Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сапты дайынды ОК практикалы дістемелік нсау.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

2.Әскери сәлемдесуді бір орында тұрып орындау.

Әскери сәлемдесу нык және көрнекті орындалады.

Әскери сәлемдесуді саптан тыс орныңда бас киімсіз орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда ол жаққа бұрылып, саптық кальшты қабылдау керек және оның соңынан басын бұра отырып, оған карау керек.

Егер бас киім киілген болса, онда, одан басқа саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімнің шетіне (күнқағарға) тиіп түратындай, ал шынтақ иық денгейінде және биіктігінде болатындай етіп оң қолды кыска жолмен бас киімде ұстау керек. Бастық (атағы үлкен) жаққа басты бұрған кезде қолдың бас киімдегі жағдайы өзгеріссіз калады.

Бастық (атағы үлкен) әскери сәлемдесуді орындаушының жаныңан өтіп бара жатқанда басты тік үотау керек және онымен бір уақытта оң қолды төмен түсіру керек.

Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста бас киімсіз орындау үшін бастықка (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда аяқты жерге коюмен бір уақытта қолмен қозғалыс жасауды тоқтатып, басты ол жаққа бүру керек және қозғалысты жалғастыра отырып, оған карау керек. Бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін басты тік ұстау және колмен қозғалыс жасауды жалғастьгру керек.

Бас киіммен болған кезде аяқты жерге коюмен бір уақьгтта басты бүру керек және оң қолды бас киімге апарып, сол қолды қозғалтпай жаныңда ұстау керек (12-сурет); бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін сол аяқты жерге коюмен бір уақытта басты тік ұстап, оң қолды төмен түсіру керек.

Бастықты (атағы үлкенді) басып озған кезде әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстау және оң қолды төмен түсіру керек.

Егер әскери қызметшінің колы бос болмаса, әскери сәлемдесуді бастық (атағы үлкен) жаққа қарай басты бүрумен орындайды.

3. Әскери сәлемдесуді қозғалыста орындау.

Әскери сәлемдесуді қарумен орныңда саптан тыс орындау қарусыз орындау сияқты жүргізіледі (осы Жарғының 64-тармағы); бұл ретге карабиннің «иыққа» күйін коспағанда, қарудьщ күйі өзгермейді және кол бас киімге апарылмайды.

Әскери сәлемдесуді карабинмен «иыққа» күйінде орындау кезінде ол алдын ала «аяққа» күйіне алынады.Қарумен «аркаға» күйінде әскери сәлемдесуді оң қолды бас киімге апара отырып орындау керек.

Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста аяқ жаныңдағы, «қарубауға» немесе «кеудеге» күйіндегі қарумен орындау үшін бастықка (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда аяқты жерге коюмен бір уақытта басты ол жаққа қарай бүру және бос колымен қозғалысты токтату керек; «аркаға» күйіндегі қарумен одан басқа колды бас киімге апару керек.

Карабинмен «иыққа» күйінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде оң қолмен қозғалысты жалғастыру керек.

«Он жақтан (сол жақтан, мандайшептен) қарсы алу үшін, карауыл-ҒА» командасы бойынша «аяқка» күйіндегі карабинмен әскери сәлемдесу екі тәсілмен жүзеге асырылады:

бірінші тәсіл - карабинді оң қолмен көтеріп, ұңғысын кеуденің орта түсына, көздеу планқасын өзіне қаратып, оны тік ұстау керек; осымен бір уақытта сол қолмен карабинді сағағынан (төрт саусақ алдында окжатарда, ал бас бармақ - көздеу планқасының астында) ұстау керек, сол қолдын біяегі - қарубау денгейінде болу керек.

екінші тәсіл - оң қолды құндақтың мойныңа ауыстыру және онымен карабинді бас бармақ артында, ал біріктірілген төрт саусақ күндақ мойныңың алдында киғаш жататындай етіп ұстау керек.

Екінші тәсілді орындаумен бір уақытта басты оңға (солға) бүру және оның соныңан басын бүра отырып, бастықты көз киығымен шығарып салу керек. Карабин «карауылға» күйінен «аяқка» күйіне «Аяқ-ҚА» командасы бойынша алынады.

Алдын ала берілетін команда бойынша басты тік ұстау керек, ал орындалатын команда бойынша карабинді аяқка үш тәсілмен алу керек:

бірінші тәсіл - оң қолды жоғары ауыстыру және карабинді сағағы мен ұңғы бастырмасының жоғарғы жағынан ұстау керек;

екінші тәсіл - карабинді дүмі табанның сырткы жағына тиіп тұратындай етіп, он аяқка ауыстыру керек; сол қолмен карабинді сүңгі түтігінен ұстау керек;

үшінші тәсіл - сол қолды жылдам төмен түсіру керек, ал оң қолмен карабинді жерге жайлап кою керек.

«Қарауға» тәсілін орындай отырып әскери сәлемдесуді карабинмен орындау тек әскери бөлімшелер мен бөлімдер орныңда олар сапта болған кезде жүргізіледі.

«Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, карауыл-ҒА» командасы бойынша карабиндер «карауылға» күйіне алынады; сапта тұрған барлық әскери қызметінілер саптық калыпты қабылдайды және онымен бір уақытта басын бастық жаққа қарай бүрып, оны көз киығымен шығарып салады. Егер саптағы әскери қызметшілерде автоматтар, оқшашарлар мен кол гранатааткыштар бар болса, олардың күйі өзгермейді.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Әскери сәлемдесуді бір орында тұрып орындау.

2 Әскери сәлемдесуді қозғалыста орындау.

3 Әскери сәлемдесуді қарумен бір орында тұрып орындау

4.Қарауға

5.Қарумен «арқаға» күйінде әскери сәлемдесуді орындау

6.«Қарауға» тәсілін орындай отырып әскери сәлемдесуді карабинмен орындау.

7.Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста бас киімсіз орындау.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сай.бастыққа келу және одан кету,әскери сәлемдесуді бір орында тұрып орындау,әскери сәлемдесуді қозғалыста орындау тәсілдерді меңгеру.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:

1.Бастыққа келу және одан кету.

2.Әскери сәлемдесуді бір орында тұрып орындау.

3.Әскери сәлемдесуді қозғалыста орындау.

7.Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі талаптарға сай. бастыққа келу және одан кету,әскери сәлемдесуді бір орында тұрып орындау,әскери сәлемдесуді қозғалыста орындау тәсілдерді меңгеруге дағдылану.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.Б.Ахметов,Б.Байжұманов Саптық дайындық оқытып үйрету әдістемесі 2003ж

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

№7.Практикалық/семинар сабақ тақырыбы: «Әскери сәлемдесуді қарусыз орында тұрып және қозғалыста орындау».