- •1.Жоспары:
- •1. Саптар және оларды басқару
- •1.Саптар және оларды басқару
- •2.Оқыту әдістемесі
- •1.Жоспары:
- •2.Оқыту әдістемесі.
- •3.Қысқаша мәтіні: Сап - әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен бөлімдердің жаяу тәртіпте және машиналарда олардың бірлесіп іс-қимыл жасауы үшін Жарғымен белгіленген орналасуы.
- •1.Студенттердің командалық әдістемесін көтеру, шыңдау.
- •1.Жоспары:
- •1.Сап және Сап элементтері.
- •2.Оқыту әдістемесі.
- •2.3 Саптық тұрысты қабылдау.Қарусыз қозғалыстар жасау жасау.
- •Бөлiмшенiң саптық тұрысты үйренуi үшiн сап түзуi
- •1.Жоспары:
- •3 Оқыту әдістемесі
- •Бұрылыс кезiндегi аяқтардың күйi (солға, оңға).
- •1. Қозғалыс кезіндегі міндеттер.
- •Қозғалыста айналу бұрылысын көрсету.
- •2. Пәрмен беру, командалық әдістемені меңгеру
- •2.Оқыту әдістемесі.
- •1.Жоспары:
- •1.Қарумен саптық тұрыс тәсілдерді қарумен орында тұрып орындау.
- •4.Бақылау сұрақтары:
- •5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:
- •8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1.Жоспары:
- •1. Бастықка келу және одан кету.
- •2.Әскери сәлемдесуді бір орында тұрып орындау.
- •3. Әскери сәлемдесуді қозғалыста орындау.
- •1.Жоспары:
- •1.Әскери сәлемдесуді қарумен бір орында тұрып орындау.
- •2.Әскери сәлемдесуді қарумен қозғалыста орындау тәсіледері.
- •4.Бақылау сұрақтары:
- •5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:
- •8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1.Жоспары:
- •1.Саптан шығу және қайта сапқа түру.
- •2.Бастыққа келу және одан кету.
- •1.Жоспары:
- •2.Бастыққа келу және одан кету.
- •2.Саптан шығу және қайта сапқа түру.
- •1.Жоспары:
- •1.Бөлімшенің жаяу реттегі саптары.
- •2.Сапты басқаруға арналған белгілер. Сапты және машинаны басқаруға арналған белгілердің кестесі
- •1.Жоспары:
- •1. Бөлімшенің саптары.
- •2.Взводтың саптары.
- •Б iр қатарлы саптағы взвод.
- •Взводтың бөлімше сонымен екі қатарлы жайылма сабы
- •1.Жоспары:
- •1.Жайылма сап.
- •2.Взводттың жайылма және жорық сабы.
- •1.Жоспары:
- •1.Жорық сабы.
- •2.Взводтын жайылма және жорық сабына тұруының және қозғалыс жасауы тәсілдері
- •1.Жоспары:
- •1.Взводттың автокөліктегі (машинадағы)саптардың орналасауы қауіпсіздігі. Жалыпы ережелері.
- •Жеке құрамды автомобиль қорабына орналастыру.
- •Автокөліктерді(Машина) басқаруға арналған белгілердің кестесі.
- •5.Оқыту әдістемесі
- •1.Жоспары:
- •2.Оқыту әдістемесі
- •2.Взводттың қатарлы саптары,лектік,жайылма, жорықтық саптары.Оқыту әдістемесі
- •Бөлімше санымен взводтың жорық сабы (адам, саны),
- •5.Оқыту әдістемесі
- •2.Оқыту әдістемесі
- •1.Жоспары:
- •1.Қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі жеке құрамның іс-қимылы.
- •5.Оқыту әдістемесі
- •2.Оқыту әдістемесі
- •1.Сарбаздың"Тұр " тәсілін орындау.Оқыту әдістемесі
- •«Жат» (ұрысқа) тәсiлiнiң орындауын көрсету.
- •Жату күйiнен «Тұр» тәсiлiнiң орындауын көрсету.
