Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сапты дайынды ОК практикалы дістемелік нсау.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

1.Жоспары:

1.Взводтын жорық сабы.

2.Ротаның жорық сабы.

3.Бригаданың (полктін) жорықтық сапта жүруі.

2.Сабақтың мақсаты: Взводтын,ротаның,бригаданың (полктін) жорықтық сапта жүруін.

үйрету дағдысына қалыптастыру.

3.Қысқаша мәтіні: Взводтын,ротаның,бригаданың (полктін) жорықтық сапта жүруін.

үйрету дағдысына қалыптастыру туралы.

1,2,3.Взводтын,Ротаның. Бригаданың (полктін) жорықтық сапта жүруі.

Взводты жорық сабындағы іс-қимылдарға үйрету үшін, әдеттегідей осы сапты көрсетумен қатар, әр бөлімшенің және әскери қызметшілердің (студенттердің) тиесілі орындарын көрсеткен жөн. Осы мақсатта взводты жайылма бір қатарлы сапқа тұрғызып «оң-ҒА» пәрменін беріп взводты сәйкес бағытқа қарай бұрады. Осыған орай взводтың командирі немесе әскери оқытушы взвод оңға бұрылғаннан кейін біреуден бойынша лекке жорық сабы қалпында болатынын түсіндіреді. Сонан соң взвод командирі екі қатарлы жайылма сапқа тұрғызады және оңға бұрылыспен екеу бойынша лекке жорық сабында тұрғызады.Взвод командирі немесе әскери оқытушы бөлімше командирлеріне бұрылыстан кейін жарты адым оңға бұрылу қажеттілігін айғақтайды.

Бiр лек бойынша Екi лек бойынша

взводтың жорық сабы. взводтың жорық сабы.

Жалпы, взводтың жорық сабы үш лекті (төрт бөлімшеден тұратын взводта – төрт лекті), екі лекті немесе үш лекті болуы мүмкін.

Взводтың өз орнында үш (төрт) лек бойынша сапқа тұруы «Взвод, үш (төрт) лек бойынша – САПТАЛ» пәрмені айтылады.

Студенттер бір лектен бойынша сапқа тұру техникасын игерген соң, взводтың командирі взводтың жорық сабына үшеу бойынша лекке сапқа тұруды көрсетуге (төрт бөлімшеден тұратын, взвод – төртеуден бойынша лекке). Көрсету үшін взводтың командирі бөлімшеге біреуден бойынша лекке тұруды бұйрық етеді. Сапқа тұрғаннан және түзелуден кейін (бірінші бөлімшенің) одан солға таман екінші бөлімшені тұрғызады, ал екіншіден солға таман үшінші бөлімше орналасады. Осыған орай бөлімшелер арасындағы ара-қашықтық алақан енінің көлеміндей, ал аяқ ұштары бір сызықта, қатарлардың ара-қашықтығы – алда тұрғанның иығына қойылған, яғни созылған қолдың қашықтығындай. Бөлімшелерде әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында тұруы қажет «Взвод үшеуден бойынша лекке (екеуден, біреуден) – САПТАЛ» және «ТАРАҢДАР» пәрменін бере отырып, командир взводты жаттықтырады. Сапқа тұру барысында жеке құрамды түзелуге, бұрылыстарға жаттықтырған жөн.

Бөлімше санымен (адам, саны) төртеу және үш адамы бар взвод жорық сабына екеу бойынша лекке көрсетілгендей тұрады.

Жеке құрам тез және кідіріссіз сапқа тұруға пәрмендерін орындай алатын жағдайға жетсе взводтың командирі взводты жайылма саптан жорық сабына және керісінше сондай-ақ жорық сабының бір түрінен басқа түріне қайта тұрғызуды оқытуға кіріседі. Қайта тұруды оқыту мақсатты түрде мынадай реттілікпен жүзеге асырылады:

а) Взводтың бір қатарлы жайылма сабынан бір лекті (екі қатарлы саптан

Үш лек бойынша взводтың жорық сабы. Бөлімше санымен взводтың жорық сабы (адам, саны),

а – үш адам; б – төрт адам.

