- •Курстың мазмұны
- •I модуль. Сөз және мағына
- •II модуль. Сөз сыры
- •III модуль. Сөз маржаны
- •IV модуль. Сөз құдіреті
- •Күтілетін нәтижелері:
- •Қолданбалы курс тақырыбы «Сиқырлы сөздер сыр шертеді» Категория: 4 сынып
- •I модуль. Сөз және мағына
- •II модуль. Сөз сыры
- •III модуль. Сөз маржаны
- •IV модуль. Сөз құдіреті
- •«Сиқырлы сөздер сыр шертеді» курстың бағдарламасы
- •4 Сынып
- •Қолданбалы курс бағдарламасы бойынша сағаттарды модульмен бөлу (барлығы 34 сағат)
- •«Сиқырлы сөздер сыр шертеді»
- •І модуль, 2 сабақ
- •І модуль, 3 сабақ
- •І модуль, 4 сабақ
- •II Қызығушыылығын ояту
- •III Мағынаны тану
- •IV Сергіту сәті
- •V Ой толғаныс
- •2 Үлгі: Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер
- •V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- •Vі Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
- •Vіі .Жаңа сабақты бекіту:
- •Vііі . Сабақты қорыту: і модуль, 3 сабақ
- •І модуль, 5 сабақ
- •І модуль, 6 сабақ Конспект
- •1) Тарихи сөздер; 2) архаизмдер.
- •І модуль, 7 сабақ
- •І модуль, 8 сабақ
- •І модуль, 9 сабақ
- •Түске алданғандар
- •Үй шаруасы
- •Іі модуль, 1 сабақ
- •Іі модуль, 2 сабақ
- •Іі модуль, 3 сабақ
- •Іі модуль, 4 сабақ
- •Іі модуль, 5 сабақ
- •Іі модуль, 6 сабақ
- •Іі модуль, 7 сабақ
- •Ііі модуль, 1 сабақ
- •Дереккөздер[өңдеу]
- •Ііі модуль, 5 сабақ
- •Ііі модуль, 7 сабақ
- •Іү модуль, 2 сабақ
І модуль, 4 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді
мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық: Сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін арттыру;
Тәрбиелік мәні: Зейінділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың әдіс тәсілдері: салыстыру, сұрақ жауап
Көрнекілік: жұмбақтар, қосымша тапсырма
Қолданылатын технология: СКТ
Сабақтың типі: бекіту
Сабақ барысы
Қазақ тілім-өзтілім,ана тілім
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым,дана тілім
I Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық“Жүрек жылуы”
Әр қайсымыз жүрегімізден шыққан жылы сөздер айтайық
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты бүгін күн!
II Қызығушыылығын ояту
Қой, алма, бал, ашық, қаз, ...
Осы сөздердің мағынасын түсіндіріп, мысалдар келтіреді.
“Қызықты алтылық” ойыны,бірнеше сұрақтарға жауап алу.
Заттар мен құбылыстар адамға не арқылы танылады? Қандай сөздерді
білеміз? Бірнеше қарама –қарсы мағыналы сөздер айт. Қарсы мәндес сөздерге мысал келтір. Алма сөзіне түрлі мағынада қолданып сөйлем құра. Тез : сөзіне
мәндес сөздер айт.
Сөз: мәндес, қарама-қарсы, көп мағыналы.
III Мағынаны тану
- сөйлемдерді оқып, ауызша талдау жасату.
Арық - су ағызу үшін арнайы қазылған су жолы
Мал қыстан –арық шықпас үшін,күтім керек
- қарамен жазылған сөздердің басқа мағыналарын тауып, сөйлем құрастырып жазады.
Суретпен жұмыс Бұрыш..Алма.Жүз.Қырық.
IV Сергіту сәті
Отырайық, жүрелеп,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп,
Басқа гүлге қонайық.
- суретте бейнеленген зат және сан атауларымен бірдей дыбысталатын сөздердің басқа мағыналарын тауып жазады.
Бұрыш, қырық, жүз, үй
Сөзжұмбақ шешу
1.Аюдың тамағы
2.Ең мейірімді жан
3.Жерде туып, көкте өледі
4.Өзі жап-жас мұрты бар
5.Дегендей ешкім тимесін,алыпты қадап инесін
- Берілген сөздерден екі түрлі мағынада қолданатын сөздерді теріп алып, сол сөздердің әр мағыналарына сөйлем құрастырып жазады.
Күй, кір, мақта, тамыз, ауыр сөздеріндегі дауысты дыбыстарға мінездеме беру
V Ой толғаныс
Жұмбақ шешу
Бар ма, жоқ па білмеймін,
Ол жоқ жерде жүрмеймін. (ауа)
Аппақ дала қара дән
Сепкен дәні түсінуге жараған. (әріптер)
Бірі ащы, бірі тәтті,
Екі ұнтақ, екеуі де ақ.
Біреуі майға ұнайды,
Біреуі шайға ұнайды. (тұз бен шекер)
2 Үлгі: Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға көп мағыналы сөздер туралы түсінік беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, Отанды сүюге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ой лау қабілеттерін арттыра отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту, талдау жұмыстары арқылы қисынды-ойлау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: кесте
Пәнаралық байланыс: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
1.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, оның тура не ауыспалы мағынада тұрғанын айтыңдар
Ағасы бардың — …бар.
Інісі бардың — …бар.
… тасыса, қайық төгілер.
… тасыса, ақыл төгілер.
ІV. Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
