- •Курстың мазмұны
- •I модуль. Сөз және мағына
- •II модуль. Сөз сыры
- •III модуль. Сөз маржаны
- •IV модуль. Сөз құдіреті
- •Күтілетін нәтижелері:
- •Қолданбалы курс тақырыбы «Сиқырлы сөздер сыр шертеді» Категория: 4 сынып
- •I модуль. Сөз және мағына
- •II модуль. Сөз сыры
- •III модуль. Сөз маржаны
- •IV модуль. Сөз құдіреті
- •«Сиқырлы сөздер сыр шертеді» курстың бағдарламасы
- •4 Сынып
- •Қолданбалы курс бағдарламасы бойынша сағаттарды модульмен бөлу (барлығы 34 сағат)
- •«Сиқырлы сөздер сыр шертеді»
- •І модуль, 2 сабақ
- •І модуль, 3 сабақ
- •І модуль, 4 сабақ
- •II Қызығушыылығын ояту
- •III Мағынаны тану
- •IV Сергіту сәті
- •V Ой толғаныс
- •2 Үлгі: Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер
- •V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- •Vі Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
- •Vіі .Жаңа сабақты бекіту:
- •Vііі . Сабақты қорыту: і модуль, 3 сабақ
- •І модуль, 5 сабақ
- •І модуль, 6 сабақ Конспект
- •1) Тарихи сөздер; 2) архаизмдер.
- •І модуль, 7 сабақ
- •І модуль, 8 сабақ
- •І модуль, 9 сабақ
- •Түске алданғандар
- •Үй шаруасы
- •Іі модуль, 1 сабақ
- •Іі модуль, 2 сабақ
- •Іі модуль, 3 сабақ
- •Іі модуль, 4 сабақ
- •Іі модуль, 5 сабақ
- •Іі модуль, 6 сабақ
- •Іі модуль, 7 сабақ
- •Ііі модуль, 1 сабақ
- •Дереккөздер[өңдеу]
- •Ііі модуль, 5 сабақ
- •Ііі модуль, 7 сабақ
- •Іү модуль, 2 сабақ
Іі модуль, 3 сабақ
Тақырыбы:Сөздегі логикалық екпін мен кідіріс, интонация, оларды қолдана білу.
Телевизия бағдарламаларының ақпараттық ықпалының пәрменін арттыруға сөзден тысқары (невербаль) құралдардың атқаратын рөлі айтарлықтай. Ондай құралдар түріне негізінен сөйлеу ырғақтылығы (мелодика речи) деген ұғымға жатқызылатын ритм, қуаттылық, пауза, логикалық және сөздік екпін, дауыс келбеті, ым мен ишара, қол сермеу қимылдары секілділер кіреді.
Ым-ишара (мимика, жест) адамзаттың өзара ақпарат алмасқан көне формаларының бірі. Соған қарамастан қазірге дейін адамдар қатынасында сақталды және кей жағдайда мәдени дәстүр сипатында да көрініс табады. Ым-ишара қатынасы алғашқы кезде қорқыныш үрейді, қуанып мерейленуді, тоқтатып тиым салуды немесе ұйғарып қолдауды меңзеген жалпылама түрде санаулы ғана ойды білдірсе, кейінгі даму кезеңдерде барған сайын жетілдіріле түскен. Айталық, ақпарат жеткізуге бағытталған адами әрекеттердің негізінде бет-әлпет, қас-қабақ, көз-жанар құбылулары мен қимылдарының көбейгендігіне байланысты ішкі ой мен түрлі мазмұнды айқындауға көшкен. Қазіргі ғалымдардың ым-ишараны қарым-қатынастың салыстырмалы түрдегі дербес құралы, адамдардың өзара байланыстарының сөз қолданбайтын қатынас түрі деп тұжырымдаулары кездейсоқ болмаса керек.