- •6.Оқыту әдістемесі
- •2.Оқыту әдістемесі
- •1.Жоспары:
- •1.Жүгіру тәсілін орындау.
- •2.Енбектеу тәсілдерін орындау
- •4.Оқыту әдістемесі
- •5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •6.Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:
- •8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1.Жоспары:
- •1.Жауынгерлік тудың саптағы жағдайы,жауынгерлік туды шығару
- •5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •6.Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:
- •8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1.Жоспары:
- •1.Саптық байқаулар.
- •5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •6.Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:
- •8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1.Жоспары
- •1.Ротаның байқауы.Батальонның байқауы.
- •2.Бригаданың (полктін) байқауы.
- •3.Машиналардағы саптық байқау
- •6.Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:
- •8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1.Жоспары
- •1.Бригаданың (полктін) байқауы.
- •2.Машиналардағы саптық байқау
- •5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •6.Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:
- •8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1.Жоспары
- •1.Жалпы ережелер.Жауынгерлік тудын саптағы жағдайы.
- •5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі: Әскери бөлімнің жауынгерлік туының жалпы ережелері
- •6.Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:
- •8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1.Жоспары:
- •1.Туды алып келу және оны әкету тәртібі
- •5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •6.Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:
- •8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1.Жоспары:
- •1.Салтанатты шерумен жүріп өту.Әуенмен жүріп өту.
- •1.Жоспары:
- •1.Жорық сабы.
- •1.Жоспары:
- •1,2,3.Взводтын,Ротаның. Бригаданың (полктін) жорықтық сапта жүруі.
- •Үш лек бойынша взводтың жорық сабы. Бөлімше санымен взводтың жорық сабы (адам, саны),
- •1.Жоспары:
- •1.Жалпы ережелер қрқк-нің саптық жарғысын сәйкес саптық дайындықтар жүргізу.
- •1.Жоспары:
- •2.Оқыту әдістемесі.
- •1.Қрқк-нің саптық жарғысын сәйкес саптық дайындықтар жүргізу
- •2.Оқыту әдістемесі
- •1.Жоспары:
- •2.Оқыту әдістемесі.
- •1.Қрқк-нің саптық жарғысын сәйкес саптық дайындықтар жүргізу
- •2.Оқыту әдістемесі
1.Жоспары:
1.Бастықка келу және одан кету.
2.Саптан шығу және қайта сапқа тұру әдістері.
2.Сабақтың мақсаты:Бастыққа келу,одан қайта кету, саптан шығу және қайта сапқа тұру дағдысын қалыптастыру.
3.Қысқаша мәтіні: Әскери қызметші бастыққа келу,одан қайта кету саптан шығу,қайта кету дағдысын қалыптастыру.
2.Бастыққа келу және одан кету.
Саптан шығу; бастыққа келу және сапқа қайтып келу мынадай еттілікпен жүргізіледі:
бастыққа саптан тысқары жерден келу және одан кету;
пәрмен бойынша саптан шығу және сапқа қайтып келу;
шақыру бойынша саптан шығу және сапқа қайтып келу.
Бастыққа саптан тысқары келу және одан кетуді оқытудың басында әскери оқытушы, бөлімше маңдайшебін жағалай отырып бастыққа келуді толық көрсетеді.
Нәтиже болу үшін әскери оқытушы немесе бөлімше командирі саптан студентті шақырып басшының орнына қоюы мүмкін.
Бастыққа келуді үш санауы бойынша үйреткен абзал. «Жаса – БІР» санағына сәйкес, қолдарды қозғалысқа келтіре отырып, алға қарай саптық адымды сол аяқпен орындайды. «Жаса – ЕКІ» санағы бойынша оң аяқты қояды және бірден оң қолды бас киімге тақайды. «Жаса -ҮШ» санағы бойынша қолды жамбасқа түсіреді. Осыдан соң жаттығу басынан қайталанады.Осы қимылдарды оқыту үшін бөлімшелер әр студенттің ара қашықтығы 2-3 адым болатындай, бір қатарға немесе біреуден лекке тұрғызылады.
Бастыққа келу тәсілін игеруді алға үш адым қозғалыспен төртке санау бойынша жүргізуге болады.
