Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курс лекций_каз готовый_ОИДиП.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

9.6 Мемлекеттік құпияға рұқсат беру салдары

Жалпы ереже бойынша мемлекеттік құпияларға рұқсат алған лауазымды тұлғаның немесе азаматтың құқықтары уақытша шектелуі болады. РФ мен ҚР заңдарының нормаларына сәйкес мұндай шектеулер келесілер болуы мүмкін:

- мемлекеттік құпияларға рұқсатты рәсімдеу кезінде жасалған еңбек келісім-шартымен қарастырылған мерзім ішінде шетелге шықпау;

- мемлекеттік құпия болып саналатын мәліметтері бар ашылымдар мен өнертабыстарды қолдану және ондай мәліметтерді тарату құқығын шектеу;

- мемлекеттік құпияға рұқсатты рәсімдеу барысында тексеру шараларын жүргізуде жеке өмірге қол сұғылмаушылық.

9.7 Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары

Қазақстан мен Қырғызстан Республикаларының Заңдары мемлекеттік құпияларды қорғау органдарына Үлттық қауіпсіздік комиететін қосады, ал РФ Заңы аталған органның орнына мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету бойынша құзырлықты федералды атқару билігі органдарына (қауіпсіздік министрлігі, қорғаныс министрлігі, РФ президенті жанындағы үкіметтік ақпарат және байланыс федералды агенттігі), сонымен қатар сыртқы барлау қызметіне, РФ президенті жанындағы мемлекеттік техникалық комиссияға және жергілікті жерлердегі олардың органдарына жүктеген. Қазақстандық және ресейлік заңдар мемлекеттік құпияларды сақтау бойынша арнайы өкілетті органды қарастырып, оған аталған салада айтарлықтай үлкен өкілеттікті берген, ал Қырғызстан заңы мемлекеттік органдар жүйесіне мұндай органның орнына Қырғызстанның Әділет министрлігін қосады және оған мемлекеттік, әскери және қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтерді жариялаудан қорғау бойынша үйлестірушілік, кеңестік және бақылау қызметтерді жүктейді.

Қазақстанның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органына ерекше назар аудару қажет. ҚР 1999 жылғы 13 мамырдағы заңын қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Үкімет құрамына кірмейтін арнайы орган – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі агенттік құрылған. Алайда ары қарай республиканың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру үрдісінде бұл орган Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңсесіне қосу арқылы қайта құрылған, бұл басқару үрдісін орталықтандырылмауына жол бермеуге, мемлекеттік аппараттың санын қысқарту және шағын кәсіби Үкімет құруға бағытталған мемлекеттік саясатпен байланысты болуы мүмкін.

10 Өндірістік жекеменшік нысандарына құқығын беру

10.1 Лицензиялық келісім. Лицензиялық келісімдердің түрлері

Кез келген тұлға патенттелген өнертабысты, пайдалы үлгіні, өндірістік үлгіні тек патент иесінің рұқсатымен қолдануға құқылы (лицензиялық келісім негізінде). Лицензиялық келісім бойынша патент иесіне (лицензиар) өнертабысты, пайдалы үлгіні, өндірістік үлгіні қолдану құқығын басқа тұлғаға (лицензиатқа) келісімде көрсетілген көлемде ұсыну міндеті артылады, ал соңғысы өзіне лицензиарға келісіммен шартталған төлемдерді төлеу және келісіммен қарастырылған басқа әрекеттерді жасау міндеті жүктеледі. алады.

Патенттелген өнертабысты, пайдалы үлгіні немесе өндірістік үлгіні қолдануға лицензиялық келісім зияткерлік жекеменшік жөніндегі атқарушы биліктің федералды органында тіркеуге жатады. Аталған тіркеусіз лицензиялық келісім жарамсыз деп саналады.

Лицензиялау нысанына байланысты өндірістік жекеменшікті қолдану құқығын беру туралы келісімдердің келесі түрлері бар: өнертабысқа берілетін лицензия, өндірістік үлгіге берілетін лицензия, ноу-хайды беру туралы келісім (лицензия), тауарлық белгіге берілетн лицензия.

Берілетін құқықтардың көлеміне байланысты лицензиялық келісім ерекше немесе ерекше емес (қарапайым) лицензия болуы мүмкін.

Ерекше лицензияда лицензиатқа өнертабысты, пайдалы үлгіні немесе өндірістік үлгіні қолдану құқығы лицензиатқа берілмейтін бөлігін қолдану құқығын сақтай отырып келісімде көрсетілген көлемде беріледі.

Ерекше емес лицензияда лицензиар лицензиатқа өнертабысты, пайдалы үлгіні немесе өндірістік үлгіні пайдалану құқығын бере отырып, патентпен расталатын барлық құқықтарды, соның ішінде үшінші тұлғаларға лицензияны ұмыну құқығын сақтайды.

Сублицензиялар болады – лицензия иелері беретін қолданыста болған лицензиялар. Сублицензияларды ерекше лцензиялардың иелері, ал тиісті нақтылаулар болса қарапайым лицензиялардың иелері де беруге құқылы.

Ұсынылатын құқықтардың мазмұнына байланысты өндіріске берілетін, сатуға берілетін (сауда лицензиясы), қолдануға берілетін және т.б. лицензиялар болуы мүмкін. Әдетте лицензиялар өнімді щығару мен сатуға беріледі.

Лицензия ашық және мәжбүрлі болуы мүмкін. Ашық лицензия – бұл патент иесінің зияткерлік жекеменшік жөніндегі атқарушы биліктің федералды органына өнертабысты, пайдалы үлгіні немесе өндірістік үлгіні пайдалану құқығын кез келген тұлғаға ұсыну туралы өтініш беруі. Аталған өнертабыс, пайдалы үлгі немесе өндірістік үлгілерді қолдануға ниет білдірген тұлға патент иесімен төлемдер туралы келісім шартын жасауға міндетті.

Қорғаныс құжаттарының болуына байланысты патентті лицензиялар, патентсіз лицензиялар, кешенді лицензиялар және т.б. болады.