- •Курстың мазмұны
- •I модуль. Сөз және мағына
- •II модуль. Сөз сыры
- •III модуль. Сөз маржаны
- •IV модуль. Сөз құдіреті
- •Күтілетін нәтижелері:
- •Қолданбалы курс тақырыбы «Сиқырлы сөздер сыр шертеді» Категория: 4 сынып
- •I модуль. Сөз және мағына
- •II модуль. Сөз сыры
- •III модуль. Сөз маржаны
- •IV модуль. Сөз құдіреті
- •«Сиқырлы сөздер сыр шертеді» курстың бағдарламасы
- •4 Сынып
- •Қолданбалы курс бағдарламасы бойынша сағаттарды модульмен бөлу (барлығы 34 сағат)
- •«Сиқырлы сөздер сыр шертеді»
- •І модуль, 2 сабақ
- •І модуль, 3 сабақ
- •І модуль, 4 сабақ
- •II Қызығушыылығын ояту
- •III Мағынаны тану
- •IV Сергіту сәті
- •V Ой толғаныс
- •2 Үлгі: Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер
- •V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- •Vі Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
- •Vіі .Жаңа сабақты бекіту:
- •Vііі . Сабақты қорыту: і модуль, 3 сабақ
- •І модуль, 5 сабақ
- •І модуль, 6 сабақ Конспект
- •1) Тарихи сөздер; 2) архаизмдер.
- •І модуль, 7 сабақ
- •І модуль, 8 сабақ
- •І модуль, 9 сабақ
- •Түске алданғандар
- •Үй шаруасы
- •Іі модуль, 1 сабақ
- •Іі модуль, 2 сабақ
- •Іі модуль, 3 сабақ
- •Іі модуль, 4 сабақ
- •Іі модуль, 5 сабақ
- •Іі модуль, 6 сабақ
- •Іі модуль, 7 сабақ
- •Ііі модуль, 1 сабақ
- •Дереккөздер[өңдеу]
- •Ііі модуль, 5 сабақ
- •Ііі модуль, 7 сабақ
- •Іү модуль, 2 сабақ
І модуль, 3 сабақ
Тура және ауыспалы сөздің мағыналары
Сөздің бастапқы (негізгі) білдіретін тура ұғымы — оның тура мағынасы болып есептеледі. Цирктерден қолға үйретілген арыстанды көруге болады, дегенде арыстан сөзі — жыртқыш, қайсар аң ұғымын береді, сол аңды көз алдымызға елестетеді.
Ал «Арыстан еді-ау Исатай бұл пәнидің жүзіңде…» (М) дегендегі арыстан аң ұғымын емес, асқан ерлік пен күш-жігердің, намыс пен ежеттіліктің батыр тұлгасы ұғымын береді. Яғни тура мағынасы ауысып, келтірінді басқа мағынаға айналады. Сондықтан сөздің мұндай мағынасын ауыспалы (келтірінді) мағына дейді.
Завод деген сөз жеке тұрып та, сөйлемде келсе де, бір-ақ мағынаны — заводты білдіреді. Сондықтан мұндай сөздерді бір мағына білдіретін сөздер дейміз. Ал бас сөзі бірнеше мағынаны білдіреді: 1. Адам басы; 2. Таудың басы; 3. Жұмыстың басы; 4. Сөздің басы; 5. Бұлақтың басы т. б. Сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал, әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын сөздің тура мағынасы дейді де, бастапқы мағынасынан ауыстырылып, өзге мағынада қолданылуын ауыспалы мағынасы дейді: Қол — адамның дене мүшесі. Бұл — осы сөздің тура мағынасы.
Сен менің оң қолымсың деген сөйлемде оң қолымсың деген сөз көмекшімсің деген мағынаны білдіріп тұр. Ал қол ұшын береді деген тіркесі жәрдемдесті деген үғымды, қолы жеңіл — ісі сәтті деген ұғымды білдіреді. Бұлар — қол сөзінің ауыспалы мағыналары.
Тақырыбы:Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Мақсаты: 1. Оқушыларға сөздің тура және ауыспалы мағыналарының ерекшеліктерін түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу;
2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3. Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа, ойын ашық, еркін жеткізуге, өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, жаттығу, ой жинақтау, сұрақ - жауап Көрнекіліктер: тірек сызба
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ үдерісіне дайындау
ә) Үй тапсырмасын тексеру. Мәтінді көшіріп жазып келу.
Сөздікті пайдаланып, қарамен берілген сөздердің мағынасын анықтау.
Жыршы –
Жібек жіп –
Кесте –
Шешен –
Даугер –
Ой шақыру. Венн диаграммасы арқылы мәтін мен сөздің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ажырату.
Мәтін ------------ ұқсастықтары --------------- Сөз
б) Жаңа сабақ
(Балалар тақтадағы мысалдарды оқып, өздерінше қайталанып тұрған сөздің қайсысы тура мағынада тұрғандығын тауып көреді).
Көздің жасы, жас адам, жасы үлкен
Көздің жасы - тура мағына
Жас адам - ауыспалы мағына
Жасы үлкен - ауыспалы мағына
в) Жаттығу жұмыстары
ІІ тапсырма. Берілген сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын тауып жазыңдар.
Сөздер ----------- Тура мағына ---------- Ауыспалы мағына
Бет ----------- Адамның беті ---------- Бетімен кету
Құлақ
Қабырға
Дүние
Кілт
Ақ
Өту
Келу
Терең
ІІІ тапсырма. Берілген сөздердің деректі, дерексіз екенін табыңдар.
Үлгі:
Деректі сөз --------------- Дерексіз сөз
Қымыз, құрт, Сұра, турашыл,...
Өлеңді көшіріп жазып, ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөз бен сөз тіркестерін тауып, астын сызыңдар.
Үлгі: сөздің патшасы,...
Графикалық диктант
Тура
Ауыспалы
қисық мінез, жақсы бала, ақ көңіл, терең су, қара ниет
г) Бекіту. Венн диаграммасы
Тура мағына ----------------- Ауыспалы мағына
д) Үйге тапсырма
