- •1 Негізгі ұғымдар
- •1.1 Жаңашылдық - фирмалардың бәсекелестік басымшылығының негізгі факторы ретінде
- •1.1 Сурет – Жаңашылдықтың, фирманың бәсекелестік басымдығы ретінде, басымдық негіздемесінің логикалық сызбасы
- •1.2 Инновация және инновациялық үрдіс
- •1.2 Сурет – Инновация ұғымы
- •1.3 Суреті Инновациялық үрдістің кезеңі
- •1.3 Инновациялық үрдістің түрлері
- •1.4 Инновациялық қызметтің субъектілері
- •1.5 Инновацияның классификациясы
- •1.4 Сурет – Инновациялық қызмет субъектілері
- •1.5.1 Ұйым қызметінің саласы ескерумен классификациясы
- •1.5 Сурет – Инновация классификациясы
- •1.5.2 Инновацияны пайдалану сипатына қарай классификациясы
- •1.5.3 Ұйымның иерархиялық деңгейі бойынша инновациялардың классификациясы
- •1.6 Сурет – Ұйымның үш деңгейі Бақылау сұрақтары
- •2 Инновация көздері. Ұйымның инновациялық потенциалы
- •2.1 Инновациялық идеялардың көздері
- •2.1 Сурет – Инновация көздері
- •2.2 Ұйымның инновациялық потенциалын бағалау
- •2.3 Инновацияны жүргізудің орындылығын бағалау
- •2.2 Сурет – Ұйымның инновациялық потенциалы мен инновацияны жүргізудің орындылығын бағалау
- •3 Инновацияның өмірлік циклы (инновациялық үрдіс фазалары)
- •Фундаменталды ғылым – Қолданбалы ғылым – Жасалым (Жобалау) – Өндіріс – Тұтыну (Қолданысқа беру)
- •3.1Сурет – Инновациялық үрдіс диаграммасы
- •3.2 Сурет – Инновацияның өмірлік циклының қисығы
- •4 Инновациялық қызметтің үш нарығы
- •4.1 Сурет – Инновациялық қызметтің үш нарығы
- •4.1 Зияткерлік өнім нарығы (инвенциялар мен жаңалықтар)
- •4.2 Нарық инновациясы
- •4.3 Капитал нарығы (инвестициялар)
- •4.4 Инновациялық қызметтегі мемлекеттік саясат
- •5 Инновациялық инфрақұрылым
- •5.1 Инкубаторлар
- •5.2 Технопарктер
- •5.3 Технополистер
- •5.4 Ақапараттық-технологиялық жүйелер
- •5.5 Инновациялық инфрақұрылым элементтерінің интеграциялануы
- •6 Жекеменшік жүйесіндегі зияткерлік жекеменшік
- •6.1 Авторлық құқық
- •6.2 Сабақтас құқықтар.
- •6.3 Өнертабыс, пайдалы үлгі, өнеркәсіптік үлгі құқығы
- •6.4 Ашылмаған ақпаратты заңсыз қолданудан қорғау құқығы
- •6.5 Азаматтық айналым қатысушыларын, тауарлар мен қызметтерді жекелеу құралдары
- •6.5.1 Фирмалық атау
- •6.5.2 Тауарлық белгі
- •6.5.3 Тауардың шығарылған жерінің атауы
- •7 Коммерциялық құпия
- •7.1 Коммерциялық құпия деген не және оны қорғау қандай заңнамалық актілермен реттеледі?
- •7.2 Коммерцялық құпияны қорғау нені білдіреді?
- •7.3 Коммерциялық құпияны бұзған үшін жауапкершілік
- •7.4 Кәсіпкерге коммерциялық құпияны қалай қорғауға болады?
