Время» ж/е «Дэуiр» деген газет шыгарды. «Казакстан Республикасынын партиясы» (КРП) –1990 ж. 1-шiлдеде эз тарихын бастады. Бул кунi «Алаш» азаматтык козгалысынын курылтай конференциясында Казакстаннын «Азат» азаматтык козгалысынын негiзгi мiндеттерi мен максаттары» деген декларация кабылдады. «Азат» тез каркынмен даму нэтижесiнде кэп узамай-ак республика кэлемiн камтыган козгалыска айналды. Эуел баста козгалыстын 5 тен тэрагасы болды. 1991 4кыркуйекте 300 делегет катыскан «Азат» уйымынын курылтайы эттi. «Азат» козгалысын 2-ге бэлдi. 1.«Азат» республикалык партиясы,2. «Азат» Казакстаннын азаматтык козгалысы. 1992ж 11казанда партиянын Профессор Ормантаев сайланды. 1-шi орынбасары – Хасен Кожа, бас кенесшiсi – Жасара Куаныш сайланды. «Алаш» партиясы-1990ж. кэкк айында курылды. Тэрагасы-Арон Атабак. 1989ж «Жеруйык» уйымын курды. Кейiн Атабак Мэскеуге жер аударылды. «Казакстан социал-дем-к партиясы» 1990ж 26-27мамырда курылды. Партия мушелерiнiн 2 статусы белгiленген. Партия ресми тiркеуден этпеген. Тэрагасы-Дос Кэшiмов. «Казакстан коммунистiк партиясы» -1991ж кузде ХIХ съезiн эткiздi. Тэрагасы-Тэлепбаев.
83. ҚР Конституциясы (30 тамыз 1995) 1995ж 30 тамызда букiлхалыктык референдум аркылы КР жана конституциясы кабылданды. Демократиялык жэне кукыктык катынастар жолындагы кукыктык кедергiлер толык жойылып, елiмiздiн эркениет жолына тусуiне кен жол ашылды. Казакстан таза президенттiк республикага айналды. Кос палатадан туратын туракты парламент курылды. Укiметтiн ролi артты. Азаматтардын кукыктары мен бостандыктары ныгайды.
84.Президенттің халыққа арнаған бірінші жолдауы: "Қазақстан - 2030" . Өркендеу, барлық қазақстандықтардың қауіпсіздігі мен дәулеттілігін жақстарту", ҚР ұзақ басымдық Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. ПрезидентН.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанғақолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады. Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.
85. Қазіргі кезен дамуындағы Қазақстанның мәдениеті. "Мәдени Мұра" мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстанның дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім алу жүйесіне ғана емес, мәдениет саласына да үлкен өзгерістер әкелді. Кеңестік кезеңде мәдениет пен білім мемлекеттің қосымша көмегін пайдаланатын.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл екі салаға көңіл аз бөлінді. Мемлекеттің бюджеттік саясаты адамдардың рухани сұранысымен есептеспеді. Әсіресе бұл республиканың рухани-мәдени өмірінде көбірек көрініс тапты. Экономиканың ырыққа көнбеуі, оның жылдан-жылға төмендеуі адамдар психологиясын мәдени дамудан гөрі материалдық байлыққа итермелей, икемдей түсті. Қазақстанның әлемдік кеңістікке бет алуы өзінің құнын жоғалтқан идеологиялық мәдениеттен гөрі әсіреқызыл батыстық үлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық мәдениетпен қосарланып түрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды. Бұл келеңсіздік өз дәрежесінде республика көлемінде мәдени-рухани саланы басқарудың басқаша жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Олар, түптеп келгенде, мыналар: Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету; этномәдени және конфессионалдық шектеулікте мәдени әр алуандылықты қалыптастыру; менеджменттіктің мейлінше пайдалы моделін таңдау. Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан: азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі; мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың құқығы бірдей; тарихи-мәдени мұраны қорғау; ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту; мәдениет саласында монополиялық пиғыл-әрекетті болдырмау; мәдениетті қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық бастамаларды қолдап-қуаттау; мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану. 90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды. Бұлардың бәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрды. Бұдан кейінгі жылдарда, яғни онжылдық кезеңде мәдени саланы қаржыландыру мәселесі едәуір өзгеріске ұшырады: ұлттық маңызға ие мемлекеттік мәдениет мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан қаржыландыру сол күйінде сақталып