Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УП ЦБЖ.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

2.18 Сурет. Жылдамдықтарды келістіру командаларының

коррекция принципін түсіндіретін, диаграммалар

Жылдамдықтарды екі жақты келістірудің екі командалы сигналдарын бергенде, жылдамдықтарды келістіру командаларындағы символ саны бұл командалардың түзету қабілеттілігін төмендетпей азайтылуы мүмкін. Бұл кезде жылдамдықтардың келістірілуі болмаған жағдай жылдамдықтардың оң немесе теріс келістірілудің болуы тьуралы командалардың алмасуымен беріледі, ал жылдамдықтардың оң келісуінің болуы немесе жылдамдықтардың теріс келісуінің болуы - сәйкес екіленген командалармен беріледі. 2.18,а және б суреттерінде көрсетілгендей, жазу және есептеу арасындағы уақыттық интервал еспетеу периодына жетпейінше, жылдамдықтарды келістіру командасының бергішінің шығысында алмасатын (пассивті) командалар құрылады: +, -, +, - және т.с.с.. Уақыттық интервал есептеу периодына жеткенде, екі ұқсас командалар (активті) командалар құрылады ++ немесе — (уақттық интервалдың белгісінің өзгеруіне байланысты). Бұл әдіс жылдамдықтарды келістіру командаларының түзетуші қабылеттілігін өсіріп қана қоймай, бұны командалардың ұзақтығын өсірмей іске асыруға мүмкіндік береді. Расында да, кез келген алмасатын командалардың біреуі бұрмаланса, бір белгінің үш командасынан тұратын кезектілік құрылады: теріс команда бұрмаланғанда (сурет 2.18,е) үш оң командадан тұратын кезектілік құрылады, ал оң команда бұрмаланғанда (сурет 2.18, г) – үш теріс командалардан тұратын кезектілік құрылады. Бұрмаланбаған келістіру командаларының болуы туралы құрылған сигналдарда бір белгілі командалар болмайды. Жылдамдықтарды келістірудің болуы туралы сигналдарды анализдегенде, осы айрықша қасиет бойынша кез келген командалардың алмасуының бұрмалануын анықтауға және түзетуге болады. Екіленген командалардың біреуінің бұрмалануында қарам қарсы белгілі екіленген команда құрылады (сурет 2.18,д,е), ол жалпы жағдайда жалған болып есептелмейді.

Сондықтан жылдамдықтарды келістіру командаларының бергішінде жазу және есептеу сигналдарының арасындағы уақыттық интервалдың өзгеру белгісін тіркеп, асинхронды ұластыру блогының қабылдау бөліміне жылдамдықтарды келістіруінің болуы туралы активті командаларды құру жиілігінен едәуір жоғары жиілікпен осы белгі туралы ақпарат беру қажет. Активті командаларды құру жиілігі аз болғандықтан, уақыттық интервалдың белгісініің өзгеруі туралы ақпаратты беруге арналған арнаның өткізу мүмкіндігінің де аз болуы талап етіледі.

Осы кезде әр екіленген команданың құрамында жылдамдықтардың келісуі туралы ғана ақпарат болады, ал жылдамдықтардың келісу белгісі туралы шешім тек қана көп қайтара берілетін жазу және есептеу сигналдарының уақыттық интервалдарының өзгеру белгісі туралы ақпарат негізінде қабылданады. Бұл жағдайда жылдамдықтардың келісу командасының жалған қабылдануы екі немесе одан да көп командалардың бірінен кейін бірі қатарынан бұрмаланғанда ғана іске асады. Бұндай екі бұрмаланулар арасындағы орташа уақыт келесі пайымдаулардан алынуы мүмкін.

Жылдамдықтарды келістіру командаларының қабылдағышының құрылымдық сұлбасы 2.19 суретте көрсетілген.