Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жаа бадарлама 4 кл Козыбаева Г.Ж.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158 Кб
Скачать
☆

Ііі модуль, 1 сабақ

Сабақ тақырыбы: Сөз өрнектері (троптар)

Троптар мен стилистикалық фигуралар

Троптар мағыналық өзгертулер ретінде. Теңеу. Метафора. Метаморфоза. Метафорамен метонимияның арақатынасы. Кейіптеу троптардың қатарында. Эпитет. Оксюморон. Гипербола мен литота. Кекесін. Троптардың әрекеттістік, олардыңқайтымдылық. Интермәтінді қатынастар және троптар. Троптар әр түрлі функционалды стильдерде.

Стилистикалық фигуралар (сөйлеудің фигуралары). Қосудың фигуралары. Үндестік негізіндегі жасалған фигуралар. Қысқартудың фигуралары. Сөздің өзгертуіне байланысты тіл ойындардың түрлері. Стилистикалық фигуралардың қолданылу салалары. Риторикалық фигуралардың қызметтері.

Теңеу, эпитет - затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Халық тілінде тұрақты теңеу (алтын көпір, бұйра толқын, сын сағат, берік байлам, ыстықықыласт. б.) мол ұшырасады. Абай поэзиясында теңеудің көптеген түрлері бар болмысымен, қиысымен қолданылған. Әсіресе, «Шокпардай кекілі бар, камық кұлақ» өлеңінде аттың сынына байланысты қолданылған теңеу осының жарқын мысалы болып табылады; «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ, Қой мойынды, қоян жақ, бакен қабақ»; «Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті»; «Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс»,[1] сол сияқты, терең ой, терең сөз, терең ғылым сияқты теңеулер де Абайдан бастау алған троптар. Мысалы: «Түбі терең сез артық, бір байқарсың», «Терең ой, терең ғылым іздемейді». Ақын шығармаларында көңіл күйіне байланысты, адамдардың өмірі мен қылықтарындағы жағымсыз жайларға өкініш білдіргенде айтқан теңеудің басқа түрлері де кездеседі: «Жалаңқая жат мінез жауалады», «Ит қорлық немене екен сүйткен күні?», «Ыржаң- қылжың ит Мінез».[2]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. Жоғарыға көтеріліңіз↑“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

  2. Жоғарыға көтеріліңіз↑Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Метафора(грек metaphora– ауыстыру) –троптың(құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. Метафораны сөз өнері (поэтика, риторика), эстетика, логика, философия, тіл (стилистика, лексикология, психолингвистика) ғылымдары зерттейді. “Метафора табиғатында жұмбақтылық бар” (Аристотель). Сөз өнерінде метафораның символикалық, эмоционалдық ерекше мәні бар. Абай өлеңдеріндегі “жастықтың оты”, “жүректің көзі”, “дүние есігі” деген Метафоралармен қатар дәстүрлі қолданыстағы метафоралар кездеседі: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы, асау толқын, т.б. Ойды әсерлі жеткізу мақсатында метафора қолданылады:

“Қолына алып шашақты сан мың найза, Жауынгер күн келеді жалаулатып”

“Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін?” (М.Мақатаев).

Ол мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, қанатты сөздерде жиі кездеседі. Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақындайды. Мысалы, тас жүрек. Бірақ онда теңеудегідей екі нәрсені салыстырудан гөрі сезім, әсер жақындығын көрсету басым. Көбіне ондай екі нәрсенің бірі айтылып, екіншісі емеурінмен білдіріледі. “Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей, Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей” (Мағжан). Мұнда ақынды желмен, отпен жәй ғана салыстырып қоймай, соған балап айту бар. Метафора тілді байытуға қызмет етеді, синонимдерді, көпмағыналықты, терминдік жүйені және эмоциональды-экспрессивті лексиканы дамытады. Мысалы: билік тізгіні, ғасыр перзенті, көңіл көкжиегі, жан айғайы, жер кіндігі, үміт жібі, т.б. Тілдегі қолданыс аясына қарай жеке қолданыстағы метафора және тұрақты метафора болып бөлінеді. Әдебиеттегі ізденістер нәтижесінде “метафоралық роман” деген соны термин қалыптасып келеді.[1][2][3]