қалды; нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түрліше қаржы көздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті; меншік формасының өзгеруіне байланысты мәдени мекемелердід көпшілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруға көшірілді. Мәдени саладағы жеке меншіктің түрліше формалары өз кезегінде сөз еркіндігіне, Қазақстанның дербес шығармашылығына жол ашты. Аталған мемлекеттік емес мәдени мекемелердің жұмыстарын ретке келтіріп отыру барысында қайсыбіреулердің адамзатқа, ұлтқа, мемлекетке қарсы идеяларды насихаттап, таратуына жол бермеу үшін тіркеуден өткізу тәртібі қатаң сақталуы тиіс болды. Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі стратегиялық мақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани қуатын анықтап, дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан орын алуға болады. Бұл мақсаттың үдесінен шығудың бір жолы — қазақ халқының этномәдени тұрғыдан қайта жаңғыруы өте-мөте қажет. Бұдан бұрынғы идеологиялық жүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды. Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды. Этнопедагогика негіздерін өмірге етене енгізу нәтижесінде білім берудің барлық нүктелерінде жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлеріне сай тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе соңғы жылдары республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға шығару, сол арқылы Дүние жүзі қауымдастығына танылу жолдары қарастырылуда. Жамбылдың 150 жылдығының аталып өтуі, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығының тойлануы, 1999 жылы Түркістанның 1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек. Ал 2000 жылдың республика көлемінде мәдениетті қолдау жылы болып өткені белгілі. Еліміздің өткен тарихын ұрпақ санасына сіңіру арқылы мәдениетті дамыту «Мәдени мұра» бағдарламасының ең басты алғышарты ретінде қарастырылып отыр. 2004—2006 жылдары бұл бағдарламаның бірініші кезегі жүзеге асырылды
86. Қазіргі замандағы Қазақстан Республикасының сыртқы саяси әрекеті Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, эр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады. Қазіргі кезде мемлекетпен катар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады, яғни жекелей алғанда БҰҰ және оның органдары: Бас Ассамблея, Кауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат. БҰҰ құрылым белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу, келісімдік процестерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау, халықаралық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады. Бұл жағдайда БҰҰ къізметі халыкаралык-кұқықтық шеңберде болады. 1945 жылдың 26 шілдесі күні Сан-Франциско каласында қабылданған БҰҰ Жарғысында көрсетілгендей, БҰҰ және оның органдарының міндеттері мыналар: халықаралық проблемаларды шешудің тәсілі ретінде соғысты болдырмау адамзат өмірінде адамның негізгі құқықтарына, адамзат тұлғас артықшылықтары мен құнды, әйелдер мен еркектердің, кіші және үлкен ұлттардың теңдігіне сенімді нығайту; елдер мен халықтардың алдында пайда болатын проблемаларды шешу үшін халықаралық жағдайлар жасау. БҰҰ мен оның органдарының негізгі күш-жігері қақтығысқа алып келетін жағдайларды зерттеуге, қақтығысушы тараптардың позицияларын анықтау мен айқындауға, оларды құқықтық және моральдық тұрғыдан бағалауға және қақтығысты шешу бойынша нұсқауларды дайындауға, ал қажет болған жағдайда куш қолдануға бағытталынған. Өйткені БҰҰ ерікті халықаралық ұйым болғандықтан ол өзіне мүше елдердің еркі негізінде ғана қызмет ете алады. Оның шешімдері, нұсқаулары мен қабылдаған шаралары халықаралық құқық нормаларымен, сондай-ақ БҰҰ жарғысында көрсетілген мақсаттар мен принциптерге сәйкес болуы керек. Аталмыш шаралар экономикалық және дипломатиялық қатынастарды, коммуникациялық байланыстарды толықтай немесе жеке л ей үзу тұрінде болуы мүмкін. Егер бұл әрекет жеткіліксіз болса, онда Қауіпсіздік Кеңесі "халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мен қайтадан қалпына келтіру үшін қажетті әуе, теңіз және құрлықтағы күштердің өрекетін пайдалануға өкілетті". БҰҰ қарулы күштері жауласушы тараптардың армиялары арасындағы қарулы буфер, қарауыл-күзет қызметін атқару, қарулы террордан бейбіт тұрғындарды қорғау және т.