- •1 Негізгі ұғымдар
- •1.1 Жаңашылдық - фирмалардың бәсекелестік басымшылығының негізгі факторы ретінде
- •1.1 Сурет – Жаңашылдықтың, фирманың бәсекелестік басымдығы ретінде, басымдық негіздемесінің логикалық сызбасы
- •1.2 Инновация және инновациялық үрдіс
- •1.2 Сурет – Инновация ұғымы
- •1.3 Суреті Инновациялық үрдістің кезеңі
- •1.3 Инновациялық үрдістің түрлері
- •1.4 Инновациялық қызметтің субъектілері
- •1.5 Инновацияның классификациясы
- •1.4 Сурет – Инновациялық қызмет субъектілері
- •1.5.1 Ұйым қызметінің саласы ескерумен классификациясы
- •1.5 Сурет – Инновация классификациясы
- •1.5.2 Инновацияны пайдалану сипатына қарай классификациясы
- •1.5.3 Ұйымның иерархиялық деңгейі бойынша инновациялардың классификациясы
- •1.6 Сурет – Ұйымның үш деңгейі Бақылау сұрақтары
- •2 Инновация көздері. Ұйымның инновациялық потенциалы
- •2.1 Инновациялық идеялардың көздері
- •2.1 Сурет – Инновация көздері
- •2.2 Ұйымның инновациялық потенциалын бағалау
- •2.3 Инновацияны жүргізудің орындылығын бағалау
- •2.2 Сурет – Ұйымның инновациялық потенциалы мен инновацияны жүргізудің орындылығын бағалау
- •3 Инновацияның өмірлік циклы (инновациялық үрдіс фазалары)
- •Фундаменталды ғылым – Қолданбалы ғылым – Жасалым (Жобалау) – Өндіріс – Тұтыну (Қолданысқа беру)
- •3.1Сурет – Инновациялық үрдіс диаграммасы
- •3.2 Сурет – Инновацияның өмірлік циклының қисығы
- •4 Инновациялық қызметтің үш нарығы
- •4.1 Сурет – Инновациялық қызметтің үш нарығы
- •4.1 Зияткерлік өнім нарығы (инвенциялар мен жаңалықтар)
- •4.2 Нарық инновациясы
- •4.3 Капитал нарығы (инвестициялар)
- •4.4 Инновациялық қызметтегі мемлекеттік саясат
- •5 Инновациялық инфрақұрылым
- •5.1 Инкубаторлар
- •5.2 Технопарктер
- •5.3 Технополистер
- •5.4 Ақапараттық-технологиялық жүйелер
- •5.5 Инновациялық инфрақұрылым элементтерінің интеграциялануы
- •6 Жекеменшік жүйесіндегі зияткерлік жекеменшік
- •6.1 Авторлық құқық
- •6.2 Сабақтас құқықтар.
- •6.3 Өнертабыс, пайдалы үлгі, өнеркәсіптік үлгі құқығы
- •6.4 Ашылмаған ақпаратты заңсыз қолданудан қорғау құқығы
- •6.5 Азаматтық айналым қатысушыларын, тауарлар мен қызметтерді жекелеу құралдары
- •6.5.1 Фирмалық атау
- •6.5.2 Тауарлық белгі
- •6.5.3 Тауардың шығарылған жерінің атауы
- •7 Коммерциялық құпия
- •7.1 Коммерциялық құпия деген не және оны қорғау қандай заңнамалық актілермен реттеледі?
- •7.2 Коммерцялық құпияны қорғау нені білдіреді?
- •7.3 Коммерциялық құпияны бұзған үшін жауапкершілік
- •7.4 Кәсіпкерге коммерциялық құпияны қалай қорғауға болады?
- •8 «Know how» (ноу-хау) туралы негізгі ұғымдар
- •8.1 Заңсыз бәсекелестік және ноу-хау туралы келісімдер
- •9 Мемлекеттік құпиялар
- •9.1 Мемлекеттік құпиялар туралы заңнаманың дамуы
- •9.2 Мемлекеттік құпиялар ұғымы
- •9.3 Мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер
- •9.4 Мәліметтерді құпиялау және құпияны ашу тәртібі
- •9.5 Мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қолдану
- •9.6 Мемлекеттік құпияға рұқсат беру салдары
- •9.7 Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары
- •10 Өндірістік жекеменшік нысандарына құқығын беру
- •10.1 Лицензиялық келісім. Лицензиялық келісімдердің түрлері
- •10.2 Патентті, патентсіз және кешенді лицензиялар
- •10.3 Лицензиялық келісім шарттарының мазмұны
- •10.4 Лицензялық төлемдер
- •10.5 Тауарлық белгіні беру
- •10.6 Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг)
- •11 Зияткерлік жекеменшікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
- •11.1 Париж конвенциясы
- •11.1.1 Париж конвенциясының гегізгі тұжырымдамалары
- •11.1.2 Конвенцияны қабылдаудың артықшылығы
- •11.1.3 Конвенция мен өнертабыстар
- •11.1.4 Конвенция мен тауарлық белгілер
- •11.1.5 Конвенция және әділетсіз бәсеке
- •11.2 Патенттік кооперация туралы келісім шарт
- •11.2.1 Келісім шарт пен өнертабыстар
- •11.2.1 Рст рәсімінің басымдықтары
- •11.2.2 Рст рәсімінің кемшіліктері
- •12 Зияткерлік меншіктің бүкіләлемдік ұйымы (змбұ)
- •12.1 Змбұ негізгі тұжырымдамасы
- •12.2 Змбұ стандарты
- •13 Аймақтық конвенциялар мен келісімдер
- •13.1 Еуропалық патенттік конвенция
- •13.2 Зияткерлік меншіктің ұйымын құру туралы Африкалық келісімі
- •13.3 Зияткерлік өндіріс меншігін қорғау бойынша Латын Америка елдерінің келісімі
- •13.4 Өнеркәсіптік меншіктің интеллектуалды күзет сұрақтары бойынша Евразиялық келісім
- •Әдебиеттер тізімі
9 Мемлекеттік құпиялар
Заманауи қуатты мемлекеттің ерекше белгісі — алдыңғы қатарлы ғылым мен техниканың болуы. Қуатты мемлекеттегі ғылым мен техниканың өзі — құпиялаудың маңызды нысаны.
