- •1 Негізгі ұғымдар
- •1.1 Жаңашылдық - фирмалардың бәсекелестік басымшылығының негізгі факторы ретінде
- •1.1 Сурет – Жаңашылдықтың, фирманың бәсекелестік басымдығы ретінде, басымдық негіздемесінің логикалық сызбасы
- •1.2 Инновация және инновациялық үрдіс
- •1.2 Сурет – Инновация ұғымы
- •1.3 Суреті Инновациялық үрдістің кезеңі
- •1.3 Инновациялық үрдістің түрлері
- •1.4 Инновациялық қызметтің субъектілері
- •1.5 Инновацияның классификациясы
- •1.4 Сурет – Инновациялық қызмет субъектілері
- •1.5.1 Ұйым қызметінің саласы ескерумен классификациясы
- •1.5 Сурет – Инновация классификациясы
- •1.5.2 Инновацияны пайдалану сипатына қарай классификациясы
- •1.5.3 Ұйымның иерархиялық деңгейі бойынша инновациялардың классификациясы
- •1.6 Сурет – Ұйымның үш деңгейі Бақылау сұрақтары
- •2 Инновация көздері. Ұйымның инновациялық потенциалы
- •2.1 Инновациялық идеялардың көздері
- •2.1 Сурет – Инновация көздері
- •2.2 Ұйымның инновациялық потенциалын бағалау
- •2.3 Инновацияны жүргізудің орындылығын бағалау
- •2.2 Сурет – Ұйымның инновациялық потенциалы мен инновацияны жүргізудің орындылығын бағалау
- •3 Инновацияның өмірлік циклы (инновациялық үрдіс фазалары)
- •Фундаменталды ғылым – Қолданбалы ғылым – Жасалым (Жобалау) – Өндіріс – Тұтыну (Қолданысқа беру)
- •3.1Сурет – Инновациялық үрдіс диаграммасы
- •3.2 Сурет – Инновацияның өмірлік циклының қисығы
- •4 Инновациялық қызметтің үш нарығы
- •4.1 Сурет – Инновациялық қызметтің үш нарығы
- •4.1 Зияткерлік өнім нарығы (инвенциялар мен жаңалықтар)
- •4.2 Нарық инновациясы
- •4.3 Капитал нарығы (инвестициялар)
- •4.4 Инновациялық қызметтегі мемлекеттік саясат
- •5 Инновациялық инфрақұрылым
- •5.1 Инкубаторлар
- •5.2 Технопарктер
- •5.3 Технополистер
- •5.4 Ақапараттық-технологиялық жүйелер
- •5.5 Инновациялық инфрақұрылым элементтерінің интеграциялануы
- •6 Жекеменшік жүйесіндегі зияткерлік жекеменшік
- •6.1 Авторлық құқық
- •6.2 Сабақтас құқықтар.
- •6.3 Өнертабыс, пайдалы үлгі, өнеркәсіптік үлгі құқығы
- •6.4 Ашылмаған ақпаратты заңсыз қолданудан қорғау құқығы
- •6.5 Азаматтық айналым қатысушыларын, тауарлар мен қызметтерді жекелеу құралдары
- •6.5.1 Фирмалық атау
- •6.5.2 Тауарлық белгі
- •6.5.3 Тауардың шығарылған жерінің атауы
- •7 Коммерциялық құпия
- •7.1 Коммерциялық құпия деген не және оны қорғау қандай заңнамалық актілермен реттеледі?
- •7.2 Коммерцялық құпияны қорғау нені білдіреді?
- •7.3 Коммерциялық құпияны бұзған үшін жауапкершілік
- •7.4 Кәсіпкерге коммерциялық құпияны қалай қорғауға болады?
- •8 «Know how» (ноу-хау) туралы негізгі ұғымдар
- •8.1 Заңсыз бәсекелестік және ноу-хау туралы келісімдер
- •9 Мемлекеттік құпиялар
- •9.1 Мемлекеттік құпиялар туралы заңнаманың дамуы
- •9.2 Мемлекеттік құпиялар ұғымы
- •9.3 Мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер
- •9.4 Мәліметтерді құпиялау және құпияны ашу тәртібі
- •9.5 Мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қолдану
- •9.6 Мемлекеттік құпияға рұқсат беру салдары
- •9.7 Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары
- •10 Өндірістік жекеменшік нысандарына құқығын беру
- •10.1 Лицензиялық келісім. Лицензиялық келісімдердің түрлері
- •10.2 Патентті, патентсіз және кешенді лицензиялар
- •10.3 Лицензиялық келісім шарттарының мазмұны
- •10.4 Лицензялық төлемдер
- •10.5 Тауарлық белгіні беру
- •10.6 Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг)
- •11 Зияткерлік жекеменшікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
- •11.1 Париж конвенциясы
- •11.1.1 Париж конвенциясының гегізгі тұжырымдамалары
- •11.1.2 Конвенцияны қабылдаудың артықшылығы
- •11.1.3 Конвенция мен өнертабыстар
- •11.1.4 Конвенция мен тауарлық белгілер
- •11.1.5 Конвенция және әділетсіз бәсеке
- •11.2 Патенттік кооперация туралы келісім шарт
- •11.2.1 Келісім шарт пен өнертабыстар
- •11.2.1 Рст рәсімінің басымдықтары
- •11.2.2 Рст рәсімінің кемшіліктері
- •12 Зияткерлік меншіктің бүкіләлемдік ұйымы (змбұ)
- •12.1 Змбұ негізгі тұжырымдамасы
- •12.2 Змбұ стандарты
- •13 Аймақтық конвенциялар мен келісімдер
- •13.1 Еуропалық патенттік конвенция
- •13.2 Зияткерлік меншіктің ұйымын құру туралы Африкалық келісімі
- •13.3 Зияткерлік өндіріс меншігін қорғау бойынша Латын Америка елдерінің келісімі
- •13.4 Өнеркәсіптік меншіктің интеллектуалды күзет сұрақтары бойынша Евразиялық келісім
- •Әдебиеттер тізімі
11.1.3 Конвенция мен өнертабыстар
Конвенциядағы өнертабыстарға берілетін патенттер ұғымына Одақтың мүше-мемлекеттерінің заңнамасымен қабылданған зияткерлік жекеменшіктің түрлі нысандарына берілетін патенттер жатады, мысалы, енгізілген патенттер, жетілдіруге берілген патенттер, қосымша патенттер. Түрлі қатысушы-мемлекеттерде бірдей өнертабысқа берілген патенттер (баламалы патенттер) бір-бірінен туәелсіз, яғни бұл егер бір елде берілген патент кейіннен жарамсыз деп танылса, онда бұл басқа елдерде де жарамсыз деп танылады дегенді білдірмейді.