б. қызметтерді атқарады. БҰҰ өз алдына адамдар арасында бейбітшілік пен әділеттілік салтанат құру үшін және экономикалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық мөселелерді шешетін әлеуметтік прогреске жету үшін қолайлы жағдайлар жасау проблемасын мақсат етіп қояды. БҰҰ басты назар аударатын салалар әлеуметтік және саяси қақтығыстар аумағындарын алатын кедейшілік, эпидемиялар, апаттар мен террорлық ұлттықдың әрекетінен туындайтын салдарлар. БҰҰ — басты проблемасы гуманитарлық және басқа да апаттардың салдарын тоқтату, көмек көрсету және жою үшін мемлекеттердің күшін біріктіру. " БҰҰ және оның органдары өз алдарына іргелі мәселелер қоятын кең дамыған саяси жүйені көрсетеді. Ол мәселелер: Жер планетасындағы бейбітшілікті сақтау, әлеуметтік прогреске жан-жақты көмек көрсету және кең көлемдегі іргелі мәселелерді шешу. Халықаралық қатынастар субъектісі ретінде БҰҰ және оның органдарымен қатар, аймақтық келісімге түсетін және соған сәйкес өз органдарын құратын мемлекеттер аса елеулі рөл атқарады. Қазіргі кезде мемлекетке саяси маневр, өз мүдделерін қорғау, халықаралық қатынастардағы күш пен құралдар балансын реттеу үшін жеткілікті кеңістікке ие болуға мүмкіндік беретін әрдайым дамып отыратын екі жақты және көпжақты келісімдер жүйесі және органдары бар. Азаматтық қоғам ұлттықы да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады. Олардың алдында тұрған мәселелер ұлттық-мемлекеттік ауқымда (экологиялық, құқық қорғау және басқа да ұйымдар) тиімді шешілмеуі мүмкін. Олар өздерінің мәселелерін шешу үшін бұқаралық қозғалыстар ұйымдастыру және үкімет пен халықаралық ұйымдарға қысым көрсету жағдайында болады. Халықаралық қатынастар субъектілері ретінде саяси бастаманы қоғамдық пікірді көтеруге қабілетті, үкіметтің жүргізіп отырған саясатын реттеу мақсатында оларға ықпалын тигізуге мүмкіндігі бар беделді адамдар да түсе алады. Бұлардан басқа, қазіргі кезде аймақтық, мемлекетішілік қақтығысты жағдайды туғызуға қабілетті, жеткілікті түрде ықпалды халықаралық және мемлекетішілік саяси процестерге өсерін тигізе алатын заңсыз ұлттық мен құрылымдар да бар. бұл ұлттық мен құрылымдар кең көлемде қызмет істеуге қажетті материалдық-қаржылай, адам ресурстарына, өзінің идеологиясына, қарулы отрядтарға ие. Олардың саяси міндеті жартылай заңды ахуалға өтіп алу. Ол үшін, ең алдымен, өздерінің заңсыз, қылмыстық өрекеттерін ақтау және дамыту жолында мемлекеттік билікті пайдалану үшін мемлекеттік-билікгік құрылымдарға еніп алу қажетті. Осы қатермен күрес терроризмге, заңсыз бизнеске және басқаларына қарсы қажетті акцияларды қолдану үшін мемлекеттермен, БҰҰ күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың шынайы өзегі, ядросы мемлекеттердің өзара байланысы мен өзара қызметі болып табылады, өйткені мемлекет халықаралық аренада халықаралық байланыстар мен қатынастарға түсетін халықтардың тәуелсіздігін көрсетеді және осыған орай халықаралық қатынастар мемлекетаралық қатынастармен тығыз байланыста көрінеді. Халықаралық істерге қатысушы мемлекеттен тыс құрылымдар, азаматтық қоғам ұйымдары, жеке беделді тұлғалар халықаралық келісімдер негізінде қабылданған және мемлекет іске асыратын құқықтық нормалар мен принңиптер шеңберінде әрекет етеді. Тек мемлекет қана осы үшін қажетті билік өкілеттіктеріне және күшпен құралдары арсеналын тарату құқығына ие. Міне, қазіргі халықаралық қатынастардың субъектілері осындай, олардың өзара әрекеті субъект-субъектілік қатынастар шеңберінде қазіргі халықаралық саяси шынайылықты құрайды. Казіргі кездегі халықаралық қатынастар мемлекеттің сыртқы саясатына өз ізін қалдыратын дамудың басты тенденцияларының қатарымен сипатталынады. Казіргі адамзаттың өмірі үшін шаруашылық байланыстардың болуы және қарқынды дамуы, тауар мен қызметтің әлемдік рыногының калыптасуы, мемлекеттердің экономикалық өзара тәуелдігіне, олардың мүдцелерінің өзара түйісуіне алып келетін жалпығаламдық шаруашылық кешенінің біртіндеп калыптасуы аса өзекті. Осы негізде әлемдік сауда дамиды, қаржы инвестициялары жүзеге асады, казіргі заманға сай технологиялар игеріледі және ендіріледі, коммуникациямен ақпараттық камтамасыз етудің Қазіргі заманғы құралдары жасалынады және т.