Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сапты дайынды ОК практикалы дістемелік нсау.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

2.Взводттың жайылма және жорық сабы.

Взводты жорық сабындағы іс-қимылдарға үйрету үшін, әдеттегідей осы сапты көрсетумен қатар, әр бөлімшенің және әскери қызметшілердің (студенттердің) тиесілі орындарын көрсеткен жөн. Осы мақсатта взводты жайылма бір қатарлы сапқа тұрғызып «оң-ҒА» пәрменін беріп взводты сәйкес бағытқа қарай бұрады. Осыған орай взводтың командирі немесе әскери оқытушы взвод оңға бұрылғаннан кейін біреуден бойынша лекке жорық сабы қалпында болатынын түсіндіреді. Сонан соң взвод командирі екі қатарлы жайылма сапқа тұрғызады және оңға бұрылыспен екеу бойынша лекке жорық сабында тұрғызады. Взвод командирі немесе әскери оқытушы бөлімше командирлеріне бұрылыстан кейін жарты адым оңға бұрылу қажеттілігін айғақтайды.

Бiр лек бойынша Екi лек бойынша

взводтың жорық сабы. взводтың жорық сабы.

Жалпы, взводтың жорық сабы үш лекті (төрт бөлімшеден тұратын взводта – төрт лекті), екі лекті немесе үш лекті болуы мүмкін.

4. Бақылау сұрақтары:

1. Жайылма сапқа тұру

2. Взвод құрамында екі қатар сапқа түру.

3. Взводттың жайылма және жорық сабы

4. Екі қатарлы саптағы взвод.

5. Взводтың жайылма сапқа тұруы

6. Взводтың жайылма саптағы түзуленуі

7. взводтың жорық сабы

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сай.Жайылма сапқа,взводттың жайылма және жорық саптарына тұрғызып әдіс тәсілдерін үйренуді дағдыландыру.

.2.Студенттерді бағалау.

6.Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:

1.Жайылма сап

2.Взводттың жайылма және жорық сабы.

7.Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі талаптарға сай. Жайылма сапқа,взводттың жайылма және жорық саптарына тұрғызып әдіс тәсілдерін үйренуді дағдыландыру.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.Б.Ахметов,Б.Байжұманов Саптық дайындық оқытып үйрету әдістемесі 2003ж

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

№13.Практикалық/семинар сабақ тақырыбы: «Жорық сабы».

1.Жоспары:

1.Жорык сабы.

2.Взводтын жайылма және жорық сабына тұруының және қозғалыс жасауы тәсілдері

1.Сабақтың мақсаты: Студенттерді взводтын жайылма және жорық сабына тұруының және қозғалыс жасауы тәсілдерін үйретіп дағдыландыру.

2.Қысқаша мәтіні: Студенттерді взводтын жайылма және жорық сабына тұруының және қозғалыс жасауы тәсілдерін үйретіп дағдыландыруды қалыптастыру жолдары.

1.Жорық сабы.

Взводты жорық сабындағы іс-қимылдарға үйрету үшін, әдеттегідей осы сапты көрсетумен қатар, әр бөлімшенің және әскери қызметшілердің (студенттердің) тиесілі орындарын көрсеткен жөн. Осы мақсатта взводты жайылма бір қатарлы сапқа тұрғызып «оң-ҒА» пәрменін беріп взводты сәйкес бағытқа қарай бұрады. Осыған орай взводтың командирі немесе әскери оқытушы взвод оңға бұрылғаннан кейін біреуден бойынша лекке жорық сабы қалпында болатынын түсіндіреді. Сонан соң взвод командирі екі қатарлы жайылма сапқа тұрғызады және оңға бұрылыспен екеу бойынша лекке жорық сабында тұрғызады. Взвод командирі немесе әскери оқытушы бөлімше командирлеріне бұрылыстан кейін жарты адым оңға бұрылу қажеттілігін айғақтайды.

Жалпы, взводтың жорық сабы үш лекті (төрт бөлімшеден тұратын взводта – төрт лекті), екі лекті немесе үш лекті болуы мүмкін.

Бiр лек бойынша Екi лек бойынша

взводтың жорық сабы. взводтың жорық сабы.

Взводтың өз орнында үш (төрт) лек бойынша сапқа тұруы «Взвод, үш (төрт) лек бойынша – САПТАЛ» пәрмені айтылады.

Студенттер бір лектен бойынша сапқа тұру техникасын игерген соң, взводтың командирі взводтың жорық сабына үшеу бойынша лекке сапқа тұруды көрсетуге (төрт бөлімшеден тұратын, взвод – төртеуден бойынша лекке). Көрсету үшін взводтың командирі бөлімшеге біреуден бойынша лекке тұруды бұйрық етеді. Сапқа тұрғаннан және түзелуден кейін (бірінші бөлімшенің) одан солға таман екінші бөлімшені тұрғызады, ал екіншіден солға таман үшінші бөлімше орналасады. Осыған орай бөлімшелер арасындағы ара-қашықтық алақан енінің көлеміндей, ал аяқ ұштары бір сызықта, қатарлардың ара-қашықтығы – алда тұрғанның иығына қойылған, яғни созылған қолдың қашықтығындай. Бөлімшелерде әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында тұруы қажет «Взвод үшеуден бойынша лекке (екеуден, біреуден) – САПТАЛ» және «ТАРАҢДАР» пәрменін бере отырып, командир взводты жаттықтырады. Сапқа тұру барысында жеке құрамды түзелуге, бұрылыстарға жаттықтырған жөн.

Бөлімше санымен (адам, саны) төртеу және үш адамы бар взвод жорық сабына екеу бойынша лекке тұрады.