Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баубек жана.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50 Мб
Скачать
☆

Vі Тарау. Қоғамдық құбылыстар карталары (әлеуметтік – эконмикалық)

6.1 Жалпы ережелер

Қазіргі уақытта әлеуметтік – экономикалық карталарға екі тақырыптық карталар: әлеуметтік – саяси сипаттағы карталар (бірінші топ) және қандайда бір аумақты экономикалық дамыту сипаттамасының картасы (екінші топ). Осы топтардың әрбіреуіне әртүрлі карталардың ең үлкен саны кіреді.

Бірінші топқа саяси, саяси - әкімшілік және әкімшілік, екінші топқа – негізгі экономикалық сипаттағы карталар, сондай – ақ тарихи және мұхит карталары кіреді.

Саяси карталардың негізгі мазмұны мемлекет пен олардың астаналарының аумақтары болып табылады.

Саяси - әкімшілік карталар аумақтың саяси құрылғысымен бір уақытта елдің ішкі бөлінуін бейнелейді. Сондықтан саясидан ерекшелігі олар әлемді толығымен емес, олардың жекелеген континенттерін, көбін жекелеген мемлекеттерді немесе мемлекет топтарын сипаттайды.

Әкімшілік карталар мемлекеттердің жекелеген бөліктерінің; өлкелердің, әкімшілік облыстардың, аудандардың және олардың аймақтық жиынтығының әкімшілік – аумақтың құрылысын бейнелейді. Мысалы, Ақмола облысы, Солтүстік немесе Орталық Қазақстан,Батыс Сібір және т.б.

Тақырыптық карталардың әр түрінің арасында әкімшілік – саяси мазмұндағы карталар кең таралған. Оларды барлық ұйымдар мен мекемелерде, барлық оқу орындарында пайдаланады. Бұл әрбір биімді адамға қажет.

Кез келген саяси өзгерістер, мысалы, жаңа мемлекеттердің құрылуы, сондай – ақ жекелеген елдің ішіндегі әкімшілік қайта құрулар бұрын жарияланғандардың орнына жаңа карталар басып шығару қажеттілігін тудырады.

Бұл жағдайда Қазақстан алады, онда өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары көптеген елді мекендердің, әкімшілік аудандардың, ауылшаруашылығы кәсіпорындарының атаулары қайта өзгертілді. Тіпті көптеген облысының аумақтық биім берулер өзгертілді.

Әкімшілік – саяси карталардың шолу анықтамалық сипаттағы тәжірибелік қажеттіліктерлі қанағаттандырудан басқа үлкен саяси тәрбелеу және биім беру маңызы бар.

ХІХ ғ екінші жартысында қоғамдық даму барысында қоғамдық – экономикалық қатынастардың маңызы зор. Сондықтан экономикалық карталар әлемнің барлық елінің экономикалық дамуын сипаттайтын негізгі нысан және олардың ахуалын экономикалық талдайтын негізгі бастапқы материал болып табылады.

6.2 Саяси карталар

Саяси карталардың орасан зор құжаттамалық маңызы бар, сондықтан олардың мазмұны белгілі бір күніне нақты саяси жағдайда бейнелейді.

Саяси карталардың мазмұнындағы ең бастысы аумақтық саяси тиістілігін міндетті түрде көрсетілген мемлекеттік шекаралар.

Әрбір елдің атауы жазылады. Егер жазумен жазылмаса сандармен белгіленеді.

Ең алдымен елдімекендердің ішінен мемлекет астаналары, бас әкімшілік орталықтар және саяси өмірде маңызы бар ірі қалалар енгізіледі.Мысалы, Нью – йорк, Астралияда Сидней, Ресейде Санкт – Петербург, Қазақстанда Алматы.

Көбіне ірі қалаларға, мұхиттық порттарға, селолар мен облыстардың орталықтарына назар аударылады.

Елдімекендер тұрғындардың саны бойынша сипатталады. Бұл жалпы ғаламдық көшіп – қону сипаты үшін маңызды.

Саяси партиялардың мазмұнының маңызды элементі халықаралық байланыстарды қамтамасыз ететін бас көліктік желілер болып табылады. Мұхиттарда тұрақты қатынастар бағыттары белгіленеді. Мұхит порттары ерекше белгілермен (ялорь немесе кіші қайықтар) белгіленеді.

Теміржол желілері мен бас (халықаралық) автомобиль жолдары толығымен бейнеленеді.

Егер картаның қандай да бір ұсақ масштабының салдарынан бүкіл көліктік желілерді көрсету мүмкіндігінің болмаған жағдайда темір жолдарға көңіл бөлінеді.

Басқа элементтері (әскери – теңіз базалары, аэродромдар, автобазалар және т.б.) карта масштабына және тағайындалуына тәуелді.

Басқа картадағыдай саяси картада да қосымша мазмұны (карталар, диаграммалар, кестелер) болуы мүмкін.