Бүгінгі таңда түрлі халықтар арасында кеңінен тараған қонақ күту, шығарып салу, сәлемдесу, сый-құрмет көрсету, Жаратушыға табыну, ойнап-күлу, шаруашылық жүргізу, аң аулау секілді рәсімдерде қолданатын дәстүрдің дені ежелгі ым-ишараның жалғасы деуге болады. Сол дәстүрлі қимылды телевизия бағдарламаларына тиімді пайдалана білсек оның нәтижесі өз кезегінде жемісін береді. Себебі, телеэкран дегеніміз адами қоғам мен оның күнделікті өмірінің шынайы көрінісі.
Ым-ишара – бір жағынан ақпараттың жету мүмкіндігін оңайлатып, нанымдылығын арттырса, келесіден эфирдегі қызметкерлердің қатынасын оңтайландыратын, мәдени деңгейін айғақтайтын бір фактор болады. Радиохабарда ақпарат таратушы мен қабылдаушы бір бірін көре алмайтындықтан онда ым- ишара қолдануға еш мүмкіндік жоқ. Ал, телевизияда оны қолдануға аса қолайлы. Жалпы ым, ишара қатынасы адамдардың бетпе бет кездесуінде ғана мүмкін болатын жағдай
Екпін (Акцентуация) оның басты-басты түрлері: ой екпіні (логикалық екпін) және инверсия, көңіл-күй екпіні (эмфазалық екпін), сөз екпіні және олардың бір-бірінен айырмалары. Сөз екпіні, оның түрлері: үнді (музыкалық, тоникалық екпін); лебізді (динамикалық, экспираторлық) екпін. Лебізді екпіннің күшті лебізді, бәсең лебізді болып бөлінетіні: тіркес екпіні (фразалық немес комплекстік), көмекші (квантитатив) екпін. Қазақтың төл сөздері мен халықаралық сөдердегі негізгі және квантитатив сөз екпіндері. Лебізді сөз екпінінің тиянақты, тиянақсыз: тұрақты, тұрақсыз түрлері. Қазақ тіліндегі сөздердің екпіні көбінесе тиянақты (көбінесе соңғы буынға түсетін) және көбінесе тұрақты (омоним тұлғалы сөздерден басқалары) болып келетіні. Екпіні тұрақсыз сөздердегі сөз екпінннің атқаратын лексика-грамматикалық қызметтері. Қазақ тілі сөздерінің екпінді қабылдамайтын элементтері.
Дыбыс өзгерістерінің басты-басты түрлері: игерулі (комбинаторлық), шектік (позициялық), игерусіз (спонтанды). Игерулі өзгерістердегі бір дыбыстың екінші дыбысқа тигізетін іргелес, алшақ, ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдар. Дыбыстардың игерулі өзгерістердің сөз ішінде қолданылатын орындары. Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері: 1) ассимиляция, оның түрлері: дауыстылардың ассимиляциясы немес үндесуі, езулік немес таңдай аттракция мен еріндік аттракциялар. Дауыссыздардың қиюласуы. Ассимиляция мен сингармонизмнің ортақ жақтары және олардың айырмалары. 2) аккомодация (дауыстының дауыссызға немес дауыссыздың дауыстыға әсері); 3) метатеза (сөз ішіндегі дыбыстардың орнын ауыстырып айтылуы); 4) диссимиляция (ұқсатпай өзгерту), 5) орынбасар дыбыспен алмастыру; 6) айтуда дауыссыздарды үнемдеу, түсіріп тастау. Бұлардың кездесетін орындары. Шектік (позициялық) өзгерістер, олардың игерулі өзгерістерден айырмасы. Шектік өзгерістердің басты-басты түрлері: үчстеліп айтылатын сыналық дыбыстар (протеза, эпентеза, эпитеза), дауыстының әлсіреуі (редукция), оның сандық, сапалық, элизиялық, гаплологиялық түрлері, ұяң дауыссыздардың сөз соңында кідірістің алдында тұрып қатаңдауы.