б. яғни постиндустриалды өркениетке тән сипаттағы істер атқарылады.Постиндустриализм экономикалық ахуалдың деңгейі ретінде кейбір дамыған елдердің өмірі үшін ғана тән болса да, көптеген мемлекеттер мен елдер индустриалдық және индустриалдыққа дейінгі даму процесін басынан кешіруде. Постиндустриализм экономикалық және өлеуметтік дамудың іргелі және басты ағымы болып табылады. Ол экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайының деңгейімен санаспай барлық елдерді өзінің түңғиығына тартып алады. Постиндустриализм өзінің экономикалық мүмкіншіліктері мен әлеуметтік-мәдени ықпалы бойынша ұлттық-мемлекеттік және аймақтық шеңберде тұйықталынып қалуы мүмкін емес. Ол ұлттық-мемлекеттік, аймақтық шеңберден шыға отырып, белсенді түрде жалпығаламдық мәртебеге ие болады. Постиндустриализмнің қазіргі халықаралық қатынастарга ерекше ықпалын тигізетін адамзат өркениеті дамуының жаңа сатысы екені даусыз. Демек, жалпығаламдық дамудың осы ағынына ілесуге және онда өз орнын табуға ұмтылу қазіргі мемлекеттердің аса маңызды сыртқы саяси мәселесі болып отыр. Бұл үшін басқа елдермен тең дәрежелі серіктес болуға ұмтылатын, қазіргі халықаралық кұндылықтарды (БҰҰ, оның мақсаттары мен принциптері, халықаралық құқық, консенсуалды саяси мәдениет, күш қолданудан бас тарту, эквивалентті экономикалық айырбасқа ұмтылу және т.б.) танитын ашық, демократиялық қоғам болуы шарт. Қазақстан Республикасы өзін ашық демократиялық қоғам ретінде жариялай отырып, осы ережелердің барлығын өз Конституциясының баптары ретінде тіркеді, осыған орай жаңа халықаралық жағдайларға бейімделудің жалпықұқықтық негізін қалады. Постиндустриализм Жер планетасындағы адамзат өмірінің ғаламдану проблемасымен тығыз байланысты, бұл — халықаралық қатынастарға проблемалық қолтаңбасын қалдыратын қазіргі кездегі әлеуметтіліктің дамуының басты кезеңі. Қазіргі жағдайда Жер планетасындағы адамзат өмірінің ғаламдану тенденциясын мүдделері ұлттық-мемлекеттік құрылым шеңберіне сыймайтын ұлттық емес экономикалық құрылымдар жүзеге асырады. бұл ар — постиндустриалдық өркениеттің алыптары — транс ұлтгық компаниялар (ТНТ), трансұлттық банктер (ТНБ) және басқа да мемлекеттік емес және ұлттық емес құрылымдар. Халықаралық қатынастарда олардың ықпалы барған сайын өсе түсуде, бірақ тұтастай алғанда қазіргі адамзат бізді осы әлемге алып баратын жолдың алғашқы баспалдағында түр деп айтуға болады. Тарихи және дәстүрлі тұрғыдағы ұлттық отандарда (дүниені мәдени қабылдау мен оның проблемалары елеулі тұрғыда осымен анықталынады) өмір сүрген адамзат үшін постиндустриалдық өркениет алып келетін жаңа құндылықтың бағдарларға бейімделу және игеру өте қиын болады. Бірақ, көзжетерлік нәрсе, XXI ғасыр халықаралық қатынастарға өз ықпалын тигізетін бейімделу кезеңі болатындығы сөзсіз
87.Президенттің халыққа арнаған жолдауы - Қазақстан Республикасына деген ұлт жетекшісі Н.Назарбаев " "Қазақстан - 2050" стратегиясы мемлекетіміздің жаңа саяси бағыты" Еліміздің болашағын 2050 жылға дейін өркендетудің жан-жақты жолдарын қамтыған бағдарлама жеті бағыттан тұрады. Олар: экономикалық саясат, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік қамтамасызету, білімді өркендетіп, мемлекеттілік пен демократияны дамыту және сыртқы саясат пен қауіпсіздікті нығайтып, елдегі патриотизмді күшейту. Елбасы ұсынғанелімізді өркендетудің жеті бағыты да маңызды. Оның ішінде төртінші бағыт, білімсаласының қызметкерлері, біздер үшін өте маңызды болып табылады. Ол — жоғары білімді ұлт қалыптастыру қажеттігі. Бұл бағыт білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді. Оқыту әдістемелерін жаңғырту, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиістігі заман талабы. Жаңа заман талабына сай пәндерді өзгерту, ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге, сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту мәселесін шешу деп Жолдауда айрықша атап өтілген. Осыдан барып жетінші міндет қазақстандық патриотизмді нығайту міндеті туындайды. «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде өзінжақсы сезінетіндей болуға тиіс» деп Елбасы ерекше атап өтті. Біз еліміздің болашағын сенімді жастардың қолына тапсыруымыз тиіс, сондықтан да тәрбие біліммен қатар жүруі тиіс.