Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сапты дайынды ОК практикалы дістемелік нсау.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

5.Оқыту әдістемесі

6.Жорықтық саптар.

7.Жеке құрамды автомобиль қорабына орналастыру.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1.Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сай. Студенттерді взводттың қатарлы саптары,лектік,жайылма, жорықтық саптарында тұруды үйретіп дағдыландыру.

2.Студенттерді бағалау.

6.Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:

1.Взводттың қатарлы саптары,лектік,жайылма, жорықтық саптары.

2.Оқыту әдістемесі

7.Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі талаптарға сай. Студенттерді взводттың қатарлы саптары,лектік,жайылма, жорықтық саптарында тұруды үйретіп дағдыландыру.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.Б.Ахметов,Б.Байжұманов Саптық дайындық оқытып үйрету әдістемесі 2003ж

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

№16.Практикалық/семинар сабақ тақырыбы: «Бөлімшелер жеке құрамның ұрыс кезіндегі тәртіпте әрекеттер жасаудағы қозғалысының тәсілдері мен әдістері».

1.Жоспары:

1.Қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі жеке құрамның іс-қимылы.

2.Оқыту және үйрету әдіс тәсілдері.

2.Сабақтың мақсаты: Студенттердің бөлімшелер жеке құрамның ұрыс кезіндегі тәртіпте әрекеттер жасаудағы қозғалысының тәсілдері мен әдістеріне қалыптастыру.

3.Қысқаша мәтіні:Бөлімшелер жеке құрамның ұрыс кезіндегі тәртіпте әрекеттер жасаудағы қозғалысының тәсілдері мен әдістерін таныстыру.

1.Қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі жеке құрамның іс-қимылы.

Қозғалыс әдістерін кешенді орындау жаттығуында жергілікті жерді тиімді таңдау айтарлықтай маңызға ие. Осыған орай, жергілікті жер жаудың оқ атуына байланысты қозғалыс әдісіне сәйкес болу керек. Бастапқыда жаттығуды әр қозғалыс әдісінде барлық студенттерді бір мезетте жүргізіп, кейін өздеріне қозғалыс әдісін таңдау құқығын берген жөн. Бұл студенттердің өз алдына жергілікті жерді бағалауға қозғалыс әдісін дұрыс таңдауына септігін тигізеді.

Сабақтың аяғында тәсілдерді жылдам, әрі нақты орындауға жарыс өткізген жөн. Бұл бөлімше командиріне тәсілдердің қандай элементтері жақсы игерілген, ал қандай бөлімдері қосымша жаттығуды талап ететін анықтауға мүмкіндік береді.

Міне, жергілікті жерде кешенді қозғалысты жаттықтыру бойынша бірнеше кеңес.

Жылдам адыммен, жүгіріспен қозғалыс. Бөлімшені орналастырып, бөлімше командирі жаттығуды бастай келе тиісті тапсырма немесе пәрмен береді, мысалы: бірінші көрсетілген жерді тез адыммен жүріп өту, екінші – жүгіріспен «Курсанттар белгіленген жерге жетісімен жатып, атуға дайындалады. Бөлімше командирі олардың қимылдарына баса назар аударуы тиіс». Дұрыс емес қимылдарды, байқаса, ол тәсілді қайталауға бұйырады. Бұл орайда қалыпты күйге барлық бөлімше немесе тек кемшілік жіберген студенттер ғана оралуы мүмкін.

Біреуден, екеуден немесе топ бойынша жаттығуда жүгіру келесі тәртіпте орындалады. Студент 20-40м қашықтық аралығында жылдам жүгіріс жасап дем алу үшін жатады. Оқ ату үшін шетке еңбектеп дайындалады. Қалған студенттер, қалыпты жерде тұрып жергілікті жерді бақылайды, жүгіріс бағытына назар аударады. Бірінші студент жатқаннан кейін, дереу екінші студент жүгіре бастайды. Бірінші сызыққа жетісімен жатып, оқ атуға дайындалады. Бірінші студент, екінші тоқтай салысымен келесі жүгірісті бастайды. Осымен, олар көрсетілген жерге жетеді. Қалғандары да, белгіленген тәртіпке сәйкес аталмыш жерге жетуі тиіс.

Екеуден немесе топ бойынша «Алға» атқарушы пәрмені бойынша жүгіру кезінде бірдестен екі немесе бірнеше студенттер жүгіріп кетеді.

Пәрменде көрсетілген аймақта, студенттер соғыс жүргізуге дайындығымен жаңа пәрменге дейін қалады. Келесі аймаққа студенттер жүгіру арқылы немесе қозғалыстың басқа да әдістерімен жетуіне болады. Бұл орайда, еңбектеу жүгіру кезіндегідей реттілікпен жүргізіледі. Қозғалыс әдісі аймақтың сипатына тәуелді. Бірінші аймаққа студенттер төрттағандап еңбектесе, екіншісіне – жорғалап, ал үшіншісіне – бүйірлеп деген сияқты. Әдістерді ауыстыра отырып, бөлімше командирі студенттерді ұрыс алаңдарындағы қозғалысқа үйретеді.

Студенттердің әртүрлі әдістерімен қозғалыс техникасын игергендегі және қажетті жаттығу алғандығы жөнінде көзі жетсе, бөлімше командирі жаңа бөтен аймақты таңдап, оны әрқайсысына өздері таңдаған қозғалыс әдістерімен жүріп өтуіне бұйрық беруі мүмкін. Бөлімше командирі олардың қимылдарын қадағалап, кемшіліктерді көрсетіп, олардың алда болмауын талап етеді, ал сабақтың аяғында толық талдау жүргізеді.

Қозғалыс әдістерімен жаттықтыру, тек саптық дайындық сабақтарында ғана емес, сондай-ақ, басқа да сабақтарда, әсіресе тактикалық дайындығында жүргізілуі қажет.

4.Бақылау сұрақтары:

1 Қозғалыс әдістері.

2 «Алға» атқарушы пәрмені

3.Взводтың жорық сабы.

4.Взводттың қатарлы саптары,лектік,жайылма, жорықтық саптары.