Дауыс ырғағы (интонация) және кідіріс (пауза) туралы жалпы түсінік. Адам сөйлеп тұрғанда, айтылған пікірдің тыңдаушыға түсінікті болу үшін, мәнерлеп оқу үшін дауыс ырғағы мен кідірістің маңызы зор екендігі. Дауыс ырғағы арқылы сөйлемдегі сөздердің жеке айтылмай, бір ғана мағыналық топқа жинақталып, үздіксіз ұласа айтылатындығы. Кідіріс арқылы жеке мағыналы сөздер немесе мағына жағынан жинақталып ұласқан сөзтаптарының басқа сөздерден бөлініп үздік-үздік жіктеліп айтылатындығы. Ауа толқыны арқылы топталған фонетикалық бөліктер: сөйлеудің кідірістік, буындық жіктері (фраза, такт немес синтагмалар). Паузадан кейінгі күшті бас буын, паузаның алдындағы күшті соңғы буын. Дауыс ырғағының грамматикалық мағыналарды білдірудегі суперсегменттік қызметі.
Логикалық екпін. Телевизия мен радио арқылы баяндалатын әңгіме өзеннің ағыны секілді үзіліссіз жалғасуға тиіс емес. Керісінше, мәтіннің мазмұны шоғырланған тұстары сөздің екпінімен бөлшектеніп, дауыстың әуені де соған сай өзгеріп логикалық мазмұнды айшықтап отыруға тиіс. К.С. Станиславский «Екпін – белгілі бір әңгіменің негізгі мазмұнын сұқ саусақ іспетті айқындап тұратын дүние» деген [1]. Сөздің қайсыбірін логикалық екпінмен айырғанда негізінен дауыстың қойылуын үйлесімді етіп, өзгерту тәсілі қолданылады. Ал, кез келген кездейсоқ таңдалған екпін әңгіменің логикалық мазмұнын бұзатынын естен шығармауға тиіспіз.
Телерадио арқылы оқылатын әр мәтін әдеби өңдеуден өткенімен оны оқығанда логикалық екпін дұрыс қолданылмаса мағыналық реті бұзылып, түсініксіз болып қалады. Олай болса, ең қажетті әрі маңызды сөзді ерекшелеп айтуды екпiн беру деп түсінуге болады.
Логикалық екпін көбінесе сөйлемнің деңгейінде жасалса, сөз екпіні бір сөзді ғана ерекше етіп айтуға бағытталады.
Пауза. Ауызша әңгімеде паузаның атқаратын рөлі айтарлықтай. Оны сөз арасында терең дем алу үшін сәл үзіліс жасайтын физиологиялық әрекет ретінде түсінуге болады. Пауза сөйлеушінің де, тыңдаушының да бір сәт тынығуына мүмкіндік береді. Бұл жүргізуші мен тыңдаушы екеуіне өзіндік ықпалы бар дүние. Жүргізуші қас-қағым сәтте жағы мен тамағын сәл тынықтырумен қатар көңілін орнықтырып, айтқан сөздеріне қорытынды жасап, енді қалай жалғастырарын жоспарлап үлгеретін сәт болса, тыңдаушы қауым үшін бұрын тыңдағандарын пайымдап, келесі ақпаратқа назар аударып тыңдауға дайындық кезеңі болады. Осының өзінен-ақ, паузаның қарым-қатынасты жандандыратын фактор екендігін аңғаруға болады.
Бүгінгі таңда сөйлеу өнеріндегі пауза саласын әлем ғалымдары аса қызығушылықпен зерттеуді қолға алды. Әсіресе, АҚШ-та паузатану саласы ғылыми-зерттеудің жаңа нысанына айналған. Адам баласының әңгіме айту, баяндау барысында уақытша кідіріс жасауын, ары қарай жалғастыруын, қайталауын және оның мерзімі мен мазмұнын зерттейтін ғылымды паузология деп атап жүр.
