Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жаа бадарлама 4 кл Козыбаева Г.Ж.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158 Кб
Скачать
☆

III модуль. Сөз маржаны

Мақсаты: Оқушыларға көркем сөз оқу өнерінен жан-жақты мәлімет бере отырып, сөз өнері мен сөйлеудің әдіс-тәсілдеріне төселдіру, сөйлеу техникасы - дұрыс дем алу, дикция (үні, сазы), дауыс сапасын дамыту жолдарын көрсету.

Міндеттері:

- сөйлеу техникасы, сөйлеу аппараты, дыбыстау мүшелері, сөздің айтылуы дауыстап оқу жайында мағлұмат беру;

- әдеби тілде дұрыс сөйлеу нормасын меңгеру;

- мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің негізгі тәсілдері жайлы теориялық білім беру және оны меңгеру жолдарына бағыттау;

- қазақ халқының көркем сөзді мәнерлеп, өлеңді мақалдап оқу дәстүрімен таныстыру.

Күтілетін нәтижелері: оқушылардың сөйлеу дағдысы қалыптасады, көркем сөйлеу мәнері, тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін орнымен қолдану қабілеттері дамиды.

Жабдықталуы: интертақта, үнтаспа, бейнефильмдер, сюжетті роликтер, тірек сызбалар.

Тірек сөздер: Троптар мағыналық өзгертулер ретінде. Теңеу. Метафора. Метаморфоза. Метафорамен метонимияның арақатынасы. Кейіптеу троптардың қатарында. Эпитет. Оксюморон. Гипербола мен литота. Кекесін. Троптардың әрекеттістік, олардыңқайтымдылық. Интермәтінді қатынастар және троптар.

Дәріс троптарға арналған

Оқушыға өзіндік жұмыс үшін берілетін тапсырмалар: Шешендік сөздер сөзінің мағынасын аш. Сөз және сөйлеуші ролдік әңгіме құра. Фразелогизмдердің сөз мағынасына әсері қандай? «Абай жолы» роман эпопеясындағы тұрақты тіркестердің мәні. «Менің атым Қожа» шығармасындағы кейіпкерлер тілі- сөз саптауы қандай?

Қолдануға ұсынылатын негізгі әдебиеттер: Жоғарыға көтеріліңіз↑“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл. ISBN 9965-26-096-6. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9, Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Қолдануға ұсынылатын қосымша әдебиеттер: Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3, “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, Кеңесбаев С., Мұсабаев Ұ., Қазіргі қазақ тілі, Лексика, фонетика, А., 1972; Лингвистический энциклопедический словарь, М., 1990; Әдебиеттану терминдер сөздігі, А., 1998; Сыбанбаева А., Метафораның тілдік болмысы және концептуальды метафоралар, А., 2002., Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет.

IV модуль. Сөз құдіреті

Мақсаты: адамгершілікке тәрбиелеу, оқушыға Патриоттық рухта тәрбие бере отырып көркем әдебиетпен сусындату.

Міндеттері: лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру;

-көркем шығарма тілі, ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді, қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылымға ниетін қалыптастыру;

-қазақша өз ойын тиянақты түрде жеткізу, сауатты сөйлеуге үйрету.

Күтілетін нәтижелері: Қазақтың көрнекті ақын-жасушыларының тырнақ алды туындыларының тілімен танысады. Мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауды үйренеді; Әдеби көркемдегіш құралдарды оқып үйренеді.

Жабдықталуы: тірек сызбалар, кестелер, интертақта эл.оқулық.

Тірек сөздер: Теңеу, кейіптеу, фразеология, фразеологизм.

Дәріс Теңеу, эпитет - затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Халық тілінде тұрақты теңеу (алтын көпір, бұйра толқын, сын сағат, берік байлам, ыстықықыласт. б.) мол ұшырасады. Абай поэзиясында теңеудің көптеген түрлері бар болмысымен, қиысымен қолданылған. Әсіресе, «Шокпардай кекілі бар, камық кұлақ» өлеңінде аттың сынына байланысты қолданылған теңеу осының жарқын мысалы болып табылады; «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ, Қой мойынды, қоян жақ, бакен қабақ»; «Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті»; «Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс»,[1] сол сияқты, терең ой, терең сөз, терең ғылым сияқты теңеулер де Абайдан бастау алған троптар. Мысалы: «Түбі терең сез артық, бір байқарсың», «Терең ой, терең ғылым іздемейді». Ақын шығармаларында көңіл күйіне байланысты, адамдардың өмірі мен қылықтарындағы жағымсыз жайларға өкініш білдіргенде айтқан теңеудің басқа түрлері де кездеседі: «Жалаңқая жат мінез жауалады», «Ит қорлық немене екен сүйткен күні?», «Ыржаң- қылжың ит Мінез».[2]

Кейіптеу– әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. Қазақ халқының бірқатар эпостық жырларында атқа тіл бітіп, адамша ойлап, сезетіндей етіп бейнеленеді. Ертегілер мен сықақ-мысалдарда қасқыр, түлкі, қоян,тағы басқа жануарлар адам кейпінде суреттеледі. Жазба әдебиетте кейіптеудің жаңа үлгілері мол ұшырасады.

Практикалық сабақтар: «Абай жолы» роман-эпопеясындағы мақал-мәтелдердің тізбегін жасап, мағынасын түсіндіру. Тұрақты тіркестердің тізбегін жасау.

Оқушыға өзіндік жұмыс үшін берілетін тапсырмалар: «Абай жолы» роман-эпопеясындағы мақал-мәтелдердің сөздік қорға әсері қандай? Сөздегі тұрақты тіркестердің тұтастығы бар ма? Тұрақты тіркестердің тізбегін жаса. Көркем шығармалардан тұрақты тіркестерді анықтап, теріп жаз.

Қолдануға ұсынылатын негізгі әдебиеттер: Мақал – мәтелдер жинағы. Фразеологиялық сөдік. М.Әуезов: «Абай жолы», «Қазақ тіліне арналған дидактикалық тапсырмалар», Қазақтың би-шешендері.

Қолдануға ұсынылатын қосымша әдебиеттер: «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы; Газет, журнал материалдары; Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы,2005 

Мұғалім пайдаланатын әдебиеттер:

1. Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі» «Атамұра» 2006

2. Қ.Ибрагимов «Қазақ тілі әдістемесі» «Шың-кітап» 2007

3. «Қазақ тіліне арналған дидактикалық тапсырмалар»

4. Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы» Алматы «Кітап» 2007

5. Р.Сыздықова «Емле және тыныс белгілері»

6. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары

7. «Жайық ұстазы» газеті

8. А. Байтұрсынов: «Әдебиет танытқыш»

9. М. Томанов: "Қазақ тілінің тарихи грамматикасы" А-1988 ж.

10. М.Әуезов: "Абай жолы"

Оқушыларға пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ж.Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы» Алматы «Кітап» 2007

2. Ақын-жазушылар шығармаларының жинағы

3. Б.Тоғысбаев, А.Сужикова «Тарихи тұлғалар» Алматы,2006

4. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы,2005

5. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2008

6. Қазақтың би-шешендері

7. Газет, журнал материалдары

8. А. Байтұрсынов: «Әдебиет танытқыш»

9. Мақал – мәтелдер жинағы

10. Диалектологиялық сөздік

11. Фразеологиялық сөздік

12. Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

13. М. Әуезов «Абай жолы»