Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баубек жана.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50 Мб
Скачать
☆

5.9 Зоогеографиялық карталар

Барлық табиғат карталарының ішінде зоогеографиялық карталар жақсы әзірленген. Әлі күнге дейін осы карталарды жасағанда ХІХ ғасырға тән тәсілдер мен амалдар қолданылады. Ұсақ масштабты карталарда – көбінесе белгілер – ареалдар, ірі масштабты карталарда – түсіндірме жазулары бар ареалдар пайдаланылады.

Қазіргі уақытта мұхиттың зоогеографиялық карталары сенімді болып табылады.

Осы карталар негізінде әзірленгендер жануарлар түрлерінің нақты орналасуын,ареалдың тығыздығын, құрылымын жәненақты өнімділігін көрсетеді.

Құрылықтың зоогеографиялық картасы басқа кейде жасалады. Оларды құрастырғанда жануарлар түрлері мен олардың тіршілік ету ортасының орналасуы арасында түзетулер көп қолданылады.

Осындай тәуелді мөлшерді анықтау үшін осындай мазмұндағы карталрды картаграфиялық талдау әдісі қолданылады.

Ең алдымен ландшафтық, геоботаникалық, топырақ, орман жамылғысын сипаттайтын карталар пайдаланылады.

Құрлықтың зоогеографиялық карталарды жануарларды сол немесе басқа да түрлерінің нақты орналасуын, ал олардың тіршілік ету реалдары әрқашан шындыққа жанаса бермейді.

Жануарлар мен құстардың таралуына және санына аумақтарды қалаға шоғырландыруға әсерін тигізеді. Үлкен қалалар бұрын онда тіршілік еткен жануарлар мен құстарды өз ортасынан шығарады.

Қазіргі уақытта кең тараған зоогеографиялық карталары:

  • жануарлардың жекелеген түрлерін орналастыру карталары;

  • зоогеографиялық аудандандыру карталары;

  • жануарлар мен құстардың көшіп – қону карталары;

- мұхит акваторияларының зоогеографиялық карталары;

Зоогеографиялық карталар фрагменті мен оның пайда болу тарихы 9.10 – су ретінде көрсетілген.

Соңғы он жылда зоогеографиялық карталарда міндетті түрде көрсетілуі тиіс экологиялық проблемалар туындайды.Әлемнің жануарлар мен өсімдік әлемі алғаш рет биоценоздар құрамына зиянды химиялық заттардың араласуын сезімді, аумақтың табиғи ландшафтың да табиғи ландшафттың антрогендіге біртіндеп ауысуы байқалады. Сондықтан өсімдік әлемі мен жан – жануарлар дүниесіне жағымсыз жағдай тұдыратын экологиялық жағдай элементтері міндетті түрде қазіргі зоогеографиялық карталарда бейнеленуі тиіс. Әсіресе зоологиялық жағдайларды жедел талдауға арналған карталарда көрсетілуі тиіс.

5.10 Ландшафтты карталар

Табиғатты аудандастырудың негізгі әдісі картографиялық болып табылады. Ол жалпы географиялық және арнайы (тақырыптық карталардың) мазмұнын талдау жолымен аймақтық және басты физикалық – географиялық ерекшеліктерді анықтаумен қорытындыланады. Осындай жолмен ашылған карталар ландшафта деп аталады.

Ландшафтты карталардың мазмұнына таудың үстінгі қабаты мен рельеф, жер үсті және жер асты сулары, ауа – райының ерекшеліктері, топырақтардың сипаттамасы, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің ерекшеліктері кіреді. Осы барлық компоненттер бір – бірімен тығыз байланысты және бірыңғай табиғат жүйесінің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Сондықтан ландшафтты карталар кешенді физикалық – географиялық болып табылады.

Оларда картографиялау объектісі табиғи – аумақтық кешендер, ал бірыңғай картографиялау – фация (биогеоценоз, микроландшафт) деп аталады.

Фация бірыңғай табиғат кешеніне заттар мен энергияны біріктіретін тірі (биоценоз) және өлі (анемосфераның, топырақтың, күн энергиясын үстіңгі қабаты) компоненттерінің белгілі құрамы бар жерүстінің біркелкі учаскесін білдіреді.

Фацияның құрылымы бойынша ұқсас жүйесі қонысты құрайды. Жалпы климаттық жағдайларымен ұқсас геологиялық құрылымы бар .... топтары ландшафт қалыптастырады. Сондықтан ландшафт – бұл аумақтар мен топырақ – климаттық жағдайларды біріктіретін табиғат компоненттерінің үйлесімі.

Аумақты фацияға, қонысқа және ландшафтқа бөлу ірі масштабты карталарға және даланың түсірілген материалдарының мазмұнына тән.

Ұсақ масштабты карталар үшін картографиялаудың бастапқы бірлігі ретінде ландшафтың өзі пайдаланылады. Ландшафтар физикалық – географиялық аудандарға кейін облыстарға,аймақтарға , табиғи елдерге бірктіріледі.

Табиғи және аумақтық кешендердің – ландшафты карталар мазмұнының бас элементтерінің “географиясы” осындай.

Ландшафтта карталар – табиғаттың тақырыптық карталарының жаңа түрлерінің бірі.

Ландшафтты карталарды әзірлеу туралы ой ХХ ғасырдың басында айтылғанымен осындай карталардың бірінші далалары тек осы ғасырдың 50 жылдарында жасалды.

Қазіргі уақытта экономикалық байланыстардың үзілуі салдарынан ландшафтты картографияның дамуында, әсіресе ақпараттарды жинақтау бағытында күрт түсуі байқалады. Бұл әрине табиғатты одан әрі тануға ықпалын тигізбейді. Әсіресе ландшафты карталар табиғат кешендері туралы ақпараттар мен картасыз табылуы қиын және мүмкін емес табиғат құбылыстарын жаңадан зерттеу материалдарының фиксацияның өзге тән құбылысты білдірсе табиғатты одан әрі тануғы ықпал етпейді. Мысалы, топырақтар мен өсімдіктің тиісті түрлерінің орналасуына, жер биіктігінен тәуелді температураның өзгеруіне, жауын – шашының таралуына экспозициялық әсеріне байланысты түсіндіріледі.

Ландшафттық картаграфиялау дамуды ландшафтты карталар осы қағидаттарды жетілдіруге көмектеседі. Олар физикалық – географиялық ақпараттардың дұоыстығын арттырады.

Ландшафты картаның фрагменті және оның шығу тарихы суретте ұсынылған.

Бақылау сұрақтары:

  1. Картаны басып шығару бағдарламасы қандай қызмет атқарады?

  2. Дерек көзі болып табылатын карталардан бейнелерді құрылатын түпнұсқағакөшіру үшін қандай тәсілдер қолданылады?

  3. Дәстүрлі технологиялармен ұсақ масштабты карталарды жасау үрдісі қандай негізгі кезеңдерді қамтиды?

  4. Электронды баспа жүйелері қандай құрамдас бөліктерден тұрады?

  5. Электроны баспа жүйелерінің көмегімен картаның мақмұнінің элементтерін қабаттары бойынша векторлар қандай қызмет атқарады?

  6. Картографияда геоақпараттық жүйелердің базасындағы технологияны қандай мақсатта пайдаланады?