Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жаа бадарлама 4 кл Козыбаева Г.Ж.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158 Кб
Скачать
☆

І модуль, 7 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті

Жалпы мақсаты: Жұрт алдында сөйлеу мәдениетінің ережелерін үйрету.

Оқу нәтижесі:

1.Жұрт алдында сөйлеуге үйренудің әдіс-тәсілдерін меңгереді.

2.Әңгіме-дебат арқылы өз пікірін дәлелдеуге үйренеді.

3.Сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады.

4.Өзін-өзі бағалап үйренеді.

Дерек -көздері : «Тіл мәдениеті» кітабы, «Қазақ тілі» оқулығы

Слайд

Тапсырмалар:

1-тапсырма

Топтық жұмыс

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

«Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті дегеніміз не? » постер қорғау. 2-тапсырма

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, ОүБОБ

«Ғажайып үштік» әдісі бойынша әңгіме-дебат өткізу.

Кейінгі тапсырмалар: 3-тапсырма

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Семантикалық картаны толықтыру. 4-тапсырма

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, ОмОЖТ 

«Сен маған – мен саған» әдісі бойынша диалог ұйымдастыру.

Бағалау: Топты бағалау Формативті бағалау

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеп,сыныпты топқа бөлу.

2.Жаңа тақырып байланысты тапсырма.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

«Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті дегеніміз не? »

3. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,ОүБОБ

Оқушылардың орындықтарының артына стикерлерге «Үш би», «Үш бәйтерек», «Үш өзен», «Үш тау» аттарын жапсырамын.

«Ғажайып үштік» әдісі бойынша әңгіме-дебат ұйымдастыру.

Топтағы А-оқушы

Жұрт алдында сөйлеуде көп дайындық қажет емес.Өзіңді мәдениетті адам ретінде таныту үшін сәттілік болса жетістікке жетесің. «Бақ шаба ма, бап шаба ма» деген сөз бар емес пе?

Б-оқушы

Жұрт алдында сөйлеуде көп дайындық керек.

Сонда ғана сен өзіңді мәдениетті адам ретінде танытып, жетістікке жетесің.

В-оқушы

Әңгімеге араласпай екі оқушының пікірталасын бақылаушы.

4. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Кластер картаны топқа беру.

5. Мақал-мәтелдердің бір жолын оқушылардың орындықтарының артына жапсыру.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,ОмОЖТ 

«Сен маған – мен саған» әдісі бойынша диалог тапсырмасын беру.

6. Үйге тапсырма. Сөз мәдениеті туралы айтылған даналық сөздерді тауып,оқып келу.

7. Бағалау. Өзін-өзі бағалау,жұпты бағалау парақшаларын тарату.

8. Қорытындылау. Рефлексия

Адамдардың бір-бірінен айырмашылығы мынада:біреулері нені айтуға,нені істеуге тиіс екенін әуелі ойлап алады,енді біреулері айтарын айтып,істерін істеп алғанннан кейін барып ойланады. (Л.Н.Толстой)

9. Сергіту сәті. «Дүниенің төрт құдіреті»

Оқушылар топқа бөлінеді

Топтағы жаңа тақырып бойынша постер қорғайды, ойларын дәлелдейді. Топтар бірін-бірі бақылап,бағалап отырады.

Оқушылар орындықтарының артында ілінген стикерлерді қарап, сол бойынша топқа бөлінеді.

«Ғажайып үштік» әдісі бойынша топтағы А-Б оқушы әңгіме- дебатта өз пікірін дәлелдейді.В-оқушы екі оқушының пікірталасын бақылап бағалап отырады.

Оқушылар Кластер картаны толтырады.

Оқушылар мақал-мәтелдің келесі жолын табу арқылы жұпқа бөлінеді.

Оқушылар жаңа тақырып бойынша сұрақ-жауап түрінде диалог арқылы ой бөліседі.

Бағалау парақшаларына өзін-өзі бағалау,жұпты бағалау.

Бүгінгі тақырып бойынша кері байланыс жасау. «Бүгінгі сабақта маған не оңай болды», «Сабақта қандай қиындықтар кездесті», «Мен ол қиындықтарды қалай еңсердім» өздеріне берілген парақшаны толтыру.

Әуен ырғағына қарай жаттығулар жасау.

Қосымша:

Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында.

Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.

Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:

  1. тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);

  2. этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);

  3. коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.

Сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвистикалық орталықтар қатарына лингвистикалық болжау орталығы жатады. Лингвистикалық алдын ала болжау орталығы дәстүрлі тіл жүйесінің сапалық және сандық бағыттарын кешенді түрде зерттеу міндеттерін, сөз, сөйлеу қызметінің дәстүрін қалыптастыру мәселесін қарастырады. Сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталады. Сөз мәдениетінің экологиясына тілдік ситуация, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметіндегі стилистикалық қатынастардың бұзылуы, сөйлеу этикасы мәселелері, сөз мәдениеті және мониторинг, т.б. мәселелер жатады.

Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты.

Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде Тіл мәдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде.

Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану; сөз мәдениетіне әлеуметтік көзқарасты қалыптастыру, сөз мәдениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвистикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, «әсем жеткізу» ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде Тіл мәдениеті дамиды.