- •1 Негізгі ұғымдар
- •1.1 Жаңашылдық - фирмалардың бәсекелестік басымшылығының негізгі факторы ретінде
- •1.1 Сурет – Жаңашылдықтың, фирманың бәсекелестік басымдығы ретінде, басымдық негіздемесінің логикалық сызбасы
- •1.2 Инновация және инновациялық үрдіс
- •1.2 Сурет – Инновация ұғымы
- •1.3 Суреті Инновациялық үрдістің кезеңі
- •1.3 Инновациялық үрдістің түрлері
- •1.4 Инновациялық қызметтің субъектілері
- •1.5 Инновацияның классификациясы
- •1.4 Сурет – Инновациялық қызмет субъектілері
- •1.5.1 Ұйым қызметінің саласы ескерумен классификациясы
- •1.5 Сурет – Инновация классификациясы
- •1.5.2 Инновацияны пайдалану сипатына қарай классификациясы
- •1.5.3 Ұйымның иерархиялық деңгейі бойынша инновациялардың классификациясы
- •1.6 Сурет – Ұйымның үш деңгейі Бақылау сұрақтары
- •2 Инновация көздері. Ұйымның инновациялық потенциалы
- •2.1 Инновациялық идеялардың көздері
- •2.1 Сурет – Инновация көздері
- •2.2 Ұйымның инновациялық потенциалын бағалау
- •2.3 Инновацияны жүргізудің орындылығын бағалау
- •2.2 Сурет – Ұйымның инновациялық потенциалы мен инновацияны жүргізудің орындылығын бағалау
- •3 Инновацияның өмірлік циклы (инновациялық үрдіс фазалары)
- •Фундаменталды ғылым – Қолданбалы ғылым – Жасалым (Жобалау) – Өндіріс – Тұтыну (Қолданысқа беру)
- •3.1Сурет – Инновациялық үрдіс диаграммасы
- •3.2 Сурет – Инновацияның өмірлік циклының қисығы
- •4 Инновациялық қызметтің үш нарығы
- •4.1 Сурет – Инновациялық қызметтің үш нарығы
- •4.1 Зияткерлік өнім нарығы (инвенциялар мен жаңалықтар)
- •4.2 Нарық инновациясы
- •4.3 Капитал нарығы (инвестициялар)
- •4.4 Инновациялық қызметтегі мемлекеттік саясат
- •5 Инновациялық инфрақұрылым
- •5.1 Инкубаторлар
- •5.2 Технопарктер
- •5.3 Технополистер
- •5.4 Ақапараттық-технологиялық жүйелер
- •5.5 Инновациялық инфрақұрылым элементтерінің интеграциялануы
- •6 Жекеменшік жүйесіндегі зияткерлік жекеменшік
- •6.1 Авторлық құқық
- •6.2 Сабақтас құқықтар.
- •6.3 Өнертабыс, пайдалы үлгі, өнеркәсіптік үлгі құқығы
- •6.4 Ашылмаған ақпаратты заңсыз қолданудан қорғау құқығы
- •6.5 Азаматтық айналым қатысушыларын, тауарлар мен қызметтерді жекелеу құралдары
- •6.5.1 Фирмалық атау
- •6.5.2 Тауарлық белгі
- •6.5.3 Тауардың шығарылған жерінің атауы
- •7 Коммерциялық құпия
- •7.1 Коммерциялық құпия деген не және оны қорғау қандай заңнамалық актілермен реттеледі?
- •7.2 Коммерцялық құпияны қорғау нені білдіреді?
- •7.3 Коммерциялық құпияны бұзған үшін жауапкершілік
- •7.4 Кәсіпкерге коммерциялық құпияны қалай қорғауға болады?
