Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курс лекций_каз готовый_ОИДиП.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

10.2 Патентті, патентсіз және кешенді лицензиялар

Патентті лицензия – бұл патентпен қорғалатын нысандарды қолдану құқығын ұсыну туралы келісім. Патентті лицензияларды сату жағдайлары сирек кездеседі. Олар патенттің болуы лицензиатқа қандай да бір елдің нарығына шығуға кедергі келтірген кезде туындайды. Әдетте, патентті лицензияны сату кезінде ноу-хау мен тенхникалық ақпарат ұсынылмайды. Мұндай келісімдер жеке патент иелері мен өндірістік компаниялар арасында туындайды.

Патентсіз лицензия (ноу-хауды беру туралы келісім) ғылыми-техникалық жетістіктерге құқығын ұсынады, не мүлдем патентке қабілетсіз, не патентке қабілетті, бірақ қандай да себептермен патенттік қорғанысты ала алмағандар. Патентсіз лицензия бойынша техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық сипаттағы және т.б. мәліметтер берілуі мүмкін, мысалы, құжаттар, үлгілер, техникалық көмек, оқыту, басқарушылық қызметтер. Шын мәнісінде ноу-хауды беру лицензиялық болып табылмайды, себебі бұл пайдаланудың ерекше құқығы емес, ноу-хаудың өзін ұсыну болып табылады.

Патентсіз лицензиялар саны артуда, себебі оны жасаушы патенттеу кезінде белгілі болатын өз жасалымдарын құпияда сақтауы мүмкін. Ноу-хауды беру туралы келісім шартының қарапайым шарттары – жабықтылықты қамтамасыз ету және лицензиатпен сублицензияны беруге тыйым салу.

Кешенді лицензиялық келісімдерде патенттелген нысандарды ноу-хаумен бірге қолдану құқығы беріледі. Бұл жағдайда ноу-хау лицензия құрамында құрылғылардың, шикізаттың және материалдардың үлгілерін беруге, технологияның, инженерлік қызметтердің ерекшеліктеріне қол жетімділікті алуға мүмкіндік береді, бұл лицензияларды жүзеге асырудың тиімділігін айтарлықтай арттырады.

10.3 Лицензиялық келісім шарттарының мазмұны

Лицензиялық келісім шарттарының көптеген үлгілік түрлері бар. Заңнама лицензиялық келісімдердің мазмұнын реттемейді. Алайда, келісім шарттарының құрылымы мен мәнді шарттардың жиынтығы азаматтық заңнаманың жалпы ережелерінен анықталады.

Лицензиялық келісім шартына әдетте келесі негізгі бөлімдер кіреді:

- преамбула (кіріспе сөз);

- қолданылатын терминдердің анықтамасы;

- келісім шарттың мәні;

- техникалық құжаттама немесе басқа ақпарат;

- лицензия бойынша өнімді меңгеруде техникалық көмек;

- кепілдіктер мен жауапкершілік;

- жетілдіру және жақсартулар;

- берілетін құқықтарды қорғау;

- төлемдер;

- жинақтар мен салықтар;

- ақпарат пен есептілік;

- жабықтылықты қамтамасыз ету;

- жарнама;

- дауларды шешу;

- келісім шартының жарамдылық мерзімі және оны бұзу шарттары;

- ерекше шарттар;

- жақтардың мекенжайлары, банктік реквизиттері;

- қосымшалар;

10.4 Лицензялық төлемдер

Лицензиялық келісім шарт бойынша лицензиат лицензиарға сыйақы төлейді. Лицензианың бағасын анықтау өте қиын, себебі оны тек лицензияны өнеркәсіпте жүзеге асыруда ғана анықтауға болады. Лицензияның бағасын есептеудің формулалары бар, алайда олар мамандар үшін тек шығу пунктері қызметін ғана атқара алады.

Лицензиялық төлемдердің келесі түрлері болады:

- тұтас (бір реттік);

- роялти (мерзімді аударымдар);

- аралас төлемдер;

Бір реттік төлемдерді лицензия бойынша шығарылған өнімнің көлемін бақылау мүмкін болмаған немесе лицензияны сатып алушы – көпшілікке таныс емес фирма болған жағдайда жиі қолданады, ол лицензия бойынша өнімді шығаруды реттей ала ма белгісіз. Кей жағдайда бір реттік төлем жұмыс кезеңдерін орындауға байланысты бөліп қарастырылады. Әсіресе мұндай төлемнің бірінші бөлігі келісім шартқа қол қойылғаннан кейінгі мерзімде жасалынады және жалпы соманың 10..25% құрайды. Қалған бөлігі кезеңмен төленеді – мысалы, құрылғыны әкеліп тұсіргеннен кейін. Құжаттарды үсынғаннан кейін, техникалық көмек көрсетуден кейін және т.б.

Роялти келісім шарттың әрекет ету кезеңінде қандай да бір базалық көрсеткіштің – экономикалық тиімділік, табыс, сату, айналым көлемі және т.б. белгілі бір пайызы көлемінде мерзіммен төленеді. Базалық көрсеткіш ретінде көп жағдайда ақша түріндегі сату көлемін қолданады. Табыс сирек қолданылады, себебі ол көптеген факторларға байланысты.

Роялти тавкаларын анықтауда жоғарғы және төменгі шектер белгіленеді, соның аясында жақтар үшін қолайлы көлем таңдалады. Роялтидің жоғарғы ставкалары жыл сайынғы ақша аударылымдардың 30% дейінгі мөлшері лицензия мәні бірқатар елдерде патентпен сенімді қорғалған жағдайда белгіленеді. Патенттелмеген жасалымдар, ноу-хауды сату лицензияның бағасын айтарлықтай төмендетеді, себебі бұл жағдайда сатылған ақпаратты сақтау мен қорғау өте қиынға соғады. Роялти ставкасына айналым көлемі, лицензия түрі, келісім шарттардың мерзімі, лицензия бойынша өнімді шығаруды бақылау мүмкіндігі әсер етеді.

Келісім шартпен лицензиаттың табысына қарамастан лицензиарға орнын толтыруды қамтамасыз ететін ең аз кепілдендірілген төлемдер қарастырылған .

Аралас төлемдер – бұл лицензияның бағасынан 10..20% көлеміндегі бір реттік төлемнің үйлесуі және келесіде роялти төлеуі. Бұл жағдайда бір реттік төлем лицензиарға техникалық құжатты бергеннен кейін төленетін алдын ала төлем қызметін атқарады.

Лицензиялық келісім шартта есептесу валютасы мен төлемдер валютасы туралы да айтылады.