«Бастыққа келу, үш адым алға қозғалыспен үш санау бойынша, БАСТА» пәрменіне сәйкес. «БІР, ЕКІ, ҮШ» санау бойынша алға үш саптық адым жасау керек, ал «ТӨРТ» санауы бойынша оң аяқты сол аяққа тақайды және бірдестен оң қолды бас киімге апарады. Келесі «БІР, ЕКІ, ҮШ» санаулары бойынша қолды бас киімге ұстап тұрып, «төрт» санаққа түсірген жөн. Мұндай тәртіпке жаттығу бірнеше рет қайталанады.
Бастықтан кетуді төрт санаққа мына пәрмен бойынша орындаған дұрыс. Яғни, «Бастықтан кету, төрт санау бойынша, БАСТА». Осыған сәйкес «Жаса – БІР» санауы бойынша барлық курсанттар оң қолдарын бас киімге апарады және «Құп болады» деп жауап береді. «Жаса - ЕКІ» санағы бойынша айналып бұрылады (оңға, солға) және оң аяқты жерге қояды. «Жаса – ҮШ» санауы бойынша бірінші адыммен (сол аяқты жерге қоюмен) қолды түсіреді. «Жаса - ТӨРТ» санағы бойынша оң аяқты сол аяққа тақайды. Осындай реттілікте бөлімше командирінің санауы бойынша жаттығу жүргізіледі, ал сонан соң студенттердің өз санауларына орай жалғасады. Осыған сәйкес айналып оңға, солға бұрылу тәжірибесі жетіле түседі.
Бастыққа келу және одан кету бөлім бойынша оқытылғаннан кейін, осы қимылдар кешенді түрде жалғасады. Жаттығу жұппен жүргізіледі (12-сурет).
Бөлімше командирі жаттығу барысында кезекпен өзіне студенттерді шақырады және олардан дұрыс, әрі нақты қимылдарды талап етеді.
Студенттерді бастыққа келу және одан кету қимылдары бойынша нақты дағдылықты қалыптастыру үшін қарапайым деңгейде сегіз есепке жаттықтарған жөн. Бұл үшін бөлімше ара-қашықтығы 1-2 адым болатындай біреуден лекке немесе жұп бойынша бір-біріне қарама-қарсы тұрғызылады. Бөлімше командирінің «Бастыққа келу және одан кету, сегіз есепке, БАСТА» пәрмен бойынша студенттер бірінші үш есеп бойынша сол аяқтан бастап, алға үш адым жасайды. Келесі «ТӨРТ» есебі бойынша сол мезетте оң аяқты сол аяққа тақай отырып, оң қолды бас киімге апарады. Келесі «БЕС» есебі бойынша қолдар түсіріледі. Келесі «ЖЕТІ» есебі бойынша айналу бұрылысын орындайды. Соңғы «СЕГІЗ» есебі бойынша оң аяқты сол аяққа тақайды.
Кезекті «БІР» есебі бойынша студенттер, қозғалыстың бірінші адымын сол аяқтан кері бағытта жасайды және оны жерге қоюмен бірге қолды түсіреді, сонымен қатар жаттығуды қайталайды. Бөлімше командирі бұл уақытта, олардың іс-қимылдарына назар салып, кеткен кемшіліктерді түзейді.
Сондай-ақ, осы сабақтарда әскери қызметшінің саптан тысқары жерде бастықтың оған келуі немесе оның бастыққа келуі секілді қимылдарда көрсетіледі.
Пәрмен бойынша саптан шығуын және сапқа қайта оралуын оқытуды бөлімше командирі бір қатарлыдан бастайды, кейін екі қатарлыдан және екеуден, үшеуден, төртеуден тұрған лектен жалғастырады.
Әскери қызметші саптан шығу үшін пәрмен беріледі.
Мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов. САПТАН пәленбай АДЫМ АЛҒА ШЫҚ» немесе «Қатардағы жауынгер Иванов. БЕРІ КЕЛ».
