- •2.Қазақстан тас ғасыры
- •4. Сақтар тайпалық қоғамы. Саяси тарихы. Қоғамдық құрылысы.
- •5. Үйсін және қаңлы мемлекетері
- •6. Ғұндар құрылуы. Қазақ халқының этногенездегі ролі.
- •8. Түрік қағанатының құрылуы Түрік этнонимі. Батыс түрік қағанаты
- •9.Түргеш қағанаты(704-756)
- •10. Қарлұқ мемлекеті(756-940)
- •14. Қыпшақ хандығы. Қыпшақ халқының қалыптасуы.
- •11.Оғыз конфедеренциясының құрылуы
- •13. Қарахан мемлекеті - Орта Азиядағы ең бірінші мұсылмандық түрік мемлекеті.
- •16. Монғол империясының құрылуы. Монғолдардың астындағы Қазақстан
- •17. Алтын Орданың құрылуы. Мемлекеттік-әкімшілік құрылымы.
- •18. Ақ Орданың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
- •19. Ноғай Ордасы: саяси және әлеуметтік құрылысы.
- •20. Моғолстан мемлекетінің құрылысы мен құлауы.
- •21.Әілқайыр хандығының құрылуы және әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- •22 Қазақ ұлтының құрылуы. Қалыптасуының негізгі этаптары.
- •23. Қазақ жүздері. Этникалық аумағы.
- •24. Қазақ хандығының құрылуы. Жәнібек пен Керей - Қазақ хандығының бірінші хандары.
- •25. XIII - XV ғғ. Қазақстан мәдениеті (материалдық мәдениет, ауызша және жазбаша шығармашылық, діни көрсету)
- •26.Қасым хан. Қазақ хандығының көтерілуі. Аумағының үлкендеуі
- •27. Хакназар Хан. XVI ғ. Екінші жартыжылдығында Қазақ хандығының бекінісі.
- •28.Тауекел хан. Ресеймен жақындау жолын іздеуде.
- •29 Есім хан. XVII ғ. Басында Қазақстанның саяси орны
- •30. Жәнгір хан. XVII ғ. 1630-1650 жж. Қазақ хандығы
- •32. Қазақ билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. XVII - XVIII ғ. Қазақтардың әлеуметтік өміріндегі билердің рөлдері.
- •33.XVII - XVIII ғғ. Қазақ-жоңғар қатынасы
- •34. Қазақстанның Ресейге қосылуы.
- •35.Аблай ханның басқаруы (1771-1781). Аблай ханның ішкі және сыртқы саясаты
- •37. 1822, 1824Ж. Жарғылар. Орта және Кіші жүзден хандық биліктің жойылуы
- •38. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық күресі (1783-1797)
- •39. XviiIғ. - XIX ғасырдың ортасы Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.
- •40 Бөкей хандығының құрылуы. И. Тайманұлы және м. Өтемісұлы бастаған көтеріліс (1836-1838).
- •41. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847)
- •42.Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс (XIX ғ.)
- •43. Оңтүстік Қазақстанға орыс әскерінің кіруі және Ұлы жүз қосылуының тоқтатылуы.
- •44. 1860-1890 Жж. Әкімшілік, соттық және аграрлық реформалар.
- •45. Орал, Торғай (1868-1869) және Манғыстаудағы (1870) қазақтардың көтерілісі.
- •46 .Қазақстан мәдениеті (XIX ғ.)
- •47.XIX ғ. Екінші жартыжылдығында Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірістің туылуы.
- •48.Қазақстанға капиталистік қатынастың енуі (XIX ғ. Екінші жартыжылдық - XX ғ. Басы)
- •49. Патшалықтың көшіп қону саясаты. (XIX ғ. Екінші жартыжылдық - XX ғ. Басы)
- •50. Қазақстан тұрғындарының Ресейлік төңкеріліске қатысуы және оның Қазақстанға деген әсері.
- •51. XX ғ. Басындағы қазақ зиялыларының саяси қызметі.
- •52. 1916 Ж. Қазақстандағы ұлт-азаматтық көтеріліс.
- •53.1917 Ж. Ақпан көтерілісіндегі Қазақстан.
- •54. XX ғ. Басында Қазақстандағы саяси партиялар және қозғалыстар.
- •55. Қазан көтерілісі және Қазақстандағы Кеңес өкіметінің орнатылуы.
- •56.Азамат соғыс жылдарындағы Қазақстан. "Әскери коммунизм" политикасы.
- •57.XX ғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •58. ҚазАсср құрылуы.
- •59. Нэп (жэс) жылдарындағы Қазақстан.
- •60.1925-1940Жж. Қазақстанның индустриялдық дамуы.
- •61.Қазақстандағы "Кіші Қазан" политикасы.
- •62.Ауыл шаруашылығының ұжымдастыруы және оның нәтижесі.
- •63. Политикалық жаппай жазалау шаралары.
- •64.Соғыс алды жылдарында Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір.
- •65.1920-1940 Жж. Қазақстан мәдениетінің дамуы.
- •67.Қазақстан аумағындағы әскери бөлімінің қалыптасуы. Ұлы Отан соғыс майданындағы қазақстандықтар.
- •68. Бейбіт құрылысқа ауысу (1946-1953)
- •70.Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (1946-1964).
42.Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс (XIX ғ.)