екі лекті сапқа) қайта сапқа тұруы взводтың оңға бұрылуы мен жүзеге асырылады. Взводтың екі қатарлы жайылма саптан бір лекті (бір қатарлы саптан екі лекті сапқа) сапқа тұруы «Взвод, оң-ҒА», «Белдік-КЕ» (иық-ҚА), «Бір (екі) лек бойынша, АДЫМДА» (жүріс кезінде - «АДЫМДА») пәрмендері беріледі.

«АДЫМДА» пәрмені бірінші бөлімшеге жүріс барысында бір лекті сапқа қайта тұруына міндеттейді, қалған бөлімшелер бір (екі) лекті сапқа кезекпен тұра отырып, бірінші бөлімшенің ту сыртынан бірінің артынан бірі жүруі тиіс екенін ұмытпаған жөн.

ә) Взводтың екі қатарлы жайылма саптан бір лекті сапқа қайта тұруы. Бұл тәсілді көрсету үшін взвод командирі өзіне бөлімше командирлерінің біреуін шақырады және оған өзінің алдына екі қатарлы саптағыдай тұруға бұйрық береді. Сонан соң пәрменді бере отырып «Взвод, оң-ҒА», «Бір лекті саппен АДЫМДА», екеуіде қозғалыс жасайды. Бұл орайда студент толық адыммен, ал взвод командирі – жартылай адыммен. Осыдан кейін студент алға қарай бір адымға жылжиды, взвод командирі студенттің ту сыртына тұрып, екеуіде толық адыммен қозғалысты жалғастырды. Бұл тәсілдің орындалуын жаттығуға өтпестен бөлімшелердің біреуіне көрсетуге болады. Бұл орайда, бөлімшенің қайта тұруында реттілік қажет. Бастапқыда бірінші бөлімше бір лекті сапқа тұрады, оның артынан екінші, кейін үшінші бөлімше тұрады. Бөлімшенің қайта тұруы аяқталғаннан кейін бірінші бөлімшенің ту сыртынан қозғалысты жалғастырады.

Сабақты бастар кезінде, әскери оқытушы студенттерге жорық сабы әртүрлі мақсаттар мен қозғалыс жасау үшін қолданылатынын ескертеді. Бөлімше үшін Жарғымен біреуден лек бойынша жорық сабы және екеуден лек бойынша жорық сабы қарастырылған. Осыған орай құрамында төрт немесе одан да аз адам бар бөлімше әрдайым біреуден бойынша лекке тұрады

4. Бақылау сұрақтары:

1. Жорық сабы

2. Взводттың жорықтық сапқа тұруы.

3. Ротаның жорық сабы

4. Екі лекті саптағы взвод.

5. Взводттың жайылма сапқа тұруы

6. Бригаданың жорықтық саптағы түзуленуі

7. Бригаданың жорық сабы

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1.Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сай. Взводттың,ротаның,бригаданың жорық сабына тұруының және қозғалыс жасауы тәсілдерін үйренуді дағдыландыру.

2.Студенттерді бағалау.

6.Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:

1.Взводтын жорық сабы.

2.Ротаның жорық сабы.

3.Бригаданың (полктін) жорықтық сапта жүруі.

7.Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі талаптарға сай. Взводттың,ротаның,бригаданың жорық сабына тұруының және қозғалыс жасауы тәсілдерін үйренуді дағдыландыру.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.Б.Ахметов,Б.Байжұманов Саптық дайындық оқытып үйрету әдістемесі 2003ж

3.Дошаков С.Х., Бастапқы әскери дайындық негіздері, Алматы 2003 ж.

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

№28.Практикалық/семинар сабақ тақырыбы: «Оқыту жаттығулары».