- •8 «Know how» (ноу-хау) туралы негізгі ұғымдар
- •8.1 Заңсыз бәсекелестік және ноу-хау туралы келісімдер
- •9 Мемлекеттік құпиялар
- •9.1 Мемлекеттік құпиялар туралы заңнаманың дамуы
- •9.2 Мемлекеттік құпиялар ұғымы
- •9.3 Мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер
- •9.4 Мәліметтерді құпиялау және құпияны ашу тәртібі
- •9.5 Мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қолдану
- •9.6 Мемлекеттік құпияға рұқсат беру салдары
- •9.7 Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары
- •10 Өндірістік жекеменшік нысандарына құқығын беру
- •10.1 Лицензиялық келісім. Лицензиялық келісімдердің түрлері
- •10.2 Патентті, патентсіз және кешенді лицензиялар
- •10.3 Лицензиялық келісім шарттарының мазмұны
- •10.4 Лицензялық төлемдер
- •10.5 Тауарлық белгіні беру
- •10.6 Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг)
- •11 Зияткерлік жекеменшікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
- •11.1 Париж конвенциясы
- •11.1.1 Париж конвенциясының гегізгі тұжырымдамалары
- •11.1.2 Конвенцияны қабылдаудың артықшылығы
- •11.1.3 Конвенция мен өнертабыстар
- •11.1.4 Конвенция мен тауарлық белгілер
- •11.1.5 Конвенция және әділетсіз бәсеке
- •11.2 Патенттік кооперация туралы келісім шарт
- •11.2.1 Келісім шарт пен өнертабыстар
- •11.2.1 Рст рәсімінің басымдықтары
- •11.2.2 Рст рәсімінің кемшіліктері
- •12 Зияткерлік меншіктің бүкіләлемдік ұйымы (змбұ)
- •12.1 Змбұ негізгі тұжырымдамасы
- •12.2 Змбұ стандарты
- •13 Аймақтық конвенциялар мен келісімдер
- •13.1 Еуропалық патенттік конвенция
- •13.2 Зияткерлік меншіктің ұйымын құру туралы Африкалық келісімі
- •13.3 Зияткерлік өндіріс меншігін қорғау бойынша Латын Америка елдерінің келісімі
- •13.4 Өнеркәсіптік меншіктің интеллектуалды күзет сұрақтары бойынша Евразиялық келісім
- •Әдебиеттер тізімі
11 Зияткерлік жекеменшікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастық екі құқықтық формада жүзеге асырылады: халықаралық-құқықтық және азаматтық-құқықтық. Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық негізін халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары құрайды, ең алдымен жалпы және ерекше сипаттағы халықаралық келісім шарттар. Халықаралық ынтымақтастықтың азаматтық-құқықтық формасы сәйкес халықаралық құқытың ережелері ескерілетін елдің мемлекетішілік (ұлттық) нормаларына негізделеді. Сондықтан зияткерлік жекеменшік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруда халықаралық және мемлекетішілік құқық нормаларын, қағидаларын, негізгі ережелерін білу қажет.
Зияткерлік жекеменшіктің түрлі нысандарын қорғау бойынша халықаралық келісімдерді жасау оны шетелде құқықтық реттеу қажеттілігімен шартталған. Мұндай қажеттілік экономикалық және құқықтық тәртіп себептерімен түсіндірілген.
Егер өндірісік капитализмнің құрылу кезінде кәсіпкердің экономикалық мүдделерін қорғау өз елінде патент алумен тиісті дәрежеде қамтамасыз етілсе, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында монополияның пайда болуымен өнеркәсіп өнімінің көлемі ұлғаяды, соның ішінде зияткерлік жекеменшіктің түрлі нысандарында құрылған; халықаралық тауар айырбастау көлемі ұлғаяды. Сол уақытта бірқатар елдерде қабылданған зияткерлік жекеменшік нысандарын қорғау туралы заңдар осы сұрақтарды әр түрлі реттеген, бірақ оларға ортақ зияткерлік жекеменшік нысандарын қорғау құжаты алынған елдің аумағында қорғау болып табылған. Зияткерлік жекеменшіктің қандай да бір нысаны қолданылған, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тауарды елге алып келу тауарға деген қызығушылықты арттырған. Зияткерлік жекеменшік нысандарын құқықтық қорғауға ықпал ете отырып, халықаралық келісім шарттар түрлі елдерде зияткерлік жекеменшіктің қандай да бір нысандарына қорғау құжаттарын беруді оңтайландыру және жеделдету міндетін қояды. Зияткерлік жекеменшік нысандарының қорғауының болмауы шетелде халықаралық көрмелерді өткізуде ерекше байқалған. Осылайша, австриялық үкіметтің 1873 жылы тамызда Венада өтуі тиіс ғылыми-техникалық жетістіктердің халықаралық көрмесіне шақыруынан АҚШ бас тартты, оның себебін австриялық заңнамамен көрмедегі өнертабыстарды көшіруден және бәсекелестердің қолдануынан сақтау бойынша кепілдіктерінің қарастырылмауымен түсіндірді. Венада өткен дәл осы Әлемдік өндірістік көрме патенттік-құқықтық сұрақтарды халықаралық деңгейде реттеу үрдісіне бастама жасады, ол 1883 жылғы 20 наурызда Өндірістік жекеменшікті қорғау бойынша Париж конвенциясына қол қойылумен аяқталды, оның негізгі ережелері қазіргі уақтта да қолданылуда. Қазіргі уақытта Өндірістік жекеменшікті қорғау бойынша Париж конвенциясына түрлі қоғамдық-экономикалық жағдайдағы 100 астам мемлекет мүше болуда.
