Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сапты дайынды ОК практикалы дістемелік нсау.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

2.Оқыту әдістемесі.

3.Пәрмен беру, командалық әдіс тәсілдерді меңгеру.

7.Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі талаптарға сай.Қозғалыс кезіндегі міндеттер,пәрмен беру, командалық әдіс тәсілдерді меңгеру.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.Б.Ахметов,Б.Байжұманов Саптық дайындық оқытып үйрету әдістемесі 2003ж

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

№5.Практикалық/семинар сабақ тақырыбы:"Саптық тәсілдер және қарумен қозғалыс жасау."

1.Жоспары:

1 Қарумен саптық тұрыс тәсілдерді қарумен орында тұрып орындау

2 Қарумен жасалатын бұрылыстар және қозғалыстар

2.Сабақтың мақсаты: Студенттердің қарумен саптық қалыпты дағдысын қалыптастыру.

3.Қысқаша мәтіні: Қарумен саптық қалып қарусыз сияқты тәсілдерді орындау.

1.Қарумен саптық тұрыс тәсілдерді қарумен орында тұрып орындау.

Қарумен саптық тәсілдерді оқыту қарусыз күйіндегі әдістермен жүргізіледі. Осыған орай, әр сабақтың басында бөлімше командирі қаруды түгендеп, олардың оқталу, оқталмауын тексеруі міндетті.Қарумен саптық тәсілдерді орындаудың алдында, ол алдын–ала (яғни, қару) тежегішке қойылады.

Қарумен саптық тұрыс.

Қарумен жүргізілетін алғашқы сабақта әскери оқытушы бірінші кезекте, әскери қызметшілердің қарумен (автоматпен пулеметпен т.б.) саптық тұрысты қалай қабылдайтынын көрсетуі керек.

Қарумен саптық тұрысты оқыту үшін бөлімшені немесе взводты бір қатарға тұрғызып, әртүрлі қарумен саптық тұрысты қалай қабылдау керек екенін көрсетеді. Осыған сәйкес, оқытушы саптық тұрыс күйін әрқашан студенттер алдынан, артынан және жанынан оны көре алатындай етіп қабылдау тиіс.

Қарумен саптық тұрыста қарусыз саптық тұрыс сияқты, бұл ретте қаруды аузын жоғары қаратып, оң қолдың білегімен белдіктің жоғарғы жағына тигізіп, ал жиналмалы дүмбелі автоматты аузын төмен қаратып «белдікке» күйінде ұстау керек (13-сурет).

Қарумен саптық тұрысты жолай түсіндіріп, көрсеткеннен кейін командир 1-2 адым ара-қашықтықта бөлімшені тұрғызып, әрқайсысына саптық тұрысты жеке қабылдауына бұйрық береді. Сонан соң бөлімше командирі «ТІКТЕЛ» пәрменін береді және студенттердің қимылдарын тексереді. Бөлімше командирі көкіректің алға ұмсынылуына және белбеулі белдіктің жоғарғы кесігі дәрежесінде болуы тиіс оң қолдың күйіне (автоматшылардың) назар аударады. Дұрыс тексеру үшін бөлімшені оңға, солға бұру қажет.

«Қару бауды тарт тәсілін орындау».

Қарумен тәсілдерді орындамастан бұрын, белдіктің ұзындығын тексерген жөн. Бұл тәсіл қарудың барлық түрлеріне бірдей болып келеді және бөлім бойынша оқытылады.

Белдікті түсіру және тарту үшін «Қару бауды тарт» пәрмені беріледі. Бөлімше командирі тәсілді толық түрде орындалу тәртібін көрсетеді, сонан соң қысқаша түсіндіре бастайды. Көрсеткеннен кейін бөлімше командирі бөлімшені 2-3 адым ара-қашықтықта тұрғызып, тәсілдіжеті есепке үйрете бастайды:

Саптық тұрысты қарумен көрсету.