- •8 «Know how» (ноу-хау) туралы негізгі ұғымдар
- •8.1 Заңсыз бәсекелестік және ноу-хау туралы келісімдер
- •9 Мемлекеттік құпиялар
- •9.1 Мемлекеттік құпиялар туралы заңнаманың дамуы
- •9.2 Мемлекеттік құпиялар ұғымы
- •9.3 Мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер
- •9.4 Мәліметтерді құпиялау және құпияны ашу тәртібі
- •9.5 Мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қолдану
- •9.6 Мемлекеттік құпияға рұқсат беру салдары
- •9.7 Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары
- •10 Өндірістік жекеменшік нысандарына құқығын беру
- •10.1 Лицензиялық келісім. Лицензиялық келісімдердің түрлері
- •10.2 Патентті, патентсіз және кешенді лицензиялар
- •10.3 Лицензиялық келісім шарттарының мазмұны
- •10.4 Лицензялық төлемдер
- •10.5 Тауарлық белгіні беру
- •10.6 Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг)
- •11 Зияткерлік жекеменшікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
- •11.1 Париж конвенциясы
- •11.1.1 Париж конвенциясының гегізгі тұжырымдамалары
- •11.1.2 Конвенцияны қабылдаудың артықшылығы
- •11.1.3 Конвенция мен өнертабыстар
- •11.1.4 Конвенция мен тауарлық белгілер
- •11.1.5 Конвенция және әділетсіз бәсеке
- •11.2 Патенттік кооперация туралы келісім шарт
- •11.2.1 Келісім шарт пен өнертабыстар
- •11.2.1 Рст рәсімінің басымдықтары
- •11.2.2 Рст рәсімінің кемшіліктері
- •12 Зияткерлік меншіктің бүкіләлемдік ұйымы (змбұ)
- •12.1 Змбұ негізгі тұжырымдамасы
- •12.2 Змбұ стандарты
- •13 Аймақтық конвенциялар мен келісімдер
- •13.1 Еуропалық патенттік конвенция
- •13.2 Зияткерлік меншіктің ұйымын құру туралы Африкалық келісімі
- •13.3 Зияткерлік өндіріс меншігін қорғау бойынша Латын Америка елдерінің келісімі
- •13.4 Өнеркәсіптік меншіктің интеллектуалды күзет сұрақтары бойынша Евразиялық келісім
- •Әдебиеттер тізімі
7 Коммерциялық құпия
Көптеген кәсіпкерлерді коммерцялық құпия болып табылатын ақпаратты таралып кетуден және жалдамалы жұмысшылармен, мемлекеттік орган чиновниктерімен, бәсекелестермен қолданудан сақтау сұрағы мазалайды.
Коммерциялық құпия ұғымын, оларды қорғаудың негізгі әдістерін, сонымен қатар оны жариялаумен байланысты болатын шығындарды төлеу әдістерін қарастырайық.
Бизнестің көптеген салаларында компанияның табыстылығының маңызды негізінің бірі болып үдемелі ноу-хау, бірегей технология, маркетинг стратегиясы немесе көптеген жылдар бойы жиналған ақпарат болып табылуы мүмкін. Бұған мысал, бос жұмыс орындарының және кадрлық агенттіктің базасы, жылжымайтын мүлік агенттігінің клиенттерімен жұмыс әдісі, тағам шығаратын компанияның ерекше рецептурасы. Мұндай ақпарат бәсекелестердің қолына түсіп нарықтағы қол жеткізілген жетістіктердің барлығын жоққа шығаруы мүмкін.
Басқа жағдайда ақпаратты жинақтау бизнестің қоысша бір бөлігі болып жүреді, мысалы, серіктестер мен олармен жасалған келісім-шарттың сомасы туралы мәліметтер, бағалық ұсынымдары бар конкурстық құжаттар, жабық мәліметтері бар заңгерлік фирма клиенттерінің картотекасы. Мұндай ақпаратты жариялау тікелей ақша қараатының шығынымен ғана емес, өз құпиясын сеніп тапсырғандардың негізделген шағымдарымен де қауіпті.
Сондықтан көптеген кәсіпкерлер жабық ақпаратты үшінші тұлғалардың немесе жұмысшылардың өздерінің заңсыз қолдануынан, қорғау туралы ойланады, себебі оны мысалы жеке бәсекелестік жасалымдарда қолдануы мүмкін.
Жабық ақпарат фирмадан келесі жолдармен шығуы мүмкін:
Негізсіз тексерулер, заңсыз талап етулер нәтижесінде мемлекеттік бақылау органдарының ақпаратты заңсыз алуы нәтижесінде;
Бәсекелестердің тыңшылығы;
Қаржыландыру мәселесін қарау мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында жаңа жоба туралы жабық ақпаратты алатын әлеуетті инвесторлардың жауапсыз істері арқылы (мысалы, әлеуетті заем алушы банкке болашағы бар бизнес-жоспар алып келеді, ал банк қызметкерлері ол жобаны жүзеге асыруға үшінші тұлғаларға беретін жағдайлар да орын алады);
Ақпаратты бизнес бойынша серіктестердің, бірге иелік етуші, сонымен қатар заңгер, есепшілер, аудиторлар, басқа да кеңесшілердің өз мақсаттарына қолдану үшін алуы немесе жариялауы арқылы;
өз жұмысшыларының үшінші тұлғаларға жариялауы немесе өз мақсатына қолдануы.
Мұндай ақпарат ағымдарының зардаптары түрлі болуы мүмкін. Бәсекелестер сіздің әдісіңіз бен өнертабыстарыңызды қолдана отырып сізден озып кетуі мүмкін. Сіздің өзіңіз үйреткен және сіздің әдістеріңізбен қаруланған бұрынғы жұмысшыларыңыздың арасынан жаңа бәсекелестер шығуы мүмкін. Бақылау-қадағалау органдарымен жабық ақпараттың алынуы түрлі айыппұлдар салумен және басқа да қолайсыз жағдайларға айналуы мүмкін.