Хиуалықтарға және қоқандықтарға қарсы күресте Жанқожа батыр ресейліктермен уақытша одақ құруға мәжбүр болған еді. Жанқожа батырдың 1847 жылы Хиуаға қарсы күресін майдаланып қалуға тырысқан патша үкіметі оны өз жағына тартуға күш салып бақты. Осы мақсатпен оған Шекара комиссиясының есебінен жыл сайын 200 соммөлшерінде жалақы төлеп тұру белгіленді. Оған Қарақұм мен Сырдария жағасындағы Борсыққұм қазақтарының басқарушысы деген лауазымды қызмет те ұсынылды. Ресей жоғарғы өкімет билігінің атынан батырға жасауыл деген атақ та берілді. Бірақ Жанқожа батыр патша үкіметі ұсынған барлық атақ, жалақы, қымбат бағалысыйлықтардан да біржолата үзілді-кесілді бас тартты. Патша үкіметі Жанқожа батырды Кіші жүздің билеуші-сұлтандарына бағынышты етуге де тырысып көрді. Бұл қитұрқы әрекеттер батырдың патша үкіметінен іргені аулақсалуына себеп болды. Өйткені оның патшаның қолшоқпар шенеуніктеріне айналған сұлтандарға бағынуы тіпті түсіне де кірмейтін жиіркенішті нәрсе болатын.
1856 жылдың желтоқсан айында Сыр бойы қазақтарының Ресейге қарсы қарулы көтерілісі басталды. Бұған түрткі болған себеп ресейлік солдаттардың жергілікті үш қазақты кірпіш зауытының пешіне тірідей жағың жіберуі еді. Көтеріліске шыққандардың жалпы саны 3 мың адамға дейін жетті. Көтерілістің орталығы бұрынғы хан ордасы орналасқан Жаңақала болды. Көтерілісшілердің басым көпшілік бөлігі жаяу адамдар еді. Олардың қару-жарағы жер өңдейтін кетпен мен ұзын сапты шот, сойыл, садақ,найзалардан құралды. Оқ ататын аз ғана мылтықтары бар еді. Жанқожа батыр жедел қимыл жасай алатын бірнеше топ құрды. Олардың әрқайсысының қатары 150— 200 адамнан тұрды. Көтерілісшілер жасағы Қазалы маңына, Перовск бекінісіне таяу жерлерге орналастырылды да, белгі берілген кезде күтпеген жерден бірден лап қойып,шекара шебіне шабуылға шықты. Дұшпанның адам күші елеулі шығынға ұшырады.
1856 жылғы желтоқсан айының аяқ кезінде Қазалы қамалы қоршауға алынды. Жергілікті тұрғындар барлық бәленің басы осы қамалда жатыр деп ойлайтын. 1857 жылғықаңтарда көтерілісшілердің саны 5 мың адамға жетті. Бұларға қарсы Фитингофтың отряды қарсы шабуылға шықты. 300 қазақ, 320 жаяу солдаттан құралған жазалаушылар отряды зеңбіректер және ракеталы станоктармен қаруланған болатын. Жазалаушы әскер мен көтерілісшілер арасындағы шешуші шайқас 1857 жылғы 9 қаңтардаАрықбалық шатқалында өтті. Көтерілісшілерді жігерлендіру үшін олардың алдында желбірете ақ ту ұстаған Жанқожа батыр келе жатты. Бірақ батырдың нашар қаруланған жасағы от шашқаң зеңбіректің снарядына және мылтықтың калың оғына төтеп бере алмады. Көтерілісшілер қосыны басып алынды, мал-мүлкі талан-таражға түсті. 20 мың бастан астам малы айдап әкетілді. Көтерілісшілердің бытыраңқы топтары Қуаңдарияға қарай шегініп кетті, одан әрі Бұхара мен Хиуа асуға мәжбүр болды.
Көтерілістің негізгі күштері жеңілгеннен кейін Жанқожа батыр Хиуа ханына өтініш жасап, хандықта тұратын қазақтардан, қарақалпақтардан және түрікмендерден әскери жасақ құрап беруді сұрады. Ондағы ойы Қазалы қамалына қайтадан шабуыл жасау еді. Бірақ Хиуа ханы оның өтінішін қабыл алмады, Жанқожа батырдың күшейіп кетуінен қорықты.
Патша үкіметінің әскери әкімшілігі Жанқожа Нұрмұхамедұлының көзін жою үшін арнаулы жазалаушы әскер жіберді. 1860 жылы жазалаушы әскер Қызылқұмның ішіндегі Жанқара көлінің басында отырған Жанқожа батырдың ауылын қоршауға алды. Қанды шайқастың барысында 80-нен асқан Жанқожа батыр жазалаушылардың оғынан қаза тапты. Батырдың өмірден өтер кездегі соңғы сәтін Л. Мейер былай деп суреттейді: «Қарт батыр оқ өтпейтін сауытын киіп, қару-жарағын асынып, үйінен шығып үлгерді. Бірақ аты жоқ екен. Ажалымның жеткен жері осы екен деп, ол бір төмпешіктің үстіне аспай-саспай шығып алды да, өз иманын өзі үйіріп, дұға оқи бастады... зулаған оқтар... көпке дейін оның сауытынан өтпей, тайқып ұшып, кері түсіп жатты. Ақырында бір оқ оның мойнына дәл тиіп, қарт батырдың өмірін қиып кетті».