Американың паузатанушы ғалымы О`Коннор «Пауза – адамның әңгімелеп отырған тақырыбының мәнін сөзден де кем түспейтін деңгейде білдіре алатын ерекше әрекет» деп оның сөз өнерінде атқаратын рөлін анықтаған [2]. Ғалымдардың мәлімдеуінше, паузаның уақыты 0,5-1,0 секундті құрайды. Баяндама, дәріс барысында кездесетін паузаның барлық уақыты жалпы мерзімнің 40-50 пайызын құрайды деген есепті де ғалымдар ұсынып отыр. Сөз болып отырған мәселе қаншалықты тың дүние болса, пауза да соншалықты көп жасалады екен.
Паузаның саны, бөлінісі, жалғасу уақыты әңгіменің сипаты мен сапасына қарай айқындалады. Оған тағы сөйлем құрылымдарынан бастап өзге де факторлар елеулі ықпал етеді. Паузаны жалпылама түрде логикалық, психологиялық, люфт-пауза деп үшке бөлеміз.
Сөз етіліп отырған мәселенің негізгі мазмұнын топтарға бөліп, шегі мен шетін айырып түсіндіру үшін логикалық пауза пайдаланылады. Ал, психологиялық пауза – сөз сөйлеушінің ішкі көңіл - күйі мен шығармашылық ойлау қабілетін айғақтайды. К.С. Станиславский «логикалық паузасыз сөз немесе баяндама ретсіздікті тудырса, психологиялық паузасыз сөйлемдер әңгімені жансыз өлі дүниеге айналдырады» деген.
Радио, телевизияның тікелей эфир бағдарламасы кезінде паузаның рөлі ерекше көрініс табады. Мұндайда оған қатысушылар даяр мәтінді қолданбайтындықтан абыржу, нанымды әрі салмақты сөздерді дер кезінде таба алмай қиналу байқалады. Мұндай жағдайда сөз алушымен қатар әңгімеге тыңдаушы да белсенді араласуға мүмкіндік табатындықтан сөз, атауларды бірлесіп іздеушіге айналады. Жалпы, бұрын-соңды мәлім болмаған тың ұғымдарды түсіндірген сәтте әдеттегіден көп пауза қолданылады екен.
Люфт - пауза (ауа паузасы) – ең қысқа сәттік кідіріс болып табылады. Бұл әңгіме барысындағы болмашы ғана кідіріс болғанымен тыңдаушыларға айтылар сөздің мазмұнын жеткізудегі оның атқаратын рөлі айтарлықтай. Себебі, сөз ағыны арасында екі немесе одан да көп сөз бірігіп, тек ауызша әңгімеге қатысты жаңа бірлік болатындай дыбыстау сөздерін жасайды. Мысалы, «бұл тыңдағандарыңыз» сөзі еш кідіріссіз айтылса, «бұлтыңдағандарыңыз» деген мүлде өзгеше мағыналы сөз болып шығады. (Тыңдаған емес, керісінше, бірдемесі бұлтың-бұлтың етіп тұрғандай)
Сол секілді «шаш алды» - «шашалды», «бас салды» – «басалды», «бет алды» - «беталды», «бай салды» - «байсалды», «шар тарап» - «шартарап» т.с.с. өзгеше мағыналы сөзге ауысып естіліп жатады. Мұндай шатасушылық әлем тілдерінің бәрінде де кездесуі мүмкін. Айталық, орыс тіліндегі әңгімеде «подругувели» сөзі «подруг увели» болып естілуі ықтимал. Ал, сөз арасындағы кідіріс дұрыс қолданылса, сөз өз мағынасына сай дұрыс етілетін болады.
Тапсырма:
1. Теле жүргізуші болып бір бағдарламаны бақарып көр.
2. Сурет бойынша ым- ишарамен түсіндіріп көрсет.
3. Өзің қалаған мәтінмен жұмыс жаса.