«Жаса – БІР» есебі бойынша, оң қолды белдік бойынша біршама жоғары ұстап, автоматты иықтан алады және сол қолмен оны сағағынан және ұңғы кесігінен іліп алып өзінің алдына оң жақтарын солға қаратып, аузын иектің биіктігінде ұстау керек. Келесі «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша оң қолмен автоматты сағағынан және ұңғы қорабынан сол шынтақтан төменірек ұстау керек. Ал, «Жаса – ҮШ» есебі бойынша сол қолды сол жамбасқа қарай түсіреді, ал оң қолды автоматпен – оң жамбасқа қарай түсіреді. Тиісінше, «Жаса – ТӨРТ» есебі бойынша жартылай оңға бұрылып, бір мезетте сол аяқты бір адым солға қою керек. Келесі «Жаса – БЕС» есебі бойынша алға еңкейіп, бір мезетте сол аяқтың өкшесіне ұңғы қорабын тақайды, ал газ түтігін бүгілген оң қолдың білегіне қою керек, аяқтарды бүгуге болмайды, сол қолмен, тиісінше белдікті тартып (түсіріп) әрекет жасайды. Келесі «Жаса – АЛТЫ» есебінде жартылай солға бұрылып, сол аяқты оң аяққа тақайды, автоматты болса, жамбаста оң қолмен ұстап тұру қажет. «Жаса – ЖЕТІ» есебі бойынша автоматты оң иыққа лақтырып тастайды, ал сол қолды тез жамбасқа қарай түсіреді және саптық тұрысты өз алдына қабылдайды.

Тәсілді бөлім бойынша командир көрсеткеннен соң толығымен көрсете бастайды. Студенттерді жаттықтыру жеке, жұптық немесе бөлімше құрамында жүргізілуі мүмкін.

Тәсілдерді қарумен орнында тұрып орындау.

Автоматпен тәсілдерді үйренудің алдында студенттер автоматты «Белдікке», «Кеудеге» күйінде қалай ұстап жүру керек екенін көрсетіп түсіндірген жөн.

Автоматты «Белдікке» күйінде саптық тұрыс кезінде, жаяу тәртіптегі марш кезінде және тағы басқа жағдайларда алып жүреді.

Автоматты «Кеудеге» күйінде, жаяу тәртіптегі марш кезінде, сонымен қатар мерекелік марш жағдайында жүргізіледі.

Автоматты «Арқаға» күйінде жаяу саптағы марш кезінде, сондай-ақ екі қолмен бірдей жұмыс істеу қажеттілігі туындаған кезде алып жүреді (мәселен, өрт сөндіру барысында ) және т.б.

Жиналмалы дүмбелі автоматты «Белдікке» күйінен «Кеудеге» күйіне ауыстыру тәсілдерін орындау.

Бұл тәсілді, яғни автоматты «Белдікке» күйінен «Кеудеге» күйіне ауыстыруды үйрену кезінде, әдетте взвод немесе бөлімше бір қатарлы жайылма сапқа тұрады. Бастапқыда оқытушы, жиналмалы дүмбелі автоматпен «кеудеге» тәсілінің орындалуын көрсетеді.

Тәсіл «Автомат, кеуде-ГЕ» пәрмені бойынша орындалады.

Автоматты «Кеудеге» күйінен «Белдікке» күйіне үш есеп бойынша алынады.

Ол үшін бөлімше командирі немесе әскери оқытушы мынадай пәрмен береді: «Автоматты кеуде-ГЕ: жаса – БІР, жаса – ЕКІ, жаса – ҮШ».

Алғашқы тәсілді «Жаса – БІР» есебі бойынша орындау үшін оң қолдың шынтағын белдіктің астынан шығармай автоматты иықтан оң қолмен алу тиіс.

Бірінші тәсілді «Жаса – БІР» есебі бойынша орындағанда студенттердің автоматты иықтан оң қолмен алған кезде денелерін еңкеймеуін қадағалау қажет. Мұндай тәсілді орындаған кезде, сонымен қатар саптық тұрыс ережесін және автоматты денеден алшақтатпай ұстау қажет екенін назарға алу міндет. Бірінші есепке студенттер қимылдарды дұрыс орындаса, оқытушы екінші және үшінші есеп бойынша іс-қимылдарға көше бастайды. Оң қолмен «Жаса – ЕКІ» есебіне сәйкес оң қолмен белдікті оңға апарып, алақанмен оны төменнен ұстап алу қажет. Яғни, автоматты сол қолымен сағағынан және ұңғы кесігін төменгі жағынан іліп алып оның өзінің алдына оқ жатарын төмен, ауыз жағын солға қаратып ұстаған дұрыс. Ал, «Жаса – ҮШ» есебі бойынша белдікті бастан асыра оң қолмен сол иыққа лақтырып тастап, онымен автоматты белдіктегі дүмбенің мойнынан ұстап алу қажет, сол қолды жылдам түсіріп жіберу қажет. Қимылдармен оқыту барысында, яғни үшінші есеп бойынша студенттердің бастан асыра белдікті лақтыруы кезінде, мүмкіндігінше жоғары көтеруін және белдікті лақтырғаннан кейін оны жылдам дүмбенің мойнына апаруын қадағалау керек.

Жиналмалы дүмбелі автоматты «белдікке» күйінен кеудеге «күйіне» екі есеп бойынша алынады.

