Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сапты дайынды ОК практикалы дістемелік нсау.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

5.Оқыту әдістемесі

6.Жорықтық саптар.

7. Қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі жеке құрамның іс-қимылы.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1.Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сай. Студенттерді қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі жеке құрамның іс-қимыл жасауды үйретіп дағдыландыру.

2.Студенттерді бағалау.

6.Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:

1.Қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі жеке құрамның іс-қимылы.

2.Оқыту және үйрету әдіс тәсілдері.

7.Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі талаптарға сай. Студенттерді қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі жеке құрамның іс-қимыл жасауды үйретіп дағдыландыру.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.Б.Ахметов,Б.Байжұманов Саптық дайындық оқытып үйрету әдістемесі 2003ж

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

№17.Практикалық/семинар сабақ тақырыбы: «Ұрысқа», «Тұр» әдістер.

1

.Жоспары:

1.Сарбаздың"Тұр " тәсілін орындау.

2.Оқыту әдістемесі

2.Сабақтың мақсаты: Студенттердің Сарбаздың"Тұр " тәсілдерін орындауды қалыптастыру.

3.Қысқаша мәтіні:Қарсыластын тұтқиылдан шабуыл жасаған кезіндегі жеке құрамның әрекеттері.

1.Сарбаздың"Тұр " тәсілін орындау.Оқыту әдістемесі

«ҰРЫСҚА», «ТҰР» пәрмені бойынша атқарылатын тәсілдерді, сондай-ақ жүгіру мен еңбектеуді алғашқыда, әдеттегі саптық алаңда үйренген дұрыс. Жаттығуды тактикалық алаңдарда орындаған жөн. Жеке құрамның міндетті түрде қару-жарағы мен тиісті формада (үлгіде) киім-кешегі болуы қажет. Тәсілдер Саптық жарғыда көрсетілгендей реттілікпен жүргізілген дұрыс. Тәсілдерді орындау жаттығулары басқа пәндер бойынша сабақтар барысында, әсіресе қару мен тактикалық дайындықтар бойынша жүзеге асырылуы керек. Сабақтар бөлімшелер құрамында жүргізіледі. Аталмыш сабақтардың ұйымдастырылуын, басқа саптық тәсілдер мен іс-қимылдардың үйретілуі секілді.

Сабақ орнына келісімен, оқытушы тәсілдердің практикалық мәнін қысқаша түсіндіреді, сонан соң оларды жаттықтыруға кіріседі. Бастапқыда «ҰРЫСҚА» және «ТҰР» тәсілдері үйретіледі.

Тәсілдерді оқыту оны үлгілі түрде көрсету арқылы басталады, сонан соң бөлім бойынша баяу жалғасады. Бөлімше командирі көрсетуді қысқаша түсіндірумен бірге атқарады.

Бірінші «Ұрысқа» тәсілін үш есепке орындаған жөн. «Жаса – БІР» есебі бойынша оң қолға саптық тұрысты сақтай отырып, ыңғайлы болатындай автоматты немесе пулеметті алу қажет. Келесі «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша оң аяқпен алға адым жасап, бір мезгілде денені алға еңкейтіп, сол тізеге отыру керек және сол қолды өзінің алдына саусақтарды оңға қарай жерге қою қажет. «Жаса – ҮШ» есебі бойынша кезекпен сол аяқтың жамбасына және сол қолдың иығына сүйене отырып, сол бүйірге жату керек те жылдам ішке аунап түсу керек, аяқтардың ұштарын сыртқа қаратып жан-жаққа жазып тастап, оқ атуға дайындалу қажет.

Егер, тәсіл «Жат» пәрмені бойынша орындалса, қаруды бүгілген сол қолға ұңғы бөлігінен денеге таяу қойған жөн. Сондай-ақ оны сол мезетте сағағынан және ұңғы киігінен оң қолмен ұстап тұру керек. Егер осы тәсіл «ҰРЫСҚА» пәрмені бойынша орындалса, онда автоматты жатқан күйде атуға дайындау ретінде иыққа қарудың дүмбесін тіреместен алған жөн.

«Ұрысқа» тәсілін көрсетуді аяқтай салысымен, «ТҰР» тәсілін орындауға көшу керек. Бұл тәсіл де, орнында үш есепке атқаруға болады. «Жаса – БІР» есебі бойынша оң қолмен қаруды ұстап, екі қолды кеуденің деңгейіне созып, бір мезгілде аяқты берге қою керек. Келесі «Жаса – ЕКІ» есебіне сәйкес екі қолды шұғыл түзулей отырып кеудені жерден көтеріп, оң аяқты алға шығару тиіс. «Жаса – ҮШ» есебі айтылғанда жылдам тұрып сол (оң) аяқты қою керек және қарумен саптық тұрысты қабылдау қажет.