Өндірістік жекеменшікті қорғау бойынша барлық келісімдерді үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа Париж конвенциясына қатысушы – мемлекеттерде өндірістік зияткерлік жекеменшіктің жекелеген нысандарына құқықтық қорғауды алыға ықпал ететін келісімдер. Конвенцияның 19 бабына сәйкес Париж одағына мүше мемлекеттер өндірістік зияткерлік жекеменшікті қорғау бойынша арнайы келісімдер жасауға құқылы, бірақ олар Конвенцияның ережелеріне қайшы келмеуі тиіс. Осы баптың негізінде жасалынып, қазіргі уақытта да қолданылып келе жатқан келесі келісімдер бар:
1891 жылғы 14 сәуірдегі Тауардың шығу тегін көрсететін жалған және адасушылыққа апаратын белгілердің жолын кесу туралы Мадрид келісімі;
1891 жылғы 14 сәуірдегі Тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;
1925 жылғы 16 қарашадағы Өндірістік бейнелер мен үлгілерді халықаралық тіркеу туралы Гаага келісім;
1957 жылғы 15 маусымдағы Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызметтерді халықаралық жіктеу туралы Ницц келісімі;
1958 жылғы 31 қазандағы Шығу орнының атауын қорғау мен оларды халықаралық тіркеу туралы Лиссабон келісім;
1968 жылғы 8 қазандағы Өндірістік үлгілерді халықаралық жіктеуді құру туралы Локарн келісімі;
1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы келісім шарт;
1971 жылғы 24 наурыздағы Халықаралық патенттік жіктеу туралы Страсбург келісімі;
1973 жылғы 12 маусымдағы Тауарлық белгілерді тіркеу туралы келісім шарт;
1973 жылғы 12 маусымдағы Белгілердің бейнелі элементтерінің халықаралық жіктелуін құру туралы Вена келісімі;
1981 жылғы 26 қыркүйектегі Олимпиада белгісін қорғау туралы Найроб келісім;
Екінші топқа тәуелсіз және Париж конвенциясына тікелей қатысы жоқ келісімдер жатады:
1967 жылы Стокгольмда құрылған Бүкіләлемдік зияткерлік жекеменшік ұйымы (БЗЖҰ);
1961 жылы 2 желтоқсанда парижде қол қойылған Өсімдік сорттарын қорғау туралы конвенция;
Үшінші топқа аймақтық конвенциялар мен келісімдерді жатқызуға болады:
1973 жылғы 5 қазанда Мюнхенде қол қойылған Еуропалық патенттік конвенция;
Африканың француз тілді елдерімен қол қойылған 1977 жылғы 2 наурызда жасалған Африкалық зияткерлік жекеменшік ұйымын құру туралы келісім;
Африканың ағылшын тілді елдерімен қол қойылған 1976 жылы жасалған Африкалық аймақтық өндірістік жекеменшікті қорғау ұйымын құру туралы келісім;
1992 жылы жасалған бұрынғы КСРО республикалары арасындағы еуразиялық келісім.