Мұндағы «Жаса – БІР» есебі бойынша оң қолмен автоматты иықтан алып, оң қолдың шынтағын белдіктің астынан шығармай, автоматты сол қолымен сағағынан және ұңғы кесігін төменгі жағынан іліп алып, оның өзінің алдына оқ жақтарын төмен, ауыз жағын төмен қаратып ұстау қажет.

Келесі «жаса – ЕКІ» есебі бойынша оң қолмен белдікті бастан асыра сол иыққа лақтырып тастап, онымен автоматты белдіктегі ұңғы қорабынан ұстап алу керек, ал сол қолды жылдам түсіріп жіберу қажет.

Тәсілдерді қарумен «кеудеге» күйін бөлім бойынша қарастырғаннан кейін, бірден «белдікке» күйіндегі тәсілдерді үйренуге кіріскен жөн, сонан соң екі тәсілді бірдестен орындауға жаттыққан дұрыс.

Автоматты «кеудеге» күйінен «белдікке» күйіне ауыстыру тәсілдерін орындау.

Тәсіл «белдік-КЕ» пәрмені бойынша және үш есепке орындалады. Ол үшін мынадай пәрмен беріледі: «Автомат белдік-КЕ: жаса – БІР, жаса – ЕКІ, жаса – ҮШ».

Бірінші есепке: яғни «Жаса – БІР» есебінде сол қолмен автоматты ұңғының және газ түтігінің жоғарғы жағынан ұстау керек және автоматты біршама жоғары ұстап, оң қолдың шынтағын белдіктің астынан шығару тиіс, оң қолмен алақанды төмен қаратып белдікті ұңғы қорабынан ұстаған жөн болады.

Келесі «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша автоматты ұңғы қорабын жоғары қаратып тұрып, белдікті бастан асыра лақтырып тастау міндет және автоматты оқ жатарын солға қаратып ұстау дұрыс болады.

Осы тәсілді үйрену негізінде студенттердің денелері мен бастарының еңкеймеуіне баса назар аударуы тиіс. Олар автоматты мүмкіндігінше, белдікпен бас киімді түсіріп жібермеуі үшін жоғары көтергені жөн.

Келесі «Жаса – ҮШ» есебі бойынша, автоматты оң иыққа «белдікке» күйіне лақтырып тастау қажет, ал сол қолды жамбасқа қарай жылдам түсіру тиіс. Үшінші тәсілді үйрену кезінде, автоматты сол қолмен иыққа лақтырып тастаудың дұрыстығына қарау қажет. Студент денені бұрмастан, сол қолмен және оң иыққа автоматты лақтырып тастауды артқа тез қимылмен бағыттауы керек.

Автомат асыра лақтырған кезде оң қолдың саусақтары белдік бойынша төмен қарай сырғиды және бұл кезде студент белдікті тартып өзіне ұңғыдан жарақат алмауын қадағалайды.

Жиналмалы дүмбелі автоматты «кеудеге» күйінен «белдікке» күйіне де үш тәсілмен алынады.

Мұндағы «Жаса – БІР» есебі бойынша сол қолмен автоматты ұңғының және газ түтігінің жоғарғы жағынан ұстау керек, оны біршама жоғары көтере отырып, оң қолдың шынтағын белдіктің астынан шығару керек және оң қолмен алақанды төмен қаратып белдікті ұңғы қорабына ұстау қажет.

Келесі «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша автоматты ұңғы қорабын жоғары қаратып бұрып, белдікке бастан асыра лақтырып тастау міндет және автоматты оқ жатарын оңға қаратып ұстау керек.

Келесі «Жаса – Үш» есебі бойынша автоматты оң иыққа «белдікке» күйіне лақтырып тастау қажет, ал сол қолды жылдам түсіру керек.

Бөлім бойынша тәсілді көрсеткеннен кейін бөлімше командирі тәсілді толық орындауды көрсетеді, осыдан кейін жаттығуға кіріседі. Жаттығу барысында бөлімше командирі студенттерден тәсілдерді орындаудың дұрыстылығын және нақтылығын талап етеді. Әрқайсысын жеке үйретісімен, бөлімше командирі взвод командирінің жалпы пәрмені бойынша студенттерді бөлімше құрамында жаттықтыруға кіріседі, осыдан кейін оқытушы тәсілдердің орындалуын тексеріп тиісті бағасын қояды.

Қаруды «Белдікке» және «Кеудеге» күйінен «Арқаға» күйіне ауыстыру тәсілдерін орындау.

Бөлімше командирі қаруды «Кеудеге» күйіне «Арқаға» күйіне аудару кезінде қайта «Белдікке» күйі алынатынын айтады.

