- •Курстың мазмұны
- •I модуль. Сөз және мағына
- •II модуль. Сөз сыры
- •III модуль. Сөз маржаны
- •IV модуль. Сөз құдіреті
- •Күтілетін нәтижелері:
- •Қолданбалы курс тақырыбы «Сиқырлы сөздер сыр шертеді» Категория: 4 сынып
- •I модуль. Сөз және мағына
- •II модуль. Сөз сыры
- •III модуль. Сөз маржаны
- •IV модуль. Сөз құдіреті
- •«Сиқырлы сөздер сыр шертеді» курстың бағдарламасы
- •4 Сынып
- •Қолданбалы курс бағдарламасы бойынша сағаттарды модульмен бөлу (барлығы 34 сағат)
- •«Сиқырлы сөздер сыр шертеді»
- •І модуль, 2 сабақ
- •І модуль, 3 сабақ
- •І модуль, 4 сабақ
- •II Қызығушыылығын ояту
- •III Мағынаны тану
- •IV Сергіту сәті
- •V Ой толғаныс
- •2 Үлгі: Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер
- •V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
- •Vі Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
- •Vіі .Жаңа сабақты бекіту:
- •Vііі . Сабақты қорыту: і модуль, 3 сабақ
- •І модуль, 5 сабақ
- •І модуль, 6 сабақ Конспект
- •1) Тарихи сөздер; 2) архаизмдер.
- •І модуль, 7 сабақ
- •І модуль, 8 сабақ
- •І модуль, 9 сабақ
- •Түске алданғандар
- •Үй шаруасы
- •Іі модуль, 1 сабақ
- •Іі модуль, 2 сабақ
- •Іі модуль, 3 сабақ
- •Іі модуль, 4 сабақ
- •Іі модуль, 5 сабақ
- •Іі модуль, 6 сабақ
- •Іі модуль, 7 сабақ
- •Ііі модуль, 1 сабақ
- •Дереккөздер[өңдеу]
- •Ііі модуль, 5 сабақ
- •Ііі модуль, 7 сабақ
- •Іү модуль, 2 сабақ
Ііі модуль, 5 сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Би-шешендер сөзі – өнеге көзі»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: шешендік сөздердің беретін тәрбиелік мәнін ұғындыру
2. Дамытушылық: жүйелі де тапқыр сөйлей білу қабілетін дамыту
3. Тәрбиелік: шешендікке, тапқырлыққа, ұтымды сөйлей білуге, әділдікке баулу
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, іздендіру, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: «Шешендік сөздер», «Шешедік шиырлары»,«Үш би», түрлі слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі1. Сәлемдесу, 2. Оқушыларды түгелдеу, 3. Оқу құралдарын тексеру, 4. Бүгінгі сабақтың мақсатын түсіндіру, 5. Оқушыларды үш топқа бөлу: І топ «Төле би» ІІ топ «Қазыбек би» ІІІ топ «Әйтеке би»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Шешендік сөздер» тақырыбы бойынша әр топ өздерінің аттарын қорғап шығады, яғни, өмір жолдарынан мәлімет беріп, шешендік толғауларын жатқа мәнерлеп айтады.
Өткен сабақты бекіту мақсатында сұрақтар қойылады:
1. Шешендік дегеніміз не?
2. Шешендік сөздердің өзіндік ерекшеліктерін ата.
3. «Би» сөзін қалай түсінесің?
ІІІ. Жаңа сабақ
а) Кіріспе
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
ә) Мағынаны тану
1. Мұғалім сөзі: - Ауыздан - ауызға жеткен шешендік сөздерде қазақ елінің тыныштықты, ауызбіршілікті, ынтымақтықты, адалдықты қалайтыны көрінеді. Шешендік сөздерге тән қасиеттер шешендік, өжеттікпен қатар, әділдік ойдың айқындығы, білімділік және жүйелілік. Шешендік сөздер бізге іріктеліп, сұрыпталып жеткен. Халық даналығынан туған асыл ойларды өсиет - насихат, нақыл түрінде жеткізе білген.
