Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баубек жана.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50 Мб
Скачать
☆

IV Тарау. Картография. Картография және оның қолданылуы туралы жалпы мәселелер. Ауылшаруашылығын карталандыру және оның атқаратын міндеті.

4.1. Картография туралы анықтама

Кар­тог­ра­фия (гр. chartes — па­пи­рус қа­ға­зы + grapho — жа­за­мын, сы­за­мын) — ге­ог­ра­фи­ялық кар­та, оны құ­рас­ты­ру­дың, ба­сып шы­ға­ру­дың жә­не қол­да­ну­дың әдіс­те­рі мен про­цес­те­рі (тә­сірле­рі) жө­нін­де­гі ғы­лы­ми пән.

Со­вет­тік ге­ог­ра­фи­ялық кар­тог­ра­фи­ялық мек­теп­ті құ­ру­шы, картографиялық бі­лім бе­ру­дің ұйым­дас­ты­ру­шы­сы, Ха­лы­қа­ра­лық картографи­ялық ас­со­ци­аци­яны бас­қар­ған көр­нек­ті ға­лым - кар­тог­раф К.А.Са­ли­щев (1905–1980): «кар­тог­ра­фия - та­би­ғат пен қо­ғам­да­ғы құбылыстар­ды, олар­дың ор­на­ла­су жағ­дайын, қа­си­ет­те­рін, өза­ра байланыстылық­та­рын, ке­ңіс­тік­те жә­не уақыт са­на­тын­да өз­ге­ру­ле­рін картогра­фи­ялық бейне­леу ар­қы­лы кес­кін­деу жә­не зерт­теу жө­нін­де­гі ғы­лым», — деп бер­ген то­лық­қан­ды анық­та­ма осын­дай. Не­ме­се кар­тог­ра­фия — табиғат пен қо­ғам­да ке­ңіс­тік­ті та­рал­ған объ­ек­ті­лер мен құ­бы­лыс­тар­ды кейіпкес­кін­ді сүл­бі­лер (кар­тог­ра­фи­ялық бел­гі­лер) кө­ме­гі­мен бейне­леу жә­не зер­де­леу жө­нін­де­гі ғы­лым.

Картография негізінен төмендегідей бөлімдерге бөлуге болады:

Картаны жүргізу (картаның құрылымы оның мәнін зерттеу)

Математикалық картография (картографиялық жобаны талдау және қолдану)

    • Картаны құрастыру және тексеру (жобалау, талдау, түп нұсқа негізінде құрастырудың әдістерін меңгеру және мазмұны)

    • Картаны безендіру

(оның ішінде өрнектеу тәсілдерін қолдану)

Картаны қолданысқа шығару(өнім өндірудің әдістерін меңгеру және оны сұранысқа көбейту)

Бұдан басқа,картография саласының, қолданылуаясы, құрастырылуы жөнінен тбірнше салаларға бөлінеді.

Атап айтқанда:

-негізгі картография.(жалпы қолдныстағы және топографиялық карталарды шығару мәселелері)

    • Экономикалық және ауылшаруашылық картография;

    • Геологиялық картография;

    • Теңіз картографиясы (навигационные және басқа теңіз карталары);

    • Тарихи карталар және оларды құрастыру.

Картография көптеген ғылымдармен тығыз байланысты,соның ішінде атап айтқанда, оны геодезия мен топография ғылымдарынан ажыратуға болмайды.

Геодезия мен картография карта шығару мәселелерін шешеді.

Алайда, геодезияның басты мақсаты жердің түрі мен көлемін анықтау болса, картографияның мақсаты карта шығару.

Картографияда, геодезиялық жұмыстардың нәтижелері қолданылады. Атап айтқанда, геодезиялық координаттар, меридиан, параллелдер карта жасаудағы басты негіз болып табылады.

Топографияның негізгі мақсаты белгілі бір жердің бейнесін түсіру. Осы түсірілім, яғни жердің бейнесі ірі масштабтағы карта жасауға пайдаланылады.

Топографиядан картографияның айырмашылығы, оны жасаудағы техникалық әдістер, мазмұны, карталардың түрі оны топтап тұжырымдау болып табылады.

Ауылшаруашылығы саласында картография маңызды рөлге ие. Жерге орналастыру саласы бойынша да солай.

Жерге орналастыру мекемелерінде жерді пайдалану үшін, ауылшаруашылығы саласында да түрлі мақсатқа қолданылу үшін де карта жасалады.

Ауылшаруашылығын картаға түсіру жұмысы оны құрастыру, безендіру, және шығару әдістерін топтастырады.

Ал топографиялық карталарды жасаудың әдістері, жалпы барлық карталардың, оның ішінде ауылшаруашылық карталарын да жасалуының негізі болып табылады.