Бұл «Қару арқаға» күйінің тәсілін элементтері бойынша, кейін толық түрде бастап жалғастырған дұрыс. Бастапқыда бөлімше командирі «Белдікке» күйінен тәсілдің орындалуын үлгілі ретінде жеке көрсетеді, кейін «Белдікке» күйінен орындалуын қысқаша түсіндіреді. Осыдан кейін бөлімше командирі бөлімшені 2-3 адымға орналастырып, «Қару – арқаға» пәрменін береді.

Осы тәсілдерді үйрену үшін «Арқаға, бөлім бойынша: жаса – БІР, жаса – ЕКІ» пәрмені беріледі.

Бастапқы «Жаса – БІР» есебі бойынша сол қолмен оң иықтан біршама төмен белдіктен алып, ал екінші қолмен бір мезетте дүмбеден төменнен ұстау қажет.

Келесі «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша оң қолмен автоматты жоғары көтеріп, ал сол қолмен белдікті сол иыққа бастан асыра лақтырып тастау қажет, сондай-ақ автомат пен қолдарды тез арада түсіру керек.

Жиналмалы дүмбелі автоматты «Кеудеге» күйінен «Арқаға» күйіне ауыстыру үшін оң қолмен автоматты ұңғы бөлігінен ұстап «Арқаға» күйіне ауыстыру қажет.

Тәсілді үйрену кезінде бөлім бойынша «Жаса – БІР» есебі бойынша оң қолмен ұңғы бөлігінен ұстап оны сол иыққа қарай тартады, «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша автоматты «Арқаға» күйіне ауыстырып, оң қолды жылдам түсіру керек.

Автомат «Белдікке» және «Кеудеге» күйіне «Арқаға» күйінен ауыстыру тәсілдерін орындау.

Қаруды «Арқаға» күйінен «Белдікке» және «Кеудеге» күйіне ауыстыруға оқытуды бастай келе, бөлімше командирі бұдан алдын қарастырылған «Белдікке» және «Кеудеге» күйіне «Арқаға» күйіне ауыстыру қимылдарының керісінше тәсілі екенін түсіндіреді. Тәсілді үйрету, көрсету және қысқаша түсіндіру арқылы бөлім бойынша немесе толық басталады. Осыдан кейін бөлімше 2-3 адымға жайғасып, бөлімше командирі тәсілді үйретуге кіріседі.

Тәсіл «Қару, белдік-КЕ» пәрмені бойынша орындалады. Автомат «Арқаға» күйінен «Белдікке» күйіне екі тәсілмен алынады.

Мұндағы «Жаса – БІР» есебі бойынша сол қолмен сол иықтан біршама төменірек белдіктен алу керек, ал оң қолмен бір мезетте дүмбеден ұстау қажет.

Келесі «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша оң қолмен автоматты көтеріп, ал сол қолмен белдікті оң иыққа бастан асыра лақтыру керек және автоматты түсіру қажет: белдікті оң қолмен алып, ал сол қолды тез түсіріп саптық тұрысты қабылдаған жөн.

Жиналмалы дүмбелі автоматты «Кеудеге» күйіне «Арқаға» күйінен ауыстыру үшін оң қолмен автоматты ұңғының бөлігінен алып, оны сол иыққа сол бөлігінен тартып «Кеудеге» күйіне аудару қажет.

Тәсілді бөліммен «Жаса – БІР» есебі бойынша оң қолмен автоматты ұңғы бөлігінен ұстап, «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша, автоматты ұңғы бөлігімен сол иыққа тарта отырып, «Кеудеге» күйіне оны ауыстыру қажет, осыдан кейін оң қолды белдіктегі ұңғы қорабына ауыстырған жөн.

Қарумен әскери сәлемдесу.

Бөлімше командирі бастықтың орнында тұруы және әскери қызметшілердің келе жатқан бастыққа қарсы қозғалысы кезіндегі әскери сәлемдесу тәртібін көрсетеді.

Бөлімше командирі әскери сәлемдесу тәртібін түсіндіре отырып, студенттердің саптан тысқары жерде қарумен әскери сәлемдесу қарусыз күйіндегідей орындалатынына назарларын аударуы, автомат «Арқаға» күйінде оң қол бас киімге апарылады, ал автоматтың «Белдікке» және «Кеудеге» күйінде – студенттер бастарын бұрады.

