Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жаа бадарлама 4 кл Козыбаева Г.Ж.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158 Кб
Скачать
☆

«Сиқырлы сөздер сыр шертеді»

қолданбалы курс бағдарламасына әдістемелік кешен

І модуль, 2 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Сабақтың мақсаты:

1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;

2. Сөздік қорын молайту;

3. Зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ - жауап., дидактикалық ойындар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексере отырып, оқушылардың мәндес сөздерді қаншалықты меңгергенін анықтау.

Мәндес сөздердің қай сөз табына жататынын анықтау, үтірдің қойылу себебін сұрау.

IIІ. Жаңа сабақ Сөз және оның мағынасы

1. Көркем жазу

Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.

Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік. Ал қалғандары сын есімдер.

Осы сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы - жаман, жылы - суық, түзу - қисық, бүлдіру - түзету, күлкілі - қайғылы.

2. Бұл қандай сөздер?

Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антонимдер)

Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)

Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)

3. Таратпа материалдармен жұмыс

-Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарама - қарсы мағыналы сөздердің астын сыз. Жел әкелгенді сел әкетер. Тау жақтан баяу жел соқты. Қатты желдің екпіні қайықты аудара жаздады. Бүлдіру – оңай, түзету – қиын. Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.

-Көп нүктенің орнына қарама - қарсы мағыналы сөздерді жаз.

қатты -...... жүру -..........

таяз -.......... кию -............

жылы -........ кіру -...........

кең -.......... сөйлеу -.........

әр бағандағы сөздердің ортақ қасиетін табу, қай сөз табына жататынын анықтау;

тасымалданбайтын сөзді табу.

IV. Сергіту сәті « Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны

Жжж (жолдас), Ддд (дос), Ыыы (ылғалды), Сссс (суық ), Ббб (бала), Ттт

(тоңу)

Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту

Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт.

Досым допты домалатты.

Суық сумен жуындым.

V. Өзіндік жұмыс

Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама - қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жаз.

Қалаған 3 - 4 сөзбен сөйлем құрап жаз.

1. еріну - жалқаулану, есептеу - санау, қайталау – пысықтау;

2. ақырын – шапшаң, апару - әкелу, бастау – аяқтау, тоңу – жылыну.

Сөйлемдер мынадай болуы мүмкін

Шаршы топта сөз бастау қиын. Қайталау – білім анасы. Тоңған кісілер үйге кіріп жылынды.

3. Мәтінді оқы, талда.

Тарихи қайраткерлер.

Қазақ хандары. ХV ғасырда құрылған Қазақ мемлекеті үш жүзге бөлінген.

- Ұлы жүз

- Орта жүз

- Кіші жүз.

Әрбір жүз тайпаларға, тайпалар - руларға, рулар аталарға бөлінген. Қазақ халқында қоғамның билеуші тобының жоғарғы сатысында – хан тұрған. Халқымыздың ең ірі хандары Тәуке, Абылай және т.б.болды.

Сұраққа жауап бер.

1.Абылай хан кім?

2.Абылайдың шын аты қандай?

3.Ол қай ғасырда өмір сүрді?

4.Ол қандай батыр?

5.Абылай хан кімдермен соғысты?

6.Қазақ халқы Абылайды қандай адам деп санаған?

7.Сенің пікірің. Менің ойымша .....деп баста.

1.Сөздерге синоним жаз.

Басқарушы –

Дұшпан –

Батыр –

Күш –

Атақты –

Құрмет –

Туу –

Өлу –

Сөздерге антоним жаз

Жоғарғы –

Қосу –

Қорқақ –

Ірі –

Жоқ –

Сыртқы –

Қолдау –

Беру –

VI. Жұмбақ шешу

Қарамен жазылған сөздерді қарама - қарсы мағыналы сөздермен алмастыр. Жақыннан әкеп хабарды.

Ренжітер барлық адамды.

Алыстан әкеп хабарды,

Қуантар барлық адамды. ( жеделхат)

Жеңілдікпен аршылар,

Көзіңнен жас тамшылар.

Қиындықпен аршылар,

Көзіңнен жас тамшылар. ( пияз)

Бес жолды өлең құрастыру 1. Пияз

2. Ащы, пайдалы.

3. Аршылады, ашытады, өседі.

4. Жуа

5. Аршыған кезде пияз көзді ашытады.

VII. Қорытындылау Дұрыс па, бұрыс па?

а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу

Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.

Қарама - қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.

Жақсы, жаман - синоним сөздер

Сөздің мағыналық бөлігі түбір деп аталады.

Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.

Бастауыш – сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі

Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.

Дауысты дыбыстар 2 - ге бөлінеді

Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады.

ә) Берілген мақалдардың ішінен антонимдерді тап.

Бетегеден биік, жусаннан аласа.

Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет.

Көз қорқақ, қол батыр.

Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар

Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,

Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.

Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай,

Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай.

VII. Берілген қарама - қарсы мағыналы сөздерді топтап жазу

Зат есім:

Сын есім:

Етістік:

Айту - тыңдау, ақ - қара, түзу - қисық, қону - ұшу, жаз - қыс, ыстық - суық, күн - түн, сату - алу, ащы – тәтті.