Кеңес одағынан кейінгі кеңістіктегі дербес мемлекеттердің білім беруі ұлттық заңнаманың, соның ішінде мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманың қарқынды дамуына әкелді. Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығына (ТМД) қатысушы елдердің көпшілігінде мемлекеттік құпиялар тарула ысәйкес заңдар қабылданды, қазіргі таңда олар әр мемлекеттің ұлттық ерекшеліктерін, сонымен қатар сыртқы экономикалық және саяси ахуалды ескере отырып бірнеше рет өзгерістерге ұшыраған.
9.1 Мемлекеттік құпиялар туралы заңнаманың дамуы
Тәуелсіз Қазақстан мен оған көршілес жатқан Ресей мен Қырғызстанның мемлекеттік құпиялардың құқықтық негіздері мен қорғау жүйесін анықтайтын алғашқы заңдары бір уақытта қабылданған: Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау туралы» Заңы, Ресей Федерациясының 1993 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік құпия туралы» Заңы, Қырғыз Республикасының 1994 жылғы 14 сәуірдегі «Қырғыс Республикасының мемлекеттік құпияларын қоғау туралы» Заңы. Алайда соңғы он жылда аталған ммлекеттердің юелгіленген саладағы заңнамалары бірнеше рет өзгертіліп, жетілдірілген.
1999 жылғы 15 сәуірде қазақстандық «Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды қорғау туралы» Заңның орнына жаңасы келді – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңы (ары қарай - ҚР Заңы), бұған үш рет өзгеріс енгізілген, негізінен мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер тізімін түзетумен байланысты өзгертулер. Мемлекеттік құпиялар туралы Заңға өзгерістер соңғы рет 2004 жылғы 2 сәуірде енгізіліп, 2004 жылғы 8 сәуірде заңды күшіне енді.
9.2 Мемлекеттік құпиялар ұғымы
Негізінен, үш заң да мемлекеттік құпиялар түсінігіне таралуы мен жоғалту мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне зардап келтіруі мүмкін әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, ішкі саяси, барлау, контрбарлау, жедел-іздестіру және басқа сипаттағы мәліметтер жатады.
Сонымен қатар, ҚР заңының басқа заңдардан айырмашылығы мұндағы мемлекеттік құпиялар екі құрамдас бөлікке бөлінген – мемлекеттік және қызметтік құпиялар. ҚР заңына сәйкес қызметтік құпия дегеніміз мемлекеттік құпия құрамына кіре алатын, оларды жариялау немесе жоғалту мемлекеттің ұлттық мүддесіне, Қазақстан Республкасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мүддесіне зардап келтіруі мүмкін жеке деректік сипаты бар мәліметтер.
Оған қоса, тек ҚР заңында ғана мемлекеттік құпиялар мен құрамында мемлекеттік құпия бар мәліметтерді тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының жеке мешігі болып табылатыны нақты көрсетілген. Ресей мен Қырғызстан заңдарында мұндай нормалар жоқ.
9.3 Мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер
Қырғыз Республикасының заңында заңнамамен бекітілген мұндай мәліметтердің тізімі жоқ, бұл сұрақты шешу Қырғыз Республикасының Үкіметінің құзырлығына жатады. Қазақстан мен Ресейдің заңнамалары мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтер шеңберін ҚР заңы мен РФ заңында тура анықтаған және оларды келесі санаттар бойыша топтастырған:
Әскери саладағы мәліметтер;
Экономика, ғылым мен техника саласындағы мәліметтер;
Сыртқы саясат пен экономика саласыдағы мәліметтер;
Барлау, контрбарлау және жедел іздестіру мен басқа да қызмет саласындағы мәліметтер.
Алайда ҚР мен РФ заңдарын салыстырып талдау барысында көрсетілген топтардың әрқайсысына енгізілген мәліметтердің санындағы айырмашылық көзге түседі.