Метафора әрдайым ауыспалы мағынада жұмсалады. Соның өзінде кемінде екі мағына болуы мүмкін. Сонысына байланысты метафора екі түрлі қызмет атқарады: белгілі бір затқа, құбылысқа немесе адамға сипаттама беру және сол заттың, құбылыстың немесе адамның атын атау (номинация). Бірінші жағдайда метафора сөйлем ішінде баяндауыш болады да (Сен қасқыр екенсің), екінші жағдайда бастауыш немесе толықтауыш болады (Қасқыр қайда кеткен? Ол қасқырмен көп байланыса берме). Сөйлеу практикасында қалыптасып қалған аң атаулары ғана (аю, түлкі, қоян, доңыз, қой, ит т. б.) ғана емес, метафора қызметінде адам болмысындағы, қызметіндегі әр алуан жайлар алына береді (бастық, чиновник, ғұлама, әкім т. б.). Мундай жайлар, сөйлеу жағдайында анық байқалып отырады; (Мынауың дайын тұрған ғұлама ғой! - Өзір ғұламалық ертерек шығар, бірақ түбінде болып қалатын да сыңайы бар).

Кейіптеу– әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. Қазақ халқының бірқатар эпостық жырларында атқа тіл бітіп, адамша ойлап, сезетіндей етіп бейнеленеді. Ертегілер мен сықақ-мысалдарда қасқыр, түлкі, қоян,тағы басқа жануарлар адам кейпінде суреттеледі. Жазба әдебиетте кейіптеудің жаңа үлгілері мол ұшырасады. Мысалы, Абайдың “Қыс” атты өлеңінде қыс мезгілі мейірімсіз, түсі суық, қатал шал кейпінде бейнеленген. Ауыз әдебиетінде кейіптеуге шарттылық, дәстүрлі үлгіні ұстаушылық тән, жазба әдебиетте бұл тәсіл өзгеше сипат алады. М.Жұмабаевтың “Жел”деген өлеңінде желді мазасыз, дамыл алмай жүгіріп жүрген тентек бала кейпінде кескіндейді. Сөйтіп, желді жанды бейне секілді етіп алады да, “ерні өтірік қыбырлап, сыр айтқан боп сыбырлап”, “жымиып, күліп өтеді” деп сипаттап, оны, тіпті, сұлу қызға қызықтырып: “Келдім ұшып, ғашықпын, Бір сүюге асықпын. Мойның бұр мендей әуреге”, – дейді де, “Сүйіп көзінен, Шашы, алма жүзінен”, – деп, әсерлі кейіптеу түріндегі суреттеме жасайды. Осы өлеңді тұтастай алғандағы бейнелеу тәсілін де, ерні қыбырлап, сыбырлап, жымиып, күліп деген секілді бейнелі сөздерді де кейіптеуге жатқызуға болады. Аллегория, символ секілді тұспалдап суреттеу кейіптеу тәсілімен ұштасып жатады.

Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі эпитет ретінде көп қолданылады. Оның мағынасы да сан алуан:

  • түсті (алтын күз);

  • әдемілікті (алтын қасықтай); Бұл эпитет-теңеу

  • құтты мекенді (алтын бесік – туған жер, алтын аймақ);

  • атақ-дәрежені (алтын жаға);

  • қазына-байлықты (алтын сандық);

  • жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам, алтын кісі) білдіреді.

Эпитет көбінесе сын есім, үстеу, зат есім, етістіктен жасалады. Көркем әдебиетте тұрақты эпитет жиі қолданылады