Әскери қызметші өзінің тегін ести сала, «Мен» деп, ал саптан шығу (шақыру) туралы пәрмен бойынша «Құп болады» деп жауап береді. Әскери қызметші немесе студент бірінші пәрмен бойынша саптан саптық адыммен бірінші қатардан бастап аталған адым саны бойынша шығады, тоқтайды және бетін сапқа қаратып бұрылады.
.
Бастыққа жұппен келуге және одан кетуге жаттығу.
Екінші пәрмен бойынша студент бірінші қатардан тура бір-екі адым жасап, жүріп келе жатып бастық жаққа қарай бұрылады, қысқа жолмен саптық адыммен оған келеді (жүгіріп келеді) және екі-үш адым жетпей тоқтап, келуі жөнінде баяндайды.
Мысалы: «Лейтенант мырза, қатардағы жауынгер Әлімов, сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр» немесе «Полковник мырза, студент Алтаев, сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр».
Әскери қызметші екінші қатардан шығар кезде ол сол қолын алдында тұрған әскери қызметшінің иығына ақырын салады, ол алға бір адым және ағын қоймастан оңға бір адым жасап саптан шығатын студентті өткізіп жібереді, одан кейін өзі орнына тұрады.
Әскери қызметші бірінші қатардан шыққан кезде оның орнына екінші қатардағы оның артында тұрған әскери қызметші тұрады.
Екіден, үштен тұратын реттен студент шыққан кезде ол саптан саптың жақын шетінен, алдын ала оңға (солға) бұрылыс жасап шығады. Егер қасында студент немесе әскери қызметші тұратын болса, ол оң аяғымен бүйірге бір адым жасайды және сол (оң) аяғын қоймастан артқа бір адым жасап, саптан шығатын оқушыны өткізіп жіберіп, өзінің орнына тұрады.
Саптан студент қарумен шыққан кезде, қозғалыстың басталуы кезінде «Аяққа» күйіне алынатын, «Иыққа» күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың ұсталуы өзгермейді.
Әскери қызметшіні сапқа қайтару үшін пәрмен беріледі.
Мысалы: «Қатардағы жауынгер Ахметов. САПҚА ТҰР» немесе тек «САПҚА ТҰР».
Сапқа бетпе-бет қарап тұрған әскери қызметші «Қатардағы жауынгер Әлімов» деген пәрмен бойынша өзінің тегін ести сала, бетін бастық жаққа бұрады және «Мен» деп жауап береді, ал «САПҚА ТҰР» пәрмені бойынша, егер ол қарусыз немесе «Арқаға» күйіндегі қарумен тұрса, қолын бас киіміне тигізіп «Құп болады» деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылып бірінші адым бойынша қолын түсіреді, саптық адыммен қозғала отырып қысқа жолмен саптағы өзінің орнына тұрады.
Егер тек қана «САПҚА ТҰР» пәрмені берілсе, әскери қызметші (студент) алдын ала бастыққа бұрылмастан сапқа қайтып оралады.
Әскери қызметші немесе студент саптан тысқары бастыққа келген кезде, екі-үш адым бұрын тоқтайды және аяғын қойып бір мезгілде оң қолын бас киіміне апарады, одан кейін келуі жөнінде баяндайды. Баяндау аяқталғаннан кейін қолын түсіреді.
Бастыққа қарумен келген кезде әскери қызметші немесе студент бастықтың алдына келіп тоқтағаннан кейін «Аяққа» күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың ұстау күйі өзгермейді. Қару «Арқаға» күйінде тұрған жағдайды қоспағанда, қол бас киімге апарылады.
Әскери қызметші бастықтан кеткен кезде, кетуге рұқсат алып, оң қолын бас киіміне қойып, «Құп болады» деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылады және бірінші адыммен қолын түсіреді.
Бастықтан немесе оқытушыдан кеткен кезде «Аяққа» күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың ұсталынуы өзгермейді, егер қажет болса, студент «Құп болады» деген жауаптан кейін басқа жағдайға алады.
Оқытушы студентке сапқа қайтуға пәрмен немесе кетуге рұқсат бергенде, қолын бас киіміне апарады және оны түсіреді.
