Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курс лекций_каз готовый_ОИДиП.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

9.4 Мәліметтерді құпиялау және құпияны ашу тәртібі

Қазақстан, Ресей және Қырғызстан заңдарына сәйкес үшеуі де мәліметтерді құпиялауда заңдылық, негізділік және уақтылық қағидаларын ұстанады. Бұл жерде заңдылық құпиялаудың консттуция мен сәйкес мемлекеттің заңдарына сәйкес құпиялау, негізділік – қоғамның, азаматтар мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерін салмақтай отырып сараптамалық бағалау арқылы нақты мәліметтерді құпиялаудың орындылығын анықтау. Уақтылық қағдасы, бұл Қазақстан заңы мен Ресей заңы тұрғысынан алып қарағанда мәліметтерді таратуға шектеу қою оларды алған сәттен бастап та, алдын ала да белгіленуі мүмкін. Қырғызстан заңы мәліметтердің таралуына алдын ала шектеу қою мүмкіндігін қарастырмайды, ал мәліметтердің пайда болу сәтімен ғана шектеледі.

Атап өту қажет, қаралып отырған заңдарға сәйкес мәліметтер мемлекеттік құпияларға жатқызу лаузымды тұлғалармен жүзеге асырылады, олардың тізілімі сәйкес мемлекеттік билік органымен бекітіледі: Ресей мен Қазақстанда – бұл президент, Қырғызстанда – үкімет. Бұл жерде мәліметтерді мемлекеттік құпияға жатқызу оның құпиялылық дәрежесіне байланысты жүзеге асырылады: «ерекше маңызды», «өте құпия», «құпия».

Мәліметтерді құпиялау мерзімдері отыз жылдан аспауы керек, тек ерекше жағдайларда ғана олар мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі өкілетті органның қорытындысы бойынша ғана ұзартылуы мүмкін.

Құпияны ашу тәртібі барлық үш мемлекетте де үкімет актілерімен анықталады. Бұл жағдайда мәліметтердің құпиясын ашу үшін мемлекеттік құпия болып саналатын мәліметтермен ашық түрде өзара алмасу бойынша халықаралық міндеттемелерді мемлекеттің өзіне жүктеуі, нәтижесінде мемлекеттік құпияға жататын мәліметтерді ары қарай қорғау орынды болмайтын объективті жағдайларды өзгерту негіз болып табылады. ҚР заңы ақпараттардың құпиясын ашуға себеп болатын негіздемелерге қосымша құпиялау мерзімінің аяқталуы мен қылмыстық үрдіс кезінде жедел-іздестіру қызметінің нітижесін қолдану қажеттігін де қосады.

9.5 Мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қолдану

Қарастырылып отырған заңдарға сәйкес бағыныстылық қатынаста тұрмайтын және бірлескен жұмыс атқармайтын органдар мен ұйымдар арасында құпияланған мәліметтерді беру осы мәліметтің иесі болып табылатын мемлекеттік органның санкциясымен ғана жүзеге асырылады. Егер құпияланған мәліметтер бірлескен басқа жұмыстарды орындаумен байланысты ұйымдар немесе азаматтарға берілсе, онда мұндай беру аталған мәліметтерге ие болып саналатын мемлекеттік органның келісімімен, тапсырыс берушімен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда мемлекеттік құпия болып саналатын мәліметтерді бергенге дейін тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетімен берілетін, құпиялық деңгейіне сәйкес келетін мәліметтерді қолданумен жұмыс істеуге ұйымның рұқсатының болуына (ресейлік заңнамада – құпия ақпаратты қолданумен жұмыс жасауға арнайы лицензия), ал азаматтарда – сәйкес тиісті рұқсат қағаздың болуына көзін жеткізіп алуы тиіс.

Әрбір заңмен мемлекеттік құпияларға рұқсат ару тәртібі бекітілген, ол келесілерді қоспағанда қарастырып отырған мемлекеттерде жалпы алғанда бірдей. Қызғызстан заңы ресейлік және қазақстандық заңдарға қарағанда арнайы рұқсатсыз және оларды жарияламау туралы міндеттемелерді рәсімдеусіз мемлекеттік құпияларға рұқсат етілген кейбір тұлғаларды анықтайды. Бұл Қырғызстан Республикасының Президенті, премьер-министрі, үкімет мүшелері, Қырғызстан Республикасының жогорку кенеш депутаттары (Қазақстан парламентінің баламасы) және оларға теңестірілген кейбір лауазымды тұлғалар. Оған қоса, Қырғызстан Республикасының заңы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды мемлекеттік құпияларға рұқсатқа тікелей тыйым салады.

Соңғы сұраққа ҚР заңы анағұрлым адал қарайды, онда шетел азаматтарының мемлекеттік құпияларға рұқсат алу құқығы қарастырылған, бірақ, тек Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерді жүзеге асыру аясында.

Лауазымдық тұлға немесе азаматқа мемлекеттік құпияларға рұқсат беруден бас тартуға келесілер де негіз бола алады:

  • Сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген болса, қасақана қылмыс жасаған үшін заңмен белгіленген тәртіпте күші жойылмаған сотталғындығы болса (Ресей заңында – мемлекеттік немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін);

  • Денсаулық сақтау саласында өкілеттілігін жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бекітілген тізілімге сәйкес мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуге қарсы көрсетілген медициналық көрсеткіштері болса;

  • Тұрақты түрде шетелде тұрса және басқа мемлекетте тұрақты тұру үшін кетуге құжаттарын рәсімдеу;

  • Рәсімделіп жатқан тұлғаны тексеру кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттер анықтау;

  • Тексеруден жалтарса және (немесе) өзі немесе туыстары туралы жалған мәлімет ебрген жағдайда.