Мемлекеттік құпияға жататын мәліметтердің қазақстандық тізімі айтарлықтай кең және анағұрлым нақты. Мысалы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жататын экономика, ғылым және техника саласындағы мәліметтер тізімінде отыз бес тармақ бар, ал РФ Заңындағы осындай тізімде ол алтау ғана.
Әрине, көрсетілген тізімдер тек көлемімен емес, мазмұнымен де өзгешеленеді. Мысалы, ресейдік заңнамаға қарағанда ҚР Заңы әскери саладағы мемлекеттік құпияларға келесілерді ашатын мәліметтерді жатқызады:
Қаруландыру мен әскери техниканы дамытудың бағыттарын, ұзақ мерзімді болжамдар және жоспарларды;
Зымыран жанармайының қасиеттерін, рецептурасы мен өндіру технологиясын;
Барлық байланыс түрлерін ұйымдастыру мен қызмет етуді, соның ішінде қалааралық магидстральды байланыс желісінің географиялық координаттарын;
Ғарыштық инфрақұрылым, гидронавтиканың дамуы мен оны қолданудың болашағын және басқа мәліметтерді.
Қазақстанмен ғана мемлекеттік құпияларға жатқызылған экономика, ғылым мен техника саласындағы мәліметтер қатарында келесі мәліметтерді атауға болады:
Қазақстан Республикасында ғылыми-техникалық прогрестің болжамалы бағаларын ашатын мәліметтер және олардың әлеуметтік-экономикалық зардаптары;
Республикалық бюджеттің шығындары туралы мәліметтер (жалпылама көрсеткіштерді қоспағанда);
Маңызды қорғаныс және экономикалық мәні бар топографиялық, геодезялық немесе картографялық қызмет нәтжелерін ашатын мәліметтер;
Мемлекет қорғанысының мүддесіне қолданылуы мүмкін метрополитендер және басқа құрылғылар туралы мәліметтер;
Тұрғылықты халқының аны 300 адамнан асатын қалаларды сумен қамтамасыз ету сызбасын ашатын мәліметтер;
Жаңа банкноттарды және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының монеталарын шығару және оларды ауыстыру туралы мәліметтер, егер соңғысы банкноттар мен монеталарды айналымнан алып тастауға алып келсе (мерейтойлық және ескерткіштіктен басқа), шешімді қабылдау күнінен бастап және осы мәліметтерді оларды айналымға шығару туралы жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына беретін уақытқа дейін.
Ресей, қазақстан және Қырғыхстан заңнамаларын салыстыра талдауға қайта орала отырып қарастырылып отырған заңның әрқайсысы құпиялауға жатпайтын мәліметтерді дәл анықтап беретінін атап өту қажет, соның ішінде:
Азаматтардың өауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар туралы, сонымен қатар дүдей апаттар, олардың ресми болжамдары мен зардаптары туралы мәліметтер;
Экология, денсаулық сақтау, санитария, білім беру, мәдениет, ауыл шаруашылығының жағдайы, сондай-ақ қылмыс жағдайы туралы мәліметтер;
Мемлекеттің азаматтарға, лауазымды тұлғаларға және ұйымдарға ұсынатын айрықша құқықтар, өтемақылар және жеңілдіктер туралы мәліметтер;
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу деректері туралы мәліметтер;
Мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, олардың лауазымды тұлғаларымен заңдылықты бұзу деректері туралы мәліметтер.
ҚР заңымен мемлекеттік құпиялар тізіліміне Қазақстан Республикасы Президенті мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудщі ұйымдастыру, жұмсалатын күштер, құралдар мен әдістер, денсаулық жаңдайы мен жеке өмірі иуралы мәліметтер де енгізілген, ал ресейлік заңнама РФ жоғарғы лауазымдық тұлғаларының денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді құпиялауға тікелей тыйым салады. Қырғызстан Республикасының Заңы бұл сұрақ бойынша өз позициясы тралы ештеңе айтпайды.
Жасыруға жатпайтын мәліметтерге заңнамалардың қатыстылығын салыстыруды жалғастыра отырып, ҚР Заңы басқа екі заңмен салыстырғанда осындай мәліметтер қатарында демография, саяси, әлеуметтік және басқа себептермен жаппай репрессияға ұшырау туралы, сондай-ақ қымбат бағалы металл мен бағалы тастардың үкіметтік (бюджеттік) қоры туралы ақпаратты атап көрсететінін атап өткен жөн. РФ Заңы керісінше, Мемлекеттік қбағалы металдар мен бағалы тастар қорындағы платина, платина тобының металдарының, табиғи алмаздардың қоры туралы мәліметтерді мемлекеттік құпияға жатқызады.
Тағы бір қызықты дерек, Қырғызстан Республикасының заңына сәйкес табиғи ресурстарды пайдалану туралы мәліметтер құпия болып саналмайды, ал Қазақстан мен Ресей бұл мәселеде басқа позицияны ұстанады. РФ мен ҚР заңдарына сәйкес ресурстық әлеует, жер қойнауындағы баланстық қорлар, пайдалы қазбалардың стратегиялық түрлерін табу, өндіру және қолдану туралы деректер мемлекетті құпияға жатқызылған.