7.1 Коммерциялық құпия деген не және оны қорғау қандай заңнамалық актілермен реттеледі?
Қазақстан Республикасында коммерциялық құпияны қорғауды реттейтін арнайы заң жоқ (мысалы, Ресейдегі сияқты). Құқықтық нормалар әр уақытта қабылданған түрлі нормативтік актілерге бойынша шашылған. Дегенмен талқылап көрейік.
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Заңының 21 бабы коммерциялық құпия деп мемлекеттік құпия болып табылмайтын, өндіріспен, технологиялық ақпаратпен, басқармамен, қаржы немесе шаруашылық субъектісінің басқа қызметімен байланысты мәліметтерді санайды, оларды жариялау оның мүддесіне зиян келтіруі мүмкін. Коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтердің құрамы мен көлемі шаруашылық субъектілерімен анықталады, ол туралы мүдделі тұлғаларға жазбаша түрде хабарланады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 126 бапта қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты қорғауға кепілдік береді, егер ақпараттың әлеуетті құндылығы болса, заңды негізде оған еркін қол жетімділік болмаса, ақпарат иесі ақпараттың жабық болып қалуы үшін шаралар қабылдаса.
Заңнамада «рұқсат шектелген ақпарат», «ашылмаған ақпарат», «жабық ақпарат, мәлімет» деген түсінік те бар, олардың бір бөлігі коммерциялық құпия болып табылады.
Осылайша, коммерциялық құпияның негізгі белгілерін анықтап алайық:
ол мемлекеттік құпияға жатпайды;
бұл кәсіпкердің қызметімен байланысты мәлімет;
үшінші тұлғаларға белгісіз болғандықтан ол шынайы немесе әлеуетті құндылығы болса;
оны жариялау кәсіпкердің мүдделеріне нұсқан келтіруі мүмкін болса;
оған еркін рұқсат жоқ;
ақпарт иесі оның жабықтылығын қорғау болйынша шаралар қабылдаса;
кәсіпкер коммерциялық құпия болып саналатын мәліметтердің құрамы мен көлемін өзі анықтайды (алайда заң талаптарына байланысты кейбір мәліметтер коммерциялық құпия бол алмайды).
Көрсетілген белгілер өте маңызды, себебі олардың барлығы бірге болғанда ғана коммерциялық құпияны қорғау құқығын береді.
Коммерциялық құпияға өнеркәсіп технологиясы, кәсіпорынды басқару әдістері, кәсіпорынның қаржысы туралы мәліметтер, жасалған және жоспарланған мәмілелер, бухгалтерлік және салықтық есептерде көрсетілген мәліметтер, заіды тұлғаның жарғылық келісімінде көрсетілген мәлңметтер жатады. Аталған тізім толық емес, себебі жариялауға жатпайтын мәліметтердің құрамы мен көлемін белгілеу құқығы кәсіпкердің өзіне ұсынылған.
Бірқатар мәліметтер коммерциялық құпия болып саналмайды. Бірақ бұл тізбе керісінше, заңмен белгіленеді. Бұл, мысалы, заңды тұлғаның жарғысында көрсетілген мәліметтер, заіды тұлғалар мен олардың филиалдарын (өкілдіктерін) мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, жою туралы мәліметтер, жылдымайтын мүлікпен мәміле жасау және жылдымайтын мүлікке құқықты тіркеу туралы мәліметтер. Мемлекеттік статистикалық есепке, сонымен қатар ұйымның мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысаны болып табылатын қызметінің кейбір жақтарына қатысты мәліметтер коммерциялық құпия болып саналмайды, алайда бұл бақылау-қадағалау органдары алынған ақпаратты өз еріктері бойынша қолдана алады дегенді білдірмейді. Кәсіпкер өз жұмысшыларына, акционерлеріне, пай алушыларына және басқа тиісті тұлғаларға өз еңбекақыларының дұрыс есептелуін тексеруге, авторлық сыйқыны, дивиденд, келісім бойынша сыйақыны тексеруге, олардың мүліктегі, табыстағы, кірістегі үлесін анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратқа қол жетімділікті ұсынуға міндетті.
Заңнамамен немесе құрылтайлық құжаттармен жариялауға немесе акционерлерге, басқа белгілі бір тұлғалар аясының мүшелеріне (қатысушыларына) міндетті түрде жеткізуге жататын мәліметтердің тізімі белгіленуі мүмкін. Бұл мәліметтерге заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміндегі мәліметтерге жататын деректер, кәсіпкерлік қызметтің жылдық баланстық қорытындылары, соның ішінде баланс сальдосы, жарғылық капитал сомасы, кредиторлық және дебиторлық қарыздардың жиынтық сомалары, кірістер мен шығыстар шотының сальдосы, мемлекеттік статистикалық есеп ережелеріне сәйкес жариялауға жататын мәліметтер жатады.