Конвенциялық басымдылықты талап етумен берілген патенттердің жарамдылық мерзімі жеңілдетілген конвенциялық басымдылықты бекіту күнінен емес, осы елдің патенттік ведомствосына тапсырыс беру күнінен басталады.
Конвенцияда әрбір қатысушы-мемлекетке патенттік заңға белгілі бір мерзім ішінде (тапсырыс берген күннен бастап төрт жыл немесе патент берілген күннен бастап үш жыл, мерзімдерінің қайсысы кеш өтетініне байланысты) қолданылмаған немесе тиісті дәрежеде қолданбаған өнертабыс үшін санкцияларды қарастыратын нормаларды қосу құқығы ұсынылатын ереже бар.
Патент жарамды болып саналатын елдің аумағында уақытша немесе кездейсоқ болған су, әуе және құрлық транспорты құралдарындағы құрылғыларда қорғалатын патентті қолдану бұзушылық болып саналмайды.
Патент сонымен қатар бұрынғы қолданушыға, яғни өнертабысты қолдана бастаған немесе ол үшін басқа тұлғалардан бұрын тапсырыс беруге дайындалған тұлғаға қарсы жарамсыз болады.
11.1.4 Конвенция мен тауарлық белгілер
Париж конвенциясы тауарлық белгі ретінде мемлекеттік елтаңбаны, ресми белгілерді және халықаралық ұйымдардың эмблемаларын қолдануға жол бермей, арнайы шектеулерді қарастырады.
Конвенция ерекше қорғауды көпшілікке танымал тауарлық белгілерге ұсынады. Құқықтық қорғау тіркеу дерегіне байланысты туындайтын әдеттегі белгілерге қарағанда көпшілікке танымал белгілер өздерін танымал еткен репутацияларына байланысты қорғалады. Аталған танымалдық дерегі тіркейтін елдің ведомствосымен белгіленеді.
Конвенция ірі бірлестіктерге тиесілі ұжымдық тауарлық белгілердің қорғауын мойындайды. Бұл белгілер толықтай бірлестікпен де, оның құрамына кіретін кәсіпорындармен де қолданылуы мүмкін. Конвенция ұқсас кәсіпорындармен (отель, ресторан, агнеттік және т.б.) көрсетілетін қызметтерді жекелеу мақсатында кәсіпорындармен қолданылатын қызметтерді білдіретін қызмет көрсету белгілерін қорғауды қарастырады.
11.1.5 Конвенция және әділетсіз бәсеке
Конвенцияда Одақтың барлық елдерінің арнайы тапсырыс беру мен тіркеусіз фирмалық атауды қорғауды қамтамасыз ету міндеттері қарастырылған. Тауардың шығу орнының атауы мен нұсқауы да қорғалатын зияткерлік өндірістік жекеменшік нысандарының құрамына енгізілген.
Конвенция қатысушы-мемлекеттерді осы елдің азматтарын әділетсіз бәсекелестіктен, яғни зияткерлік өндірістік жекеменшік саласында істі жүргізудің қалыптасқан дәстүріне қайшы келетін әрекеттерден қорғауға міндеттейді.Әділетсіз бәсекелестік актілеріне келесілер жатады:
Қандай да бір әдіспен бәсекелестің кәсіпорынына, өніміне, өндірістік және сауда қызметіне қатысты араласуға алып келетін барлық әрекеттер;
Бәсекелестің кәсіпорынын, өнімін, өндірістік және сауда қызметінің беделін түсіретін коммерциялық қызметті жүзеге асыру кезіндегі жалған пікір;
Коммерциялық қызметті жүзеге асыруда қолданылатын тауардың сипаты, дайындау әдісі, қасиеттері, қолдануға жарамдылығына қатысты қоғамды адасушылыққа алып келетін нұсқаулар мен пікірлер.
Әділетсіз бәсекелестіктен қорғау зияткерлік өндірістік жекеменшік нысандарына ұсынылатын қорғауды толықтырады, соның нәтижесінде оны күшейтеді. Әділетсіз бәсекелестікпен күрес құнды ақпараты бар, бірақ қорғау құжатымен қорғалмайтын know how (ноу-хауды) қорғау үшін ерекше маңызды.