2. Өздік жұмыс
І топ «Төле би»
ІІ топ «Қазыбек би»
ІІІ топ «Әйтеке би» тақырыптарын өздері топтасып оқып, әр топ қалған екі топқа түсіндіріп береді. (рөлге бөліп оқиды, мәнерлеп оқиды)
ІV. Жаңа сабақты бекіту
Әр топ берілген тапсырмаларды мәтінді пайдаланбай орындап шығады.
V. Үйге тапсырма беру
І топқа «Қарлығаш әулие»
ІІ топқа «Қаз дауысты Қазыбек»
ІІІ топқа «Алшын Әйтеке би» тақырыбында ізденіп, ой - толғау жазып келу.
VІ. Білімді бағалау
Үш топтың бүгінгі сабаққа дайындығына сараптама жасап, әр оқушының жаубына сәйкес баға қойылады.
VІІ. Сабақты қорыту
Ііі модуль, 7 сабақ
Сабақ тақырыбы: Фразелогизмдердің сөз мағынасына әсері
Тіл арқылы қатынас жасағанда, сөздер дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады. Тіркес екі түрлі болады.
1. Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен алмастыруға бола беретін еркін тіркес. Мысалы: үлгілі бала дегеннің орнына үлгілі қыз деуге болады, диктант жазу дегеннің орнына шығарма жазу, хат жазу, мазмұндама жазу десе де болады. Мұндай еркін тіркестер сөз тіркесі деп аталады. Еркін сөз тіркесінің беретін мағынасы сол тіркесті құрайтын сөздердің мағыналарымен байланысты болады.
2. Мағынасы бір тұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға болмайтын, бір сөздің орнына ғана жұмсалатын да тіркестер бар. Мысалы: қой аузынан шөп алмас, ит жанды, таяқ тастам жер, мұзға отырғызып кету, жұмған аузын ашпау, көзді ашып жұмганша т. б. Қой аузынан шөп алмас дегеннің орнына- түйе аузынан шөп алмас, ит жанды дегеннің орнына мысық жанды деп өзгертіп айтуға көнбейді.Сондай-ақ мұндай тіркес көркем, бейнелі бір ұғымды білдіреді: қой аузынан шөп алмас — жуас, ит жанды — көнбіс, таяқ тастам — жақын, мұзға отырғызып кету — алдау, жұмған аузын ашпау — үндемеу, көзді ашып-жұмғанша — лезде деген мағыналарды білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады. Сондықтан мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейді. Тұрақты тіркестің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан тумайды, басқа бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қабыргаңмен кеңес — ойлан, бесіктен белі шықпай — ерте, қас пен көздің арасында — шапшаң мағыналарын білдіреді.
Еркін сөз тіркесі мен тұрақты тіркесті салыстырып көрейік. Сөз тіркесі тұрақты тіркес /. Таза дәптер, таза киім, әдемі дәптер, әдемі киім,
Әдепті оқушы, әдепті кісі, баланың ісі, үлкеннің ісі.
тайга таңба басқандай (анық), біреудің ала жібін аттамау (ұрламау), жүрек жұтқан (батыр), қоян жүрек (қорқак,), таяқ тастам (жақын), тіс жармау (үндемеу).
Неше сөзден құралса да, тұрақты тіркес бір ғана ұғымды білдіреді. Сөйлем ішінде бір ғана мүшенің қызметін атқарады. Мысалы: Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елге қызмет етеді. Осы сөйлемдегі көзі ашық, көкірегі ояу тұрақты тіркестің сұрағы қандай? Саналы деген бір мағынаны білдіреді, анықтауыштық қызмет атқарады. Орын жағынан әбден қалыптаскан, құрамы өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданы-латын тіркесті тұрақты тіркес дейміз. Тұрақты тіркестер ғылым тілінде фразеология, фразеологизм деп те аталады.