Бағдарламада Елбасы бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі ел бірлігі мен тілге баса назар аударды. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады». Бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктері мен алған шыңдары бірліктің арқасы. Сондықтан қазақтың бірлігі — елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі — ең асыл қасиет», — деген Елбасы тұжырымы Отанын сүйген әр азаматтың жүрегінен орын тебуі керек. «Тілге деген көзқарас — шындап келгенде елге деген көзқарас. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде біз елімізді Қазақ мемлекеті деп айтатын боламыз», — деп Президент ел бірлігінің басты белгісі — қазақ тілі екенін баса атап өтті. 88. Қазіргі кездегі Қазақстанның ұлтаралық және конфессионалдық келісімдер. Конституция діни, этникалық және басқа тұрғыдағы кемсітушіліктерге тыйым салады. Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңы діни бірлестіктердің еркін іс-әрекет жасауы үшін барлық құқықтық негіз қалады. Ел маңызды халықаралық келісімге және адам құқығына қатысты шарттарға, оның ішінде БҰҰ-ның негізгі халықаралық келісіміне (пакт) қосылды. Мемлекет конфессиялардың өз қызметтерін жүзеге асыруы үшін тең және қолайлы жағдай жасайды. Бұл тәуелсіздік кезеңінде діни бірлестіктер санының артуына мүмкіндік берді. Қазақстан халқының басым көпшілігі өздерін мұсыл-ман санағанымен, бұл басқа діни сенім иелерінің толық-қанды іс-әрекет жасауына кедергі келтірмейді. Бұған мұсылмандық емес діни ұйымдар санының өсуі дәлел бола алады. Тәуелсіздік алғаннан бері православиелік, католиктік және протестанттық қауым саны біршамаға артты. Сондай-ақ иудейлер мен буддистердің ұйымдары да қызмет жасайды. 3. Мемлекет саясатының маңызды бағыты ретінде дінаралық диалогты атауға болады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді ұлтаралық және дінаралық диалогтың теңдессіз институты құрылды. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты өз уәкілеттігіне қарай органдардың бір қатары жүзеге асырады. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі құрамындағы өкілетті орган – Дін істері жөніндегі комитет құрылды. 2010 жылы Дін істері жөніндегі комитет Мәдениет министрлігі қарауына берілді. 2011 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Дін істері жөніндегі комитет Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігіне ауыстырылып, Мәдениет министрлігі қарамағынан шығарылды. Осыған орай, Агенттікке конфессияаралық келісім, азаматтардың сенім бостандығына және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесуге құқықтарын қамтамасыз ету қызметтері мен уәкілеті берілді. Бұл шешім еліміздің басшылығы дін саласындағы мәселелерге көп көңіл бөлетіндігінің куәсі. Үкіметтің құрамына енді тікелей енетін уәкілетті органның статусын көтеру пайда болатын жағдайларды шұғыл әрі тез шешуге мүмкін береді. Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі азаматтардың сенім бостандығына құқығын қамтамасыз ету, әр түрлі сенімді ұстанушылардың діни бірлестіктері арасындағы өзара түсінушілік пен төзімділікті нығайту, олардың мемлекетпен өзара әрекеттесуі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша одан сайын үдетіле жұмысын атқарады. Агенттік заңнамамен бекітілген тәртібінде азаматтардың сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету, діни бірлестіктермен қарым қатынасты реттеу және дінтанулық сарпатамаларды өткізуді қамтамасыздандыру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетін үйлестіру мәселелерін реттейтін ҚР заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жасау қызметтерін жүзеге асырады. 