Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жаа бадарлама 4 кл Козыбаева Г.Ж.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158 Кб
Скачать
☆

«Сиқырлы сөздер сыр шертеді» курстың бағдарламасы

4 Сынып

Түсінік хат

Сөз қашанда ұлт мәдениетінің, өнер-білімнің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. «Сиқырлы сөздер сыр шертеді» курсында практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Практикалық сабақта әр оқушының белгілі сөздің мағынасын түсініп, сауатты жазып, орынды қолдана білуі мен өздігінен жұмыс жасауына мән беріледі. Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар оқушының білімді жетік түсінбеген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор. Негізгі мақсаты - оқушылардың материалды жүйелі түрде меңгеруіне жағдай жасап, сөздердің мағынасын жетік аша білуге дағдыландырып, оқушыларды қалалық олимпиадаға дайындау.

Қолданбалы курс бағдарламасы бойынша сағаттарды модульмен бөлу (барлығы 34 сағат)

Модуль атаулары

Сағат саны

Сабақты өткізу формасы

Модуль 1. Сөз және мағына

Кіріспе. Сөз және сөз өнері дегеніміз не?

1

Дәріс

Сөз және оның мағыналары.

1

Дәріс-диалог

Сөздің тура және ауыспалы мағынада қолданылуы.

1

Тренинг

Көп мағыналы сөздер

1

Дебат

Көп мағыналы сөздер

1

Тәжірибелік сабақ

Сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?

1

Дөңгелек үстел

Ұтымды сөйле ұтасың!

1

Семинар

Шағын мәтіндердегі сөз мағынасы.

1

Дәріс-диалог

Жазба жұмысы

1

Сынақ тапсырмалары

Модуль 2. Сөз сыры

Сөз саптаудағы дауыс сипаты мен мүмкіндіктері.

1

Дәріс

Синоним, антоним, омоним сөздердің қолданысы.

1

Дәріс-диалог

Сөздегі екпін мен кідіріс, интонация, оларды қолдана білу.

1

Тәжірибелік сабақ

Қазағымның асыл қазынасы( ырым-тиымдар)

1

Тренинг

Мақал сөздің-мәйегі

1

Семинар

Қанатты сөздердің мәні

1

Дәріс-диалог

Өзіндік жұмыс (тест)

1

Сынақ тапсырмалары

Модуль 3. Сөз маржаны

Сөз саптаудағы нақыл сөздердің орны

1

Дәріс

Сөз және сөйлеуші

1

Дәріс-диалог

Ата сөзі – бата сөз

1

Тренинг

Шешендік сөздер- сырлы сөздер

1

Тәжірибелік сабақ

Би-шешендір сөзі- өнеге көзі

1

Дебат

Аңыз әңгімелер

1

Дөңгелек үстел

«Абай жолы» роман желісі бойынша «Жолда» бөліміндегі тұрақты тіркестердің мәні

1

Дәріс-диалог

«Абай жолы» роман желісі бойынша «Жолда» бөліміндегі тұрақты тіркестердің мәні

1

Тәжірибелік сабақ

«Менің атым Қожа» шығармасындағы кейіпкерлер тілі- сөз саптауы

1

Тәжірибелік сабақ

Жазба жұмысы

1

Сынақ тапсырмалары

Модуль 4. Сөз құдіреті

Тұрақты тіркестердің сөз мағынасына әсері

1

Дәріс

Сөздегі тұрақты тіркестердің тұтастығы

1

Дәріс-диалог

Тұрақты тіркестердің тізбегі

1

Тренинг

Балалар әдебиетіндегі сөз өрнегі

1

Дөңгелек үстел

Көркем шығарма тілі-сөз құдіретінің шыңы

1

Дебат

Халқын сүйген- салтын сүйеді

1

Тәжірибелік сабақ

Өзіндік жұмыс

1

Сынақ тапсырмалары

Қорытынды сабақ

1

Семинар