Саптан тысқары қозғалыста «Белдікке» немесе «Кеудеге» күйінде автоматпен әскери сәлемдесу, бастыққа дейін 5-6 адым қалғанда аяқты жерге қоюмен бірдестен басты бастық жаққа бұрып, қолдардың еркін қозғалысын тоттатқан жөн. Бастықтан өткеннен кейін басты тік ұстап, қолдардың қозғалысын жалғастыруға болады.

Автоматтың «Арқаға» күйінде бастыққа 5-6 адым қалған кезде бірдестен аяқты жерге қоюмен басты тиісті жаққа бұрып, оң қолды бас киімде ұстайды және сол қолды жамбаста қимылсыз ұстап тұрады. Бастықтан өткеннен кейін басты тік ұстап, оң қолды түсіреді және қолдармен қозғалысты жалғастырады.

Барлық тәсілдерді көрсетіп, түсіндіргеннен бөлімше командирі қарумен әскери мәлемдесуді жаттықтыруға кіріседі.

Әр тәсілді жеке қарастырғаннан кейін, бөлімше командирі алдын-ала бөлімшені біреу бойынша лекке тұрғызып бөлімше құрамында жаттығу жүргізеді және осыған орай, әрқайсысын өзінің жанынан өткізіп қимылдарын тексереді. Жаттығу уақытында студенттер мен бастықтың күйі ауысып тұрады. Бастапқыда студент өз орнында тұрады, ал бастық қозғалыста болады, кейін керісінше жалғасады. Осындай реттілікпен бөлімше командирі жаттықтыруды студенттердің қарумен әскери сәлемдесу дұрыстылығына көзі жетпейінше жалғастыра береді.

«Қаруды қой», «қаруға» тәсілдерін орындау.

Бөлімше командирі сабақтың басында қару жерге қойылатынын, сондай-ақ пәрмен бойынша жерден алынатынын және бір өзі қарусыз қимыл атқару қажеті туындағанда өз алдына пәрменесіз орындау керектігін түсіндіреді. Осыған орай, бөлімше осы тәсілдерді, командирдің пәрмендері бойынша орындайды, мысалы: «Бөлімше, қаруды – ҚОЙ», «Бөлімше – қару-ҒА».

Тәсілдермен оқыту үшін мынадай пәрмен беріледі: «Қаруды қой, бөлім бойынша: жаса – БІР, жаса – ЕКІ, жаса – ҮШ».

Мұндағы «Жаса – БІР» есебі бойынша оң қолға автоматты алу керек.

Келесі «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша, сол аяқпен алға адым жасап, қаруды жерге дүмбенің ту сыртын оң аяқтың ұшында болатындай етіп, сондай-ақ затворын (затвордың рамасын) төмен қаратып қояды.

Келесі «Жаса – ҮШ» есебі бойынша тіктеліп, сол аяқты оң аяққа тақап, саптық тұрысты қабылдау керек.

Бөлімше командирі алдын-ала бөлімшені 2-3 адымға орналастырып, бөлімше құрамында жаттығуға кіріседі. Командирдің өзі жаттығу барысында бір студенттен басқаға өтіп олардың қимыл әрекеттерінің дұрыстылығын тексереді.

Студенттерді «Қаруды қой» тәсілін орындауға жаттықтыра отырып, студенттердің алдын-ала пәрмен бойынша оң қолға қаруды еңкейместен алуын, ал атқарушы пәрмен бойынша, оң аяқтың тізесін бүкпестен сол аяқпен алға толық адым жасауын және алға қарап тұруына ерекше назар аударады.

Осы тәсілді, яғни «Қаруды қой» тәсілін үйренгеннен кейін, «Қаруға» тәсіліне көшеді.

Мына «Қаруға» пәрмені бойынша қарудан сол жақта тұрып, саптық тұрыс күйін қабылдайды, осыған сәйкес оң аяқтың ұшы дүмбенің ту сырты сызығында болуы керек. Өзінің мазмұны бойынша бұл тәсіл қарапайым және бөлім бойынша үйретуді талап етеді. Тек «Қаруға» пәрмен бойынша студенттер өз қаруларының орнында тез тұруын талап етіп отыру қажет.

«Қаруды қой» тәсiлiн орындау.

Мына «Қаруға» пәрменін орында бөлім бойынша үш есепке жүргізіледі. Мұнда «Жаса – БІР» есебі бойынша сол аяқпен алға адым жасап, еңкейе отырып оң қолға

қаруды алған жөн. Бұл орайда, оң аяқты тік ұстау қажет. Келесі «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша тіктеліп, сол аяқты оң аяққа тақап, оң қолда қаруды ұстап тұру қажет.

Келесі «Жаса – ҮШ» есебі бойынша қаруды «Белдікке» күйіне алып, саптық тұрысты қабылдаған дұрыс.