2000 жылдан бастап Үкімет жанында консультациялық-кеңестік орган – Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес жұмысын атқаруда. Мемлекеттік органдармен ұдайы негізде конфессияаралық келісімді нығайту мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-насихаттау жұмысы атқарылады, конфессияаралық қарым қатынастарды үйлестіру мен нығайту мәселелері бойынша республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар және семинарлар өткізіледі. Дін саласындағы жүйелі ғылыми зерттеулерді жүргізу, мониторинг пен талдау жасау мақсатында 2007 жылы дін мәселелері жөніндегі Ғылыми-зерттеу және талдау орталығы ашылды. Осылайша, Қазақстанда уақыт тезінен өткен этносаралық және дінаралық келісім моделі қалыптасты. Біздің еліміздегі түрлі конфессиялардың өзара әрекеттестігі тәжірибесін халықаралық аренадағы БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ секілді халықаралық ұйымдар үлгі тұтады. Діни институттардың дамуы. Қазақстанда тәуелсіздіктің екі онжылдығы барысында діни институттардың сан жағынан да, сапа жағынан мәнді өсуі болды. Діни бірлестіктер саны бірнеше есе өсіп кетті, рухани дәстүрлер қайта өрлей бастады, жаңа ғибадатханалар салынуда – мешіттер, шіркеулер, ғибадат үйлері, синагогалар салынды. Халықтың діндарлығының деңгейі өсті. Сарапшылардың бағалары бойынша, діндарлардың саны 80-жылдардың ортасымен салыстырғанда 20-25-тен 90-95 % дейін өсті. Бұл үдерістер еліміздегі азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайту, ар-ұждан бостандығын, рухани жаңаруын қамтамасыз етуге бағытталған жүргізіліп жатқан саясаттың нәтижесінде орын алды. Мұсылман және православие христиандарының діни бірлестіктері жалпы діндарлардың 90-нан аса пайызын құрайды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда діннің нақты қайта өркендеуі жүзеге асты. 1989 ж. 1 қантарында Қазақстанда 671 діни бірлестік, 20 конфессия мен деноминациялар болды. 20 жыл ішінде діни бірлестіктердің саны 6 есеге өсіп, 2011ж. 1 қаңтарында 4479 жетіп, ал конфессиялар мен деноминациялар саны 40-тан асып кетті. Қазіргі уақытта 3200-ге жуық мешіт, шіркеу, ғибадатханалар жұмыс істейді. 89. 1-2 желтоқсан 2010 ж. Астанадағы Саммит ОБСЕ - дүниежүзілік маңызды оқиға. ОБСЕ-дағы Қазақстан Төрағасы. Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) төрағасы болды. Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын. Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан ұйымға төрағалық еткен бірінші мемлекет болды. Бұл тарихи шешім мүше мемлекеттердің тең құқықтылығы қағидатының өз пәрменділігін сақтағанын көрсетті, сонымен қатар республикамыздың стратегиялық маңызды өңірдегі және бүкіл ЕҚЫҰ кеңістігіндегі барған сайын артып келе жатқан рөлінің мойындалғаны болды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance). Сенім – халықаралық қатынастарда барлық елдер үшін қажет басты ресурс, соншалық мәнді тарихи өзгерістер кезінде ол өзінен өзі түсінілетін нәрсе бола алмайды. Дәстүр Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайды. Транспаренттілік мейлінше ашықтықты, «қосарланған стандарттың» және «жіктеу шектерінің» жоқтығын, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назарды сындарлы ынтымақтастыққа бағыттауды аңдатады. Төзімділік – бұл мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогтың барған сайын артып отырған маңызын сезіну. Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының алдын ала байқалған дағдарыс нышандарын еңсеруде және оларды Ұйымға қатысушы елдер арасынан аластау бағытындағы саяси жігерінің айқын көрінісі болды. Оған қоса, Саммиттің Еуразия жүрегінде, Еуропаның жағырапиялық шекараларынан мыңдаған шақырым жерде өтуі еуропалық қауіпсіздіктің өзгерген қазіргі заманғы парадигмасының көрінісі іспетті. Қазақстан астанасындағы басқосу Ұйым кеңістігін жайлаған халықтардың қауіпсіз болашағына қарай бірге басқан қадамның жалғасына айналды. Еуро-атлантикалық және Еуразиялық кеңістіктердегі тұрақты қауіпсіздік мәселелері, Ауғаныстан түйткілі, «тоңы жібімей келе жатқан» қақтығыстарды шешу жайы Саммиттің негізгі тақырыптары ретінде талқыланды. Қазақстан Президенті қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың анағұрлым кең координаттардағы – «мұхиттан мұхитқа дейінгі» жаңа деңгейіне көшу туралы мәлім етті. Атап айтқанда, әңгіме қауіпсіздіктің төрт мұхит шекарасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру жөнінде өрбіді. Осылайша, Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті біртұтас және бөлінбес қауіпсіздіктің Еуро-атлантикалық және Еуразиялық қоғамдастығы құрылуына бастау жасап берді. Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен ынтымақтастық жөніндегі серіктестерден 38 мемлекет және үкімет басшысы, бір вице-президент, жеті үкімет төрағасы орынбасары, он төрт министр және өзге де жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Германия Федеральдық Канцлері Ангела Меркель, Италия Премьер-министрі Cильвио Берлускони, өзге де халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер көшбасшылары бар. Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданды. Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде және Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында, Ұйымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін, қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады. Сонымен қатар, қатысушы елдер өкілдері ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі бойынша жұмысты жалғастыруға, жауапкершілігі аймағында орын алып отырған қақтығыстарды реттеуде күш-жігерді артыруға, адам құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, жаңа қатерлерге қарсы лайықты жауап қату мүддесі жолында Ұйым жұмысын жаңаша жолға қоюға міндеттенді. Саммиттің басты қорытындысы жаңа тарихи шарттар жағдайында «Хельсинки рухын» жаңғырту болды. Оған қоса, жоғары деңгейдегі басқосу ЕҚЫҰ беделін және оның әлемдегі қажеттілігін арттыруға, мүше мемлекеттер арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана рухы» айрықша белгісіне айналған екікүндік Саммитті «бүкіл ЕҚЫҰ қоғамдастығы үшін тарихи оқиға» ретінде сипаттап берді. Астанадағы Саммит делегациялар басшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Сөйтіп, Ұйымның Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо Қазақстан елордасында қабылданған шешімдердің Ванкуверден Владивостокқа дейінгі кеңістіктегі барлық негізгі ойыншылардың – мемлекеттер мен ұйымдардың күш-жігерін қауіпсіздікті нығайтудың және ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың біртұтас стратегиясын жасаудың басты міндетін шешуде жұмылдыруға ықпал ететінін атап өтті. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті «еуропалық ортақ үй» салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді. БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының мейлінше табысты болғанын атады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта үлкен рөл атқаратынының дәлелі екенін атап айтты. ЕҚЫҰ – әлемде қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын ірі аймақтық ұйым. Ол Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіреді. 90. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы
«Менің тапсырмама сәйкес Үкімет дамудың ауқымды жаңа бағдарламасын әзірлеуді аяқтады. Бүгінде біздердің алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жария етемін. Дәл осыған мен 2015 жылға арналған халыққа Жолдауымды арнаймын» Қазақстан – ұшқан құстың қанаты талатын ұланғайыр аумақтың иесі. Сондықтан, аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. "Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара" деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек Жолын жағалай қоныс тепкен. Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар темір жолмен, тас жолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету – бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ. Кезінде Ұлттық Қордың не үшін құрылғанын қаперлеріңізге салғым келеді. Оның басты міндеті - тұрақты әлеуметтік - экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы жайсыз жағдайлардан қорғау. Дәл қазір біздің осы қорымызды қажетке жарататын кез келді. Қазақстан өзге елдердің қателіктерін қайталамай, экономикалық өсім үшін ішкі қорын барынша тиімді пайдалануы тиіс. Үкіметке Ұлттық Қордан бөлінген қаржының тиісті бағыттар бойынша тиімді және орынды жұмсалуын қамтамасыз етуді жүктеймін. Әрбір теңгенің қатаң сұрауы болады. «Нұр Отан» бұл жұмысқа белсене атсалысып, партиялық жіті бақылау орнатуы қажет Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол "Қазақстан-2050" стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда. Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалын тап келеді. Нәтижесінде не болып жатқанын біз көріп отырмыз: әлемдік нарықтарда баға құлдырауда және, тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда.
Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан 2014 және одан кейінгі екі жылда әлемдік экономиканың дамуында болжам төмендеу жағына қарай қайта қаралғаны белгілі. Сондықтан кейбір позицияларды жедел түрде қайта қарап, сондай-ақ, алдағы кезеңдердің жоспарларына түзетулер енгізу қажет. Бізде ырғалып-жырғалуға уақыт жоқ. Бүгін айтылатын шараларды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асыру керек. Біз теріс үрдістердің алдын алу үшін барлық ықтимал шараларды жедел қабылдауға тиіспіз. Бүгін менің тапсырмам бойынша Үкімет белсенді жұмысқа кірісіп кетті. Біз 2015 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін қайта қарадық. Бұл дұрыс, өйткені, біздің экспорттық шикізат ресурстарына бағаның құлдырауы бюджеттің кіріс бөлігіне қаржы түсуін төмендетуге алып келуде. Бірақ, соған қарамастан, Үкімет алдына оңай емес, алайда, нақты міндет - барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр. Дағдарыс жағдайларында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, экономикалық саясатты қайта бағдарлаулар жүріп жатыр. Қолдауды экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда аса үлкен мультипликативті тиімділік беретін салалар алуы тиіс. Мұндай тәжірибе бізде бұған дейін болған. Біздің 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы табысты шараларымызды еске алсақ та жеткілікті. Көріп отырғандарыңыздай, өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізуде. Және біз партияның тұғырнамасын бүгінгі күн шындығы тұрғысынан қарай отырып жаңа мазмұнмен толықтыруға тиіспіз.
Менің тапсырмам бойынша Үкімет дамудың жаңа ауқымды бағдарламасын жасауды аяқтады. Бүгінде, алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жариялаймын. Мен 2015 жылға арналған халыққа жаңа Жолдауымды осыған арнаймын. Ол контрциклды сипатқа ие болады және біздің экономикамыздағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады. Бұл нені білдіреді? Сыртқы нарықтардағы жағдай оңтайлылығымен ерекшеленіп, мұнай мен біздің экспорттық өнімдерімізге баға айтарлықтай жоғары деңгейде болған жылдары біз шикізат экспортынан түскен табыстарды Ұлттық қорға бағыттап келдік. Ұлттық қордың негізгі міндеттерінің бірі біздің экономикамыздың сыртқы естен тандырулар алдындағы орнықтылығын, оның ішінде, табиғи ресурстарға баға төмендеген жағдайда да, жоғарылату болып табылады. Осы жылдардың бәрінде шикізат өндіру мен одан түскен табыстарды біз осы Қорға салып келдік. 10 миллиард долларды біз 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күреске бағыттадық. Қалған ақшаны ішіп-жеп және жұмсап қойған жоқпыз, сақтадық және көбейттік. Қазір біз осы резервтерді пайдалануға тиіс болатын кезең туындап келеді. Бұл қаржы қиын уақыттарды еңсеріп, экономикамыздың өсімін ынталандыруға көмектесетін болады. Бұл ресурстар қысқа мерзімдік шараларға арналмаған. Олар экономиканы әрі қарай қайта құрылымдауға бағытталатын болады. Нақты айтқанда, көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталады. Ақпан айында Ұлттық қордан экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014-2015 жылдарға 500 миллиард теңгеден екі транш бойынша 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Басталған жобаларды аяқтау және аса өткір мәселелерді шешу үшін Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш қаржысын мына мақсаттарға бағыттауды тапсырамын.
Бірінші. Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет. Бұл тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Екінші. Банк секторын сауықтыру және «жаман» несиелерді сатып алу үшін 2015 жылы Проблемалы несиелер қорын қосымша 250 миллиард теңге көлемінде капиталдандыруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Үшінші. Жаңа инвестициялар тарту үшін тиісті жағдайларды жақсарту қажет. Осы мақсатта 2015 жылы «құрғақ порттың» бірінші кешені құрылысын аяқтауға, «Қорғас-Шығыс қақпасы» және Атырау мен Тараздағы «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі» арнайы экономикалық аймақтары инфрақұрылымдарына 81 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Төртінші. Бұған дейін бөлінген 25 миллиардқа ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бесінші. ЭКСПО-2017 қарсаңында бізге Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыру қажет. Астана аэропорты осы жылдың өзінде-ақ өзінің максималды өткізу қабілеті - 3,5 миллион адамға жетеді. Сондықтан оның әлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту үшін 29 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл өткізу қабілетін 2017 жылға қарай жылына 7,1 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз - Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз. 2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін! «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді. «Нұрлы Жол» цемент, металл, техника, битум, жабдықтар өндіру мен соған сәйкес қызметтер сияқты экономиканың басқа да салаларына мультипликативті әсер етеді. Жолдар - Қазақстан үшін өмір желісі. Біздің кең байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де өмір пайда болған және дамып отырған. Біз Астанадан барлық жақтарға автомобиль, теміржол және авиациялық магистральдар тарайтындай көлік желісін құруға тиіспіз. Жүректен тарайтын артериялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла сияқты Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді. Нәтижесінде ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табады. Ал ең бастысы - осының бәрі болашақ ұрпақтың байлығы ретінде біздің жерімізде қалады. |
|
|
|
